Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы

 

(Русско-белорусские связи. 1570–1667 гг.: Сб. документов. Мн., 1963. С. 439)

Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич А. Кисельге поташ сату туралы жазба

(Сб. документов. Мн., 1972. С. 190)

Мерзімдік басылымдардың өз материалдары (мақалалар, корреспонденциялар, репортаждар, есептер, т.б.) дербес датасы жоқ болса, жариялану датасымен беріледі. Мерзімдік басылымдарда жарияланған құжаттар (декреттер, резолюциялар, қаулылар, т.б.) өздерінің даталары болмаған жағдайда, оларға да жариялану датасы қойылып, бұл туралы мәтінге түсініктемеде ескертіледі:

БЛКСМ ОК-нің БССР еңбекші жастарына Батыс Белоруссия мен Польшаның комсомолдарына олардың фашизмге қарсы күресіне қолдау көрсету мақсатында жәрдем қорын құру туралы арнауы

21 қыркүйек 1925 ж.*

 

* Дата опубликования в [в газете «Чырвоная змена» № 61 (209) от 21 сентября 1925 г.]

 

(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное возрождение и воссоединене с БССР. Т. 1. С. 321)

ХХ ғ. басына дейін жасалған құжаттарды жариялаған кезде, әдетте дата тақырыптың басында, ал оның элементтері кері бағытта (жылы, айы, күні) орналастырылады да, тақырыптың басқа бөліктерінен нүктемен және тиремен бөлінеді:

Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы

(Белоруссиядағы революциялық қозғалыс. 1905 – 1907 гг. Мн., 1955. С. 115)

ХХ ғ. құжаттарын жариялаған кезде дата әдетте тақырыптың мәтіндік бөлігінің астында, оң жағынан, жаңа жолдан қойылады. Дата элементтері тікелей тәртіппен (күні, айы, жылы) беріледі.

Құжаттарды басылымға даярлау процесінде археографқа әрқилы датировкаларды қазіргі жыл санауымызға көшіру ісімен айналысуға тура келеді. Егер датаны көшіру керектігі даусыз болса, онда басқа дәуір датасы (мысалы, Дүниені Жаратудан болған) қазіргі заманғы датадан кейін жақша ішіне алынып беріледі. Егер қыркүйектік, наурыздық немесе басқа да жылдың басталуы, айдың қойылмауы қазіргі жыл санауымыз бойынша жылын нақты анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, онда қисық сызық арқылы екі шектес жылдар бірге беріледі:

6971 – 1463/64 ж.

Белоруссияда, Ресейде 1918 ж. 1 ақпанға дейін жасалған құжаттар көне (юлий) стилі бойынша даталанады, ал 1918 ж. 1 ақпанынан кейін жасалған құжаттар – жаңаша (григориандық) стиль бойынша даталанады.

Басылым тақырыбына байланысты құжаттарға қосарлы дата – ескіше және жақша ішінде жаңа стильмен немесе керісінше берілуі мүмкін:

Ж., сәуірдің 26-сы (6 мамыр). – Ресей мен Польша арасындағы Мәңгілік бейбітшілік келісімінен. – Қалалар, сауда, пошта және Польша, Литва мен Украинадағы православ тұрғындарға қысым жасамау туралы баптар

(Русско-белорусские связи во второй половине ХVП в. С. 346)

Қосарлы дата 1918 ж. 1 ақпанынан кейін жасалған, бірақ ескі стиль бойынша даталанған құжаттарға да берілуі мүмкін. Бұл жағдайда юлий күнтізбесі бойынша дата жаңа стильдегі датадан кейін жақша ішінде көрсетіледі:

Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы

(Из истории установления Советской власти в Белоруссии и образования БССР: Документы и материалы по истории Белоруссии. Мн., 1954. Т. ІУ. С. 382)

Құжаттардың датасы болмаған жағдайда археограф оны дереккөзтанушылық талдау жолымен: мазмұнына, жауап хатқа, осы құжат аталатын басқа да деректерді қатыстыра қарап, конвертіндегі мөртаңбасы бойынша және басқа тәсілдермен белгілейді. Құжат датасын нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда дата жобамен көрсетіледі: «ертерек», «ерте емес», «кейінірек», «кейін емес», «шамамен», «ерте емес – кейін емес», т.б. Даталауды негіздеу мәтінге түсініктемеде, кейде – датаны белгілеу үшін пайдаланылған құжаттарды іздеу дерегі көрсетіліп мазмұны бойынша түсініктемеде беріледі:

1506 ж., желтоқсанның 30-ы. – Королева Елизавета Иоанновнаның Ильиничтегі могилевтік боярларға: оларды панцыр қызметінен басқа барлық міндеткерліктер мен салықтардан босататыны туралы грамотасы (растау)

[түсініктеме]: ХVП ғасыр тізіміндегі бұл грамота Могилев семинариясының кітапханасында сақтаулы тұр. Осы кезеңде князь Михаил Глинскийдің әлі де Литвада болғанын ескерсек, ол сөзсіз тоғызыншы индикт болған 1506 жылы жазылуы мүмкін: өйткені оның Ресейге қазіргі жыл санау бойынша келесі, 1507 жылдың басында ауысқаны белгілі.

 

(Белорусский архив древних грамот. М., 1824. Ч. 1. С. 7–8)

ХVП ғ. І жартысы]* – Могилев воевод. Старокоты с. шаруаларының кн. Л. Сапегеге осы село лавнигінің өздеріне жасаған қаталдығына шағымы

*Кн. Л. Сапеги қайтыс болған жыл бойынша даталанып отыр.

 

(Социально-политическая борьба народных масс Белоруссии. Конец ХІV в. – 1648 г. Мн., 1988. Т. 1. С. 277)

Змаганне» белорус шаруа-жұмысшы елшіліктер клубының елшісі И. Дворчаниннің үкіметтің белорус баспасөзін қудалайтыны туралы сеймде сөйлеген сөзі

1929 ж. 27 желтоқсанына дейін*

 

* Виленск воеводалық басқармасы қауіпсіздік бөлімінің Виленск аймақтық сотына И. С. Дворчанин сөзінің мәтінін тапқандары жайлы жолдаған қатынасы негізінде даталанды.

 

(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное освобождение и воссоединение с БССР. Т. 2. С. 66)

Даталанбаған үнпарақтар (листовкалар) олардың таралу мерзімі немесе билік органдары және басқарманың (егер сөз жасырын жағдайда шығарылған үнпарақ жайлы болса) қолына түскен мерзімі бойынша даталануы мүмкін.

Құжат жазылған орын тақырыптың астында, сол жағынан датамен бір қатарда көрсетіледі. Ресми емес құжаттарда ол құжат мәтінінде келтірілген-келтірілмегеніне қарамастан, тақырыпта көрсетіледі. Егер автордың жазуында оның тұрақты мекенжайы көрсетілген болса (мысалы, минскілік губернатор, т.б.), бұл жағдайда тақырыпта құжаттың жасалған орынын көрсетпесе де болады. Географиялық атаулар тақырыпта өздерінің тақырыптық формасында келтіріледі: Вильна, Вильня, Вильно (1939 ж. дейін); Вильнюс (1939 ж. кейін); Менск, Менеск (ХVШ ғ. аяғына дейін), Минск (ХІХ – ХХ ғғ.), Менск (1920-жылдары), т.б.

БК(б)П ОК-не БК(б)П Полесье жасырын обкомының хатшысы И. Д. Ветровтың партизан кадрларын, әскери әрекеттерді таңдап алу және 1943 ж. 1 тамызынан 1 қарашаға дейін партизандар арасында көпшілік-саяси жұмыстардың жүргізілуі туралы баяндаухатынан

Полесье 5 қараша 1943 ж.

 

(Всенародное партизанское движение в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны. Т. 2. Кн. 2. С. 407)

Ғылыми типтегі басылымдардың тақырыптарында, егер бар болса құжаттың іс қағаздарын тіркеу нөмірі көрсетіледі. Қор бойынша жарияланымдар мен басылымдарда іс қағаздарын жүргізу нөмірінің көрсетілуі міндетті болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Археографиялық безендірілудің кезеңдерін анықтаңыз?

2. Жарияланатын құжаттың тақырыпшасы, оның міңдеттері, элементтер құрамы, орналастыру тәртібін көрсетіңіз?

3. Қысқартылған және топтастырылған тақырыпшалардың ерекшеліктерін анықтаңыз?

