Стрептококтардың этиологиясынан болатын ауру

СӨЖ

Тақырыбы: ИНФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ.

 

Орындаған:Асқарқызы.А

Тексерген:Бейсегулова.Г.Н

Алматы 2016

Жоспар:

I.Кіріспе бөлім

а)Жалпы инфектологияға кіріспе

II.Негізгі бөлім

б)Инфектологияның микробиология саласында маңызы

в)Инфекция туралы ілім

г)Микроорганизмдердің әсерінен туындайтын инфекциялық аурулар

д)Стрептококктар мен стафилоккоктардың әсерінен туындайтын аурулардың этиологиясы,инфекцияның таралу аймақтары,симптомы, патогенезі,асқынулар,емдеу шаралары

III.Қорытынды бөлім

IV.Әдеби көздерді пайдалана отырып анализ картасын жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Инфектология

Инфектология ғылымы – инфекция туралы ілім.Инфектологияның микробиология саласындағы маңызы өте зор.Микробиологияда ,инфектиологияны инфекциялық аурулардың дамуын , қандай бактериялардың, вирустардың әсерінен аурудың пайда болуын анықтайды.

 

Инфекция туралы ілім

Инфекция туралы ілім – бұл микроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы , және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын микроореанизнің қорғаныс – бейімделу реакциялары туралы ілім.Инфекция туралы ілім мағызды рөл атқарады, өйткені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін және де қоздырғыштарды қабылдоушылық және қаылдамаушылық қасиеті бар микроорганизмнің бір- біірнен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.Ол жұқпалы аурулардың алдын алу үшін және емдеу үшін қажетті препараттарды жасауда шешуші рөл атқарады.Инфекция немесе оның синонимі «инфекциялық процесс » термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы микроорганизммен және көбейген патогенді немесе шартты – патогенді микрооргонизмнің өзар әсері нәтижеснде пайда болатын және микроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын мақтауға бағытталған физиологиялық патологиялық қалпына келу – бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді.Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір – бірімен қарама –карсы жағдайда болады.Адмдардың ,жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады , яғни олар тірі жүйе ортасында парзиттік тіршілік етуге қабілетті.Инфекциялық процесстің пайда болуы , дамуы және аяқталуы 3 топ факторлармен анықталады.

Инфекциялық процесс қоздырғышы - микробтардың сандық жіне сапалық сипаты;

Макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі;

Микроб пен макроорганизмді қоршаған ортаның физикалық ,химиялық , биологиялық факторларының әсері, олар өз кезегінде бірнеше түрлер өкілдерінің арасында жанасу мүмкіндігіне , бір түрдің мекендейтін аумағының арасында генетикалық ақпарат беру және миграциялану ерекшеліктеріне өз әсерін тигізеді.Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы ауру қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин.Инфекциялық процесс – ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әскрінің ең өзгермелі түрлерінің бірі.Процесс өзара қатынастың себеп- салдарынан тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді.Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады.Бірінші саты - микробтардың макроорганизмге енуі және кіру есігінің аумағында адаптациялануы , яғни жұғуы және де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы инфекциялық процесстің басталу сәті болып табылады.Кіру есігі – организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер.Микробтар макроорганизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары агқылы енеді.

 

Микроорганизмдердің әсерінен дамитын аурулар

Эшерихиоз

Эшерихиоз немесе немесе колиинфеция ауруының қоздырғыштарына Escherichia coli түріне , Es –cherichia - туыстастығына жататын грамы теріс қозғалмалы және қозғалмайтын болып келетін таяқшалар.Олар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі,көміртегін активті ферменттейді.Құрғақ ортада жақсы өседі. Әсіресе тағам өнімдерінде , соның ішіінде сүтте жақсы көбейеді.Олар ыстық және дезинфекциялаушы ортада тез өледі.Эшерихтардың құрылымы :соматикалық О антигеннен , К антигеннен және талшықты Н антигеннен тұрады.Диареягендік E.coli дің патогендік механизмі олардың биологиялық қасиетіне байланысты.Осы қасиеттеріне байланысты патогенді эшерихтарды бес топқа бөледі :

энтеротоксигенді (ЭТКП)

энтероинвазивті (ЭИКП)

энтероптогенді(ЭПКП)

энтерогеморрикалық (ЭГКП)

энтероагрегативті(ЭАггКП)

I .Энтеротоксигенді ішек таяқшасы көбінесе жас балаларда холералық аурлар тудырады.Осы топқа кіретін экзотоксиндер :Об,О8,O15,O20,O25,O27,O63,O78,O115,O159 және тағы басқалар.

