Пәннің қысқаша сипаттамасы.

КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА

THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM

 

ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ

Туризм және сервис кафедрасы

СИЛЛАБУС

 

пәні бойынша: «Жетісу өлкетануы»

мамандық бойынша: 5В090200- «Туризм»

компоненттің атауы: ТК (таңдау компоненті)

пәннің коды мен шифры: KZh 4310

оқу түрі: күндізгі

бағам: 4

семестр: 7

кредит саны: 2

барлық сағат: 90

соның аудиториядағысы: 30

дәріс: 15

практикалық: 15

лабораториялық: -

СОӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Экзамен: 7 семестр

Алматы, 2016

Студенттерге арналған пән силлабусы

Пән туралы ақпарат

Жетісу өлкетануы Пәннің коды KZh 4310 Кредит саны 2 4 Курс 7 семестр
Туризм Мамандықтың коды 5В090200 Туризм және сервис кафедрасы Туризм факультеті
Оқу түрі - күндізгі Оқыту тілі - қазақ
Пәнді өткізу уақыты және орны - сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – кесте бойынша
1 рейтинг –7 апта; 2 рейтинг- 15 апта;
Магистр, аға оқытушы Кадырбекова Д.С., Магистр, оқытушы Ушкулакова Г.М Байланыс түрі (телефон, e-mail) 87071660037 gulnara.ushkulakova@mail.ru
  Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Шакирова Р.Г

 

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

«Жетісу өлкетануы»пәні ішкі және кіру туризмінің субъектілеріне туристік-экскурсиялық қызметті ұйымдастырумен айналысатын мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

Өлкетану кешенді ғылымдар түріне жатады. Ол табиғаттану, өнертану, әдебиет және т.б байланысты. Өлкетану өзінің түрі бойынша географияға жақын. Бірақ географияның өлкетанудан ерекшелігі танымал адамдарға, ғылым тарихына жеке мән бермейді. Өлкетану жекелеген тұлғаларды зерттеуге географияға қарағанда тарих ғылымына жақын. Өлкетанудың маңыздылығы да ерекшелігі де осында. Өлкетану зерттелетін аумақтың өткен тарихи оқиғаларының маңызын, осы өлкемен байланысты адамдардың, сәулеттік және археологиялық ескерткіштердің бағасын, табиғаттың әсемдігін, сиректігін, маңыздылығын бағалайды.

Өлкетанудың тәрбиелік ролі өте үлкен, географияда өлкетану ғылым ретінде неғұрлым «тәрбиелеуші ғылым», тек қана өз өлкесін сүюге ғана емес, өз өлкесі туралы білімді сүюге үйретеді. Өлкетанумен шұғылдану тек қана тарих, әдебиеттану, табиғаттануды білу ғана емес, сонымен қатар өзінің мәдени деңгейін жоғарлатуға, мұражайлық және архивтік сақталымдарды көбейтуге, мамандармен байланысуға, ғылыми әдебиетті оқуға бағытталады.

Мақсаты:

«Жетісу өлкетануы» білім алушылардың өз өлкесін оқу үрдісі арқылы шығармашылық қабілеттерін туристік-өлкетану қызметінің құралдарымен дамыту болып табылады.

Міндеттері:

- туған өлкесінің өткен тарихы туралы, халқының дәстүрлерін, адам мен қоршаған орта қарым-қатынасы туралы ақпарат беру;

- өлкенің өткен және қазіргі әртүрлі жақтарын қолдауға және дамытуға қызығушылық таныту.

Студент білуі керек:

-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін және технологиясын;

- Қазақстанда өлкетану сұрақтарымен айналысқан ғалымдарды;

- туристік ресурстарды коммерциялық меңгеру қағидаларын.

Студент орындай алуы керек:

- өлкетану материалдары негізінде нағыз туристік-экскурсиялық өнімді құрастыруды;

- өлкетану материалдарын тәжірибеде қолдануды;

- әртүрлі әдебиеттерді, картографиялық, статистикалық деректерді саралауды;

- дәрісті өткізу үшін тақырыптық жоспарды құрастыруды және өлкетану бағытында практикалық сабақтарды өткізуді;

- өлкетану бағытындағы іс-шараларды өткізуді;

- өлкетану бұрыштарын, көрмелерді, мұражайларды рәсімдеуді.

 

Пәннің пререквизиттері:

Курстың алдында оқылатын пәндер:

1. Саяхаттану;

2. Экскурсиялық менеджмент;

3. Қазақстанның экскурсиялық нысандары.

Пәннің постреквизиттері:

Алған білімін қолданатын пәндер:

1. Алған білімін болашақ тәжірибеде қолдану.