Осы ауруға дәріні қандай мөлшерде енгізу ең тиімді?

БАЗА ЭКЗАМЕНАЦИОННЫХ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ по элективу

Емхана жағдайында туа пайда болған және созылмалы патологиясы бар балаларды

диспансерлік бақылау және зертханалық мониторлау»

По дисциплине Амбулаторно-поликлиническая педиатрия

Курс обучения 5

Специальность Общая медицина

Язык обучения казахский

Кафедра/модуль Кафедра общей врачебной практики №1

Учебный год 2016-2017

 

 

   
   
   
   

 

Матрица тестовых заданий электива по дисциплине - "Амбулаторно-поликлиническая педиатрия»

(2 кредита – 90 часов)

Тема Количество заданий с одним НАИБОЛЕЕ правильным ответом (MCQ) – 80% от объема БТЗ – 450 ТЗ, из них: Количество заданий в тестовой форме с несколькими вариантами правильных ответов– 20% от объема БТЗ – 90 ТЗ, из них Всего заданий в БТЗ по теме Удельный вес заданий по теме в структуре БТЗ, %*
1 уровень 20% 2 уровень 40% 3 уровень 40%
Созылмалы бронхөкпе жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Ревматкалық аурулары және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Ревматикалық емес миокардит және вегето-тамырлық дистониясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Дәнекер тіндердің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Зәр шығару жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Асқазан-ішек жолдарының (АІЖ) аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Өт шығару жолдарының аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау  
Қан және иммунитет патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау    
  ВСЕГО 100%

*Созылмалы бронхөкпе жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау*1*7*1*

#1

*! Созылмалы бронхөкпе процессінің дамуының аса жиі себебі болып табылады

 

* Екіжақты ошақты бронхопневмония

* Интерстициальді пневмония

*+Сегментарлы және бөлшекті пневмония

* Бронхиолит

* Деструктивті пневмония

#2

*! Муковисцидоздың клиникалық симптомы аса жиі көрінеді

 

*+Өмірінің алғашқы жылы

* 2 жастан кейін

* Мектепке дейінгі жастағы балаларда

* Мектеп жасындағы балаларда

* Кез-келген жаста

#3

*! Тыныс жетіспеушілігің обстуктивті түрі аса жиі пайда болады


* Пневмосклерозе кезінде
* Пневмония кезінде
* Қабырға сынған кезде
* Тыныс алу орталығының салдануында
*+ Бронхоспазм кезінде

#4

*! Тұқым қуалайтын ауырлаған аллергоанамнезбен балаларда бронх демікпесі қанша жасында АСА жиі кездеседі?

 

*+ Ерте жаста

* Емшек еметін жаста

* Мектепке дейінгі жаста

* Жасөспірімдік жаста

* Нәрестелік кезеңде

#5

*! Муковисцидоз әртүрлі органдар мен жүйелердің бұзылысынан болатын генетикалық ауруға жатады. Муковисцидоздың клиникалық көрінісінде көп байқалады:

 

* Асқазан асты безінің өзгерістері

* Жүректің өзгерістері

*+ Бронхөкпе өзгерістері

* Гепатолиенальді синдром

* Ішек симптомдары

 

#6

*! Бала 14 жаста, созылмалы бронхит диагнозы қойылды. Осы патология кезінде аса тұрақты белгі болып табылады:

 

* 390С жоғары дене қызуы

* Улану белгілері

* Беттің ісінуі

* Кеудедегі ауырсыну

*+Жөтел

#7

*! Бронх демікпесі бар балаларды диспансерлік бақылаудың аса тиімді ұзақтығы құрайды:

 

* 6 ай

* 1 жыл

* 5 жыл

* 3 жыл

*+ Жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

 

 

*Созылмалы бронхөкпе жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау*2*17*2*

#8

*! Бала 3 жаста. Жиі ауыратын балалардың диспансерлік тобында бақыланады. Қазіргі кезде пневмониямен ауырып, үйде емделіп жатыр. Жағдайының нашрағаны, қатты қызба, айқын улану белгілері, іріңді қақырықпен жөтел, кеудесінің ауыруы байқалады. Баланы деструктивті пневмония дамуына күдіктеніп ауруханаға жатқызды, оның аса жиі қоздырғышы болады:

 

*+ Стафилококк

* Микоплазма

* Пневмококк

* Граммтеріс бактериялар

* Легионеллалар

 

#9

*! Бала 1,5 жаста. ЖРВИ негізінде обструктивті бронхит белгілері пайда болды, оның аса дәлелді жетекші клиникалық белгісі:

 

* Кеудедегі ауырсыну

* Қызба

*+Ауыр тыныс алу

* Әлсіздік

* Тахикардия

 

#10

*! Пневмониямен жиі ауыратын балаға созылмалы процесс жоқ екенін анықтау мақсатында тексерулер тағайындалды. Мына тексеру жүргізілген соң пневмосклероз диагнозы анық болып табылады:

 

* Қанды зертханалық тексеру

* Өкпе аускультациясы

* Рентгенография

* Бронхоскопия

*+ Бронхография

 

#11

*! Бала 7 айлық. Туғаннан кейін бірден пневмония диагнозы қойылды, ағымы ауыр, созылмалы, жүргізілген емге тропты. Балада аса ықтимал муковисцидозға күліктенді, бұл дегеніміз:

 

* Асқазан-ішек жолының патологиясы

* +Асқазан асты безінің кистофиброзы

* Жүрек ауруы

* Өкпенің туа біткен ақауы

* Тыныс жолдарының жіті ауруы

 

#12

*! Созылмалы бронхөкпе аурулары тыныс алу жетіспеушілгімен бірге жүреді. Созылмалы бронхөкпе процессінде бронх өткізгіштігінің бұзылысы аса жиі мына деңгейде жүреді:

 

* Басты бронхтар

* Орта калибрлі бронхтар

* Ірі бронхтардың тарамдалуы

*+ Сақ бронхтардың тарамдалуы

* Өкпе ацинусы

 

#13

*! Қайталамалы бронхит негізінде 3 жастағы балада осы жағдайға тән жөтелмен және экспираторлы ентігумен обструктивті синдром пайда болды. Обструктивті синдром кезіндегі аса мәліметті жөтел:

 

