Марко Полоның Азияға саяхатын талдаңыз

Марко Поло, итал. Marco Polo (1254, Венеция — 1324, сонда) — Италиясаяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған. 1271 — 75 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасыМаттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина,Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы 3 жылдан асажол жүріп, Пекинге жеткен.1271-1275 ж.ж. олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден Қытай құрлығына табан тіреді. Қытайда 17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияныайналып өтіп, Жерорта т. арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. М. П. еңбегі бүкіл Азия,Солт. Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға айтарлықтай әсер етті.Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 — 15 ғ-ларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып,Азия картасын жасауға негіз болды. 15 — 16 ғ-ларда испан және португал экспед-ларын ұйымдастырушылар М. П-ның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды. Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды:»Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді.Қарапайым және өте көрікті халық.

 

 

 

16. Шоқан Уәлихановтың саяхаттарына тоқталыңыз

1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Жетісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясынын, құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.
Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың август айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барды.

Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Бұл халықтың, XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы Тянь-Шаньға дейін көшіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ақ атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады, Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Шлагинвейттер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.
Шоқан аса жауапты әрі қауіпті іске Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұсабайға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты. Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бұхараны»): Яркент пен Қашқарды, Янги-Гисар мен Котанды, Ақсу мен Турфанды ашты.
Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары»,— деп жазды Шоқан.
«Қашқарияда» бір орыс офицері жасырынып жүр-міс» деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. Сезік тудырып алған Шоқан елге оралуға асығады. 1859 жылы 11 мартта Мұсабай керуеніндегі әріптестерімен қоштасып, елге қайтады.
Шоқанның бұл сапарынан алып қайтқан өте құнды этнографиялық, экономикалық, географиялық, геологиялық тағы басқа материалдарының маңызы айрықша. Бұл жинаған ұшан-теңіз материалдардын, ішінде, бұрын ешбір европа ғылымына белгісіз сұлтан Сутек Богде ханның «Тазкиран» деп аталатын шежіресі, Тоғақ Темірханның шежіресі, «Хажылар тарихнамасы», «Абумуслим мауризи» аттас қымбатты ескі шежірелер, тағы басқа сирек кездесетін шығыстың мұралары, кітаптары, қисса-хикаялары көп еді. Сондай-ақ тау жыныстарының минералды заттардың, коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың, этнографиясын танытатын әртүрлі бұйымдар, бағалы заттар да көп болды.

 

 

17.Әлемдік тарихи-мәдени туризм нысанындағы экомузейлерге тоқталыңыз

 

Экомузей- аймақтық табиғи және мәдени байлығын «тірі коллекция бейнесінде көрсететін ашық аспан астындағы музей, онда аймақтың өзіне тән ерекшелер, табиғат пен жергілікті халық арасындағы байланыс бейнеленеді. Ең алғаш «экомузей» термині 1971 жылы Францияда Худго де Вериге енгізген болатын. 1974 жылы Францияның Ле- Крезо қаласында ең алғаш экомузей ашылды. Аумағы 500 мың шаршы шақырым квадрат. Музейдің ішінде өнеркәсіптің бейнесі, көмір шахтасы, ортағасырлық монастырь, мектеп, қала кірген. 1978 жылы «Ең үздік Батыс Еропалық музей» атағын алды.

18. Әлемдегі тарихи-мәдени туризм нысанындағы этномузейлер

 

1968 жылы Джорджу Анри Риверу экомузейдің жаңа жобасын жасады. Онда тарихи ескерткіштер бар, адамадар өмір сүреді. Мұндай музейлер қоғам көңілінен шыққандықтан, олар көбейген. 1970-80 жылдары олардың саны 22 жеткен. Франциядан кейін олар Канада, Бразилия, Португалия елдерінде ашылған. 1984 жылы Канаданың Квебек қаласында Квебек декларациясы қабылданды, бұл жерде этномузейдің жаңа бағыттары қарастырылды. Этномузей дәстүрлі тұрмыс-тіршілікті сақтап қалу мақсатында этникалық топтар тұратын жерде құрылған. Артур Хозелиус негізін қалаған 1873 жылы « Скандинавиялық этнографиялық жинақ кешенін» ұсынды, онда жиһазға толы үй көрінісі, ұлттық киім киген қуыршақтар коллекциясы бар. 1878 жылы бұл экспозициясы үшін алтын медаль алған. 1891 жылы Артур Хозелиус музей-деревня құрды. Оны «Скансен» деп атаған. 150үй мени усадьбалар тұрғызылған. Сол кезеңді бейнелейтін шеберханалар, наубайхана, почта, шіркеу. Швейциядан кейін этномузейлер Еуропаның басқа мемлекеттерінде де пайда болған. Және де бұл жерде жануарлар әлемінің неше түрлісі бар. Бұл жер өте қызықты кәдімгідей ауылдағыдай сезінуге болады, би билеп, ән айтып.

