Техникалық – экономикалық талдаудың тәсілдері

 

Талдау жасаған кезде барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштер өзара байланыста және бірлікте қарастырылуы қажет. Көрсеткіштердің байланыстары қиын болғандықтан олардың функционалдық тәуелді формамен қорытынды көрсеткіштерге ықпалың жиі тигізе алмайды. Сондықтан арнайы тәсілдер қолданылады, олар формалармен айқындалған эмпиризмдік тәуелділікті орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан көрсеткіштерді салыстыру тәсілі талдау прцессінде АКК жұмысының жан-жақты бағалауына жағдай жасайды. Талдау жасағанда мыналарды салыстырады: есеп және жоспарлы көрсеткіштерің, бұлар жоспарлы міндеттерінің орындалуын бағалайды; кәсіпорнының бірнеше мерзімдегі есеп көрсеткіштерің, нәтижесінде кәсіпорны жұмысының динамикасы туралы қорытынды, автокөлік департаментінің есеп және орташа көрсеткіштері-кәсіпорны қызметінің жалпы деңгейін және т.б. анықтау мақсатында жасалады. Әр кәсіпорнының қызметін талдаудың көлемімен мағынасы қойылған міндеттерге сай анықталады. Бірнеше кәсіпорнының қызметтерің салыстыру жөніндегі талдаудың маңызы өте зор, өйткені олпрдың жұмысының сапалы көрсеткіштерің салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді: еңбек өнімділігіне, жүк тасымалдау жұмысының өзіндік құнына, рентабельдікке және т.б. Сонымен сандық көрсеткіштерінің (автомобильдердің ортатізімдік саны, жүк тасымалдау көлемі және т.б.) маңызы төмен, сондай-ақ кәсіпорындарда абсалюттік айырмашылығы жоғары болғандықтан олар тек қана сапалы көрсеткіштерге ықпал жасайтын факторы болып табылады.

Бірнеше АКК қызметтерінің салыстыру талдауын жасағанда автомобильдік парктағы тасымалдау составының маркасымен типі, пайдалану түрі, өндірістік-техникалық базасының болуы және оның жағдайы (гараждар, шеберханалар, т.б.), өндірістік ұйымдастырылуы (техникалық қызметтің, жөндеу жұмыстарының әдістермен тәсілдері, жүк тасымалдауды ойластыру және т.б.), басқарудың құрылымы, материалдық-техникалық базасының жағдайы қарастырылады.

Сонымен қатар талдау жасаған кезеңінде (тоқсан, жыл, бірнеше жыл) автомобильдік құрамында, материалдық-техникалық базасында, жүк және жолаушыларды тасымалдау құрылымында болған өзгерістерді есептеу керек. Егерде түгенделген фактылар тиісті дәрежеде есепке алынбаса, онда жасалған қорытындылар дұрыс болмауы мүмкін. Салыстыру тәсілі кәсіпорнының жалпы жұмысына баға бере алады, бірақта жоспарлы міндеттерді орындауының деңгейін айқындайтын себептердің барлығын көрсете алмайды. Осыған байланысты басқада методикалық тәсілдер пайдаланылады, олар әрбір көрсеткіштердің жұмыс нәтижелеріне жасаған ықпал дәрежесін айқындауға және өз ара тәуелдік орнатуға мүмкіндік береді.Тізбекті ауыстыру тәсілі.

Талдауға жататың көрсеткішті алғашқы екі немесе одан жоғары мөлшердің көбейтіндісі ретінде анықталады. Есептелген формулада алғашқысында бастапқы мөлшерінің мағынасы – жоспарлы, сонан соң формулаға бірте бірте есептік көрсеткіштер енгізіледі және талдауға жататын көрсеткіштің шартты (аралық) мағынысы айқындалады.

Жаңа көрсеткішті жоспарда белгіленген көрсеткішпен салыстырғанда талдауға жататын көрсеткішке тиген әрбір көбейткіштің ықпалы анықталады.