* Ылғалды

* Құрғақ сирек

*+ Спастикалық компоненті бар құрғақ

* Аздаған жөтел

* Ұстама тәрізді, өнімді емес

 

#14

*! Бала 2 жаста. Ауыр және ұзаққа созылатын, айқын обструктивті синдроммен және диареямен өтетін респираторлық аурулармен жиі ауырады. Муковицидозға тексеру жүргізу ұсынылды. Муковисцидоз диагнозын қою үшін тәжірибеде аса жиі қолданады:

 

*+ Тердегі хлоидті анықтау

* Тердегі натрийді анықтау

* Тердегі трипсинді анықтау

* Нәжістегі эластазаны анықтау

* Қақырықты егу

 

#15

*! Созылмалы пневмония, пневмосклерозбен «Д» есепте тұратын 13 жастағы балаға тексерулер жүргізу қажет. Бронх обструкциясы анықтау мақсатында жүргізу аса тиімді:

 

*+ Спирография, пневмотахография

* Бронхоскопия

* Қанның газдарын зерттеу

* Өкпе рентгенографиясы

* Ангиопульмонография

 

#16

*! Бала 10 жаста, бронх демікпесімен «Д» есепте тұрады. Жылына 2-3 рет ұстама болады және үнемі ентігумен бірге жүреді. Бронх демікпесі үшін ентігудің мына түрі аса тән:

 

*+ Экспираторлы

* Респираторлы

* Аралас

* Ентігу болмайды

* Инспираторлы

 

#17

*! Бала 12 жаста, бронх демікпесімен ауырады. Көктемде шөптер гүлдеген кезде ұстама жиі болады. Бронх демікпесі кезіндегі ұстаманы жеңілдеті үшін баланың аса дұрыс мәжбүрлі жағдайы:

 

* Көлденеңінен

* Көлденеңінен аяғын көтеріп жату

* Бір бүйіріне жату

*+ Қолын орындық шетіне тіреп отыру

* Басын шалқайтып жату

 

#18

*! Терек ұлпасына аллергиясы бар балада бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Аускультация кезінде оның өкпесінде осы патологияға аса тән белгілер естіледі

 

* Крепитация

* +Ысқырықты құрғақ сырыл

* Ылғалды сырыл

* Плевраның үйкелу шуы

* Везикулярлы тыныс алу

 

#19

*! Бала 9 жаста, өзіне тән тыныс алумен бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Демікпе ұстамасына аса тән тыныс түрі:

 

*+ Тыныс шығаруы ұзарған

* Тыныс алуы ұзарған

* Тыныс алу және шығару да ауыр

* Куссмауля тынысы

* Чейн-Стокс тынысы

 

#20

*! Бала 3 жаста. Созылмалы бронхит диагнозымен "Д" есепте тұрады. Терісі бозарған, әлсіз, салмағын қосуы аз. Өмірінің бірінші күндерінен басталған жөтел біртіндеп күшейген. Жөтел ылғалды, жабысқақ қақырық бөлінумен жүреді, көгеру және ентігу байқалады. Кейбір кезде жөтел ұстамалы "көкжөтел" тәрізді болады. Нәжісі мол, исі сасық, жабысқақ, жылтырақ. Созылмалы сипаттағы пневмониямен жиі ауырады.

Аса ықтимал диагноз?

 

* Тыныс жолдарының туа бітті ақауы.

* Ұзақ ағымды бронхопневмония

* Созылмалы бронхиолит

* Созылмалы бронхит.

* +Муковисцидоз, аралас түрі

 

#21

*! Балалардағы қызу көтерілуі, демікпе, іріңді қақырықпен таңертеңгі ылғалды жөтел, перкуторлы дыбыстың жергілікті қысқаруы аса тән:

 

* Созылмалы бронхитке

* Рецидивті бронхитке
*+Созылмалы пневмонияға
* Бронх демікпесіне
* Бронхиолитке

 

#22

*! Балалардағы дене қызуының 38 Сº көтерілуі, жөтел,өкпедегі қатаң тыныс, құрғақ сырыл, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар аса тән:

 

*+ Созылмалы бронхитке

* Рецидивті бронхитке
* Жедел пневмонияға
* Бронх демікпесіне
* Бронхиолитке

 

#23

*! Бала 1 жаста, үлкен дәреті тұрақсыз, иістенген. Физикалық дамуы артта қалған. Туған кезде мекониалді илеустің әсерінен ішек өткізбеушілігі байқалған.

Аса ықтимал диагноз:

 

* Целиакия

* Экссудативті энтеропатия

*+ Муковисцидоз, ішек түрі

* Лактоза жетіспеушілігі

* Сахароза жетіспеушілігі

 

#24

*! Ұл бала 13 жаста, «ысқырықты» ауыр тыныс пайда болуына байланысты түнде оянды. Тексеру кезінде: тыныс шығаруы қиындаған, ТЖ 30 минутына. Өкпеде – қорапты дыбыс, қатаң тыныс, өкпенің барлық бөлімінде құрғақ ысқырықты сырыл. Аллергоанамнез: 10 жасынан бастап аллергиялық ринит. Осы жағдайы бірінші рет болып тұр.

Төменде көрсетілгендер ішінен АСА ықтимал диагноз қандай?

 

* Жедел трахеит

* Жедел ларингит

* Жедел бронхиолит

*+ Бронх демікпесі

* Жедел обструктивті бронхит

 

*Созылмалы бронхөкпе жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау*3*16*2*

 

#25

*! Бала 13 жаста. Созылмалы бронхөкпе ауруымен «Д» есепте тұрады. Реабилитациялық ем кешенінде оған дренажды жағдай ұсынылды, ол науқасқа аса тиімді көмектеседі:

 

* Қызуды төмендету үшін

* Демікпені төмендету үшін

* Бронхтарды кеңейту үшін

*+Қақырық түсуін жеңілдету үшін

* Жөтелді азайту үшін

 

#26

*! Бронх демікпесі ұстамасын емдеу кезінде дәрілерді енгізудің аса тиімді әдісі:

 

* Тамыр ішіне

*+ Ингаляциялық

* Бұлшық етке

* Ауыз арқылы

* Интраназальды

 

#27

*! Бронх демікпесі диагнозымен «Д» есепте тұрған балаға дәрігер небулайзер алуды ұсынды, бұл қолдану үшін аса дұрыс:

 

