Тақырып №10: Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Сынып жетекшінің негізгі қызметіне сипаттама беріңіз.

Тапсырма 2. Сынып жетекші қызметі жайында әдебиет тізімі бойынша картотека дайындаңыз (7-10 карточка/аннотация)

Тапсырма 3. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекетіне мультимедиялық көрсетілім дайындау.

Тапсырма 4.ХХІ-ғасыр сынып жетекшісінің моделін құрастыру.

СОӨЖ өткізу түрі:әңгіме, сұрақ-жауап.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша оқу-әдістемелік кешенде берілген әдебиеттер тізіміне сүйеніңіз және Интернет ресурстары бойынша материалдар жинақтап алған жөн. Жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет. Библиографиялық тізім құрастыру үшін катологтарды, электронды каталогтарды, интернет материалдарын, облыстық, қалалық және университет кітапханаларындағы материалдарды қолдану қажет.

Презентация дайындау бірнеше сатыдан тұрады: тақырып таңдау, түпнұсқа мәтінін игеру, оның негізгі мәселелерін анықтау, мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауаптар жазу, түпнұсқа мәтіні бойынша тест тапсырмаларын дайындау. Мультимедиялық көрсетілімдер дайындағанда-Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдтар саны – 10 болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34,42-48].

 

Тақырып №11: Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Инклюзивті білім беру ұғымына талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру жолдарын, маңыздылығын ашу.

Тапсырма 3. “Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың жаңа тұғырлары» тақырыбына баяндама дайындау.

Тапсырма 4. “Инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында кәсіби педагог мамандардың үлесі» тақырыбын талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі:дөңгелек үстел, сұрақтарды ұжымдық талқылау.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша интернет пен кітапхана ресурстарынан, ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, материалдар жинақтап алған жөн. Мақалалар мен жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет.Баяндама жазу-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Тақырыпты талқылауда өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-14, 16-20, 27, 32, 36-44].

Тақырып №12: Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесінің мүмкіндіктеріне талдау жасау.

Тапсырма 2. Мектептегі электрондық оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшіліктерін сызба түрінде беру.

Тапсырма 3.Электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ережелерге талдау жасаңыз.

Тапсырма 4. “Электрондық оқыту-заман талабы» тақырыбына баяндама дайындау.

 

СОӨЖ өткізу түрі:пікірталас,сұрақтарды ұжымдық талқылау.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ мерзімдік басылымдар залындағы тақырыпқа байланысты газет-журнал материалдарына сүйеніңіз. Сонымен қатар мерзімдік басылымдарға да талдау жасау қажет. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Баяндама мазмұнының компоненттеріне көңіл бөлу керек:1) жұмыстың жоспары; 2) ғылыми мәліметтердің жүйесі; 3) қорытындылар мен талдаулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [3-7, 15, 17, 29-32, 34,45-59].

Тақырып №13:Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары:

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Мектепте құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формаларының қандай түрлері қолданылады? Сипаттама беріңіз.

Тапсырма 2. Бақылауға және бағалауға қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

Тапсырма 3. Бақылау түрлеріне сипаттама беріңіз.

Тапсырма 4.Педагогикалық әдебиеттен берілген түсініктердің анықтамаларын тауып, жазып алыңыз:

Білімді тексеру –

Дидактикалық мәтін –

Білімді бағалау –

Үлгермеушілік –

СОӨЖ өткізу түрі:мәселелік семинар

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек Cондай-ақ педагогикалық деректерді қолданыңыз (анықтамалар, сөздіктер, газет-журналдар).

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [11-12, 18-20, 32, 36, 39, 41-53].