 

19. Әлемдегі тарихи-мәдени туризм нысанындағы бекініс музейлер

Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып,

қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери

орғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

 

20.Әлемдік тарихи-мәдени туризм нысанындағы ерекше музейлер

Жер бетінде небір адам таңғаларлық мұражайлар бар. Олардың ерекшеліктері соншалық тіпті кейбір экспонаттарына қарап шошисың, кейде жиіркенесің, ал кейде тамсанасың

Брюссельдегі іш киімдер мұражайы

Бұл мұражайға тек қана іш киімдердің кейбір элементтері ғана қойылған деп ойлап қалмаңыз. Мұнда танымал адамдардың іш кимідері олардың портреттегі суреттерінің басына кигізілген. Осылардың ішіндегі ең бағалы экспонат француз саясаткері Николя Саркозидің іш киімі. Брюссель мұражайының иесі жақында мұнда Саркозидің әйелі Карл Брунидің іш киімі және Иран президентінің іш киімі қойлатынын айтады

Нидерландыдағы адам ағзасы мұражайы

Бұл музейге келген адам адам ағзасының барлық құпиясымен таныса алады. Мұражай ғимаратының өзі алып адамның денесі іспеттес. Мұражайға адамның аяғынан кіріп, басынан бірақ шыққандай әсер аласыз.
Исландиядағы фаллос мұражайы

Мұнда түрлі материалдардан жасалған, түсі де әртүрлі жыныс мүшелері қойылған. Бұл музейде негізінен Исландияда мекен ететін көптеген еркек жануарлардың, сүтқоректілердің, теңіз жануарларының жыныс мүшелерін көруге болады
Америкадағы Джон Стронгтың түсініксіз құбылыстар мұражайы

Мұнда негізінен неше түрлі генетикалық ауытқуларға ұшыраған аномалиялық құбылыстар мен мутанттар бар. Бұл музей жер әлемге көшіп жүріп түрлі экспонаттарын көрермен назарына ұсынады.Музейден Фиджи аралынан табылған су перісін (русалка), екі басты сиырды, басқа да қорқынышты аномалияларды көруге болады.

Новосибирьдегі шпаргалкалар мұражайы

Бұл ерекше музейде шпаргалканың түр-түрін кездестурге болады. Шаш қыстырғыштарына, сырғаға ұқсас шпаргалкалар бар. Емтихан тапсырушы тапсырманы қатесіз орындау үшін шпаргалканы тығудың түрлі әдістерін қолданатынына көз жеткізесіз.
Үндістандағы дәретханалар мұражайы

Мұнда ешқандай қысылмай бала ертіп бара беруіңізге болады. Өйткені музейдің іші толған унитаз. Мұнда 90-ға жуық елден унитаз әкелінген екен. Мұнда бағалы әшекейлер салатын сандық пішіндес жылжымалы унитаз бар. Кезінде бұл аңшылыққа барғанда қолданылған екен. Сондай-ақ мұнда келушілер король Людовик XII пайдаланған тақ тәріздес унитазды да көре алады.

 

21. Әлемдік тарихи- мәдени туризм нысанындағы миниатюралық парктер

 

Миниатюрадағы Италия атты парк Иво Рамбальдиннің ойымен ашлыған болатын. Ол 60-шы жылдардың 2-жартысында суқұбырлар жүйесі кәсіпкерлігінің иесі болған. Бұл идея өнер мен архитектураларды қарау үшін саяхат кезінде туғындаған идея. Осы парк ашу үшін көп ізденген болатын. Көп фотоға түсірген, фигураларды жасау үшін арнайы материалдар керек болатын.Миниатюрадағы Италия 1970 жылы 4 шілде күні ашлыды. Ең алғашқы мүсін- Базиликтің әулие Аполлосанария болатын, өзінің өмір сүрген жерін есіне түсіру үшін. Ашық парктің аумағы 20000 м.кв 50

Миниатюра жиналған. Парктің ең басты көркем жері итальяндық және еуропалық мүсіндер. 273 миниатюра бар. Бұл музейде аттракциондер, ғылым луна паркі бар. Ғылым мен білімге арналған, әр жасқа арналған.Және де мұнда Каноэде « водные горки» бар. Табиғаты жайында айтсақ, Италиядағы миниатюрадағы көкбалдыр жасылдар үлкен мағына береді. Шөптер, гүлдер. 10000 астам өсімдік түрі бар, ауданға белгілі бір көрініс береді.

