Төсек жаймасын ауыстыру.

Төсек жаймасын аптасына бір рет гигиеналық ваннандан кейін ауыстырады. Кейбір жағдайда былғанған кезде қосымша ауыстырылады.

Бөлімшеде жаймалардың бір сөткелік қоры болу керек. Жаймаларды орталық жылуландырудың радиаторына жайып кептіріп, қайта науқасқа беруге болмайды. Ластанған жаймаларды клеенкалы қапқа салып дереу палатадан шығарады. Жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын мейірбике кіші мейірбикенің көмегімен ауыстырады. Науқасқа отыруға рұқсат болса мейірбике оны орындыққа отырғызады, ал кіші мейірбике бұл кезде төсек жаймасын ауыстырады. Төсектегі жатқан науқастың төсек жаймасын ауыстырғанда жайманы бас және аяқ жағынан валик тәрізде орап жайлап шығарып алады. Екі жағынан ортасына дейін оралған таза жайманы науқастың сегізкөзінің астына жайлап салып науқастың бас және аяқ жағына қарай бағыттап тегістеп жаяды. Жаймада қыртыстар болмау керек. Жайманы басқа тәсілмен ауыстыруға болады: науқасты төсектің қырына қарай аунатып, ластанған жайманы ұзынынан бинт тәрізді орап, оның орынан таза жайманы жаяды. Науқас көп физикалық күш жұмсамау үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысады.

Көз күтімі

Көрсеткіш: пациент жағдайының ауыр болуы.

Жабдықтар: (стерильді): лоток, пинцет, дәкелі дөңгелектер, көз), фурациллин ерітіндісі 1:2000, вазелинді май, мензурка, физиологиялық ерітініді, пипеткалар, қолғап, дезинфекциялық ерітінідісі бар ыдыс.

 

Таблица 1

Этаптар Негіздеу
1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.
2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
3. Көзді қарап, оның жағдайын бағалау  
4. Қолды жуып, қолғап кию. Инфекциялық қауіпсіздік
5. Жабдықтарды дайындау Жұмыста тиянақтылықты сақтау
6. Бір мензуркаға стерильді вазелинді майды, екіншісіне – фурациллин ерітіндісін құю. Асептиканы сақтау.
7. Мақта дөңгелегін пинцетпен ұстап вазелинді майға батырып, мензурканың қабырғасына тигізіп шамалы сығу.  
8. Мақта дөңгелегін оң қолға алып көздің қабағын оның сыртқы жағынан ішкі жағына қарай бағыттып сүрту. Іріңді қабыршықтарды жұмсарту және сыдыру.
9. Осы бағыт бойынша құрғақ мақта дөңгелектерімен көзді сүрту. Көздегі сыдырылған қабыршықтардан тазалауды қамтамасыз ету.
10. Мақта дөңгелектерін фурациллин ерітіндісіне батырып осы бағыт бойынша сүртуды қайталау. Көзді антисептикалық ерітінідімен тазалау.
11. Мақта дөңгелектерін ауыстырып көзді 4-5 рет сүрту.  
12. Көздің бұрышында іріңді бөліністер байқалса: а) сол қолдың сұқ және үлкен саусағымен қабақтың арасын ашып , ал оң қолмен пипетка арқылы коньюктива қуысын физ. ерітіндімен шаяды. б) осылайша құрғақ мақтамен сүртеді. в) Екінші көзді де осы тәсілмен тазалайды. Коньюктива қуысын тазалау.
13. Қолданған мақта, пинцет, мензурка және пипетканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады.  
14. Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады. Инфекциялық қауіпсіздік.
15. Қолды жуып, кептіреді. Жеке гигиена.

 

Лақ күтімі

Сыртқы құлақ түтігінде қоңыр-сарғыш масса - құлық болады, олар жиналып есту қабілітінің төмендеуіне себеп болады. Сау құлақты жылы сабынды сумен жуу арқылы күтуге болады. Сыртқы есту түтігін үшкір затпен тазалауға болмайды, себебі барабанды жарғақ немесе есту түтігінің қабырғасы тесілуі мүмкін. Құлаққа құлық жиналса мейірбике оны дәрігердің бақылауымен тазалайды.