*+ Обструктивті жағдайда шұғыл ем үшін

* Тыныс алу қызметін анықтау үшін

* Парентеральды манипуляция үшін

* Ингаляция үшін

* Термометрия үшін

 

#28

*! Кромондар (интал және тайлед) аса жиі қолданылады:

 

* ЖРВИ алдын алу үшін

*+ Демікпе ұстамасының алдын алу үшін

* Демікпенің ауыр түрін емдеу үшін

* Обструктивті бронхитті емдеу үшін

* Демікпе статусын жою үшін

 

#29

*! Бала бронх демікпесінің алғашқы ұстамасынан кейін «Д» есепке алынды. Оған амбулаторлық жағдайда ауыр емес демікпе ұстамасын қайтару үшін аса жиі қолдануды ұсынды:

 

* Интал

*+ Сальбутамол

* Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

* Муколитиктер

* Теотарт

 

#30

*! Созылмалы бронхопневмония, пневмосклероз диагнозымен бала стационардан шықты. «Д» есепке алынды. Осы патология кезіндегі аса тиімді диспансерлік бақылау мерзімі:

 

* 1 жыл

* 3 жыл

* 5 жыл

*+ Ересектер емханасына өткізгенге дейін

* Сауыққанға дейін

 

#31

*! Диспансерлік бақылау жүргізу кезінде «Д» есепте тұрған балалар тексеруден өтуге жатады. Созылмалы обструктивті бронхит кезінде маман дәрігерлердің аса тиімді қарау жиілігі:

 

* ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет;
* Окулист, стоматолог – жылына 2 рет;
*+ ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет;
* ЛОР, окулист, стоматолог – тоқсан сайын;
* ЛОР, стоматолог – тоқсан сайын.

 

 

#32

*! Тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар балалар учаскелік педиатрдың диспансерлік бақылауында болады. Мектеп жасына дейінгі созылмалы бронхиты бар баланы педиатрдың аса тиімді қарау жиілігі:


* Ай сайын;
*+Тоқсан сайын;
* Жылына 2 рет;

* Жылына 1 рет;
* Айына 2 рет

 

 

#33

*! Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларды толық емес ремиссия кезінде учаскелік педиатрдың диспансерлік бақылаудың аса тиімді жиілігі:


* Ай сайын;
*+Тоқсан сайын;
* Жылына 2 рет;
* Жылына 1 рет;
* Жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін.

 

 

#34

*! Тексеру барысында 3 жастағы балаға муковисцидоз диагнозы қойылды. Учаскелік педиатр мен пульмонолог «Д» есепке алды. Муковисцидозы бар балаларды диспансерлік бақылаудың аса тиімді ұзақтығы:

 

* 1 жыл

*+ Өмір бойы

* 3 жыл

* 5 жыл

* Аурудың өршу жиілігіне тәуелді

 

#35

*! Созылмалы бронхөкпе патологиясының профилактикасына тыныс алу органдарының жедел ауруларын тиімді емдеу кіреді. Жедел пневмонияда қалпына келтіру емінің тиімді екендігінің ең нақты көрсеткіші болып табылады:

 

* Жалпы жағдай көрсеткіштерінің жақсаруы

* +Пневмонияның қалдық көрністерінің жойылуы

* Қан көрсеткіштерінің қалпына келуі

* Жөтелдің азаюы

* Тыныс жетіспеушілік көріністерінің азаюы

 

#36

*! Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларға диспансерлік бақылау жоспары бойынша реабилитациялық ем жүргізіледі. Пневмосклероз және бронхоэктазы бар балалардың емханада алатын реабилитациялық ем курсының аса тиімді жиілігі:

 

* Жылына 1 рет

* Жылына 2 рет

* Жылына 3рет

*+ Жылына 4 рет

* Ай сайын

#37

*! Бала 1,5 жаста. Асфиксиямен туылған. Мешелдің белгілері байқалады. Үлкен еңбегінің өлшемдері кіші болуына байланысты Вит Д препаратын қабылдамаған. Салмақ қосуы аз. ЖРВИ мен 8 рет ауырған. Психомоторлы дамуда артта қалған. Осындай фонда бала пневмонияның ауыр түрімен ұзақ уақыт ауырған.

Осы балада созылмалы бронхөкпе үрдісіне өтудің алдын алуға бағытталған аса тиімді шаралар:

 

*+ Бала толық сауыққанға дейін ұтымды кешенді ем қабылдау.

* Жақсы күтім

* Ұтымды тамақтану

* Таза ауада жеткілікті серуендеу.

* Ағзаны шынықтыру

 

#38

*! Бала 12 жаста. Диагнозы: созылмалы бронхопневмония, пневмосклероз, сол өкпенің төменгі бөлімдерінің базальды сегменттерінің қабынуымен жүретін бронхоэктатикалық ауру. Сол өкпенің 4-5-6 сегменттерінің алып тастау арқылы ота жасалған. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Бала ауруханадан аймақтық педиатр мен тұрғылықты жердің пульмонологының бақылауына шығарылған.

Бронхөкпе үрдісінің таралуының алдын алу мақсатында аса тиімді шара болып табылады:

 

А)+ Реинфекцияның алдын алу

Б) Физикалық жүктемені азайту

В) Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау

Г) Ағзаны шынықтыру

Д) Физиоем

 

#39

*! Бала 10 жаста. Созылмалы спецификалық емес бронхопневмонияның кезекті қозуынан кейін ауруханадан шыққан. Шағымы: әлсіздік, енжарлық, тез шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, субфебрилитет. Объективті: терісі боз, ылғалды, аздап ентігу байқалады. Жөтел негізінен таңертеңгісін байқалады, ылғалды шырышты -іріңді қақырықпен. Өкпеде әртүрлі калибрдегі ылғалды сырылдар естіледі. Перкуторлы оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде өкпелік дыбыстың тұйықталғаны, басқа бөлімдерінде қораптық дыбыс анықталады. Бронхөкпе үрдісінің созылмалы түрге асқынуының алдын алуда аса тиімді әдіс:

 

* Стимулдеуші ем жүргізу

* Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау

* Вирусқа қарсы ем

*+ Ерте жастағы балаларда жедел және созылмалы пневмонияны ұтымды емдеу

* Десенсибилиздеуші ем қабылдау.

