Тақырып 12 Популияцияларды сақтау стратегиялары

Сұрақтар: Жойылу типі бартүрлер. Әлемдік және Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуан-түрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төніп отырған ағзалар енгізілген. Қызыл кітап – қауіптің жаршысы. Қызыл кітапқа енген түрдің шамамен санының кему себебі, таралу территориясы (ареал) қорғау үшін орындалатын іс-шаралар және т.б. мәліметтер көрсетіледі. Қызыл кітапқа енген барлық түрлер бірнеше категорияларға бөледі: жойылу қаупі төніп тұрған түрлер (арнайы қатал қорғау шаралар қажет), кеміп келе жатқан (тіршілігін сақтау үшін саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жатқан), сирек (жойылу қаупі жоқ, бірақ саны аз немесе шектелген территорияларда ғана кездеседі), анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар, бірақ олар туралы мәліметтер аз).

Қызыл кітаптағы түрлердің тізімі үнемі өзгеріп отырады. Қалпына келтірілген түрлер тізімнен шығарылады. Ал тізім басқа тіршілік күйі нашарлаған түрлермен толықтырылады.

Қазақстанның қызыл кітабы. Өркениеттң дамуы Жердің табиғат байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді. 1948 жылы Халықаралық табиғат қорғау және табиғат ресурстарының Одағының құрылуына әкеледі. Бұл Одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында Жер бетінен сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі жойылып кеткен. ХТҚО-ның ұсынысымен Қызыл кітап ұйымдастырылды. Қызыл кітапқа енгізілген түр территориясында мекендейтін әрбір мемлекет адамзат алдында оны сақтап қалуға жауапты.

Қызыл кітаптың бірінші томы 1963 жылы , ал 1972 жылы оның бес томы жарық көрді. Онда сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.

1972 жылдан бастап жаңа категория – қалпына келген түрлер енгізілді. Мұндай мәліметтер жасыл бетте басылды. 70-жылдардан бастап ұлттық Қызыл кітаптар шығарыла бастады.

Қазақ ССР-ның Қызыл кітабының бірінші томы 1978 жылы жарық көрді. Оғын республика территориясында мекендейтін сирек және жойылып бара жатқан жануарлар кірді. 1981 жылы өсімдіктер туралы екінші томы жарық көрді. Бірінші томға сүтқоректілердің 24 түрі мен 7 түр тармағы, 43 қстардың, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қос мекенділердің 1 түрі және балықтардың 4 түрі енгізіліп, толық сипатталған. 1984 жылдың соңына қарай омыртқалы жануарлардың тағы 13 түрі қосылды. Республикамыздың Қызыл кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа құндызы, қар барысы, гепард, түркістан сілеусіні, қарақал, бархан мысығы және т.б.)

Құстардын қызғылт және бұйра бірқазан, ақ және қара дегелек, фламинго, шиқылдақ-аққу, дуадақ, қырандарыды атауға болады. Мензбир суыры тек Батыс Тянь-Шаньнің эндемигі болып табылады. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында ғана кездеседі.

Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардан кесірткелердің үш түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең ірі және ең сирек кездесетіні – сұр варан. Оның ұзындығы бір жарым метрге жетеді. Республикада тек Сырдарияның солтүстік жағалауында ғана кездеседі.

Қазақстанда мекендейтін қосмекенділердің 11 түрінің біреуі – жетісу тритоны Қызыл кітапқа енгізілген.

Сырдария Қаратауын іс жүзінде реликтер мұражайы десе де болады. Мұны Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Мсалы, үшқұлақты астрагал, Батыс Тянь-Шаньнің сирек эндемиктерінің 50 түрі Қызыл кітапқа кірген: Грейг қызғалдағы, Кауфман қызалдағы, Талас қайыңы, жабайы жүзім, зеравшан аршасы және т.б.

Сирек өсімдіктердің барлығын атап шығу мүмкін емес. Қазақстандағы жойылу қаупі төніп тұрған түрлердің басым көпшілігі ареалының шағын болуымен сипатталады.

Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін оларды қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алынған. Егер жануар инемесе өсімдіктің саны популяцияның минималды мөлшрінен төмен болса (мысалы гепард, берқара терегі), онда оларды сақтап қалу үшін қолдан көбейтіп, өсіреді. Бұл жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалық бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.

Тек мемлекеттің қолдауымен,ғалымдар мен көпшілік халықтың бірлескен қызметі нәтижесінде ғана флора мен фаунаны қалпына келтіруге болады.

Халықаралық бірлестік адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін биосфераның биологиялық алуантүрлілігін сақтауға бағытталған іс-әрекетін бір арнаға бағыттауы керек.