Автокөлік кәсіпорнының бизнес-жоспарының негізгі тараулары

 

«Түйін» тарауын жасаған кезде кәсіпорынның нарыққа шапшаң кіруі үшін бар мүмкіндігін тұжырымды етуге, тәртіптік стратегиясын белгілеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Бизнес-жоспарының бірінші тарауына басқа да тараулардың негізгі ережелері (бір немесе екі ұсыныс) енгізіледі . Мұнда жоспардың құндылығын дәлелдейтін негізгі фактылармен цифрлар мазмұндалады. «Туйін» тарауында кәсіпорнының ұйымдастыру-құқықтық құрылымдары қысқаша көрсетіледі (серіктестік, қоғам, акционерлік қоғам және басқалары); кәсіпорны құрылымы және қызметкерлерінің саны, өндірістік-қаржылық жағдайы, нарықтағы тәртіп стратегиясын және мүмкіндігін анықтау, жоспарлау нарығы және болжау, кәсіпорнының нақты артықшылығы, жұмысының (пайдалық) нәтижелерін көрсету.

«Автокөлік кәсіпорнының жалпы сипаттамасы» тарауында кәсіпорнының тұрған жері, коды, тіркеуі, банк реквизиттері және басқа мәліметтер мазмұндалады, кәсіпорны қызметінің мақсатымен бағыты, тарихи мәліметтері және қала (аймақ, ел) экономикасына қандай үлес қосатыны көрсетіледі.

«Автокөлік кәсіпорны, оның қызметі және өнімі» тарауында кәсіпорны құрылымы, шұғылданып жүрген және келешекте шұғылданатын қызметтердін түрлері жөнінде мәліметтер, ұсынылатын транспорт қызметтерімен өнімдерінің саны мазмұндалады.

Тарауда кәсіпорнының жағдайы, даму болашағы, жаңа нарықпен жаңа клиенттер, олардың керектілігі және кәсіпорнының қызметіне оң немесе жағымсыз ықпал жасайтын экономикалық тенденциялармен фактылар қаралады.

Транспорт қызметінің нарыққа кіру стратегиясына ерекше көңіл бөлінеді.

«Транспорттық қызмет және өнім нарығын оқып білу және зерттеу» тарауының мақсаты инвесторға кәсіпорнының транспорттық қызметімен өнімінің едәуір нарығы бар тұралы және олардың көлемі бәсеке сының көтереді деген жеткілікті мәлімет беру.

Нарықты оқып білу және зерттеу нәтижесінде болжаудан өткен транспорттық қызметі, өнім сату деңгейі кәсіпорынның өндіріс көлеміне, маркетинг жоспарына, қарыз сомасына және акционерлік капиталына тікелей ықпал тигізеді. Бұл тарауда нарықтын клиентурасына, кәсіпорнының даму тенденциясына, бәсекеге қабілеттілігіне, жалпы нарықтын айналымындағы ұсынатын қызметінің үлесіне талдау жасалады.

Бағалау үлесін жоспарлаған кезде кәсіпорнының транспорттық қызметімен өнімінің қазіргі бәсекелестік жағдайында қажеттілігі дәлелденеді. Жоспарда негізгі тұтынушы клиентурасы белгіленеді және оның транспорттық қызметті, сатуды дамыту жөніндегі үлесі анықталады.

«Автокөлік кәсіпорнының өндіріс-қаржылық қызметін талдау» тарауы кәсіпорнының жұмысына ықпал ететін, сыртқы және ішкі факторларын есепке ала отырып өткен кезеңдегі АКК қызметін сипаттайды. Осы тарауда АКК қаржылық жағдайына талдау жасауды ерекше назарға алынады. Кәсірорнының дәулеттілігін айқындаған кезінде оның өтімділігі, төлеу қабілеті, қаржылық тұрақтылығы, іскер белсенділігі, пайдалығы, мүліктік жағдайы, көрсеткіштері негізгі болып саналады. АКК бойынша кредиторлық және дебиторлық қарыздар мұқият қаралады. АКК өндірістік-қаржылық қызметінің талдауы ішкі ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді және жылжымалы составты ұтымды пайдалану, материалдық қаражатты тиімді жұмсау, ағымдағы қаражаттын айналымын жақсарту жолдарын анықтайды және шамасы жоқ кәсіпорнының жағдайын жақсарту жөніндегі стратегиясын қабылдайды. Кәсіпорнының шамасы нашарлаған кезде АКК бизнес-жоспарына «Шамасы жоқ кәсіпорнының жағдайын жақсарту жөніндегі стратегиясын таңдау» және «Автокөлік кәсіпорнының қаржы төлеуге шамасы келетін қалпына келтіру шаралары» атты қосымша тараулар енгізіледі.

«Маркетинг жоспары» тарауы маркетингтін жалпы стратегиясын, болжау және өнімді сату тактикасын, тарифпен бағаларды белгілеу, бөлу және жариялау стратегиясын қамтамасыз етеді. Кәсіпорны дәрменсіз болған кезде маркетинг жоспарына белгіленген стратегия енгізіледі және кәсіпорнын дәрменсіз жағдайдан алып шығу жөніндегі шаралардың жоспары жасалады.