 

#40

*! Бала 11 жаста, емханаға дене қызуы 38,5°С дейін көтерілгендіктен қаралды, жөтел, оң жақ бүйірі ауырады. ЖҚА – лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. Кеуде қуысы органдарының рентгені –өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде ошақты инфильтративті өзгерістер.

Амбулаторлы жағдайда баланы емдеу үшін қандай антибактериалды препаратарды пайдалану АСА дұрыс?

 

* Бензилпенициллин натрий тұзы

* Феноксиметилпенициллин

* Бициллин 5

* Цефтриаксон

*+Кларитромицин

 

*Созылмалы бронхөкпе жолдары ауруларымен науқас балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау*4*10*1*

 

 

#41

*! Бала 3 жаста, жедел респираторлық вирусты инфекция әсерінен тыныс алуы қиындады, жөтел мен құрғақ сырыл пайда болды. Обструктивті бронхит дамуы туралы қандай клиникалық белгіден аса дәлелді білуге болады?

 

* Кеудедегі ауырсыну

* Қызба

* +Кеудедегі ауырсыну

* Әлсіздік

* Тахикардия

*+ Экспираторлы ентігу

 

#42

Балада вирусты инфекция әсерінен бронхитті растайтын аса дәлелді клиникалық белгілер пайда болды:

 

* Кеудедегі ауырсыну

* Қызудың көтерілуі

* Демікпе

* Әлсіздік

*+Жөтел

*+ Өкпедегі құрғақ сырылдар

 

#43

*! Созылмалы бронхит диагнозымен «Д» есепте тұрған балада ЖРВИмен ауырған соң созылмалы процесстің өршуін білдіретін аса дәлелді белгілер пайда болды. Аускультация кезінде естіледі:

 

* Қораптық дыбыс

* Крепитация, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

*+ Әсіресе құрғақ сырылдар

* Плевра үйкелуінің шуы

* Тыныс алудың әлсіреуі

*+Қатаң тыныс

 

#44

*! Аса мәліметті мына тексерулерді жүргізілген соң пневмосклероз диагнозы анық болып табылады:

 

* Қанды зертханалық тексеру

* Өкпе аускультациясы

* Рентгенография

* +Бронхоскопия

*+ Бронхография

* Өкпе перкуссиясы

 

#45

*! Тыныс жетіспеушілігің обстуктивті түрі келесі патологиялық жағдайларда аса дәлелді пайда болады:


* +Пневмосклерозе кезінде
* Пневмония кезінде
* Қабырға сынған кезде
* Тыныс алу орталығының салдануында
*+ Бронхоспазм кезінде

* +Бөгде зат кезінде

* Жүрек жетіспеушілігі кезінде

* Туа біткен жүрек ақауы кезінде

 

#46

*! Пневмонияға аса тән және мәліметті қанның көрсеткіші:

 

* Лейкопения

* Моноцитоз

* Анемия

* Эозинофилия

*+ Нейтрофильді лейкоцитоз

*+СОЭ жылдамдауы

 

#47

*! Бала 12 жаста, қойылған диагноз: Бронх демікпесі. Осы ауруды анықтауға көбінесе қай ақпаратты зерттеу әдісі көмектеседі?

 

* +Пикфлуометрия

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Жалпы қан анализі

*+ Спирометрия

* +Қақырықты зерттеу

* Тер сынамасы

* Аңқадан жұғынды

* Қақырықты себу

 

#48

*! Қыз бала 12 жаста, кенеттен тұншығу, құрғақ азапты жөтел қосылып, тыныс алуы қиындап, сырыл пайда болған. Балада – поллиноз, ал әкесінде – жыл бойы аллергиялық ринит. Тексеру кезінде: бала шошынған, беті ісіңкі, көздің ағы инъецирленген, акроцианоз; өкпеде – қорапты перкуторлық дыбыс, тынысы қатаң, көптеген құрғақ сырылдар.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды анықтауда АСА ақпаратты?

 

* Рентгенография

* Флюрография

*+ Спирометрия

* Бронхография

*+ Пикфлуометрия

* Компьютерлі томография

 

#49

*! Созылмалы бронхитті асқыну кезінде емдеу үшін келесі препараттарды қолдану аса көрсетілген:

 

* Цитостатиктер

* Вирусқа қарсы
*+ β2-адреномиметиктер
*+Антибактериалды
* Стероидті қабынуға қарсы

* Стероидті емес қабынуға қарсы

 

#50

*! Қыз бала 2 жаста. Тексеру кезінде: интоксикация белгілері, ТЖ 54 минутына, демалысы шулы, алыстан естіледі, өкпеде – қорапты дыбыс, қатаң тыныс, көбірек құрғақ ысқырықты сырыл.

Осы ауруды емдеу кезінде қандай топ препараттары аса көрсетілген?

*+ Кромондар

* Теофиллиндер

* Муколитиктер

* +Метилксантиндер

*+ β2- адреномиметиктер

* Антибиотиктер

* Орталық жөтелге қарсы препараттар

* Шеткері жөтелге қарсы препараттар

 

*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *1*6*1*

#51

*! Жаңа туған сәбилер арасында туа пайда болған жүрек ақауы қандай жиілікте кездесуі ЕҢ ықтимал:

 

* 1000 тірі туған балалар арасында 2-4 жағдай

* 1000 тірі туған балалар арасында 5-7 жағдай

* +1000 тірі туған балалар арасында 8-10 жағдай

* 1000 тірі туған балалар арасында 9-11 жағдай

* 1000 тірі туған балалар арасында 12-14 жағдай

 

#52

*! Қандай туа пайда болған цианозсыз жүрек ақауы балаларда ЕҢ жиі кездеседі:

 

* Аорты коарктациясы

* Аорты доғасының үзілісі

* Аортаның жекеленген стенозы

* +Қарыншааралық перденің ақауы

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#53

*! Ауыр дәрежелік туа пайда болған жүрек ақауымен туылған ота жасалмаған нәрестелерге қандай орташа өмір сүру мерізімі ЕҢ ықтимал?

 

* 1 ай

* +2 ай

* 6 ай

* 10 ай

* 12 ай

 

#54

*! Балалардағы қандай туа пайда болған жүрек ақауына релятивті анемия ЕҢ ықтимал:

 

* Аорты коарктациясы

* Ашық артериалдық өзек

* Қарыншааралық перденің ақауы

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

* +Магистральды қан тамырлар транспозициясы

#55

*! Барлық туа пайда болған аномалиялары ішінде туа пайда болған жүрек ақауларының деңгейінің ЕҢ ықтимал?

