Ырғыстан республикасы

Бішкек қаласында жүргізілген археографиялық іссапардың атқарған жұмыстары. (21 - 25 қараша 2004 ж.)

"Талас ескерткіштері" археографиялық іссапарының мақсаты Қырғызстанның өлкетану мұражайларында сақталынған көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерін кешенді түрде зерттеу, деректанулық материалдарды жинастыру, археографиялық сараптау жасау болды.

"Талас ескерткіштеріне" қазіргі Қазақстан мен Қырғызстандық шекара аймақтарында, Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер жатады. "Талас ескерткіштері" қазақстандық зерттеушілер тарапынан арнайы бағдарлама бойынша бұрын-соңды зерттелінбеген. Қырғыз ғалымдары ғана аздаған зерттеу жүргізіп келеді. Жаңадан бірнеше көне түрік жазуы Қошқар сай, т. б. жерлерден табылып келеді. Жалпы Қырғызстанда көне түрік өркениетіне байланысты алуан түрлі археологиялық ескерткіштер ашылып келеді.

Археографиялық іссапар 5 күн жүргізілді, оның барысында қол жеткізген негізгі ғылыми жетістіктер мынадай:

Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарихи мұражайьшда сақтаулы Талас бітіктас, тас мүсін, ескерткіштері зерттелді. Олардың фото, цифрлық суреттері түсірілді, жалпы жэне детальдық сызбалары жасалынды, архитектуралық өлшемдері алынды.

1.Талас II бітіктасының фото, цифрлық суреттері түсірілді, жалпы және детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды. Көне түрік мәтіннің қолкөшірмесі алынды.

2.Талас VIII бітіктасының фото, цифрлық суреттері түсірілді, детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды. Көне түрік мәтіннің қолкөшірмесі алынды.

З.Талас IX бітіктасының фото, цифрлық суреттері түсірілді, детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды. Көне түрік мәтіннің қолкөшірмесі алынды.

4.Талас X бітіктасының фото, цифрлық суреттері түсірілді, детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды.

5.Талас XI бітіктасының фото, цифрлық суреттері түсірілді, детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды.

6.Қырғызстанда табылған көне түрік тас мүсіндердің фото, цифрлық суреттері түсірілді, детальдық сызбалары жасалды, архитектуралық өлшемдері алынды.

Іссапар барысында 250 цифрлық, 100 түрлі түсті фотосуреттер түсірілді, 20 минуттық бейне таспа жазылды, 20 бітіктас пен ескерткіштерге архитектуралық өлшемдер жасалып, сызба суреттері дайындалды, 6 көне түрік бітіктас, жазулардың археографиялық, деректанулық, мәтіндік талдаулары жасалынды, 5 көне түрік бітіктас, ескерткіштердің қолкөшірме, эстампаждық, калькалық көшірмелері алынды.

5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)

Археографиялық ғылыми іссапар негізінен келесі жерлерде жүргізілді:

1."Топқапы сарайы" мұражайының кітапханасы мен мұрағаты;

2."Түркі және ислам ескерткіштері" мұражайы;

З.Стамбул университеті Орталық кітапханасының "Көне қолжазбалар мен басылымдар бөлімінде" ("Надир есерлери");

4."Сүлеймания" орталық жазба ескерткіштері кітапханасы;

5."Бейазит" ұлттық кітапханасынын көне қолжазбалар бөлімі [17,9б].

Ғылыми іссапарлардың мақсаты Түркия Республикасының Стамбул қаласында сақтаулы тұрған, бұрын зерттелмеген және аныкталмаған Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты осман, түркі, шағатай, т. б. тілдерде жазылған деректерді іздестіру, анықтау, зерттеу, жинастыру, тарихи-археографиялық деректерді зерттеу, деректанулық материалдарды сұрыптау, археографиялық талдау жасау болды.

