Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

Оқушының құқығы бар:

1. Мемлекеттік білім стандарттарына сай тегін білім алуға.

2. Жеделдетілген оқу курсында және оқу жоспары бойынша мемлекеттік білім стандарты шектерінде оқуға.

3. Білімалу түрін таңдауға (күндізгі, үйде, экстернат, отбасылық білім), емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға (оқу процесін қадағалайтын нұсқаулықтарға сай), үйде оқытылуға (медициналық көрсеткіштері бойынша).

4. Тегін лицейдің аудиторияларымен, құрал жабдықтарымен, кітапхананың қорымен пайдалануға.

5. Лицейдің Жарғысына сәйкес ұйымдастырылатын қосымша білім алуға (соның ішінде ақылы).

6. Лицейді өзіндік басқаруға қатысу.

7. Өзіне тіл тигізіп, қорлатпауға.

8. Мұғалімге, сынып жетекшісіне, әкімшілікке өзін тыңдатып, лицей директорына, басқа мұғалімдерге өз мәселелерін айтып, олардан көмек, түсінік, жауап алуға.

9. Өз пікірлері мен көзқарасын еркін білдіруге.

10. Даулы мәселелер және біртүрлі сұрақтарды талқылаған кезде сыпайы түрде өз пікірлері мен көзқарастарын айтуға.

11. Адамның қадір-қасиетін құрметтеуге.

12. Ой, намыс, діннің еркіндігіне.

13. Ақпаратты еркін алуға.

14. Лицейдің жұмыс кестесімен қарастырылған қосымша сабақтарда мұғалімнен қосымша көмек алуға.

15. Денсаулықты сақтауға кепіл беретін оқыту жағдайына.

16. Тұлға, дарын, ақыл және тән мүмкіндіктерін дамытуға.

17. Ерекше өз білімі және дағдысына сай баға алуға.

18. Ауызша және жазбаша жауаптырына қойылған бағаны білуге.

19. Өз жауабы немесе жазбаша жұмысына қойылған бағаның құпиялылығына.

20. Егер бағамен келіспесе, баға жарияланған күннен кейін, 2 күн аралығында аппелляцияға беруге.

21. Демалыс кезінде және сабақтар арасындағы үзілістерде демалуға.

22. Оқу күні бойы жағдайына байланысты медициналық көмек алуға.

23. Белгіленген тәртіпке сәйкес асханада ыстық тамақпен тамақтануға.

24. Лицейлік сабақтан тыс іс-шараларына еркін қатысуға.

25. Лицейдің мәдени өміріне, оның ішінде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуға.

26. Білім бағдарламасымен қарастырылмаған еңбекке өз еркімен қатысуға.

27. Жеке өміріне араласудан қорғалуға.

28. Қорлық жасалған кезде қорғалуға.

29. Өз құқықтарын қорғау үшін қамқоршылық ұйымдарына жүгінуге. Білім бағдарламасын осы деңгейде іске асыратын басқа білім мекемесіне ауыстырылуға.

30. Кез келген қоғамдық ұйымдарға өз еркімен түсуге.

31. Ауыстыру, бақылау жұмыстарының кестесімен хабардар болу.

32. Түрлі дау және туындаған сұрақтарды талқылаған кезде сыпайы түрде өз көзқарасы мен пікірін айтуға.

Оқушының міндеттері:

Жалпы тәртіп ережелері:

1. Лицейдің Жарғысын, оқытылатындардың ережелерін, әкімшіліктің өкімдерін орындау.

2. Адал оқып, оқу жоспары мен бағдарламалармен қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау.

3. Сабақты дайындау кезінде мұғалімнің барлық талаптарын орындауға тиіс. Сабаққа керекті барлық қажетті жабдықтарды әкелу.

4. Мұғалімнің талаптарына сай үй тапсырмаларын белгіленген мерзімге дейін орындау.

5. Сабаққа кешігіп келуге құқығы жоқ.

6. Оқушы таза, әдемі киімде лицейге сабаққа 15 минут қалғанда келіп, шешіну бөлмесінде сыртқы киімін шешіп, қоңырау алдында жұмыс орнына орналасып, келесі сабаққа барлық оқу құралдарын дайындайды.

7. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу.

8. Лицейдің құрал жабдықтарын сақтау.

9. Сабақтан қалған күн болса, медициналық анықтама әкеліп, дәлелдеу.

10. Лицейге қару (соның ішінде пышақтар), жарылғыш, тез өрттенетін заттарды, спирт ішімдіктерін, темекі, есірткі және тағы басқа уларды әкелуге тыйым салынады.

11. Лицей және лицей аумағында темекі шегуге тыйым салынады.

12. Сабақ үстінде сағыз, байланыс құралдары мен плеердарды қолдануға тыйым салынады.

13. Жаман сөздерге, былапыт сөйлеуге тыйым салынады.

14. Оқушылардың білім процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, кемсітуге жол берілмейді.

15. Лицей қызметшілеріне, оқытылатындарға құрмет көрсету.

16. Жеке меншік құқығын сыйлап, білім үрдісіндегілердің киімдері мен басқа заттары өз иелерінікі дегенді ұгу.

17. Өз мүмкіндіктеріне қарай лицейді, оның аумағын аббаттандыруға көмектесу.

18. Лицейдің мүлігін сақтап, өзінің және біреудің мүлігіне ұқыпты қарап, лицей және лицей аумағында тазалықты сақтау. Егер лицейдің мүлігіне зиян келтірілсе, оқушының ата-анасы (заңды түрдегі өкілдері) орнын толтырып, залалды өтеу керек.

19. Біреудің заттарын алып қойған оқушылар заңды түрде жауап береді.

20. Ұмытылып не жоғалып қалған заттарды тауып алушылар оны кезекші әкімшіге немесе мұғалімге тапсыру керек.

21. Қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау керек.

22. Сынып жетекшісінің, медициналық қызметкердің немесе кезекші әкімшінің рұқсатысыз сабақтан шығуға болмайды. Лицейде ж/е басқа жерлерде өзін тәртіпті, мәдени ұстау керек.

Сабақ үстіндегі тәртіп:

1. Сыныпқа мұғалім немесе басқа үлкен кісі кірген кезде тұрып амандасу (компьютерде жұмыс істеп отырған уақыттан басқа).

2. Сабақта шуламай, басқаларға бөгет жасамау керек, өйткені бұл білім алуда басқа оқушылардың құқықтарын бұзады.

3. Сұрақ қойып немесе жауап бергісі келсе қолын көтеру керек.

4. Сабақ үстінде оқушыға шығуға қажет болса, ол мұғалімнең рұқсат сұрау керек.

5. Дене тәрбие сабағына спорт киімінде келеу керек. Оқушы сабақтан (анықтама бойынша) босатылған болса, ол спортзалда, спорт киімінде болу керек.

6. Сабақ үстінде оқушының лицей құрал жабдықтарын пайдалануға құқығы бар, сабақтан соң олар мұғалімге тапсырылады.

7. Әр мұғалім өз сабағында оқушылардың тәртіп ережелерін белгілейді, бұл ережелер оқушылардың қадір- қасиетіне қысым жасамай, лицейдің жарғысына қайшы келмеу керек.

8. Жаңа материалды түсенбей қалған кезде оқушының мұғалімге сұрақ қоюға құқығы бар.