Тізбекті ауыстыру тәсілін келесі аналитикалық есеп арқылы қарастырайық.

Талдауға жататын көрсеткішті a деп белгілейік, алғашқы мөлшерлерді b мен c деп. Онда жоспарлы көрсеткіш:

 

ап = bп cп

 

есептілік (фактілік)

 

аф = bс* cф

 

bф, аф ықпалын анықтайық, бірінші ауыстыруды орындайық:

 

а1= bф* cф

 

а1 және ап арасындағы шығарылған айырмашылық bф есептік көрсеткіштің тандауға жататын көрсеткішіне жасаған ықпалын сипаттайды.

 

Екінші ауыстыруды жасасақ

а2= bп* cф

 

болып шығады. Бұл жерде а2 – ап айырымы cф есептік көрсеткіштің талдаудағы көрсеткішіне ықпал жасауын сипаттайды. Бастапқы мөлшерлердің саны көп болған кезде тізбекті ауыстыру тәсілімен жоғарыда көрсетілгендей есептеледі. Тізбекті ауыстыру тәсілімен, мысалы, АКК жүк айналымы жоспарының орындауына, тасымалдаудың өзіндік құнына жеке көрсеткіштері өз ықпалын тигізеді де АКК бөлімшелерінің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

Пайыздық өз ара қатысын белгілеу тәсілі бастапқы көрсеткіштерінің біреуінің 1% өзгерген кезде талдауға жататын көрсеткіштің пайыз түрінде ауытқуын айқындауға пайдаланады. Пайызбен санағанда оның формуласы жалпы түрінде келесі есептер негізінде табылуы мұмкін (мысалы, жүрісті пайдалану коэффициенті өзгерген кезде оның өнімділігінің және өзіндік құнының өзгеруі). Есепке алайық: β1 және β2 - жүрісті пайдалану коэффициенттері; P1 және P2 - автомобильдің өнімділігі, S1 және S2 - жук тасымалдаудың өзіндік құны, олар да осы коэффициенттерге сәйкес.

Келтірілген көрсеткіштердің өзгертуін пайыз түрінде келесі формулар бойынша анықтауға болады:

 

(β2 - β1)100/ β1; (P2 – P1)100/ P1; (S2 – S1)100/ S1

Көрсетілген формуларды пайдалана отырып, А автомобильдің өнімділігінің өзгеруін және жүрісті пайдалану коэффициентінің 1% өзгерген кезде В жүк тасымалдау өзінділік құнының пайыз түрінде өзрегуін анықтауға болады:

 

 

 

 

Пайыздық байланыстың әдісі кәсіпорны қызметінің нәтижесіне әсерін тигізетін көрсеткіштердің талдауын жасаған кезде қолдануы мүмкін. Талдаудың алғашқы нүктелерін туралау тәсілі кәсіпорны қызметін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді, себебі кәсіпорны қызметінен бөлек тұрған салдардың қорытындысына кедергі жасайтын ықпалды келтірмейді. Экономикалық талдауды жасаған кезде салыстыратын көрсеткіштердің дұрыс белгілеуі өте маңызды. Біріншіден, зерттелеу көрсеткіштері талдауды жүргізетін кезеңде ғана емес, сонымен бірге бірнеше есепті кезеңдердің динамикасында қаралуы керек, өйткені бұл кәсіпорнының өндірістік-қаржылық қызметінде жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, жоспарлы және есептік көрсеткіштері салыстырмалы болуы керек. Жоспарлымен есептік көрсеткіштерді салыстыруға келмейтін жағдайда талдау жасаған кезеңде көрсеткіштердің ауып кетуі мүмкін, бірақта олар кәсіпорнының жұмысына байланысты емес. Мысалы, жүк тасымалдау аралығы өзгерген кезде басқа көрсеткіштер өзгермеседе, бәрібір жоспарлымен есептік (жүк тасымалдау көлемі тоннамен, транспорттық жұмыс тонна-километрмен) көрсеткіштерің салыстыруға мүмкіндік бермейді. Бұндай жағдай автомобильдердің тізімділік саны және олардың орташа есеппен алғанда жүк көтерімділігі өзгерген кезде болуы мүмкін.

