Кәсіпорынды басқарудың қазіргі жүйелері

 

Автомобиль көлігінің қарқынды дамуы басқару аппаратының жұмысының тиімділігі әрі қарай артуын, оның құрылымының жетілуін, автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) мен экономика-математикалық әдістердің енгізілуін талап етеді. Өндірісте туындап жататын өндірістік, техникалық, экономикалық және әлеуметтік құбылыстармен байланысты көптеген адамдардың бірлескен еңбегіне негізделген күрделі процесс - бұл басқару. Басқару процесі өндірістің барлық буындарының жұмысында бірлікті қамтамасыз етуге, өндірістік-қаржылық қызметтің барлық түрлерінің келісімдігіне бағытталған, осы қызмет үздіксіз сипатта және мақсатқа сай сипатта болу үшін және де ең аз шығынмен көп нәтиже беруге бағытталған.

АБЖ деп техникалық жүйе құралдарына қызмет көрсететін және алынған нәтижелік ақпаратты іске асыратын адамдардың ұжымы, және таңдап алынған әдістерге сәйкес ақпаратты автоматтандырылған жинау, тарату және өңдеу үшін есептеу техникасы мен байланыс құралдарының, экономика-математикалық және техникалық, әкімшілік әдістердің жиынтығы.

Автоматтандырылған басқару жүйесі «адам – машина» принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл жерде функциялар типтік емес күрделі шешімдер қабылдайтын адам мен көптеген ақпараттардың арасынан шешім қабылдау үшін қажетін таңдап алып, және дұрыс таңдау жасауға көмек болатын қорытынды кестелер мен графиктердің көмегімен, не болмаса тікелей шешім қабылдауға көмектесетін, санау жұмыстарының барлығын орындайтын ЭЕМ арасындағы функциялар ақылға сай бөлінген.

Көлік кәсіпорнын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ККБАЖ) жасаудың мақсаты көліктік кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметтері-нің тиімділігін арттыру болып табылады, нәтижесінде бар резервтерді жақсарту, бірақ олар басқару құралдары мен дәстүрлі шектеулі әдістерді қолдану түрінде болмақ. Көлікк кәсіпорындарының автоматтандырылған басқару жүйесі қызметті жоспарлау, есепке алу және бақылау мен талдау процестерінде басқару аппаратының құрылымдық бөлімшелері арасында көптеген байланыстарды білдіретін басқарушы негізгі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

АБЖ құрғанда көлік-өндірістік процестерді оңтайлы ұйымдастырушылық жүйесін қамтамасыз ететін басқарылатын объектінің ұтымды ұйымдастыру-шылық құрылымына негізделетін болады. Мұндай негізгі объект болып қазіргі заманғы автокөлік бірлестігінің ұйымдастырушы-функционалдық құрылымы болуы мүмкін. Кәсіпорынды автоматтандырылған басқару жүйесі күрделі жүйе болып табылады, ол жалпы жүйе мақсатына бағынатын және әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын бірнеше қосалқы жүйелерден тұрады.

Қазіргі уақытта ККБАЖ қосалқы жүйелері екі қасиеттер тобы бойынша құрылуы мүмкін: өндірістік-ұйымдастырушылық және функционалдық. Өндірістік-ұйымдастырушылық белгілеріне қарай бөлінген қосалқы жүйелер-дің кешені басқару моделін білдіреді, ол оның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің жағынан басқару нысанын қарастырады. Функционалдық белгілеріне қарай бөлініп шыққан қосалқы жүйелер онда жүретін ақпарат ағындарына қарай басқару нысанын қарастырады.

Өндірістік-ұйымдастырушылық белгілеріне қарай мынадай ККБАЖ негізгі қосалқы жүйелері бөлініп шығады: жүк тасымалы, жолаушылар тасымалы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету және жылжымалы құрамды жөндеу, жалпы функционалдық басқарма. Әрбір қосалқы жүйенің қызмет етуінде өндірістік процесті басқару, жоспарлау мен өндіріске дайындау, шұғыл басқару мен бақылаудың негізгі басқару фазалары қамтамасыз етіледі, жұмыс қорытындылары жасалып, оған талдау беріледі.

