Жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу

 

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі

 

Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы Сипаттамасы
Жане шприці Көлемі 150 мл
Бір рет қолданатын қуық катетері Полихлорвинильді, ұзындығы 40және 15 см
Марлілі тампон-шариктер Диаметрі 1,5 см
Лубрикант, вазелин майы бар стерильді ерітінді Көлемі 50 мл флакон
Медициналық қолғаптар Латекс
Медициналық үстел Металлды, стандартты егу бөлмесіне арналған
Медициналық астау Металлды, сыйымдылығы 300 мл
Қолданған заттарды тастауға арналған контейнер Пластмассалы, стандартты, сыйымдылығы 3 литр
Судно немесе зәр жинауға арналған ыдыс Металлды, сыйымдылығы 1,5 литр
Медициналық пинцет Металлды стандартты
Медициналық салфеткалыр Мата, көлемі 50х50 см
Бикс Металлды хромирленген
Кір сабын 50 грамм
Орамал 70х40 см,
Қолды сүтруге арналған салфеткалар 40х40 см
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска Көпқабатты дәкелі

 

 

Қуықты катетерлеуді орындау алгоритмі

 

  1. Науқаспен сенімді қатынас орнатып, емшараның мақсатын түсіндіру
  2. Пациентке манипуляцияның өткізілу барысын және мақсатын түсіндіру
  3. Катетеризацияны жүргізуге пациенттің келісімін алу
  4. Манипуляцияны жүргізу барысында байсалдылық, сенімділік сақтау
  5. Қолды гигиеналық әдіспен ұқият өңдеу
  6. Салфеткамен немесе таза орамалмен құрғатып сүрту
  7. Маска кию
  8. Қолғап кию
  9. Бір рет қолданылатын катетері бар қорапты медициналық үстелге қою
  10. Пациентті кушеткаға арқасымен ыңғайлаы етіп жатқызу
  11. Пациенттің белінің астына жайпақ жастықшаны салу
  12. Жамбасының астына клеенка жайып, аяғының арасына судно немесе зәр қабылдағыш ыдысты қою
  13. Пациенттен аяғын бүгіп, шат аралығын ашуын өтіну
  14. Пациентке қолданытын катетердің түрі туралы ақпарат беріп, оның келісімін алу
  15. Пациенттің сыртқы жыныс мүшесін жылы сумен сабындап жуып, орамалмен құрғатып сүрту
  16. Сыртқы жыныс мүшесін және уретраның тесігін фурациллин ерітіндісімен өңдеу
  17. Қолғапты ауыстыру
  18. Катетеризацияға қажетті жабдықтарды дайындау. Қораптан катетерді алу
  19. Катетердің домалақтанған дистальді ұшына стерильді вазелин майын жағу
  20. Оң қолға пинцетті алу
  21. Катетердің бүйір тесігі бар дистальді ұшынан 4-6 см қашықтықтан пинцетпен ұстау
  22. Катетердің сыртқы ұшын оң қолдың саусақтарының сыртқы жағынан айналдыра 4-5ші саусақпен зондтың бос ұшынан ұстау
  23. Сол қолмен үлкен жыныс еріндерін ашу (ер адамдарда салфеткамен жыныс мүшесін ұстау)
  24. Катетерді уретраның сыртқы тесігіне енгізу (әйел адамдарда клитордан төмен, ер адамдарда жыныс мүшесінің ұшында орналасқан)
  25. Катетерді уретраның бойымен баяу 4-6 см-ге дейін жылжып, бос ұшын астауға түсіру. Ер адамдарды жыныс мүшесін ұстап катетерді зәр шығатын түтікшеге баяу енгізіп, физиологиялық тарылулардан өту
  26. Катетердің сыртқы ұшынан зәр ақса, осы ұшын зәр қабылдайтын ыдысқа салу
  27. Қажет болған жағдайда қуықты Жане шприцінің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу
  28. Қуықтан катетерді шығарып алу
  29. Қажет болған жағдайда катетерді ұзақ уақытқа қалдыру (бірнеше сағат, сөтке), катетердің ішкі каналына стерильді ерітінді немесе антисептикалық ерітіндіні енгізіп Фалея катетерін қолдану
  30. Зәр құйылған ыдысты алу
  31. Науқасқа тұруына көмектесіп, жағдайын сұрау
  32. Қолғап және масканы шешу
  33. Пациентті палатасының есігіне дейін шығарып салу немесе кресло-каталкамен тасымалдау

 

Коротков әдісімен артериялық қысымды өлшеу

 

 

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құралдардың тізімі

 

Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы Сипаттамасы
Тонометр Механикалық шкаласы бар, 300 мм сн.бғ. дейін градуирленген
Фонендоскоп Стандартты
Дәкелі тампон-шариктер Диаметрі 1,5 см
Антисептик ерітіндісі Көлемі 50 мл флакон
Жазу үстелі Стандартты
Кір сабын 50 грамм
Орамал 70х40 см,
Қолды сүтруге арналған салфеткалар 40х40 см
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска Көпқабатты дәкелі