«Өндіріс және операциялар жоспары» тарауында негізгі құрылымдарының орналасқан жерін, кәсіпорынның қызметін іске асыруға қажетті өндірістік орындарын, жылжымалы составын, ғимаратпен құрылыстарын және басқа да негізгі қорлардың түрлерін айқындайды.

Нарықты талдау және зерттеу негізінде өндіріс жоспары жасалады және ол пайдалану жөніндегі өндірістік, техникалық қызмет ету, жылжымалы составты жөндеу, АКК материалдық-техникалық жоспарын қамтамасыз ету бағдарламаларын көздейді.

«Ұйымдастыру жоспары» тарауында басқарудың күшті және әлсіз жақтары сипатталады, кәсіпорны қызметкерлерінің саны белгіленеді. Нәтижесінде штаттық кестесі жасалып, АКК басқару персоналының міндеттері бекітіледі және кондукторлардың, жөндеу жұмысшыларының, жүргізушілердің және басқа қызметкерлердің саны белгіленіп, міндеттерімен құқықтары айқындалады. Барлық есептер АКК еңбек және кадрлар жөніндегі бірыңғай жоспарына енеді.

«Автокөлік кәсіпорнының бизнес экономикасы» тарауында АКК қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштері жинақталады. Бұл тарау жалпы және ағымдағы пайданың есептерін, потенциалды және пайда ағымының ұзақтығын қарастырады. Ол есептер ауыспалы және тұрақты шығындармен, тасымалдаудың өзіндік құнымен және кәсіпорнының зиянсыз деңгейге жеткен мерзімі көрсетілген өніммен дәлелденеді. Қолдағы ақшаны ұтымды пайдалану үшін уақыттың меріздері есептеледі.

«Қауып-қатерлер және проблемалар» тарауында кәсіпорны қызметінде болатын қиын жағдайлар қаралады. Бұл қатерлер екі нұсқа бойынша есептеледі. Біріншісі – ықтималдықтар теориясының матаматикалық аппаратын пайдалануды көздейді, екіншісі – консультанттардың эксперттік баға беруін пайдалану.

Табиғи (апатты жағдай), саяси, кредиттік, валюталық, проценттік заңнамалық және т.б. қауіп – қатерлердің негізгі топтарына жатады.

Қауіп – қатерлердің болу мүмкіндігін талдаған кезде қатердің маңызы мен себебі, қатердің шығу факторы, өтемақы әдісі, сондай –ақ бәсекелестікпен салыстырғанда тарифтер мен бағаларды төмендетуді талап жағдайлар, көліктік қызмет көрсетулер мен өнімдерді іске асыру болжамдарының орындалмау себептері, жанар – жағар материалдарды, қосалқы бөлшектерді, шиналар мен басқа да айналдымдағы құралдарды сатып алу қиындығы, проценттік ставканың жоғарылауынан банктік несие алу қиындығы қаралады, кәсіпорынды қайта құруға және жаңартуға арналған шығындар анықталады. Осы мақсатта қауіп – қатер дәрежесін төмендету жөнінде іс-шаралар көзделеді және қауіп – қатерден сақтандыру бағдарламасы жасалады.

Өткен тарауда орындалған есептер «Қаржылық жоспар» тарауында пысықталған. Есептеулердің нәтижелері өнімнің құны түрінде келтірілген. Қаржылық жоспарда АКК қызметінің қаржылық нәтижелері мен табысты пайдалануы көрсетілген. Акшаның түсуі (жалпы кіріс), қосымша құн салығы, акциздер, орындалған жұмыстарға кеткен шығындар мен қызмет көрсетулер, сатудан тыс оперциялардың кірістері мен шығыстары және тағы басқалары жоспарланады. Түскен табыстан бюджетке төлем, резервтік қорға аударым, сондай –ақ жинақтау, тұтыну, қайырымдылық және өзге мақсаттағы қорлар жұзеге асырылады.

Қаржылық жоспарды құрастырған кезде табыс пен зиянның болжамы беріледі, қол ақша қаражатының қозғалысын талдау бағыты келтіріледі, баланстың бағыт – бағдары, зиянсыз жұмыс істеу кестесі құралады, сондай-ақ шығындардың деңгейін бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

«Автокөлік кәсіпорнының ұсынысы» тарауында талап ететін қаржыландыру көлемі, құнды қағаздарды пайдалану жолдары және инвесторлар қанша қаражат бөлу қажеттігі қарастырылады, арнайы әдіспен салынған қаржылық қаражаттарды қайтару және одан пайда түсуі есептеледі.

Талап ететін қаржыландыру көлемін есептеген кезде қолдағы ақша қозғалысының болжамы көрсетіледі, АКК қызметінің дамуы мен кеңеюіне арналған ақшалай қаражаттың сомасы анықталады.

Құнды қағаздарды пайдалануды тізімдеген кезде олардың түрі (кәдімгі акциялар, облигациялар және басқалары), бірлігінің бағасы мен қағаз құнының жалпы сомасы, кәсіпорынның ұсынысы бойынша сатуға жататыны, дивиденттердің проценті, құнды қағаздарды өтеу мерзімі мен конверттеу шарты көрсетіледі.