Есепті кезеңдегі өзгерістерді есепке алу үшін, автомобильдердің жүк көтерімділігі, тізімділік нақты құрылымы, жүк тасымалдау есептік аралығы жөніндегі жоспарлы тапсырманы қайта өзгерту керек. Қайта саналған көрсеткіштерді негізге (базалыққа) алып, сонан соң фактілік (нақтылық) жүк тасымалдау көлемі (тоннамен, транспорттық жұмыс тонна-километрмен) жоспарлы көрсеткіштермен салыстырылады. Соның негізінде кәсіпорнының шаруашылық қызметі бағаланады. Осы тәсіл бойынша кәсіпорны қызметі объективті түрде бағаналады, өйткені бұл кәсіпорны жұмысына байланысты емес. Сонымен қорытынды қөрсеткіштерге кедергі жасайтын себептер жойылады.

Бастапқы нүктелерді дұрыстау тәсілі АКК шаруашылық қызметіне талдау жасағанда кеңінен пайдаланылады, мысалы, автомобильдік паркіні пайдалану кезіндегі шығындарды зерттегенде. Жүк тасымалдау аралығы өзгеруіне байланысты жоспарлы және фактілік (нақтылық) шығындарды салыстырудың келмейтіндігі мүмкін. Бұл жағдайда жоспарлы шығындарды жүк тасымалдаудың фактілік (нақтылық) аралығына сәйкестіріп қайта саналады.

Автомобильдік паркті пайдаланған кезде саналған (аналитикалық) шығындар мөлшері жоспарлы нормамен айқындалады және ол жоспарлау кезінде қалыптасқан жұмыстар көлемінде нақты түрінде алынса, онда шығындар жоспары жасалуы керек. Нәтижесінде пайдаланынған шығындарға талдау жасау үшін үш көрсеткіш алынады: бекітілген жоспарлы шығындар, аналитикалық жоспарлы шығындар және фактілік (нақты) шығындар (есеп бойынша). Оларды салыстырған кезде абсалюттік экономика немесе жоспарлымен есептік шығындардың айырмашылығын көрсететін артық шығын айкындалады. Шектен аспайтын шығындар көрсеткіші жопарлы және аналитикалық шығындардың айырмашылығы болып есептеледі. Салыстыру негізінде кәсіпорны жұмысының қорытындысы жасалады.

Жоспарды орындау туралы жалпы нәтижелерінің нақтылау тәсілі осы көрсеткіштердің деңгейін анықтау себептерін айқындайды. Сонымен бірге жүк тасымалдау жоспарының орындалуын бағалағанда автомобильды шығару уақытының коэффициенті нақтыланады, сонан соң айсайын оның маңыздылығы анықталады. Осының негізінде жылдың айларында автомобильдерді линияға шығару коэффициентінің өзгеруіне байланысты жүк тасымалдау жоспарының орындалуының немесе орындалмауының дәрежесі белгіленеді.

Қорытынды көрсеткіштердің нақтылануы кәсіпорнының өндірістік бөлімшелерінде құрама бөлшектермен (мысалы, жүктердін түріне байланысты тасымалдау жоспарының орындалуын анықтау) өткізіледі.

Баланстық салыстыру тәсілі құбылыстың әртүрлі жақтарын анықтау үшін пайдаланылады және көрсеткіштердін баланс ретінде байланыстарын көрсетеді (заттай немесе ақшалай түрінде).

Баланстар – бұл тендік, оның бір бөлшегінде кезеңнін басындағы материалдық (құндылық) сомалары жиналады және олардың талдау жасалған кезеңдегі түсуі, екіншісінде – материалдық ресурстардың (құндылықтардың) нақты (фактілік) шығындары және келесі кезеңге ауысатын соңгы қалдықтары.

Балансты құратын элементтердің біреуі өзгерсе ол бір уақытта басқа элементінің өзгеруіне ықпал етеді.