 

* 10%

* 20%

* +30%

* 40%

* 50%

 

#56

*! Туа пайда болған ота жасалмаған бірқалыпты гемодинамикалық жағдайдағы жүрек ақауы бар науқастарға қандай орташа өмір сүру мерізімі ЕҢ ықтимал?

 

* 5-10 жыл

* 10-20 жыл

* +20-30 жыл

* 30-40 жыл

* 40-50 жыл

 

 

*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *2*18*2*

 

#57

*! Ұл бала 9 айлық. Бала «Д» есепте туа пайда болған жүрек ақауымен тіркелген. Балада мерзімді түрде кенеттен мазасыздану ұстамасы, ентігудың күшеюі және цианоз, естен тану байқалады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы осы ауруға ЕҢ ықтимал?

 

* +Фалло тетрадасы

* Эбштейн аномалиясы

* Үшжармалы қақпақша атрезиясы

* Магистральды қан тамырлар транспозициясы

* Өкпе веналарының тотальды аномальды дренажы

 

#58

*! Ұл бала 1 жас. Нәрестеде емізу кезінде қиындық, салмақ қосуының нашарлауы, айқын тершеңдік анықталады. Қарап тексергенде: перифериялық цианозбен қосарланған бозғылттық, ентігу, өкпеде іркілген ылғалды сырыл, тахикардия, сол жақта III-IV қабырғааралықта дөрекі систолалық шу естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы осы ауруға ЕҢ ықтимал?

 

* Ашық артериалдық өзек

* +Қарыншааралық перденің ақауы

* Жүрекшеаралық перденің ақауы

* Ортақ атриовентрикулярлы канал

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#59

*! 5 жастағы қыз балада жүрек аускультациясы кезінде сол жақта III-IV қабырғааралықта қарыншааралық перденің бұлшықеттік дефектіне тән дөрекі систолалық шу естіледі.

Төменде келтірілген белгілердің қайсысы осы ауруға ЕҢ ықтимал?

 

* тахипноэ, тахикардия

* тершеңдык, физикалық дауының кешігуі

* тез шаршағыштық, артериальды гипотония

* +шағымдары жоқ, қалыпты физикалық даму

* кардиомегалия, жүрек тондарының тұйықталуы

 

#60

*! Ұл бала 7 айлық. Анамнезінен нәрестенің шала туылғандығы, өмірінің бірінші айынан салмақ қосуының баяулағандығы, бозғылттық, тершеңдік, емудің қиындауы белгілі. 4 айлық жасында «Ашық артериальдық өзек» диагнозы қойылған.

Төменде келтірілген шу түрлерінің қайсысы осы ауруға ЕҢ ықтимал?

 

* кеш систоликалық

* ерте систоликалық

* мезодиастоликалық

* протодиастоликалық

* +систоло-диастоликалық шу

 

#61

*! Қыз бала 3 айлық. Нәрестеде туылған кезде туа пайда болған жүрек ақауы диагнозы анықталды. Клиникасында физикалық дамуының артта қалуы, іркілген жүрек жетіспеушілік белгілері бар. Зерттеу нәтижесінде үшжармалы қақпақша атрезиясы анықталды.

Төменде келтірілген симптомдардың қайсысы осы жүрек ақауында ЕҢ ықтимал?

 

* +диффузды цианоз

* ұлғайған пульсті бауыр

* артериальды гипертензия

* жүрек ырғағының бұзылуы

* мраморлы суретпен тері жабындысының бозғылттануы

 

#62

*! Ұл бала 11 айлық. Нәрестеде 2 айлық жасынан бастап салмақ қосуы жеткіліксіздігі, 6 айынан бастап тері жабындыларының цианозы байқалады. Зерттеу нәтижесінде «Туа пайда болған жүрек ақауы, Фалло тетрадасы» диагнозы қойылған.

Қандай аускультативті мәлімет осы ақауға ЕҢ ықтимал?

 

* жүрек ұшында І тонның әлсіреуі

* оң жақ ІІ қабырғааралықта систолалық шу

* жүрек негізінде систоло-диастоликалық шу

* +төстің сол жақ қырындағы дөрекі систоликалық шу

* сол жақ ІІІ қабырғааралықта мезодиастоликалық шу

#63

*! 3 жастағы қыз бала туа пайда болған жүрек ақауы бойынша «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: визуальды түрде цианоз, ентігу, «жүрек дөңесі» симптомы, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» анықталады. Аускультативті - кеуденің сол жағында II қабырғааралықта дөрекі систолалық шу, II тонның әлсіреуі естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*Фалло тетрадасы

*Эбштейна ауруы

*+Өкпе артериясының стенозы

*Жүрекшеаралық перденің ақауы

*Үшжармалы қақпақшаның атрезиясы

 

#64

*! Ұл бала 11 жаста. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Бас ауруына шағымданады. Қарап тексеру кезінде: радиальды артерияда пульстың кушеюі және сан артерияларында пульстың әлсіреуі, АҚ қолында - 150/80 мм с.б, аяғында - 50/00 мм с.б., жүрек негізінде дөрекі систолалық шу естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* +Аорта коарктациясы

* Ашық артериальдық өзек

* Жекеленген аорта стенозы

* Ортақ атриовентрикулярлы өзек

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#65

*! Балалардағы туа пайда болған жүрек ақауына қандай асқыну ЕҢ ықтимал:

 

* синкопе

* +жүрек жеткіліксіздігі

* бактериалды эндокардит

* жоғары өкпе гипертензиясы

* ерте ұзаққа созылған пневмония

 

#66

*! Ентігу-көгерулік ұстамалар балалардағы қандай туа пайда болған жүрек ақауына ЕҢ ықтимал:

* +Фалло тертрадасы

* Эбштейн аномалиясы

* Ашық артериальды өзек

* Ортақ ашық атриовентрикулярды канал

* Магистральды қан тамырлар транспозициясы

 

#67

*! Қыз бала 8 айлық. Анамнезінен бала шала туылған, тыныс алу бұзылысы синдромымен, салмақ қосуы нашар. Қарап тексергенде: визуальды «жүрек дөңесі» анықталады, төстің сол жақ қырынан ІІ қабырғааралықта арқаға берілетін систоло диастолалық шу естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* Аорта коарктациясы

