Дәнекер тінінiң жасуша аралық заты

Дәнекер тінінің жасуша аралық заты – коллагенді, эластикалық, ретикулярлы талшықтардан және аморфты заттан тұрады. Жасуша аралық зат негізінен дәнекер тінінің жасушаларынан бөлінген секрециядан, екіншіден қан плазмасынан толтырылады. Ұрықтың 1-2 айында олар дами бастайды. Жасуша аралық зат ұдайы бұзылып, қайта қалпына келіп отырады.

Жасуша аралық заттың физика - химиялық жағдайы да оның функциясын анықтайды. Егер жасуша аралық зат өте тығыз болса, сол ғұрлым механикалық, тіректік, функциясы берік болады.

Коллаген талшықтары дәнекер тіндері талшықтарының ішіндегі ең мықтысы. Коллаген талшықтары борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінде әр түрлі бағытта орналасады. Коллаген талшықтары созылмайды, үзілмейді және берiк. Суда тез ісінеді. Оның негізгі құрамы фибриллярлы белок - коллаген Коллаген типтерінің шамамен 14 түрін ажыратады. Мысалы:

І типті коллаген терінің дәнекер тінінде, сіңірде, сүйекте, көздің касаң қабығында, артерия қабырғасында және т.б. кездеседі;

ІІ типті коллаген гиалинді, фиброзды шеміршек, шыны тәрізді дене және көздің қасаң қабығының құрамына енеді;

ІІІ типті коллаген ұрық терісінің дермасында, ірі қан тамырларының қабырғаларында, сондай – ақ ретикулярлы талшықтарда болады.

ІV типті коллаген базальді мембраналарда, көз бұршағының капсуласында кездеседі;

V типті коллаген амнионда, хорионда, эндомизиде, перимизиде, теріде коллаген синтездеуші жасушалардың айналасында болады.

Ретикулярлы талшықтар коллагенді талшықтар типіне жатады, себебі оның құрамына коллаген белогы (ІІІ тип) мен қан түзу мүшелерінің ретикулярлы жасушалары синтездейтін көмірсутегі кіреді. және көміртек бар. Ретикулярлы талшықтар үш өлшемдi тор (ретикулум) түзедi.

Эластикалық талшықтар дәнекер тіндерінде серпімді және созылмалы болады. Беріктігі бойынша коллагенді талшықтардан төмен. Эластикалық талшықтардың құрамында микрофибриллярлы және аморфты компоненттерді ажыратады. Бұл талшықтардың құрамында фибробластар синтездейтін эластин белогы бар. Эластин белогында амин қышқылы аз, цистин мүлдем болмайды және амин қышқылының туындысы – десмозин мен изодесмозин болады. Эластикалық талшықтардың коллагенді талшықтардан айырмашылығы, оларда көлденең жолақты құрылым жоқ. Неғұрлым жетілген эластикалық талшықтарда аморфты кұрамның 90 % эластині болады. Жетілген эластикалық талшықтардан басқа, элаунинді және окситаланды талшықтарды ажыратады.

Аморфты зат- дәнекер тінінің жасушалары мен талшықтарынан түзілген, гидрофильді сұйық орта. Негізгі заттың құрамына - белоктар, қан плазмасы, су, органикалық емес иондар, протеогликан, глюкозаминогликан, майлар енеді. Негізгі заттың функциясы – қан мен жасуша арасында зат тасымалдау, механикалық, тіректік, қорғаныштық.

Көпқабатты эпителилер: көпқабатты жазық түленетін, көпқабатты жазық түленбейтін және көпқабатты ауыспалы эпителий. Көпқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.

Көп қабатты жазық мүйізделген эпителий терінің бетін жауып, эпидермис түзеді. Эпидермисте мүйіздену процесі жүреді. Ол эпителиальді жасушалардың- кератиноциттердің мүйізді қабыршақтарға түрленуіне байланысты. Эпидермисте жасушалардың бірнеше қабаттарын ажыратады – базалді, үшкіл, түйіршікті, жылтырауық және мүйізделген.