Осы археографиялық іссапар нәтижесінде "Топқапы сарайы" мұражайының кітапханасы мен мұрағатынан (мұнда 200 мыңнан астам тарихи құжаттар сақтаулы) Сұлтан Сулеймен ("Кануни") дәуірінде хатталған Түркістан ханы Барақ туралы осман тіліндегі бір жазба нұсқа және 1705-1713 жылдары Осман империясы патшасына жіберілген сыйлықтар жайындағы хаттамада қазақ (Түркістан) ханы Сейд Мехмед баһадүр хан туралы мағлұмат табылып, олардың түпнұсқасынан цифрлық көшірмелері түсіріліп алынды.

Аталып өткен мұражайлар мен кітапхана қорларында Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты деректердің каталогтары қарастырылып, мағлұматтар алынды, құжаттар жайында сирек миниатюралар, тарихи әдебиет пен зерттеу жұмыстарымен танысып, мүмкіндігінше цифрлық көшірмелері мен микрофильмдері алынды.

Стамбул қаласындағы мұражайлар, мұрағаттар мен кітапханаларда ХІУ-ХIХ ғасырлар аралығында осман, шағатай, түркі тілдерінде хатталынған құжаттарда Алтын Орда, Қырым, Қазақ хандықтары және Бұхара, Хиуа хандарының тарихы жайында деректі құжаттар сақтаулы екені анықталды.

Аталмыш мұражай, мұрағат, кітапханаларда сақтаулы тұрған колжазабалар, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың жалпы саны өте көп болғандықтан, археографиялық іссапарды бір топ ғылыми мамандарды қатыстыру арқылы ұзақ мерзімге ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Өйткені осы 14 күндік іссапар барысында әлі анықталмай, тексерілмей қалған мыңдаған тарихи құжаттар мен деректер бар.

Жоғарыда аталып өткен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған археографиялық экспедициялар мен ғылыми ісспарлардың нәтижесінде жинастырылған тарихи құнды құжаттар мен деректер Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында қордаланды және зерттеуші ғалымдармен шығыс тілдерінен аударылып, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы жоспарымен көптомдық ғылыми басылымдарды жариялау дайындықтары жасалып жатыр.

Швейцария

Қазақстан тарихы бойынша тағы да бір әлі зерттелмеген дереккөздерінің бірі швейцар саяхатшысы Анри Мозердің (1923 жылы 79 жасында Швейцарияның Шарлоттенфелс қаласында дүние салды) қоры болып табылады. 1880 жылдары ол Орта Азия мен Қазақстанға бірнеше сапар шекті. Осы сапарларының қорытындылары бойынша ол өзінің мемуарларын басып шығарды. Берн тарихи мұражайында сақтаулы тұрған бұл қордың Қазақстан тарихы үшін маңызы осы жаздағы біздің Батыс Еуропаға сапарымыздың барысында анықталды.

Өзінің бірінші саяхатында А. Мозер қазақ даласын "Орынбор-Орск-Қазалы-Ташкент" бағыты бойынша өтті. Ол генерал Черняев, Ресей империясының Бұхар өмірі жанындағы елшісі Витгенштейн ханзада мен Санкт-Петербургтағы Франция елшілігінің әскери атташесы, полковник барон де Сермелермен бірге жол жүрді. Сапар барысында ол жан-жағын бақылап,жергілікті билеушілермен кездесті, қазақтардың экономикалық, мәдени өмірінің сипаттамаларын жасады: табиғат, үй, киім-кешек суреттері; сол кездің көрнекті адамдарымен кездесулері жайлы естеліктер, халықтың бай салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы қызықты әңгімелер. А. Мозерді қазақтар кұшақ жая қарсы алып, бағалы сыйлықтар берген: қанжарлар, кілемдер, ат әбзелдері.

Бұл сапардан А. Мозер Бұхара, Хиуа, Ашхабад, Тегеран, Кавказ, Қара теңіз арқылы 1883 жылы Стамбулға оралды. Ол өзімен көптеген материалдар алып келді: қару-жарақ, ат әбзелдері, киім-кешек, зергерлік, темір бұйымдар.

1888 жылы ол әйелімен бірге Орталық Азияға қайта келді, мұнда өткізген бір жылдың ішінде ол өзінің жинағын кеңейте түсті.