* +Ашық артериалды өзек

* Жекеленген аорта стенозы

* Ортақ аортавентрикулярлы өзек

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#68

*! 5 жастағы ұл балада жүрек аускультациясы кезінде сол жақта III-IV қабырғааралықта қарыншааралық перденің бұлшықеттік дефектіне тән дөрекі систолалық шу естіледі

Осы ауруға төменде келтірілген клиникалық белгілердің қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* тахипноэ, тахикардия

* тершеңдык, физикалық дауының кешігуі

* +шағымдары жоқ, қалыпты физикалық даму

* тез шаршағыштық, артериальды гипотония

* кардиомегалия, жүрек тондарының тұйықталуы

 

#69

*! 7 жастағы қыз бала тез шаршағыштыққа және физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. Физикалық дамуы әлсіз артта қалған. Бала жиі бронхитпен ауырады. Жүрек аускультациясы кезінде сол қабырғааралықта орташа интенсивті және ұзақтықты систололақ шу естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* Аорта коарктацяисы

* Ашық артериальды өзек

* +Аортаның жекеленген стенозы

* Ортақ артриовентрикулярлы канал

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#70

*! Ұл бала 3 жаста. Жүрек аймағындағы ауру сезіміне, жүрек қағуына, қозғалыстағы ойын кезінде ентігуге, жиі естен тануларға шағымданады. Анамнезінен баланың шала туылғандығы белгілі. Қарап тексергенде: визуальды түрде төсмаңы дөңесі, таралған жүрек ұшы түрткісі, аускультативті төстің сол жағында қабырғааралықта арқаға өтетін систола диастолалық шу.

Осы ауруда артериальды пульстің қандай түрі ЕҢ ықтимал?

 

Жіп тәрізді

* дикротикалық

* парадоксальды

* +жоғары, секіргіш

* гипокинетикалық

 

#71

*! Жаңа туған балада Эбштейн аномалиясы анықталған. Клиникасында айқын цианоз, емізу кезінде күшейетін ентігу, жүрек шуы байқалады.

Төменде келтірілген электрокардиографиялық белгілердің қайсысы осы ауруға ЕҢ ықтимал?

 

* +пароксизмальды тахикардия, жүрекше тыпыры

* синусты тахикардия, P-R интервалының ұзаруы

* R тісшесінің вольтаж төмендеуі, қалыпты P-R интервалы

* жүрекшелік ритм, жүрек электрлік білігінің қалыпты орналасуы

* P-R интервалының қысқаруы, R тісшесінің вольтажының жоғарылауы

 

#72

*! 2 жастағы қыз бала туа пайда болған жүрек ақауы, Фалло тетрадасы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Соңғы үш ай ішінде ентігу-көгерулік ұстамалар байқалатын болды.

Осы науқасқа ентігу-көгерулік ұстамалар пайда болуына қандай себеп ЕҢ ықтимал?

 

* коронарлы артерийның спазмы

* жоғары өкпелік гипертензия

* +оң қарыншадан шығатын жолының спазмы

* жүрек насостық функциясының жеткіліксіздігі

* жүрекке келетін веноздық ағыстың обструкцисы

 

#73

*! 7 жастағы қыз бала туа пайда болған жүрек ақауы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Анамнезінен баланың өсуі мен дамуы жасына сәйкес болған. Соңғы 6 ай ішінде жүрек аймағында ангиозды ауру сезімі, ентігу, синкопе байқалады. Аускультация кезінде төстің сол жағында III-IV қабырғааралықта дөрекі систолалық шу естіледі.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* +Аорта стенозы

* Аорта коарктациясы

* Өкпе артериясының стенозы

* Қарыншааралық перденің ақауы

* Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі

 

#74

*! Ұл бала 7 жаста. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, жүрек аймағындағы ауру сезімі, мұрыннан қан ағу, аяғы салқындаушылығы. Анамнезінде: тез шаршағыштық, мезгілді мұрыннан қан ағуы ерте жастан бастап байқалған. Қарап тексергенде: тобығының салқындаушылығы, акротрофогипергидроз, жүрек жағынан - төстің сол жағындағы II-IV қабырғааралықта және артқы жағында жауырын аралығында систоликалық орташа интесивті шу, қолындағы АҚ - 140/80 мм с.б., аяғындағы АҚ - 40/00 мм с.б.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* +Аорта коарктациясы

* Ашық артериальды өзек

* Аортаның жекеленген стенозы

* Ортақ артриовентрикулярлы канал

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *3*16*2*

 

#75

*! 13 күндік ұл баланың І патронажы. Анамнезінде: өмірінің үшінші күнінде нәрестеде ТЖА, қан айналым бұзылуысыз қарыншааралық перденің дефекті диагнозы анықталған. Қарап тексергенде: цианоз жоқ, жүрек шекаралары кеңеймеген, тондары анық, ритмді, кеуденің сол жағында IV қабырғааралықта дөрекі барлық кеуде қуысына таралатын систолалық шу, өкпе артериясында ІІ тонның акценті естіледі. ЖЖЖ - 126 р 1 мин, жүктеме кезінде - 140 р 1 мин. Бауыры ұлғаймаған.

Осы науқасқа қандай денсаулық тобында бақылаунуы ЕҢ тиімді?

* I денсаулық тобы

* II денсаулық тобы

* +III денсаулық тобы

* IV денсаулық тобы

* V денсаулық тобы

 

#76

*! Қыз бала 3 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррегирленген ашық артериальдық өзек диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, тері жабындысы және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты. Жүрек тоны ритмді, шу жоқ, ЖЖЖ 98 р 1 мин.

Осы балаға қандай диспансерлік бақылау мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 3 айдан кем емес

* +6 айдан кем емес

* 9 айдан кем емес

* 12 айдан кем емес

* 15 айдан кем емес

 

#77

*! Қыз бала 1 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, Фалло тетрадасы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Балада мерзімді түрде кенеттен мазасыздану ұстамасы, ентігудің күшеюі және цианоз, естен тану байқалады. Емінде пропранололды қабылдайды.

Осы науқасқа препараттың қандай дозасы ЕҢ тиімді?