4. Авторлық тақырыпша ерекшелігін көрсетіңіз?

5. Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер), оның міңдеттері, құрамы, орналастыру жерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС-16

Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)

Дәріс мақсаты: Баян, бақылау – анықтамалық мәліметтерін, оның міндеттері мен құрамын ашып көрсету.

Тірек сөздер: Баян, тізім, нұсқа, регестілер, аннотациялар және кестелер.

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1 Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер), оның міңдеттері, құрамы, орналастыру жері.

2 Баянды қысқарту мүмкіншілігі. Баянның элементтері.

Әрбір жарияланатын құжатқа легендадеп аталатын бақылау-анықтамалық мәліметтер беріледі. Оның құрамына іздеу деректері (шифр), түпнұсқалығы, тілі (шет тіліндегі құжаттар үшін) жайлы мәліметтер, қалпына келтірілу тәсілі, құжаттың сыртқы түріндегі ерекшеліктер, оның ішінде басылым сипаттамасы; алдыңғы жарияланымына сілтемелер (әрине, егер ондайы болса) жайлы мәліметтер кіреді. «Түсініктеме» термині археографиялық жарияланымдарға қатысты қолданылады, оның жасалу ерекшеліктері және орналастырылуы жайлы С. Н. Валк 1971 жылы арнайы мақала жазған. Онда автор «легенда» термині («археография» сияқты) «осы кезге дейін тек біздің археографияда ғана қолданылып келе жатқанын» атап өтеді. Валктің пікірінше, оның міндеті сыни көңіл күйдегі тарихшыларға жарияланған мәтінді түпнұсқа түрінде ұсыну, «оны қайта қалпына келтіру кезінде қандай өзгерістерге ұшырады, мәтіні қалпына келтірілген сәтте ол құжат қандай жағдайда болғаны» жайлы білуге мүмкіндік береді.

Іздеу деректерінде құжат мәтіні жарияланып отырған дереккөз сақталатын орын көрсетіледі. Мұрағатта, кітапханалардың қолжазба бөлімінде, мұражайдың жазба дереккөздер бөлімінде сақталатын құжаттар үшін мұрағаттың (кітапхананың, мұражайдың) аты, оларға берілген шифрлар жүйесі: қордың (картонның, коллекцияның, т.б.) нөмірі немесе атауы, тізімдеме, іс, және парақтар нөмірлері көрсетіледі. Жекелеген жағдайларда мұрағаттардың қайта ұйымдастырылуына байланысты қор нөмірі мен атауы көрсетілгені дұрыс. Мысалы, Беларусь Республикасының Ұлттық мұрағаты әуелгіде Минскідегі бұрынғы БССР ЦГИА мен Орталық партия мұрағаты құжаттарының кешенін, кейінірек – бұрынғы ЦГАОР және Орталық партия мұрағатынынң құжаттарын біріктіргені белгілі. Мерзімдік басылымдар бойынша жарияланатын материалдар үшін баспасөз органының атауы және оның шығарылым деректері – басылым орны, жылы (газеттер үшін датасы), нөмірі мен беті көрсетіледі. Егер басылымның орыны басылымның өзінің атауында көрсетілген болса (мысалы, «Минск правдасы», «Витебск курьері»), онда легендада басылым орнын көрсетпесе де болады. Газет немесе журнал кімнің органы болып саналатынын көрсету аталған пайдаланылған мерзімдік басылымдардың тізімінде немесе мазмұнына арналған түсініктемеде келтіріледі.

Құжат мәтіні мұрағат ісінде сақталатын газет данасы бойынша жарияланатын болса, газет деректерімен қатар іс шифрі (егер бұл мерзімдік басылым сирек жәдігер болған жағдайда) көрсетіледі.

Мәтіні бұған дейінгі басылымы бойынша жарияланатын құжаттар үшін, легендада оның атауы, шығарылым деректері және беті көрсетіледі. Микрокөшірме, микрофильмдер немесе фотокөшірме бойынша жарияланатын құжаттар үшін осы көшірмелердің іздеу деректері және шетелдік мұрағаттарды қоса алғанда түпнұсқаның іздеу деректері қоса көрсетіледі. Жеке жинақтамадан алынған құжаттар үшін жинақтама иесінің фамилиясы көрсетіледі.

