Мемлекеттің қаржылық жоспар не деп аталады?

А) Мемлекеттік бюджет.

В) Мемлекеттік қарыз.

С) Мемлекеттік жоспар.

D) Салық салу.

Е) Мемлекеттік бөлу.

Салық көлемін белгілеу үшін ол қандай түрге бөледі?

А) Пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік.

В) Табысқа, меншікке

С) Тікелей және жанама.

D)Жалпы және мақсаттық.

Е) Жалпы ұлттық және жергілікті.

256. Алтынның ақшадағы салмағы немесе мемлекеттік ақша бірлігінің валюталық бағасы көтерілуі- бұл:

А) Ревальвация.

В) Деноминация.

С) Девальвация.

D) Дефляция.

Е) Нуллификация.

Коммерциялық банктердің активті операцияларына не жатпайды?

А) Несие операциясы.

В) Құнды қағаз операциясы.

С) Облигация шығару.

D) Вексельді есепке алу.

Е) Жылжымалы мүлікпен келісім жасау.

Банк ай сайын 2% есептейді.Бір жыл ішінде құны нешеге дейін өседі?

А) 24%.

В) 92,4%.

С) 200%.

D) 26,8%.

Е) 124%.

Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейі мен ненің арасындағы байланысты көрсетеді?

А) Инфляцияның

В) Пайыздың нақты мөлшерлемесінің

С) Жиынтық сұраныстың

D) Пайыздың

Е) Өмірдің

260. Кедейліктің деңгейі былай анықталады:

А) Ең төмен жалақы.

В) Төмен зейнетақы.

С) Өмір сүру деңгейінің төмендігі.

D) Жалақы мөлшері.

Е) Зейнетақы мөлшері

261. Несиенің қасиеттері:

А) Мерзімдік, қайтарымды, төлемдік.

В) Қайтарымды, есеп.

С) Кепілдік, ірі қаржылық тұрақты мекемелер жағынан қорғау және міндеттеме.

D) Кепілдік, мүлік, пайыз, есеп.

Е) Кепілдік, пайыз.

Лаффер қисығы қандай тәуелділікті көрсетеді?

А) Бюджетке түсетін салықтар мөлшері мен салық ставкасының мөлшері.

В) Бағалар мен ЖҰӨ көлемін пайдалану деңгейі.

С) Жалақы өзгерісі мен инфляция пайызының деңгейі.

D) Бюджетке түсетін салықтар мөлшері мен табыстар көлемі.

Е) Инфляция мен жұмыссыздық деңгейі.

Салық жүйесін құру принципіне қайсысы жатпайды?

А) Прогрессивтік.

В) Тұрақтылық.

С) Тең бапты бөліну.

D) Жалпылама.

Е) Әлеуметтік әділеттілік.

Лоренц қисығы нені сипаттамайды?

А) Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты

В) Қоғамда абсолюттік теңсіздіктің болуы.

С) Қоғамда абсолюттік теңдіктің болуы.

D) Отбасы саны мен табыстар мөлшері арасындағы байланыс.

Е) Табыстардың қоғамда нақты бөлінуі.

265. Салық субьектісі – бұл:

А) Заң бойынша салық төлеуге тиісті тұлға.

В) Факт түрінде салық төлеуші тұлға.

С) Салық обьектісінің бірлігіне түсетін салық мөлшері.

D) Салық құрылымына жататын құрал.

Е) Салық есептелетін база.

266. Салық обьектісі – бұл:

А) Салық салуға бағытталған обьект.

В) Факт түрінде салық төлеуші тұлға.

С) Салық обьектісінің бірлігіне түсетін салық түсімі.

D) Заң бойынша салық төлеуге тиісті тұлға.

Е) Ферма иесі.

267. Мемлекеттің табысы шығынынан артық болуы – бұл:

А) Бюджеттің профициті.

В) Балансталған бюджет.

С) Бюджет тапшылығы.

D) Мемлекеттік қарыз.

Е) Бюджеттік тепе-теңдік.

268. Мемлекеттің айналымындағы ақша белгілерін теріс деп шығаруы – бұл:

А) Нуллификация.