Эпидермис қабаттарында жасушалардың негізгі бөлімін кератиноциттер құрайды. Кератиноциттердің цитоплазмасында тонофиламенттерді қалыптастыратын кератинді ақуыз синтезделеді. Эпидермисте кератиноциттерден басқа жасушалардың дифферондары – меланоциттер, макрофагтар, лимфоциттер болады. Меланоциттер меланин пигменті арқылы теріне ультрокүлгін сәулесінен қорғайды, макрофагтар қорғаныштық иммундық реакцияларға қатысады.

Эпидермистің мүйізді қабаты жазық кератиноциттерден – мүйізделген қабыршақтардан түзілген. Қабыршақтардың арасында липидтерге бай цементтеуші заттар бар. Ең үстіңгі мүйізделген қабыршақтар бір-бірімен байланыстарын жоғалтып, эпителий бетінен ұдайы түсіп отырады. Көбею, түрлену нәтижесінде оларды жаңа мүйізделген қабыршақтар алмастырып отырады. Физиологиялық регенерацияны құрайтын осы процестің арқасында эпидермисте кератиноциттер әрбір 3-4 аптада толығымен жаңарып отырады.

Көп қабатты жазық мүйізделмеген эпителий көздің қасаң қабығын сыртынан қаптайды, ауыз қуысын және өңешті астарлайды. Онда үш қабатты ажыратады: базальді, үшкіл, жазық. Базальді қабат базальді мембранада орналасқан призмалы эпителиоциттерден тұрады. Олардың арасында митоздық бөлінуге қабілетті бағаналы жасушалар бар. Үшкіл қабат пішіні көпбұрышты жасушалардан түзілген. Эпителидің жоғарғы қабаты жазық жасушалардан тұрады. Соңғылары өздерінің өмірлік циклдарын аяқтайды және эпителий бетінен түседі.

Ауыспалы эпителий. Эпителидің бұл түрі несеп шығару жолдарын - қатты созылатын мүшелерді астарлайды. Онда жасушалардың бірнеше– базальді, аралық және жамылғы қабаттарын ажыратады.

Базальді қабаты ұсақ камбиальді жасушалардан түзілген. Аралық қабатта пішіні полигональді жасушалар орналасқан. Жамылғы қабаты өте ірі, пішіні күмбез тәрізді жасушалардан тұрады.

Жамылғы эпителилердің регенерациясы

Жамылғы эпителиге сыртқы орта ұдайы әсерін тигізетіндіктен, эпителиалды жасушалар салыстырмалы түрде жылдам тозады және өледі. Оларды қалпына келтіретін эпителидің бағаналы жасушалары. Олар бөлінуге қабілетті. Көп қабатты эпителилерде бағаналы жасушалар базальді қабатта болады, көп қатарлы эпителилерде оларға базальді жасушалар жатады, бір қабатты эпителилерде олар белгілі бір аймақта орналасады: мысалы, жіңішке ішекте – крипта эпителиінде, асқазанда – шұңқырлар эпителиінде. Эпителидің физиологиялық регенерацияға жоғары қабілеттілігі патологиялық жағдай кезінде оның жылдам қалпына келуіне мүмкіндік туғызады.

Жасқа байланысты жамылғы эпителидің жаңару процесі байқалады.

Ан жүйесі туралы ұғым. Қан мен лимфаның құрамы, оның негізгі қызметі. Гемограмма және лейкоцитарлық формула. Қанның жасқа қарай өзгеруі.

Қанның жалпылама жүйесіне 1) қан мен лимфа; 2) қан түзу мүшелері – қызыл сүйек кемігі, тимус, көкбауыр, лимфалық түйіндер; 3) қан түзуші емес мүшелердің лимфоидты тіндері жатады.

Ішкі ортаны байланыстырушы тіндерге қан, лимфа және дәнекер тіндері жатады. Бұл тіндердің шығу тегі бірдей – мезенхима болғандықтан, оларды бір топқа жатқызады.

Мезенхима – бұл эмбриондық кезеңде ғана болатын уақытша тін. Ол тармақтары бір - бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдызша пішінді жасушалардан құралған. Ол ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзіліп, олардың қуыстарын толтырады. Мезенхиманың даму көзі мезодерма болып табылады. Оның түзілуіне басқа да ұрықтық жапырақшалыр қатысады. Мезенхиманың жасушаларының ядролары ірі, пішіні сопақша цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондриялары көп.