 

* 0,5 мг/кг/тәу 3 рет

*+1 мг/кг/тәу 3 рет

* 1,5 мг/кг/тәу 3 рет

* 2 мг/кг/тәу 3 рет

* 2,5 мг/кг/тәу 3 рет

 

#78

*! Ұл бала 10 айлық. Анасы шағым білдірмейді. Қарап тексергенде: нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жүрек тондары ритмді, өкпе артериясында ІІ тон жыбыры, кеуденің сол жағында II-III қабырғааралықта орташа интенсивті дөрекі систолалық шу. ЖЖЖ - 112 р 1 мин. ЭхоКГ-да жүрекшеаралық перденің ақауы анықталған.

Осы науқасқа оперативті коррекциалаудың қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 1-3 жаста

*+2-4 жаста

* 4-5 жаста

* 5-6 жаста

* 6-7 жаста

 

#79

*! Қыз бала 13 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррекцияланған аорта коарктациясы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Шағымы жоқ. Қарап тексергенде: жүрек тондары ритмді, төс шетінде II-IV қабырғааралықта және артында жауырын аралықта аздаған систолалық шу естіледі. АҚ қолдарында - 130/80 мм с.б., аяқтарында - 120/70 мм с.б.

Осы балаға бактериальды эндокардит профилактикасының қандай ұзақтығы ЕҢ тиімді?

 

* 2 ай

* 3 ай

* 4 ай

* 5 ай

*+6 ай

 

 

#80

*! Ұл бала 3 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррекцияланған жүрекшеаралық перде ақауы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, гемодинамикасының бұзылысының белгілері анықталмайды

Осы балаға диспансерлік бақылаудың қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 4-10 айға дейін

* +6-12 айға дейін

* 8-14 айға дейін

* 10-16 айға дейін

* 12-18 айға дейін

 

 

#81

*! Қыз бала 5 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррегкцияланған қарыншааралық перде дефекті диагнозымен «Д» есепте тұрады. Шағымдары: тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты, жүрек тондары ритмді, төстің сол жағында аздаған систолалық шу, ЖЖЖ - 90 р 1 мин.

Осы балаға электрокардиографиялық зерттеудің қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 2 айда 1 рет

* 3 айда 1 рет

*+6 айда 1 рет

* 9 айда 1 рет

* 12 айда 1 рет

 

#82

*! Ұл бала 2 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррекциаланған Фалло тетрадасы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, тері жабындылары таза, цианоз жоқ, жүрек тондары ритмді, шу жоқ, ЖЖЖ - 100 р 1 мин.

Осы балаға бактериальды эндокардит профилактикасының қандай ұзақтығы ЕҢ тиімді?

 

* жарты жылдың ішінде

* +1 жыл ішінде

* 2 жыл ішінде

* 3 жыл ішінде

* 5 жыл ішінде

 

#83

*! 13 күндік ұл баланың І патронажы. Анамнезінде: өмірінің үшінші күнінде нәрестеде туа пайда болған жүрек ақауы, қарыншааралық перденің ақауы диагнозы анықталған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, цианоз жоқ. Жүрек жағынан шекаралары кеңеймеген, тондары анық, ритмді, төстің сол жағында IV қабырғааралықта дөрекі барлық кеуде қуысына таралатын систолалық шу естіледі. Өкпе артериясында ІІ тонның акценті. ЖЖЖ - 126 р 1 мин, жүктеме кезінде - 140 р 1 мин. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған.

Осы науқасқа өмірінің бірінші айында дәрігер қарап тексеруінің қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* күн сайын

* +апта сайын

* 2 күнде рет 1

* 3 күнде рет 1

* 5 күнде рет 1

 

#84

*! Ұл бала 9 айлық. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, Фалло тетрадасы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Балада мерзімді түрде кенеттен мазасыздану ұстамасы, ентігудің және цианоздың күшеюі, естен тану байқалады.

Осы науқасқа қандай препарат тағайындау ЕҢ тиімді?

 

* дигоксин

* эналаприл

* фуросемид

* +пропранолол

* спиронолактон

 

#85

*! Қыз бала 5 жаста. туа пайда болған жүрек ақауы, коррекциаланған қарыншааралық перде дефекті диагнозымен «Д» есепте тұрады. Шағымдары: тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты, жүрек тондары ритмді, төстің сол жағында аздаған систолалық шу, ЖЖЖ - 90 р 1 мин.

Осы балаға диспансерлік бақылаудың қандай ұзақтығы ЕҢ тиімді?

 

* 1жылдан кем емес

* 2 жылдан кем емес

* 3жылдан кем емес

* 4 жылдан кем емес

* +5 жылдан кем емес

 

#86

*! Ұл бала 7 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, аорта коарктациясы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Тез шаршағыштыұұа, бас ауруы. Аяғындағы әлсіздік сезіміне, мерзімді түрде мұрнынан қан кетулерге шағымданады. Қарап тексергенде: физикалық дамуы жасына сәйкес, төс шетінде II-IV қабырғааралықта және артынан жауырын аралығында салыстырмалы аздаған систололық шу. АҚ қолдарында - 140/80 мм рт.ст., АҚ аяқтарында - 50/00 мм рт.ст..

Осы науқасқа оперативті коррекциала қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 8 жасқа дейін

* 9 жасқа дейін

* +10 жасқа дейін

* 11 жасқа дейін

* 12 жасқа дейін

 

 

#87

*! Қыз бала 13 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррекциаланған аорта коарктациясы диагнозымен «Д» есепте тұрады. Шағымы жоқ. Қарап тексергенде: жүрек тондары ритмді, төс шетінде II-IV қабырғааралықта және артында жауырын аралықта аздаған систолалық шу естіледі. АҚ қолдарында - 130/80 мм с.б., аяқтарындада - 120/70 мм с.б.

Осы балаға дәрігер қарап тексеруінің қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* әр 2-8 айда

* әр 4-10 айда

* +әр 6-12 айда

* әр 8-14 айда

* әр 10-16 айда

 

 

#88

*! Ұл бала 3 жаста. туа пайда болған жүрек ақауы, коррекциаланған қарыншааралық перде дефекті диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, гемодинамика бұзылысы белгілері анықталмайды.

Осы балаға диспансерлік бақылаудың қандай ұзақтығы ЕҢ тиімді?