В) Деноминация.

С) Девальвация.

D) Ревальвация.

Е) Дефляция.

269. Тікелей салықтарға жатпайды:

А) Кеден салығы.

В) Жалақыға қойылатын салық.

С) Жеке меншікке салық.

D) Пайдаға салық .

Е) Табыс бойынша салықтар .

270. Несие- бұл:

А) Ақша мен тауарларды пайыздық төлем төлеу арқылы қарызға беру.

В) Тауарларды қарызға беру.

С) Өндіріс құралдарын белгілі бір мерзімге беру жөніндегі келісім шарт.

D) Құқықтар мен міндеттерді белгілейтін келісім шарт.

Е) Шет елдерге шығарылатын тауарлардың комиссиондық сату формасы.

 

Соңғы тұтынушыға төмендегі салықтардың қай түрі қолданылады?

А) Мұрагерлік және сыйға беруге қойылатын салық.

В) Корпорацияның пайдасынан алынатын салықтар.

С) Жекеменшік пайдаға салынатын салықтар.

D) Әлеуметтік төлемдер.

Е) Қосымша құн салығы.

272. Мемлекетте кезекті ретте шет елдік автомобильді кіргізуге жаңа кеден салығы енгізілді. Бұл саясат:

А) Протекционизм.

В) Либерализация.

С) Монетаризм.

D) Экспансионизм.

Е ) Әлеуметтік.

Акциз дегеніміз не?

А) Жанама салық.

В) Табыс бойынша салық.

С) Кәсіпкерлік қызметтен салық алу.

D) Үйлерден алынатын салықтар.

Е) Мұрагерліктен алынатын салықтар.

274. Банктік операциялардың түрлері;

А) Пассивті және активті

В) Жеке бизнестің, мемлекеттің, тұрғындардың несиеленуі.

С) Коммиссиондық және активтік.

D) Мемлекетті, шағын және ірі кәсіпорындарды несиелеу.

Е) Қолма қол және қолма қолсыз есептесулердің акредиттелген формасы.

275. Эмиссиялық- құрылтайшылық қызметпен айналысады, яғни бағалы қағаздарды шығару және орналастыру операциясын өткізеді:

A) Инвестициялық банктер

B) Жинақ салымдары мекемелері

C) Сақтандыру компаниялары

D) Зейнеткерлік қорлар

E) Салық комитеттері

276. Монетарлық саясаттың құралы болып табылмайды:

А) Салық мөлшерін өзгерту

В) Міндетті қорлар нормасын өзгерту

С) Ашық нарықтағы операциялар

D) Есептік пайыз мөлшерін өзгерту

Е) Банктік қорлар өзгерту

277. Несиенің нысандары:

А) Банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік, ипотекалық, халықаралық

В) Қысқа мерзімді, орта мерзімді

С) Коммерциялық, мемлекеттік, ипотекалық

D) Мемлекеттік, тұтыну, банктік,

Е) Ипотекалық, мемлекеттік, қысқа мерзімді

278. Несиенің қызметтері:

А) ҒТП жеделдету, қайта бөлу, өндіріс шығынын үнемдеу, бақылау

В) Айналымы шығынын үнемдеу, бақылау

С) Бөлу және бақылау

D) ҒТП жеделдету, тауар айналымы шығынын үнемдеу

Е) Тауар айналымы шығынын үнемдеу

279. Ақша айналымын реттеу, ортақ ақша- несие саясатың жүргізу міндеті табылатын банк:

А) Ұлттық банк

В) Банк

С) Коммерциялық банк

D) Инвестициялық банк

Е) Ипотекалық банк

280. Монетарлық саясатты...жүргізеді:

А) Ұлттық банк

В) Үкімет

С) Қазынашылық

D) Президент

Е) Парламент

281. М1 мыналарды өзіне қосады:

A) Металл және қағаз қолма-қол ақшалар және чектік салым

B) Металл, қағаз қолма-қол ақша және мерзімді салым

C) Металл, қолма-қол қағаз ақша және барлық банктік депозиттер

D) Ақшалар және «ақша дерліктің» барлығы

E) Қолма-қол ақша

282. М2 өзіне қосады:

A) Металл, қағаз қолма- қол ақша және мерзімді салым

B) Металл, қолма- қол қағаз ақша және барлық банктік депозиттер

C) Ақшалар және «ақша дерліктің» барлығы

D) Қолма- қол ақша

E) Металл және қағаз қолма- қол ақшалар және чектік салым

283. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алған кредит былай аталады:

A) Ипотекалық

B) Коммерциялық

C) Тұтынушылық

D) Банкілік

E) Мемлекеттік

284. Ірі мерзімді салымдар мынаның құрамына енеді:

A) М3

B) М1

C) М2

D) М0

E) М4

285. Интенсивті өсу- бұл:

А) Мемлекеттің өндірістік саладағы техника мен технологияның жетілдіру нәтижесінде ұлғаюы

В) ЖҰӨ-ді халықтың жеке табысына шаққандағы нақты көлемінің кемуі

С) Мемлекеттік өндіріс саласындағы қайта құру кезеңі

D) Өтпелі дәуір кезеңіндегі шаруашылықтардың белсенділік деңгейіндегі қайта құрылуы

E) ЖҰӨ-нің бір қалпында болуы

286. Дамудың интенсивті жолының қайнар көздері:

А) Жаңа технологиялар.

В) Жаңа кең жерлер.

С) Жаңа жерлерді игеру .

D) Жұмыс күшінің өсуі .

Е) Жұмысшылардың снының өсуі.

287. Экстенсивті өсудің белгілері:

А) Халықты еңбекке тартудың өсуі

В) Экологиялық залалды кеміту

С) Инфляцияны төмендету

D) Еңбек өнімділігін арттыру

E) Жаңа технологиялардың енгізілуі

288. Капиталдың шеңбер айналымының формуласы:

А) А- Т <жк,өқж ... Ө... Т'- А'

В) А ... Ө... Т'- А'

С) А- Т <жк,өқж ... Ө... А'

D) А- Т <жк,өқж ... Ө...

Е) А- Т'- А'

289. Жалпы шығындар – бұл:

А) FC+UC

В) FC+AC

С) MC+UC

D) AC+UC

E) MC+FC

290. Әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және оны дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайы болуы – бұл:

А) Халықаралық еңбек бөлінісі

В) Халықаралық сауда

С) Халықаралық валюта

D) Сауда саясаты

E) Әлемдік шаруашылық

 

291. Халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген және экспорт пен импорт арқылы жүзеге асатын халықаралық экономикалық қатынастар формасы – бұл:

А) Халықаралық сауда

В) Халықаралық еңбек бөлінісі

С) Халықаралық валюта

D) Сауда саясаты

E) Әлемдік шаруашылық

 

292. Түрлі елдердің ақша бірлектері арасындағы арақатынасы:

А) Валюта бағамы

В) Халықаралық еңбек бөлінісі

С) Халықаралық валюта

D) Сауда саясаты

E) Әлемдік шаруашылық

293. Елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы:

 

А) Валюталық саясат

В) Монетарлық саясат

С) Халықаралық валюта

D) Сауда саясаты

E) Әлемдік шаруашылық

294. Экономикалық өсудің интенсивті факторы:

А) Жаңа технологияны енгізу.

В) Істелінген уақытты көбейту.

С) Сапаның өзгертуінсіз өндірістің құрал-жабдықтар көлемін көбейту.

D) Жұмыскерлер санын көбейту.

Е) Өндіріс факторларын көбейту.

295.Экстенсивті экономикалық өсім – бұл:

A) Жұмысшылардың санын көбейту

B) ҒТП дамуы

C) Өндіріс факторлары сапасының жақсартылуы

D) Өнімнің ұйымдастырылуының жақсартылуы

E) Еңбек өнімділігінің өсуі

296. Экономикалық өсудің үш типі бар:

А) экстенсивті, интенсивті және аралас (нақты).

В) сан және сапа

С) Еңбек өнімділігінің өсуі

D) Жұмыскерлер санын көбейту

E) Сапалы, сандық