Мақсаты: құлықтың жиналу себебінен есту қабілетінің төмендеуін болдырмау.

Көрсеткіш: төсек режимінде жатқан жағдайы ауыр науқас.

Қарсы көрсеткіш: құлақ қалқанының және сыртқы құлақ түтігінің қабыну аурулары.

Жабдықтар: (стерильді): лоток, пинцет, мензурка, мақта турундалары, қолғап, 3% сутегінің асқын тотығы, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс.

 

Таблица 2

Этаптар Негіздеу
1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.
2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
3. Қолды жуып, кептіру Қолды гигиеналық тазалау.
4. Стерильді мензуркаға 3% сутегінің асқын тотығын құю.  
5. Сабынды ерітіндісі бар ыдысты дайындау.  
6. Қолғап кию. Инфекциялық қауіпсіздік.
7. Салфетканы сабынды ерітіндіге малып құлақ қалқанын сүртіп, құрғақ салфеткамен кептіру Құлақ қалқанының гигиенасы.
8. Мақта турундасын пинцетпен алып 3% сутегінің асқын тотығы ерітіндісіне батыру. Құлақ түтігіндегі құлықты жібіту.
9. Турунданы оң жақ қолға алу.  
10. Есту түтігін түзулету үшін сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тарту Сыртқы есту түтігіне жету
11. Турунданы есту түтігіне 1 см тереңдікке енгізіп 2-3 минуттай айналдырып қозғалтады.  
12. Турунданы есту түтігінен айналдыра отырып шығарып алады . Есту түтігінен құлықты алу.
13. Екінші құлақтың есту түтігін осы тәсілмен тазалайды.  
14. Қолданылған турундаларды, пинцет, мензурканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады. Инфекциялық өңдеу.
15. Қолғапты шешіп, дезинфекциялау.  
16. Қолды жуып, кептіру. Жеке гигиена

 

Мұрынды күту

Жағдайы ауыр науқастардың мұрынының шырышты қабатында көп мөлшерде шырыш және шаң жиналып қалып, тыныс алуын қиындатып, науқастың жағдайын ауырлатады. Әлсіз науқастар өздігінен мұрын қуысын тазалай алмағандықтан мейірбике күнделікті мұрын қуысындағы қабыршақтарды тазалап отыру керек.

Мақсаты: мұрынмен тыныс алудың бұзылуын болдырмау.

Көрсеткіш: пациенттің жағдайының ауырлығы, мұрында бөліністердің болуы.

Жабдықтар: (стерильді): лоток, мензурка, пинцет, вазелинді май, мақта турундасы, қолғап, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс.

Міндетті жағдай: үшкір заттарды қолдануға болмайды.

 

Таблица 3

Этаптар Негіздеу
1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.
2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
3. Қолды жуып, кептіру Қолды гигиеналық тазалау.
4. Мензуркаға стерильді вазелинді майды құю. Қабыршықты жұмсарту үшін
5. Пинцетпен турунданы алып, вазелинді майға батырып, шамалы сығу  
6. Турунданы оң қолға алып, сол қолмен пациенттің мұрнының ұшын жоғары көтеріп, айналмалы қозғалыс жасап мұрын қуысына енгізу. Қабыршықты жұмсарту үшін
7. Турунданы мұрыннан айналдыра отырып шығару Қабыршықты алу
8. Екінші мұрын қуысын осылайша тазалау  
9. Қолданған турунданы, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады. Инфекциялық қауіпсіздік.
15. Қолғапты шешіп, дезинфекциялау.  
16. Қолды жуып, кептіру. Жеке гигиена

 