 

Артериялық қысымды өлшеу алгоритмі

  1. Пациентпен сенімді қатынас орнатып бірнеше уақыттан соң оның артериялық қан қысымы (АҚҚ)өлшенетіндігін айту
  2. Науқастан жағдайын және қабылдаған емнің нәтижесі туралы сұрау
  3. Пациентті орындыққа отырғызу
  4. Қолды гигиеналық тәсілмен жуып, таза орамалмен кептіру
  5. Егер науқас тыныс алу жолдарының ауыруына шағымданса маска кию
  6. Қан қысымын өлшеуді пациент бөлмеге кіргеннен соң 15 синуттан кейін бастайды (егер гипотониялық және гипертониялық криз жағдайы болмаса)
  7. Пациенттен үстелге қолын жазып ұсынуды сұрау
  8. Шынтағының астына жастықша немесе валик қояды
  9. Пациенттің иығының айналымына сәйкес келетін манжетті таңдау
  10. Қолынан сырғымайтындай және манжет пен терісінің арасынан сұқ саусақ өтетіндей етіп манжетті пациенттің иығына орау
  11. Дәрігерге алғаш рет келген науқастан қан қысымының қандай деңгейде болатындығын сұрау
  12. Пациенттен систолалық және диастолалық қысымың қандай деңгейінде өзін жақсы сезінетітін және қан қысымын соңғы рет қашан өлшегендігі тжайлы сұрау
  13. Пациенттен өзін еркін және дене бұлшық еттерін бос ұстауын өтіну
  14. Манометрді металлды ілгіші арқылы манжетке ілу
  15. Білезік артериясынан пульсті анықтау
  16. Фонендоскоптың басын пациенттің шынтақ шұңқырының терісіне қою
  17. Шынтақ артериясынан тамыр тондарын есту
  18. Манометр шкаласындағы тілдің жағдайын анықтау, ол «0» белгісінде тұру керек
  19. Оң қолдың саусақтарымен резеңкелі баллонның бұрандысын(сағат тілі бойынша) жабу
  20. Манометрдің тілі «30 мм сн.бғ» деңгейіне жеткенше ауаны тез үрлеу
  21. Пульс және артериядағы тамыр тондары естілмегенше ауаны баяу үрлеу, следя за тем, чтобы стрелка остановилась на цифрах, соответствующих значениям АД, на 20-30 мм рт.ст., превышающим предполагаемое АД пациента
  22. Манжеттегі ауаны баяу шығару, секундына 2-3 мм сн.бғ. асырмау
  23. Шкаладан пульс толқынының алғашқы соққысын анықтау, ол пациенттің систолалық қан қысымының деңгейіне сәйкес келеді
  24. Манжеттегі ауаны шығаруды жалғастырып манометр шкаласынан тондардың естілуі тоқтаған деңгейді белгілеу
  25. Қан қысымының деңгейін анықтаған соң манжеттегі ауаны толық шығару
  26. Қан қысымын алдымен сол қолдан, одан кейін оң қолдан өлшенеді
  27. Егер апциенттің қан қысымы жоғары болса өлшеу әр қолдан үш рет қайталанып, ең төмен көрсеткіші белгіленеді
  28. Манжетті шешіп, қан қысымының көрсеткішін пациентке айту
  29. Манометрді қабына салу
  30. Фонендоскоптың басын және оливасын сабын сумен немесе антисептик ерітіндісімен өңдеп, салфеткамен құрғату
  31. Қан қысымының көрсеткішін пациенттің картасына немесе температура парағына белгілеу

 

 

Тазалау клизмасы

 

Дағдыны меңгеруге қажетті медициналық құрал-жабдықтар тізімі

 

Медициналық жабдықтардың немесе құралдардың атауы Сипаттамасы
Эсмарх кружкасы Резеңкелі, сыйымдылығы 3 литр
Қысқышы немесе бұрандысы бар жалғайтын түтікше Резеңкелі, ұзындығы 1,5 метр
Штатив Металлды, биіктігі 2 метр
Тік ішек ұштықтары Полихлорвинильді, қатты
Салфеткалар және жайма шыт, көлемі 1х1 метр
Кір сабын 50 грамм
Орамал 70х40 см,
Қолды сүтруге арналған салфеткалар 40х40 см
Жоғарға тыныс алу жолдарын қорғауға арналған маска Көпқабатты дәкелі
Алжапқыш Клеенкалы
Клеенка Көлемі 2х3 метр
Медициналық вазелин Қатты, флакон сыйымдылығы 30 мл-ге дейін
Су температурасын өлшеуге арналған термометр Пластмасс корпусында
Шпатель Металлды
Судно Металлды, сыйымдылығы 3 литр
Шара Металлды, эмальды, сыйымдылығ 8 литр
Қолғаптар Латексті

 

 

Тазалау клизмасын жүргізу алгоритмі

 

1. Пациентпен сенімді қатынас орнату