Түркістан (Қоқан) және Түркістан АКСР – нің құрылуы.

Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастаушы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси және діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемлекетке қоныс аударуды көрсетеді. Түркістан саяси эмиграциясы тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің “Дни”, “Последние новости“ газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары ол “Яш Туркестан“ журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды.

Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеуметтік саладағы социалистік қайта құру саясаты қазақ зиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта құру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дұрыс-бұрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия және кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау және қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айыптау болды. 1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов “Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) “Түркістан автономиялылығы туралы” тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфедерациялық мемлекет құру еді. Алайда, большевиктер Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын құру” туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады.Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді. 7 партия конференциясында “солшыл жалаудың тасасына жиі-жиі жасырынатын оңшыл-байшыл ағым делінетінмен” күресуге партия ұйымдарын шақырады. Қазақстанда “оңшыл ағымға” Голощекиннің ауылда ”Кіші Қазан” төңкерісі қажет деген пікіріне қарсы шыққан С. Сәдуақасов және оның пікірлестері жатқызылды. Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды.

Сөйтіп Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

52.Алаш Орданың құрылуы мен оның қызметі.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. .«Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының бағдарламасы:

1. басқарутүрі;

2. автономия;

3. азаматтың негізгі құқықтары;

4. дін ұстану туралы мәселе;

5. соттар туралы;

6. қорғаныс;

7. салық;

8. жұмысшы мәселесі;

9. халықағарту;

10.жер мәселесі.

Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді4.Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде. Мақсаты: 1)Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. 2)Автономиялық ұлттык мемлекет құру.Бағыты: реформистік капитализм жолы. Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Себептері:1)Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады 2)Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді 3)Алаш партиясы ақиқат жағында болды 4)Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады.1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды. Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау. 1)Дінді мемлекеттен бөлектеу. 2)Сот сін қазақ тілінде жургізу. 3)Әскери қызметті өз жерінде аткару. 4)Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады. 5)Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы. 6)Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі 7)Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.Бағдарлама жобасының маңызы: 1)Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2)Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті. 3)1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті. 1)Жетісу губерниясы – 57% 2)Семей уезінде-85% 3)Торғай Орал 4) губернияларында – 75%. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

53.Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан. (1918-1920жж.)Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты.

1917 жылғы қазан ре­волю­ци­ясы­ның жеңісі алғашқы күндер­ден бас­тап, құла­тылған қана­ушы тап өкілдерінің қару­лы қар­сы­лығын ту­дыр­ды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі ай­мақта­рын­дағы, со­ның ішінде Қазақстан жеріндегі конт­рре­волю­ци­ялық бүліктерді ба­тыл да шұғыл ба­сып тас­тап отыр­ды. Өлке­де аза­мат соғысы­ның бас­ты ошақта­ры Қазақстан­ның ба­тыс аудан­да­рын­да, Торғай об­лы­сының әкімшілік ор­та­лығы Орын­борда, Орал об­лы­сы, Гурьев (Аты­рау) қала­сын­да, Жетісу жерінде қалып­тасты. Бұл жер­де ата­ман Ду­тов­тың, ге­нерал Толс­тов­тың әскер­лері, ал Жетісу­да ка­зак-орыс жа­сақта­ры, ақ-гвар­дия офи­цер­лері мен юн­керлер жи­нал­ды. Олар конт­рре­волю­ци­ялық күштердің негізгі ор­та­лығына ай­нал­ды және Кеңес өкіметіне қар­сы аза­мат соғысын бас­та­ды.Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтып жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілді. Қазақ, мұсылман, дұңған, ұйғыр бөлімдері жасақталды.1918 жылы жазда Орынбор аймағында ауыр жағдай қалыптасты. Оны 3 шілдеде атаман Дутов басып алып, кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліғ тастайды. Ақтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.1918 жылы 18 шілдеде Мәскеуден қару-жарақ, киім-кешек тиеген экспедиция Волга, Касғий теңізі, Маңғышлақ арқылы 11 қарашада Шалқарға жетті. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Сергиоғоль, ржар, Сарқанд басып алынды. 1918 . Солтүстік Жетісу майданы құрылды, күзде солтүстік Жетісудің тек Леғсі уезінен басқа өңірі ақтардың қолында қалды. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді. 1918 жы­лы 23 на­урыз­да Орал ка­зак-орыс­та­ры Гурьев­те бүлік шығар­ды. Олар ге­нерал Толс­тов­тың бұй­рығымен жұмыс­шы және сол­дат де­путат­та­ры Кеңесінің тоғыз мүшесін сот­сыз ат­ты. Сол жыл­дың 28–29 на­уры­зын­да ақ ка­зак­тар ала­шор­да­шылар­мен бірігіп Орал қала­сын­да төңкеріс жа­сады. Мұнда олар кеңес өкіметін құла­тып, ком­му­нис­терді, кеңес қыз­меткер­лерін аяусыз жа­зала­ды.1918 жы­лы ма­мыр­да Че­хос­ла­вак кор­пу­сының бүлігі бас­талды. Ан­танта им­пе­ри­алис­терінің қол­да­уымен бұл бүлік ең ал­ды­мен Солтүстік-Шығыс Қазақстан­да бас­талды.Ала­шор­да үкіметі ақ гвар­ди­яшы­лар­дың Кеңес өкіметіне қар­сы ин­тервен­ци­ясын қол­дап, қару­лы ин­тервен­цияға қосыл­ды.Конт­рре­волю­цияға Ан­танта им­пе­ри­алис­тері көп көмек көрсетті. Мы­салы, АҚШ Кол­чак ар­ми­ясы­на түрлі қару-жа­рақ, Анг­лия 200 мыңдай әскер­ге қару-жа­рақ және киім берді.918 жы­лы 29 на­урыз­да ақ гвар­ди­яшы­лар Орал қала­сын ба­сып ал­ды.918 жыл­дың аяғына қарай Кол­чактың басқару­ын­дағы Ан­ненков ди­визи­ясы Жетісу жеріне ба­сып кірді.