II.Энтероинвазивті ішек таяқшасы үлкендер мен жас балаларда дизентерия ауруын тудырады.Олардың көбісінде O124 және O151 штаммы болады.

III.Энтеропатогенді бактериялар балаларда колиэнтерия ауруын тудырады.Ал үлкен адамдарда бұл бактерилар ауру тудырмайды.

Энтеротоксигенді ішек таяқшаларынан туындайтын аурулар көбіне ыстық және климаты ылғал ауақтарда көп кездеседі.

ПАТОГЕНЕЗІ:патологиялық процестердің даму механизмі тасымалдаушылардың категорияларына байланысты.

ЭНТЕРОТОКСИНДЕР:

Бұл биохимиялық функцияларға қатысатын термостабильді және термолабильді заттар.Олар көбіне тік ішекте активтеледі.

СИМПТОМЫ:

Эшерихиозэнтеротоксигенді штамдардан құралған күрделі ішектік диареялы инфекция.Бұл аурудың инкубационды уақыты уақыты 16- 72 сағат.Ауру күрделі басталады.Ауырған адамдардың бастары ауырып , жалпы әлсәздікке ,темпераураның қалыпты немесе субнормальды болуына шағымданады.Осымен бірге науқас ішінің тұсында қатты ауырсынуды сезінеді.

Эшерихиоз энтероинвазивті ішек таяқшаларынан болатын , күрделі ішек инфекциясы.

СИМПТОМЫ:Жалпы әлсіздік , бастың ауыруы, тәбеттің болмауы,аяқ –қолдаңғы бұлшықеттің ауыруы байқалады.Дене температурасы қалыпты немесе субнормальды болады.Науқастардың төрттен бірінде дене қызуы 38-39 , тек аз бөлігінде дене қызуы жоғары болады.

Эшерихиоздың клиникалық диагностикасы өте күрделі.Оны шиггелезбен және басқа ішектік диареялық инфекциялармен жүргізу қажет.

.

Стрептококтардың этиологиясынан болатын ауру

Ангина стрептококтардың этиологиясынан болатын күрделі жұқпалы ауру.

ЭТИОЛОГИЯСЫ:көп жағдайлада ангинаың дамуына себеп болатын –бетагемогемолитикалық стрептококктардың топтары A.Str.pyogenes. Str pyogeness грамы оң ,микроскоппен қарағанда иілген ,спираль тәрізді пішінді микроорганизмдер.Олар көбінде қоректік орталарда өседі,қанды агарда өсіргенде диаметрі 1-2 мм колониялар түзедіЖасуша қабығында антигенді заттар глюкурон қышқылы , липипротеиназа, полисахарид, пептидогликандар ангинаның патогенезіне әсер етеді.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ:Аурудытаратушы көзі ретінде ангинамен

ауыратын адамдар және стрептококтарды тасымалдаушы сау адамдар болып табылады.Көбінесе ангинамен ауру адамдар жөтелгенде ,сөйлескенде қоршаған ортаға таратады.Аурудың көбеюіне әкеп соғатын ең бірінші ауа тамшылары.Ангианы жұқтыру қауіпі бар

ар аймақтар жатақханалар, казармалар,көпшілік орындары.

ПАТОГЕНЕЗІ:Инфекцияның қақпаны ретінде Пироговтың лифоидты сақиналары , стрептококктадың бетагемалитикалық қабығында кездесетін липофейхты қышқыл.Стрептококтар аздап қанда сіңіріліп ,терморегуляцияның , орталық нерв жүйесінің бұзылуна кері әсерін тигізеді.Стрептококтық токсин стрептолизин - O кардиотоксиндік әсер береді, яғни жүрек пен бұлшықеттегі дем алуды және жүрек импульсінің жұмысын төмендетеді.

СИМПТОМЫ:Клиникалық қасиеттері бойынша ангинаның келесі клиникалық формалары кездеседі

1)біріншілік және екіншілік

2)катаральды , фолликулярлы.

Белгілері:Жалпыәлсіздік,бастың ауыруы, тамақтың жұтынғандағы ауыруы,тәбеттің тартпауы,ұйқының бұзылуы.Бір тәуліктегі температураның ең жоғарғы көрсеткіші 38-40 C.Лихорадка 3-6 күн өтеді.Аурудың жедел түрінде тері түснің бозаруы, бірінші күннен басталады.

АСҚЫНУЛАР:Ангинамен ауырған адамдарда перитонзимит және пеританзилярлы абцесстердің асқынулары болады.