Легендада құжат таза немесе шимай қолжазба ма, түпнұсқа ма, баспасөз бетін көрген бе, расталған көшірме ме, көшірмеден алынған көшірме ме, т.б. көрсетіледі. Құжаттардың баспаханалық, стеклографиялық, гектографиялық, ротаторлық , т.б. даналарын жариялаған кезде әдетте түпнұсқалығы көрсетілмейді.

Ғылыми типтегі басылымдардың легендасында құжат мәтіндерінің анықталған түрлерінің барлығы міндетті түрде көрсетіледі.

Көне заман құжаттарын жариялаған кезде құжаттардың қалпына келтірілу тәсіліне баса көңіл аударылады. Бұл жағдайда хат түрлері: жарғы, жартылай жарғы, шапшаң жазу, т.б. көрсетіледі. Ресми емес құжаттарды жариялағанда да қолжазбаның қолтаңбасына, онда авторлық белгілердің барлығына және жазғыш немесе машинка жазбасының үстінен түзетілгені жайлы көрсету де өте маңызды.

Материалы, парақтар саны мен пішімі, мөрлер мен филиграндар болуы, сақталу дәрежесі әдетте ғылыми типтегі ежелгі кезең құжаттарын және ресми емес құжаттарды жариялауда көрсетіледі. Басқа құжаттарды жариялаған кезде тек қана ерекше сыртқы белгілері, мысалы, жаңа дәуір құжаттарында сирек болса да кездесіп тұратын ерекше материалының болуы (пергамент, қайың қабығы, мата, ағаш және қыш тақташалар, т.б.) ғана көрсетіледі.

Мөрлерді сипаттағанда олардың материалы (балауыз, мастика, қорғасын, т.б.), формалары, бейнелері, жазулары, орналасқан жері көрсетіледі:

№ 4

Ж. 1 қарашасынан ерте – 1341 ж. кейін емес] – пол. кн. Глеб пен пол. еп. Григорийдің Рига қ. магистрімен салмақты тауарлармен сауда жасау тәртібіне байланысты келісім грамотасы.

[мәтін]: Біз, қалалықтар, осыны қалаймыз:

[легенда]: ЦГИА Латв. ССР. Ф. 673. Оп. 4. Ящ. 18 № 30. Подл., перг., 25х21 см. Жартылай жарғы. Ішкі бетінде ХVІ ғ. аяғы мұрағаттық белгісі бар: «Wegen der gewicht zu Polozko».

Астында жібек жіппен ілінген – князь Глебтің 2,2х2,4 см қызыл-жасыл түсті қорғасын мөрі; бір жағында найзасын тік ұстаған атқа мінген салтаттының бейнесі (Напьерский (Акты. Стр. 53) бұл әу. Георгий деп жобалайды), екінші бетінде – түзу сызық бойымен жазылған «ПЕЧА/ТЬ КНА/ЖА ГЛЭВОВА» сөзі бар.

Жасыл жіпте – Григорий епископтың 2,8х2,5 см мөрі, бір жағында Құдай-ана бейнеленген, екінші бетінде – «ПЭ/ЧАТИ ЭПСПА/ГРИГО/РЫА» жазуы түзу сызық бойымен жазылған.

Мөрлерді сипаттаған: Срезневский. Древние памятники 1882. Стр. 183.

Тізімдер: А/ЦГИА Латв. ССР... № 31. пергамен 20,5х23,8 см., жартылай жарғы ХІV ғ...

Б. Сонда.. № 32. Пергамен...

Жар.: Напьерский. Грамоталар. № 7. Факсимиле ле осында. Даталанған ХІV ғ. 30-жж.

Напьерский. Акты. № 74 (13310 ж.)

LECUB. Bd. VІ. № 3076. S. 489; Katalog № 936... БЭФ. Т. 1. № 25. С. 83.

Белгілегендер: Боголюбова, Таубенберг. С. 17; Хрэстаматыя. С. 43–47.

 

(Полоцкие грамоты ХШ – ХVІ ғ. басы. Шығ. Құраст. А. Л. Хорошкевич. М., 1977)

 

Қазіргі заман құжаттарында мөрлердің болуы тарихи қызығушылық туғызған жағдайларда атап өтіліп, сипаттамасы беріледі.

