Кесте - Жіктер есебінің кестесі

№ стержень Қима N, кН Жік Қанаты бойынша жік
N, кН kf, см w, см N, кН kf, см w, см
1-2 ╥100х7 0,75N=92,25 0,8 0,25N= 30,75 0,6
2-3 ╥ 63х5 73,7 0,7N=51,59 0,8 0,3N= 22,11 0,6
3-4 ╥ 63х5 35,6 0,7N=24,92 0,6 0,3N= 10,68 0,4
4-5 ╥63х5 24,6 0,7N=17,22 0,6 0,3N=7,38 0,4
6-1 ╥ 63х5 35,6 0,7N=24,92 0,6 0,3N=10,68 0,4
6-7 ╥ 90х7 0,7N=96,6 0,8 0,3N=41,4 0,6
1-2 ╥100х7 0,75N=92,25 0,8 0,25N=30,75 0,6

Мысал: (


ОРЫТЫНДЫ

 

Бірқабатты өндірістік ғимараттың болат қаңқасын жобалау кезінде берілген ғимарат аралығы – 21 м, ұзындығы – 84 м, ал ұстындар қадамы – 12 м. Арқалық қаласындағы жылытылмайтын өндірістік цех. Сәйкесінше жүккөтергіштігі 32 т (маркасы КР 70) кран орнатамыз. Көпірлі кран әсерінен қаңқаның кеңістіктегі қатаңдығы әсер етеді, сондықтан оны ескеруге тиіспіз.

Қаңқаның көлденең рамаларын бірыңғай геометриялық өзгермейтін кеңістік жүйесіне біріктіретін элементтерді байланыстар деп атайды. Байланыстарға кететін металл массасы барлық металл конструкциясы прокатының 10% құрайды. Байланыстар қаңқа қаттылығын конструкция элементтерінің орнықтылығын қамтамасыз ету желден және кранның тежелу әсерлерін қаңқаның кеңістіктегі жұмыс шарттарын қамтамасыз ету үшін тағайындалады. Бір қабатты өндіріс үйлерінде байланыстар тобының екі түрі: бірі ұстындар бойынша, екіншісі үй жабыны бойынша тағайындалады.

Бұл байланыстардың тағайындалуы фермалардың сығылған белдеулерін горизонталь жазықтықтағы орнықтылығын қамтамасыз ету және монтаждау кезіндегі фермалар қаттылығын арттыру. Ферма шыбықтарының ішкі күштерін төменгі белдеуі бойынша байланыстарды бойлық және көлденең байланыс фермаларынан жүйесі ретінде үй төбесінің контуры бойынша орналастырады. Үлкен ұзындықты блоктарды қаңқаның кеңістіктегі қаттылығын арттыру мақсатымен фермалардың төменгі белдеулерінде аралық көлденең байланыстарды орналастыруда тиімді. Ферманың төменгі белдеулері бойынша байланыстар көпірлік крандардың инерция күштерінің әсерін бірнеше көлденең рамаға бөліп таратады. Төменгі белдеулердің орнықтылығын қамтамасыз етеді, жел қысымын қабылдайды. Көпірлі крансыз үйлерде бойлық байланыс фермаларын қоймауға да болады және көлденең байланыс фермалары арасына бойлық распоркалар қойса жеткілікті. Фонарь бойынша байланыстар фонарьдың кеңістіктік қаттылығын қамтамасыз етуге, жел жүктемелерін қабылдауға және фонарьдың сығылған элементтерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге қажет.

Сатылы ұстынның жүккөтергіштігі Q = 32 т болғандықтан кранүсті арқалықтың бөлігін прокатты профильден, кранастынікін – құрамалы етіп жасаймыз. Ұстын материалы – С235 болат Ry = 24kH/см2 t = 10…20 мм кезінде, Ry= 23 kH/см2t ≥ 20 мм. Элементті дәнекерлеу – автоматты және жартылай автоматты, көмірқышқыл газ ортасында, дәнекерлеуші сырық CB – 08Г2С деп таңдаймыз. tu = 0.5 см ≈ 10 мм қабылдаймыз. Таңдалған жартылай автоматпен сымның маркасы: Св – 08А.

Қабылдаған болатымыз траверсаның беріктігін қамтамасыз етті.