 

22. Этно-мемориалдық кешен Атамекен –Қазақстандық картасын сипаттаңыз

Атамекен» Қазақстан картасы» - бұл ТМД елдері арасында ашық аспан астындағы жалғыз этно-мемориалдық кешен. Бүгін мұрай кешеніне - 13 жыл.

Шы жылдардың соңында Президентімізге Қазақстан жерінің макетін құру идеясы келді. 2001 жылы 1,7 га алаңда еліміздің 14 облысы мен ең ірі екі қаласы — Алматы мен Астана пайда болды. Кешенде экспозициялар облыстардың шекаралары мен орналасу аумақтары сақталып берілген, әрбір аймақтың ең маңызды көрікті жерлері мен мәдени-тарихи ескерткіштерінің дәлме-дәл көшірмелері қойылған. Президентіміздің ойлағаны жүзеге асқанын атап өту керек: ашық аспандағы Қазақстанның шағын көшірмесі кім-кімді болса да таңқалдырып, мақтаныш сезімін оятады

Мамыр айынан бастап қазан айына дейінгі аралықта мұражайдың есігі барлық келушілер үшін ашық, ол күн сайын 9.00-ден 21.00-ге дейін еш демалыссыз жұмыс Музей-картадағы автокөлік және темір жолдарды жаяу аралап жүріп, 30 минуттың ішінде Қазақстанның батысынан шығысына дейін жетуге, Астананың сәулетті сол жағалауын тамашалауға және бес минуттан кейін Алматының әдемі Көк Төбе тауына баруға болады.

Атлас картасының мұндай шағын көшірмесі әлемде үшеу ғана, олар: Италия, Франция және Австрияның шағын көшірмелері. «Атамекен» Қазақстан картасы — ТМД-да тек біреу ғана. Ал, әлемде барлығы 25 ашық аспан астындағы музей бар, Қазақстан картасы олардың арасында үздік ондыққа кіреді.

Р макеттің қасына барып, жақыннан қарауға және қолмен ұстауға болады. Олардың барлығы нақпішіндерді даярлауға арналған заманауи материалдардан жасалған, соның арқасында еліміздегі көрікті жерлердің көшірмелеріне жаңбыр да, жел де әсер ете алмайды. Макеттерді Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы өнер Академиясы мен Астана қаласындағы суретшілер Одағының шеберлері, суретшілері және сәулетшілері дайындайды.

Президент Н.Ә. Назарбаев бұл музейге жиі барып тұрады, жуырда ғана ол «Қазақстан. Мыңжылдықтар кезеңдері» атты елдің тарихына арналған павильонды және «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» мұражайлық панорамасын ашты. Ол елордамыздағы сол жағалау құрылысының нақты көшірмесін көрсететін павильонға да барып тұрады. Этно-мемориалдық кешеннің директоры Алма Алтыбаеваның айтуынша, осы панораманың макеттері жаңа қаланың құрылысымен бірге жаңарып отырады.

Посткеңестік кеңістікте «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніне ұқсас кешен жоқ. Сонымен қатар, бұл кешен заман ағымына өзі ғана ілесіп қоймай, еліміздегі барлық мұражайлардың ширақ болуына себепкер болып отыр. Кешен директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Батырхан Жұмабаев айтып өткендей, кешен базасында ай сайын тренингтер мен ұсталық-дәрістері өтізіліп жатады. Экскурсия жетекшілері ҚР еңбегі сіңген мәденит қайраткерлері, тарихшылары және Қазақстанның үздік экскурсия жетекшілерінің дәрістерін тыңдап, өз біліктіліктерін арттырады. «Үздік экскурсия жетекшісі» атты сайыс жыл сайынғы республикалық сайысқа айналды.

Атамекен» — мектеп оқушылары ресми түрде экскурсия өткізе алатын еліміздегі жалғыз мұражай. 2007 жылы алғаш рет этно-мемориалдық кешеннің базасында мектеп оқушыларына арналған жазғы еңбек лагері ұйымдастыру тәжірибесі пайда болды. Сол кезден бастап ол сәтті жұмыс істеп келе жатыр. Ұл балалар мен қыздар күніне төрт сағат экскурсия жетекшісі болып жұмыс істейді, шай-пұлы мен ай сайынғы сыйақыларын алып отырады. «Осындай жазғы еңбек демалысын өткізгеннен кейін ол оқушылар ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен география пәндері бойынша ең жоғары балдарды алады», — дейді Батырхан Жұмабаев бізге мониторинг нәтижелерін көрсеткен кезде.

Бүгін мұражайда ашық аспан астында еліміздің тарихы, мәдениеті, географиясы және экономикасы туралы әңгімелейтін 500-ден астам макет бар. Жыл сайын «Атамекенге» 15 мыңнан астам адам барып тұрадыістейді.