Лемдегі ең үздік 10 аралдар

Бора бора аралы Француз Полинезиясының шипажайы әпі Тынық мұхитиының маржаны. Ол Таитидің солтүстік- батысыеда 240 км.жерде орналасқан. Өлі жанартаудың әсерінен аралдың қақ ортасында екі құз пайда болған. Ал шетін мүйіз қоршап тұр. Бора-бора әлемнің ең әдемі аралы атағын экзотикалық көрінісі мен түрлі-түсті флорасы, сан алуан жануарлар түрінде толы фаунасының арқасында алған. Маржан түстес саябақтарды аралап, акулалар мен басқа да жануарларға жем беру, келушілердің саяхатын жандандыра түседі. Мүйіз түбінде экскурсия кезінде жем беруге рұқсат етілетін барракудалар мен акулалар бар. Бора- бораның қақ ортасында әртүрлі балықтарға толы үлкен Лагунариеум салынған. Осы жерге суға түсіп, тасбақалар мен акулалармен бірге жүзсеңіз болады. Бұдан өзге итальян, француз, Шығыс Аустралия елдерінің тағамдарын дайындайтын мейрамханалар бар. Тамақ ішетін орындар тек құрғақ жердерде емес, су бетінде де орналасқан. Аралдың батыс жағында Вайтапе аймағында 4000 тұрғын қоныстанған. Арал экономикасын көтеріп, тұрғындарға жайлы өмірді қастамасыз етіп отырған туризм. Аралдың оңтүстігіндегі Матира жағажайы Полинезиясындағы ең әдемісі. Оның сәнін келтіріп тұрған биік какос ағаштары.

} 2)Мадагаскар Аралы – Африка жағалауындағы ірі арал, құрлықтан шығысқа қарай 400 км қашықтықта, Үнді мұхитында орналасқан. Африкадан Мозамбик бұғазымен бөлі- неді. Жер аумағы 596 км². Солтүстіктен оңтүстіктен қарай 1600 км-ге созылған, ені 600 км-ден астам. 1993 жылы қабыл- даған конституциясы бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс пен Сенат). Астанасы – Антананариву қ. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі – 26 маусым – Тәуелсіздік күні (1960). 1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі Ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша өлшемі-малагасий франкі.
Тарихы. Аралдың ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Алғашқы мемлекет құрлымдыры 14 ғ-да пайда болды. Бұл мемлекет Имерина деп аталды. 16 ғ-дан аралға еуропа отаршылар әсіресе француздар орнығуға тырысты. 19 ғ-дың басында Имерина барлық аралды біріктіріп, Мадагаскар патшалығын құрды. 19 ғ-да Мадагаскар үшін ағылшын-француз бәсекесі күшейді. 1883 жылы Мадагаскарға француз әскерлері басып кіріп, арал үкіметі Франция протекторатты – ғын мойындауға мәжбүр болды (1885). 1895 жылы

Дельфин аралы-Дельфин аралы – Коралл тұзы бар индонезиялық Флорес аралының жанындағы ірі аралдардың бірі. Дельфин бейнелі арал шынайылығымен бүгінгі тізімде көш бастап тұр.

4.Смайлик аралы Елсіз Манукан, Мамутик, Сулуг аралдары Малайзия елінің құрамына енеді. Оңтүстік-Қытай теңізінің үстінен тікұшақпен шарлап шықсаңыз, әдемі күлкі бейнесін көре аласыз.

Бумеранг атолл Оңтүстік-Қытай теңізінде иілген бумеранг пішінді атолл (теңіздегі сақина бітімдес маржан аралдары) бар. Ол 750-ден аса кораллды (теңіз маржаны) су бетіне шығып жатқан теңіз жартастары мен ағыс күшінің әсерінен жылдар өткен сайын өзгере беретін кішкене аралшықтардан тұрады. Ол Спрэтли аралының құрамына енеді.

Көз бейнелі арал-Бұл Мальдив аралында орналасқан. Мына сурет тікұшақтан түсірілген. Ал осы аралды жақыннан көргендер көзден гөрі алып медузаға ұқсайтынын айтқан.

Теңіз жылқысы аралы-MODIS құрылғысымен ғарыштан түсірілген бұл сурет Галапагос аралының 2002 жылы NASA спутнигінің бортында тіркелген. Үлкен «теңіз жылқысы» – Исабела – Галапагос аралының ең ірі әрі жас аралы. Бұл аралда алты жанартау бар және екі мың халық тұрады.

Карнавал бетпердесі-Хувахенду Мальдив аралының үстінен осылай көрінеді. Мұнда тіпті Таяз суда орналасқан туристерге арналған үйшіктері бар. Алыстан Арал бағалы әшекейлермен әрленген карнавал маскасына ұқсайды. Су бетінен екі метр биіктікте жатқан кораллды аралдар Мальдивте өте көп. Әлем жылынуының әсерінен мұхит деңгейінің өсуі, ең бірінші, осы аралда мекендейтін 300 мың тұрғынды мазалауда

Жүрек бейнесіндегі арал-Жүрекшелер тек ашықхаттар мен құттықтауларда ғана емес, табиғат төсінде де бар екен. Адриат теңізінің аралы жүрек формасының шынайы бейнесін жасап тұр. Бұл арал – Владо Джуресконың меншігінде.

Дубайдағы қолдан жасалған аралдар-Араб Эмираттарында қолдан жасалған аралдардың 2 композициясы бар. Бірі "Пальма аралдары" деп аталса, екіншісі "Әлем" деп аталады. Мұхиттың үстінен арал салудың қаржылық, физикалық қиындықтары көп болатыны анық. Олай болса, аралды қалай салатынын суреттер айтып берсін.