Функционалдық белгілеріне қарай бөлінген ККБАЖ негізгі қосалқы жүйелеріне мыналар жатады: техникалық нормалау, техника-экономикалық жоспарлау, шұғыл есепке алу мен есеп.

ККБАЖ негізгі қосалқы жүйелерінен басқа оның жұмыс істеуі үшін мынадай келесі пайдалану кешендері құрылады: ақпараттық-есептеу жүйесі мен реттеу жүйесі.

Ақпараттық-есептеу жүйесі ақпараттық шаруашылықтан (құжат айналымы-ның сұлбасы мен ақпарат ағыны, ақпараттар көрсеткіштерінің жіктемесі, ақпараттардың ағыны), ақпарат тарату құралдарынан (ақпаратты енгізу және шығару құрылғысы, байланыс арналарының аппаратурасы); есептеу техникасының құралдарынан (экономика-математикалық модельдер мен басқару алгоритмі) тұрады.

ККБАЖ реттеу жүйесі мыналардан тұрады: реттеу құрығлысы (мнемосұлбалар, ауытқулардың көрсеткіштері, басқару пульттері) мен шешім қабылдау топтарынан.

ККБАЖ жұмыс істегенде ақпараттық-есептеу жүйесі басқару нысаны мен сыртқы көздерден келіп түсетін бастапқы ақпараттарды өңдейді, сонымен қатар нысанды басқару бойынша ұсыныстар беріп отырады. Осы ұсыныстардың негізінде шешім қабылдау тобы командалар жасайды, олар реттеу құрылғыларының көмегімен басқарылатын кешеннің жүрісіне ықпал етеді.

ККБАЖ қосалқы жүйелерінің арасында деректердің алмасуын қамтамасыз етіп отыратын үнемі ақпараттық байланыс болады. Бұдан басқа, АБЖ қосалқы жүйелерінің бір жүйеге байланысуы жалпы ақпараттық, математикалық және техникалық қамтамасыз ету базасына әкеледі, сонымен қатар жұмыстың тиімділігінің жалпы критерилері мен жергілікті критерилерді көрсетіп тұратын экономикалық реттеу қосалқы жүйесі жасалады. Мұндай байланыстың іске асырылуы деректерді өңдеудің бірлестірілген жүйесінің (ДӨБЖ) ККБАЖ іс тәжірибесіне енгізу болып табылады. ДӨБЖ үшін бір ғана бастапқы деректерді қолдану тән, олар барлық жоспарлау-экономикалық есептемелері үшін ЭЕМ нормативті-анықтамалық базасында белгіленген. ДӨБЖ болғанда басқару аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары жоспарлау-экономикалық есептемелерін жасап, нормативті-статистикалық деректердің сол бір деректерінің негізінде шешімдер қабылдайды.

ДӨБЖ функциялары болып табылатындар: бухгалтерлік және санақ есебі мен есепті орталықтан жүргізу, еңбекақыны аудару, клиенттермен есептесу, ақпараттардың жиналуы мен оларды жүйелеу, келешекке болжау және жоспарлау шешімдерін шешу.

ДӨБЖ жұмыс істеу принципі деректерді өңдеу орталығы (ЭЕМ) мен өзінің аралығында басқару аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінің қатаң бекітілген қатынастарына әкеп соғады.

ДӨБЖ құру автокөліктік кәсіпорындарға (көліктік және территориалды-көліктік басқармаларға) ақпараттың қайталануын болдырмайтын басқару жүйесінің ақпараттық базасын біршама жақсартуға, ақпараттың дұрыстығы мен шұғылдығын арттыруға, сонымен қатар ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.