Ауыз қуысын күту

Ауыз қуысына көптеген микробтар жиналады, сондықтан олар организм әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын түғызып, адамның жалпы жағдайын нашарлатады. Жалпы режимдегі пациенттер ауыз қуысын өздері тазалап, күтеді. Жағдайы ауыр науқастардың ауыз қуысын әрбір тамақ ішкеннен соң мейірбике өңдеп отырады. Ол науқастарда көбнесе ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы – стоматит жиі дамиды: тамақ ішкенде ауырсыну сезімі болады, сілекей ағып, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ауыз қуысының шырышты қабатын медикаментозды емдеу оны шаю мен аппликациялау арқылы жүзеге асырылады. Аппликация - бұл дезинфекциялық ерітіндіге малынған салфетканы 3-5 минутқа ауыз қуысына салу. Бұл емшараны бірнеше рет қайталайды. Кейбір жағдайда науқастарда еріндері кеуіп, ауызының бұрышында тілінулер байқалады. Науқастың жағдайын жақсарту үшін суға батырылған салфетканы ерінге жабады, одан соң ерінге май жағады. Ауызды керіп ашуға, тіліктерді қолмен ұстауға және пайда болған қабыршықтарды жұлып алуға және тіс щеткасын қолдануға болмайды. Ауыз қуысын әрбір тамақтанған соң шайып отыру керек.

Ауыз қуысын өңдеу

Мақсаты: стоматиттің дамуын болдырмау.

Көрсеткіш: жағдайы ауыр, әлсіреген, қызуы көтеріліген науқастар.

Жабдықтыр (стерильді): лоток, 2 пинцет, салфеткалар, 2 шпатель, алмұрт тәрізді резеңкелі баллон немесе Жанне шприці, вазелин, гидрокарбонат натрий ерітіндісі бар флакон, 1% бриллиант көгі ерітіндісі, мензурка, орамал, суы бар стақан, лоток, дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдыс.

Міндетті жағдай: ауыз қуысын әр бір тамақтанғаннан соң шаяды, ал тісті күніне 2 рет тазалайды. Жағдай ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатын және тісін 2 рет антисептикалық ерітіндімен сүртеді.

 

Таблица 4

Этаптар Негіздеу
1. Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
2. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құю.  
3. Пациенттің басын бір қырына бұруға көмектесіп, мойны мен кеудесіне клеенка жабу, иегінің астына лоток қою. Үстінде киімді былғамау
4. Қолды жуып, кептіру Қолды гигиеналық тазалау.
5. Науқастан тістерін біріктіруді сұрау. Процедураны жүргізуге ыңғайлы болу үшін.
6. Ұртын шпательмен ашып, пинцетпен дәкелі шарикті антисептикалық ерітіндіге батырып, әрбір тісті қызылиектен бастап сүру, азу тістерден бастап алдыңғы тістеріне қарай сыртқы жағынан сүрту . Сілекей бездеріне инфекция түспеуін алдын-алу үшін.
7. Мақта шаригін лотокқа тастап, оң жағын осылайша сүртеді. Инфекциялық қауіпсіздік
8. Пациенттен аузын ашуын сұрап, дәкелі шарикті ауыстып, басқа тазасын алып анитсептикалық ерітіндіге батырып, әрбір тісті қызылиегінен бастап, азу тістерден алдыңғы тістерге дейін ішкі жағын сүрту. Ауыз қуысының жеке гигиенасы.
9. Таза дәке шаригін алып антисептикалық ерітіндіге батырып, жағдайы ауыр науқастың тілін тазалау.  
10. Пинцетті лотокқа салу.  
11. Науқасқа аузын шаюға көмектесу немесе резеңкелі алмұрт тәрізді баллонмен шаю. Баллонды қысып ішіндегі суды шашырату арқылы алдымен сол жақ, содан соң оң жақ ұртты жуады. Тамақ қалдықтарын, іріңді механикалық жолмен тазарту.
12. Ауыздың айналасын құрғақ салфеткамен құрғатып сүртіп, ерінге вазелин жағады, еріндегі тіліктерді 1% бриллиант көгімен өңдейді. Тамақ ішкенде науқастың жағдайын жақсартады.
13. Қолданған құралдарды, дәкелі шариктерді дезинфекциялық ерітінді құйылған ыдысқа салады. Инфекциялық қауіпсіздік.
14. Қолғапты шешіп, дезинфекциялау.  
15. Қолды жуып, кептіру. Жеке гигиена