 

24. Азия елдеріндегі табиғат ескерткіштері

2. Вавилонның аспалы бағы. Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңқалдырып келді, бірақ оның өмірде болғаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ. Вавилонның (қазіргі Ирак) ежелгі тарихында бақ жөнінде мәліметтер жоқ, археологтар ескі қаланың орнын қазған, бірақ қазірге дейін ешқандай із-тозы жоқ. Дәстүрге байланысты бақ патша II Навуходоносордың бұйрығымен салынған. Тарихи деректерге қарағанда Навуходоносор б.з.д. 562-605 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.

Қала б.з.д. 539 жылы парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос қалған, бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған. Дегенмен осындай бақтардың қалдықтары өте алыс емес жерден табылып, археологтар мүмкін осылай болған болу керек деген болжаммен суретін салған.

Иерусалимдегі ауада тұрған тас. Мұхаммед Пайғамбар Меккеден Иерусалимге барар кезде. Ауыстырылуы бурак- мұсылман дініндегі мифологиялық асты ат пен басы адамның басы. Аңыз бойынша ұшатын бурак Мұхаммед Пайғамбарды Иерусалимге көзді ашып жұмғанша апарған ол кезде тас та сонын артынан еріп кеткен, бірақ оған қал деген бұйрық берілген, сол кезде ауада тұрып қалған.

 

25. Африка елдеріндегі табиғат ескерткіштерін жазыңыз

1. Гизадағы Хеопс пирамидасы.Гизадағы Хеопс пирамидасы (немесе Ұлы пирамида) – ерте замандағы шеберлердің қолдарынан шығып, бізге дейін жеткен жалғыз жәдігер. Төрт мың жыл бойы адамдарды таңғалдырып келген әлемдегі биіктігі 147 метрге жететін ең биік ғимарат. Сонымен қатар бұл барлық халықтар кезеңіндегі дәл құрастырылған ең ірі тастан жасалынған құрылыс еді. Пирамиданы Ніл өзенінің батыс жағалауына 4-ші династияның екінші басқарушысы перғауын Хуфу салғызды. Хуфу Мысырды шамамен біздің эрамызға дейінгі 2551-2528 жылдар аралығында басқарып, пирамиданы өзінің моласы есебінде салғызған. Оның негізі ретінде Дашурдағы әкесінің пирамидасының үлгісін алды, бірақ бұл ол пирамидадан әлдеқайда үлкен болып шықты. Оған дейін де, одан кейін де бірнеше пирамидалар салынған, бірақ бірде-біреуі Хеопс пирамидасы сияқты өзінің кереметтігімен төрт мың жыл бойы адамзат санасын жаулап ала алмады.

 

26. Еуропа елдеріндегі табиғат ескерткіштері

1808 жылы бірінші Консул Күмбез Соборына Тюреннің сүйек қалдықтарын әкелуді бұйырды.Тюррен үлығасыр кезінде Францияның ең атақты маршалдарының бірі болды.1808 жылы 26 мамырда Наполеон Банапарт император болған соң Вабанның жүрегін Тюрреннің қабіріне қарама қарсы орналасқан мавзолейне ауыстыруға бұйрық берді.Қазіргі кезде Күмбез Соборында Наполеон қабірінің жанына оның баласының ,оның аға інілері Жозеф пен Жеран Банапарттың Беетран мен Дюрек генералдарының .жиырмасыншы ғ.бірінші жартысында атақты болған Феша мен Лиет маршалдарның табыттары орналасқан

 

27. Америка елдеріндегі табиғат ескерткіштері

Геоглиф —жерге ойып салынған ұзындығы 4 метрден асатын геометриялы немесе бейнелі өрнек. Кейбір геоглифтардың үлкендігі соншалық, оларды тек аспаннан ғана көруге болады. Геоглифтерді салудың бірнеше түрі бар. Бірі—жердің беткі қабатынан белгілі бір тереңдікке дейін қазып, таңба түсіру. Ал екіншісі арнай қиыршық немесе ірі тастарды төсеп, бейне жасау. Тағы бір түрі—ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу.

Әлемге әйгілі геоглифке Перу жеріндегі Наска шөліндегі таңбаларды атаса болады. Бұл алып бейнелер өткен ғасырды 39 жылдарына дейін белгісіз болып келді. Бұл бейнелерді оның үстімен ұшып келе жатқан ұшқыштар алғаш байқаған. Наска бейнелерінің сыры—оның белгілі бір уақытта және белгілі бір қашықтықтан көрінуінде. Геоглифтер әлемнің әр жерінде таралған. Солардың бірі Англиядағы Уффингтон ақ аты. Ұзындығы 110 метр болатын ат таңбасы Оксфордшир графтығына таяу жердегі әктас төбеде орналасқан. Бұл жалғыз ағылшындық геоглиф 1994 жыл табылған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша оның салыну уақыты б.з.д X ғасыр. Осылар секілді геоглифтер АҚШ-тың Огайо штатында, Ресей Федерациясында (Челябинскте), Африкада (Виктория көлінің оңтүстігі менЭфиопияда) және Аустралияда (Марри адамы) таралған. Ал Қазақстанда Қостанайдағы 101 үйіндіден тұратын «Үштоғай шаршысы» мен Торғайдағы севастиканы, т.б бейнелерді атаса болады.

Ғалымдардың болжауынша Наска геоглифтері онда мекендеген ежелгі тұрғындардың жұмысы. Деректерде б.з.д 500 жылдары ол аймақта құрғақшылық басталған. Наска аймағын мекендеген тұрғындар құрғақшылықты тоқтату үшін құдайдың мейірімін тілеп, көптеген қиыншылықтар арқылы үлкендігі 14 шақырымға жуық колибри құсы, маймылдың, алып киттің бейнелерін салған. Басқа геоглифтердің мақсаты әлі де белгісіз.