Ғылыми типтегі басылымдарда құжаттың бұған дейінгі басылымдарын түгел көрсету мүмкін болмаған жағдайда алғашқысы немесе неғұрлым толық, неғұрлым анығы және жарияланатын мәтіннен өзгешеліктері барлары ғана көрсетіледі.

Көпшілікке арналған басылымдарда тек бірінші немесе неғұрлым әйгілі жарияланым ғана көрсетіледі. Бұрын жарияланған құжаттар саны көп болған жағдайда, бұл туралы алғысөзде айтылып өтеді. Оқулық басылымдардың легендасында тек құжаттың бірінші рет жарияланып отырғаны ғана (Бірінші рет жарияланып отыр» деген сөзбен айтылады.

Легенда алғысөздің археографиялық бөлігінде қайталанатын элементтерді көрсету есебінен (бір мұрағат, бір қор құжаттары жарияланатын жағдайда олардың атаулары, қалпына келтірілу тәсілі) қысқартылуы мүмкін. Мысалы, құжаттар «Русско-белорусские связи. (1570–1667 гг.)» Мн., 1963 және «Русско-белорусские связи во второй половине ХVП в. (1667–1686 гг.) Мн., 1972 жинақтарында жарияланған делік. Бұлардың барлығы ЦГАДА-дан алынғандықтан, легендада мұрағаттарды көрсету берілмейді.

Көпшілік жағдайда легенда құжат мәтінінен кейін беріледі. Ғылыми типтегі басылымдарда ол мәтіннің алдында, тақырыптан кейін орналастырылуы мүмкін (мысалы, «С. Н. Валк дайындаған «Декреты советской власти» немесе баспаға Д. И. Довгялло дайындаған «Беларускі архиу», т.б.).

Және, ақырында құжаттарды жүйелеу және басылым құрылымы туралы бірнеше сөз. Соңғысы жарияланым типі, түрі және формасына байланысты болады. Мысалы, ғылыми типтегі бір томдық басылымның әдетте төмендегідей жүйеліліктегі элементтері болады: екі бөліктен тұратын алғысөз; қысқартулар тізімі; құжаттар мәтіні; мәтін және мазмұны бойынша түсініктеме; көрсеткіштер; тізімдер; жарияланатын дереккөздер тізімі мен мазмұны. Сериялық басылымдардың бірінші томында барлық серияға ортақ алғысөз беріледі.

Көпшілікке арналған типтегі жинақтарда аталған элементтердің барлығы дерлік, бірақ неғұрлым жеңілдетілген түрде болады. Оқулық типіндегі басылымдар жалпы тарихи сипаттағы қысқаша алғысөзбен, бөлімдерге түсінік беретін мәтіндермен, құжат мәтіндерімен, оларға өте қысқа мәтіндік түсініктемелермен және мазмұны бойынша түсініктемелермен, терминологиялық сөздікпен (қажет болған жағдайда) және жарияланатын дереккөздер тізімімен ұсынылатын библиографиямен шектеледі.

Басылымда құжаттарды топтастыруға келетін болсақ, бұл оның түріне, көлеміне, хронологиялық шеңберіне, т.б. байланысты болады. Құжаттар хронологиялық, тақырыптық, географиялық, номиналдық, сондай-ақ хронологиялық-тақырыптық; тақырыптық-хронологиялық, т.б. аралас белгілеріне қарай жүйеленуі мүмкін. Құжаттарды хронологиялық белгілері бойынша орналастыруда толық датасы бар дереккөздер бірінші орналастырылады:

25 мамыр 1920 ж.

мамыр 1920 ж.

1920 ж.

Жобамен даталанатын құжаттар мынандай реттілікпен орналастырылады:

1920 ж. 25 мамырына дейін.

1920 ж. 25 мамырынан кейін емес.

1920 ж. 25 мамыры.

1920 ж. 25 мамырынан ерте емес.

1920 ж. 25 мамырынан кейінірек.

Сөйтіп, құжатты басылымға даярлай отырып археограф шешетін басты міндет мынадай болмақ: кейін онымен жұмыс жасаған пайдаланушылар алғашқы дереккөзге жүгіну қажеттігін сезінбейтіндей түпнұсқаға мейлінше сай келетін жарияланатын құжаттар бейнесін жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер) анықтама беріңіз?
  2. Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер) құрамы, орналастыру жерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС 17-18.