Қан жасуша аралық зат – қан плазмасы мен оның формалық элементтрі: эритроциттер, лейкоциттер және қан тромбоцит табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Адам организмінде қан шамамен 5 л. Плазма қанның 55 – 60 % , ал формалық элементтер 40 - 45 % құрайды.

Қан функциялары. 1) тыныс алу (оттегін өкпеден басқа мүшелерге жеткізу және көмірқышқылын шығару);2) гомеостатикалық (қан ағзаның ішкі ортасының бір тұтастығын сақтауға қатысады);3) қорғаныштық (қан гуморалдық және клеткалық иммунитетті қамтамасыз етеді);4) бөлу (зат алмасу өнімдерін жою және бүйрекке жеткізу);5) трофикалық (мүшелерге қоректік заттардың жеткізілуі).

Ан плазмасы

Қан плазмасы сұйық жасуша аралық заттан тұрады. Оның құрамында 90-93% су, 6,6 – 8,5% белоктар және басқада органикалық заттар мен минералды қосындылар болады. Қан плазмасының негізгі белоктарына альбуминдер, глобулиндер және фибриногендер жатады.

Гемограмма және лейкоцитарлық формула:Медициналық практикада қан сараптамасының маңызы зор. Клиникалық сараптау кезінде қанның химиялық құрамын зерттейді және формалық элементтердің, гемоглобиннің, эритроциттердің резистенттілігін, эритроциттердің тұну жылдамдығын т.б. көптеген көрсеткіштердің мөлшерін анықтайды. Сау адамдарда формалық элементтер белгілі бір мөлшердегі қатынаста болады, оларды гемограмма немесе қан формуласы деп тайды.

Организмнің жағдайын бағалағау үшін лейкоциттердің дифференциалдық санағының маңызы зор. Лейкоциттердің белгілі бір проценттік қатынасын лейкоцитарлық формула деп атайды.

Қанның жасқа байланысқа өзгеруі:Эритроциттер саны туған кезде және өмірдің алғашқы сағаттарында ересек адамдардан көп болып, 6,0-7,0х1012 жетеді. 10-14 күндері ересек организмдегідей болады. Келешек уақытта (3-6 ай) эритроциттер саны азаяды, оны физиологиялық анемия дейді. Жыныстық даму кезеңінде эритроциттер саны ересек организмдегімен бірдей болады.

Лейкоциттер саны жаңа туған сәбилерде көбейіп, 10-30х109/л жетеді. Екі жұма ішінде олардың саны 9-15х10/л дейін азаяды. Жасы 14-15-ке келгенде, лейоциттердің саны ересектермен теңеседі. Нейрофильдер мен лимфоциттердің қатынасы жаңа туған сәби мен ересектерде бірдей. Келешекте лимфоциттер саны ұлғаяды да, нейтрофильдер саны азаяды. 4-ші тәулікте олар теңеседі (лейкоциттердің алғашқы физиологиялық тоғысуы). Кейіннен лимфоциттердің өсуі, нейтрофильдердің төмендеуі, лимфоциттердің 65%, ал нейтрофильдердің 25% болуына әкеледі. 4 жаста нейтрофиль мен лимфоциттер теңеседі. (лейкоциттердің физиологиялық екінші тоғысуы). Лимфоциттердің біртіндеп төмендеуі және нейтрофильдердің жоғарлауы жыныстық дамуға дейін созылады.

 

Балалардағы формалық элементтердің сандық қатынасы

Балалардың жасы Эритроциттер Лейкоциттер Тромбоциттер
Жаңа туған сәбилер 6,0-7,0х1012 /л анизоцитоз, ретикулоциттер көбейеді 30х109 200-300х109
10-14 тәулік Саны ересек адамдармен тең келеді 9-15х10 9  
3-6 ай Физиологиялық анемия    
Жыныстық даму кезеңі Саны ересек адамдарға тең келеді Саны ересек адамдарға тең келеді