 

* +1-2 жыл

* 2-3 жыл

* 3-4 жыл

* 4-5 жыл

* 5-6 жыл

 

#89

*! Қыз бала 1,5 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, коррекциаланған ашық артериалық өзек диагнозымен «Д» есепте тұрады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары және шырышты қабаттары қалыпты, жүрек тоны ритмді, шулар жоқ, ЖЖЖ - 112 р 1 мин.

Осы балаға ақауы коррекциаланғаннан кейін қандай мерзімде вакциналау ЕҢ тиімді?

 

* 3 айдан кейін

* +6 айдан кейін

* 9 айдан кейін

* 12 айдан кейін

* 15 айдан кейін

 

#90

*! Қыз бала 3 айлық. Бала «Д» есепте туа пайда болған жүрек ақауы, тетрада Фалло диагнозымен тіркелген. Балада мерзімді түрде кенеттен мазасыздану ұстамасы, ентігудың күшеюі және цианоз, естен тану байқалады.

Осы балаға оперативті коррекциалаудың қандай мерзімі ЕҢ тиімді?

 

* 3-9 ай жасында

* 4-10 ай жасында

* 5-11 ай жасында

* +6-12 ай жасында

* 7-13 ай жасында

 

 

*Туа пайда болған жүрек ақаулары бар балаларды амбулаторлы емханалық жағдайда диспансерлік бақылау және реабилитациялау *4*10*1*

 

#91

*! Қандай туа пайда болған жүрек ақауына үлкен қан айналым шеңберінің цианоссыз гиповолемиясымен жүретін гемодинамика бұзылысы тән?

 

* +Аорта коарктациясы

* Ашық артериальды өзек

* +Аорта доғасының үзілісі

* Қарыншааралық перде ақауы

* +Аортаның жекеленген стенозы

* Ортақ атриовентрикулярды канал

* Жүрекшеаралық перденің дефектісі

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#92

*! 6 айлық қыз бала туа пайда болған жүрек ақауы, ортақ ашық артериальды өзек, толық емес формасы диагнозымен «Д» есепте тұрады.

Осы жүрек ақауы қандай анатомиялық аномалиялардан қалыптасқан?

 

* ортақ артриовентрикулярлы канал

* жүрекшеаралық перденің екіншілік ақауы

* бірыңғай аномальды қақпақшалық аппарат

* +жүрекшеаралық перденің біріншілік ақауы

* төмен орналасқан жүрекшеаралық перденің үлкен біріншілік ақауы

* +трикуспидальды қақпақшаның перделік жармасының жарықшақтануы

* жоғары орналасқан қарыншааралық перденің үлкен мембранозды ақауы

* +митральды қақпақшаның алғы медиальды жармасының жарықшақтануы

 

#93

*! Ұл бала 4 жаста. Бала туа пайда болған жүрек ақауы, орташа жекеленген өкпе артериясының стенозы диагнозымен «Д» есепте тұрады.

Осы науқасқа төменде келтірілген клиникалық белгілердің қайсылары ЕҢ ықтмал?

 

* цианоз

* «жүректік дөңес»

* «барабан таяқтары»

* тыныштықта ентігу

* +физикалық жүктеме кезінде ентігу

* +өкпе артериясында ІІ тонның әлсіреуі

* шу естілетін аймақта систолалық діріл

* +төстің сол жағындағы II қабырғааралығындағы интенсивті систоликалық шу

 

#94

*! 1,5 жастағы қыз балаға ашық артериалдық өзектің хирургиялық коррекциалауы жүргізілген.

Осы балаға ары қарай жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ тиімді?

 

* вакциналау 3 айдан кейін

*+вакциналау 6 айдан кейін

* вакциналау 9 айдан кейін

* +бақылау ұзақтығы 6 айдан кем емес

* бақылау ұзақтығы 9 айдан кем емес

* бақылау ұзақтығы 12 айдан кем емес

* +есептен шығарар алдында ЭКГ және ЭхоКГ жүргізу

* есептен шығарар алдында ЭКГ және кеуде қуысы рентгенографиясын жүргізу

 

 

#95

*! 2 жастағы ұл балаға аорта коарктациясына хирургиялық коррекциалауы жүргізілген.

Осы балаға ары қарай жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ тиімді?

 

* 3 ай ішіндегі эндокардит профилактикасы

* +6 ай ішіндегі эндокардит профилактикасы

* 9 ай ішіндегі эндокардит профилактикасы

* дәрігердің қарап тексеруі әрбір 1-3 ай сайын

* +дәрігердің қарап тексеруі әрбір 3-6 ай сайын

* дәрігердің қарап тексеруі әрбір 6-9 ай сайын

* резидуальды энцефалопатияның медикаментозды коррекциясы

* +резидуальды артериальды гипертензияның медикаментозды коррекциясы

 

#96

*! Қандай туа пайда болған жүрек ақауларына кіші қан айналым шеңберінің цианоссыз гиперволемиясымен жүретін гемодинамика бұзылысы тән?

 

* Аорта коарктациясы

* Аорта доғасының үзілісі

* +Ашық артериальды өзек

* Аортаның жекеленген стенозы

* +Қарыншааралық перденің ақауы

* +Жүрекшеаралық перденің ақауы

* Ортақ атриовентрикулярды канал

* Өкпе артериясының жекеленген стенозы

 

#97

*! 5 айлық қыз бала туа пайда болған жүрек ақауы, магистральды тамырлардың транспозициясы диагнозымен «Д» есепете тұрады.

Осы ауруда төменде келтірілген қосарланған жүрек ақауларының қайсылары ЕҢ ықтимал?

 

* Аорта стенозы

* +Ашық артериальды өзек

* Өкпе артериясының стенозы

* +Жүрекшеаралық перденің ақауы

* +Қарыншааралық перденің ақауы

* Ортақ атриовентрикулярды канал

* Үшжармалы қақпақшаның атрезиясы

* Өкпе венасының тотальды аномальды дренажы

 

#98

*! 7 айлық ұл бала туа пайда болған жүрек ақауы, Эбштейн аномалиясы диагнозымен «Д» есепте тұрады.

Осы науқасқа төменде келтірілген клиникалық белгілердің қайсылары ЕҢ ықтимал?

 

* +ентігу

* +цианоз

* ентігу-цианоздық ұстама

* +жүрек негізінде систолалық шум

* шу анықталған жерде систолалық дірілі

* ослаблением өкпе артериясында II тонның әлсіреуі