А. Мозердің байқауы бойынша, қазақтардың ұзын саны бір миллионнан астам болды. Бірақ ол Батыс Қазақстан жерлерімен ғана жүрді. Ол кезде қазақ даласының әкімшілік құрылымы үш бөліктен тұрды, оларды мына кісілер басқарды: 1) Солтүстік аумақтың билеушісі сол кезде Бай-Мұхаммед болған; 2) Еділ мен Орал аралығының басқарушысы Жан-Төре; 3) Орынбор даласының басшысы Сүлеймен Тұяқ болды. Қазақ ақсүйектері шамамен 1200 үйден тұрды.

Сонымен катар, ол Түркістанда да болды, ол туралы біз "Түркістан" атты қазақ аксүйектері фотосуреттерінің кұнды альбомынан білеміз. А. Мозер қорында шығыс, батыс еуропалық тілдерде жазылған көптеген қолжазба папкалары мен құжаттары бар. Фотосурет, қазақтардың қолөнер үлгілері

түріндегі бірегей материалдарды ерекше атап өту керек. Қазіргі таңда біздің Шығыстану институты мен Берн университет' арасында А. Мозер қорын бірлесіп зерттеуге келісім жасалған.

Мәдени мұра бағдарламасы бойынша шығыстану институты қызметкерлері шетелдік қолжазбалар мен сирек кітаптар қорларына көптеген күрделі археографиялық экспедициялар өткізді. Қолжазба деректер қорына бай Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей, Армения мемлекеттерінде іздену жұмыс­тары жүргізілді. Францияға жасалған археографиялық сапар нәтижесінде қазақ мемлекеттілігінің дипломатиясының бір көрінісі болып табылатын “Қазақтардың Цинь императорына сәйгүліктер сыйлауы” атты итальяндық суретші Джузеппе Кастильонидің 1757 жылы салынған суретінің Францияның “Гиме” музейінде түпнұсқасы табылып, көшірмесі алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Британ кітапханасына,

Париждің, Мадридтің, Севильяның, Флоренцияның және Берлиннің ұлттық кітапханаларына, Франция Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық архивіне, Ватиканның құпия архивіне ғылыми-іздеу экспедицияларын жөнелткен еді. Олар елдің ғылыми ортасында бұған дейін мәлім болмай келген 77 қолжазба мен 200-ге жуық баспа өнімдерінің көшірмелерін жасатып қайтты. Олардың арасында бірегей материалдар бар, мысалы, Папа Урбан ІV-тің Хулағу ханға хаты, Алтын Орда хандарының Ватикан папаларымен жазысқан хаттарының көшіремелері, “Ас-сах ат-Тауарих” (1440 жылы жазылған Жалпы тарих) қолжазбасы бар, оның 12-ші тарауында түркілердің, моңғолдардың, Темір әулетінің тарихына қатысты мәліметтер мол, оның үстіне бұл қолжазба бүкіл әлемде жалғыз дана күйінде сақталған. Осындай жұмыс Франция Ұлттық кітапханасының қорында, Ереван, Каир, Ыстамбұл, Анкара, Будапешт кітапханалары мен мұрағаттарында да жүргізілді. Отандық тарих ғылымы үшін дереккөздік мәні бар қолжазба-ескерткіштер ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Бұл кітаптар бүгінгі үні еліміздің кітапханалары мен жоғары оқу орындарында кеңінен та­ралып, Қазақстан тарихы, шығыстану, мәдениеттану сабақ­тарында негізгі оқу құралы ретінде белсенді пайда­ланылып жүр.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Археографиялық қорға сипаттама беріңіз?

2. Қандай критериялар мен принциптер негізінде археографиялық қор құрылады?

3. Қазақстан археографиялық қорының ерекшеліктерін көрсетіңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Добрушкин Е.М. Основы археографии: Учеб.пособие. М., 1992.

2. Добрушкин Е.М. История отечественной археографии. Современные проблемы и задачи изучения. Учеб.пособие. М., 1989.

3. Королев Г.И. Археография: Учеб. пособие. –М.: РГГУ, 1996.

 

Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері

ДӘРІС -7