Пән бойынша тесттік тапсырмалар 7 страница

Мүмкін болатын диагнозы кандай?

| тырысқақ

| Дизентерия

| Эшерихиоз

| Жалған туберкулез

| ішек иерсиниозы

~ Антропонозды жұқпалар жағдайында эпидемиялық ошақтағы медициналық бақылауды:

| науқаспен қатынасқа түскен тұлғалардың барлығы

| тек науқасқа үйінде күтім жасайтын тұлғаларға

| тек коммуналдық пәтердегі науқастың отбасы мүшелеріне

| тек науқастанғандармен бірге тұратын кішкентай балаларға

| декретивті топқа жатқызылған тұлғаларға орнатылады

~ Жұқпалы науқас туралы шұғыл хабарламаны жіберу керек?

| санэпидбақылаудың өңірлік орталығына

| денсаулық сақтау басқармасына

| аудандық зертханаға

| дезинфекциялық бекетке

~ Белгілердің келесі жиынтығы: жедел басталу, дене қызуы қалыпты, тәулігіне 7-10 рет, жиі, сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжіс, іште ауырсыну жоқ, жүрек айнусыз лоқсу – қандай ауруға тән:

| тырысқаққа

| дизентерияға

| эшерихиозға

| жалған туберкулезге

| ішек иерсиниозына

~ Келесі белгілер жиынтығы қандай ауруға тән: аурудың басталуы біртіндеп, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дененің қызуы 39-40С-қа дейін көтерілгені анықталған (5 күн ішінде), сылбырлық, тері жабынының бозаруы, іштегі көп емес розеола бөртпесі. Тамыр соғысы минутына 82 (дене қызуы 39,5С болған кезде), іші кепкен, бауыр мен талақ үлкейген, Падалка белгісі оң.

| Іш сүзегі

| Кене бөртпе сүзегі

| Эпидемиялық бөртпе сүзек

| Безгек

| Жіті сарып

~ Науқас С., 35 жаста, клиникаға аурудың 10-күні ауыр жағдайда түсті. Дене қызуы 39,4 С. Шағымы: әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлығы, іштің кебуіне. Тексеру кезінде: тері жабынының бозаруы, іштің терісінде бірен-саран розеолалар, ЖЖЖ минутына 68, АҚҚ 95/60 мм сын.бағ., тілінің түбірінде ақ түсті жамылғысы бар, бауыр мен талақ ұлғайған. Санасы сақталған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер тағайындаған жөн?

| Өтті ортаға қанды себу

| Жалпы қан талдауы

| Қан мен несепте диастаздарды анықтау

| Бауыр мен талақтың УДЗ-і

| Қанның биохимиялық талдауы

~ Іш сүзегі диагнозымен науқастың ауыруыдың 19-күні қатты әлсіздік, бас айналу, құлақтағы шу пайда болған, дене қызуы 35,5 С, өңі солғын, тамыр соғысы әлсіз, минутына 120 рет, нәжісі қара.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

| Ішектегі қан кету

| Ішектің өтімсіздігі

| Ішек перфорациясы

| Ішек пенентрациясы

| Перитонит

~ Науқас жуылмаған алмаларды жегеннен кейін кейін ауруының 2-ші күні түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7 С. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәріздес ауырсынулар бар. Сигма жиырылған, пальпацияда ауырсынады. Дәреті аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет.

Мейлінше ықтимал диагнозы қандай?

| Жедел дизентерия

| Сальмонеллез

| Амебиаз

| Тағамдық улану

| Эшерихиоз

~ АИВ – инфекциямен ауырған науқастарды спецификалық емдеу үшін қандай препараттарды тағайындайды?

| АИВ кері транскриптазаның ингибиторлардың цитостатикалармен тіркесуі

| АИВ кері транскриптазаның ингибиторы

| АИВ протеазаның ингибиторы

| АИВ кері транскриптазаның ингибиторлардың протеазамен тіркесуі

| АИВ протеазаның ингибиторы иммуностимулятормен тіркесуі

~ Науқас 28 жаста, жақында ыстық аймақта болған. Ол жақта қайнамаған су ішкен. Әлсіздік, дене қызуы жоғары, тәбетінің болмауына шағымданады. Серологиялық мғліметтер: HbsAg -, anti-HBs -, anti-HBcor IgM -, anti-HBcor Ig G -, anti-HЕV IgM +. Болжам диагнозы қандай?

| Вирусты гепатит А

| Вирусты гепатит В

| Созылмалы вирусты гепатит В

| Жедел вирусты гепатит С

| Созылмалы вирусты гепатит С

~ Науқас 24 жаста. Ауру кенеттен басталды. Дене температурасы 40 С дейін жоғарылауы, жүрек айнуынсыз құсу, бастың және көз аймағының қатты ауруы. Бұлшықеттер мен буындардың ауруы, құрғақ жөтел және көкірек аймағының ауруына шағымданды. Объективті қарағанда, тері жамылғыларының қызаруы, конъюктивит, склерит, жұтқыншақтың артқы қабырғаларының гиперемиясы байқалды, өкпеде визикулярлы тыныс. Ұжымда ЖРВИ аурулар бар. Болжам диагноз қандай:

| Грипп

| Парагрипп

| Паратиф В

| РС-инфекция

| Аденовирустық инфекциясы

~ Науқас 48 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,6 С дейін көтерілуі, әлсіздік, жүрек айну, көп мөлшерде құсу, ішінің кіндік бөлімінің ауруы, жиі сұйық, көп мөлшерде жасыл түсті, сасық иісті нәжіс болды. Ауруды шикі жұмыртқа жеумен байланыстырады. Қандай диагноз қойылады:

| сальмонеллез

| дизентерия

| холера

| иерсиниоз

| эшерихиоз

~ Науқас 38 жаста, кенеттен ауырды. Дене қызуы 38,7 С дейін көтерілген, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, көп рет құсу, сұйық нәжіс болған. 3 күнге қарай сұйық нәжіс 20 ретке дейін жиіленіп, іштің сол жақ аймағының ұстамалы, нәжісі ректальды түкірік тәрізді болған. Қарағанда: науқас бозарған, көзінің асты көгерген, ҚҚ 130/70мм.с.б, пульсі 100 рет мин. Іші тартылған, сигма тғрізді ішектің спазмы, нғжісі аз мөлшерде, шырыш пен қан жалқаяқтарымен араласқан. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындайсыз?

| Нәжісті бактериологиялық зерттеу

| Жалпы қан анализі

| Копрограмма

| Қанды бактериологиялық зерттеу

| Зәрді бактериологиялық зерттеу

~ Науқас 40 жаста температураның 38,5 С жоғарлауына, жеңілдік әкелмейтін құсу мен іштің барлық бөлімінің ауруына, тәуілігіне 7 рет сұйық нәжістің болуына шағымданып, аурудың 5 күні түсті. Іштің кебуі, ішек бойымен ауруы байқалады. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5-2 см шығыңқы, көкбауыр 3 см-ге, нәжіс сасық шырышпен және жасыл түсті. Ауруын торт жеумен байланыстырады. Дәрігер тактикасы кандай?

| Глюкоза-тұзды ерітіндіні тамыр ішіне енгізу, ципрофлоксацин тағайындау

| Жаңа мұздалған плазманы, б/і преднизолон тағайындау

| Асқазанды жуу, фуразалидон тағайындау

| Тазартқыш клизма, ципрофлоксацин тағайындау

| Құрсақ қуысының рентгенографиясы

~ Науқас 45 жаста емханаға келді. Эпиданамнезінде 2 ай бұрын өт жолдарына операция жасапты. Шығарылғаннан кейін өзін қанағатты сезінген. Соңғы жұмада қатты әлсіреу, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, ірі буындардың ауруы, зәрдің қарайуы пайда болды. Қарағанда тері жамылғылары мен склерасы сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 2,5 см төмен пальпацияланады, оның шеті тегіс, ауырмаған. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген жөн?

| HBs Ag, anti HBcor Ig M, anti HBcor Ig G

| anti HBcor Ig M, anti HAV Ig M

| HBs Ag, anti HAV Ig M

| anti HBcor Ig G, anti HCV Ig M

| anti HEV Ig M

~ 22 жасар науқас жұқпалы ауруханаға түскенде бірінші тәулігінде қатты бас ауруы, құсу, температураның 40 С көтерілуі. Эпид. анамнезінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Объективті қарау кезінде есін біледі, бірақ көзі жұмылған, сұрақтарға дұрыс бірақ қиындықпен жауап береді. Терінің сырты таза, түсі сұр, склералар инъекцирленген. Аңқада салыстырмалы гиперемиясы бар. Екі жақтың Кернинг симптомы және желке бұлшықетінің ригидтілік байқалады. Қандағы көрсеткіштер: лейкоциттер 18*10

9/л, П-12%, С-72%, Л-16%, ЭТЖ-42 мм\ч. Алғашқыда қандай емді тағайындау қажет:

| Пенициллин, преднизолон, маннитол

| Диклофенак, супрастин, ципрофлоксоцин

| Бисептол, фуросемид, лоперамид

| Пенициллин, гентамицин, димедрол

| Цефазолин,левомицитин, манитол

~ Бруцеллездің инфекциялық белсенділігін сипаттайтын белгі:

| Қызба, бауырдың ұлғаюы, микрополиаденит

| Бастың ауруы, ұйқысыздық, бастың айналуы

| Әлсіздік, жайсыздық, тез шаршағыштық

| Тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы

| Буындарда және бұлшық етте ауырсыну

~ Науқаста төмендегі белгілердің қайсы байқалғанда АИВ-инфекциясына зерттеу жүргізіледі?

| Микрополиаденит, субфебрилитет, бір ай көлемінде диарея, дене

салмағының төмендеуі

| Екі апта бойы субфебрилитет және шап лимфаденит

| Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит

| Микрополиаденит, субфебрилитет, бір апта көлемінде полиартрит

| Микрополиаденит, субфебрилитет, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы,

полиартралгия

~ Қыз бала 2 жаста, салмағы 12 кг, денетемпературасы 37,5 С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Жөтел 3 күн бойы мазалайды. ТАЖ 48 рет минутына. Кеуде клеткасының ішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша «жөтел» мәселесін жіктеңіз.

| Пневмония

| Ауыр пневмония және өте ауыр ауру

| Пневмония жоқ, жөтел не суық тию

| Пневмония жоқ, астмоидты тыныс

| Мүмкін бактериальды инфекция

~ Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған.Объективті: терісі таза, бозғылт. Аранда – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты, алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз,

| энтеровирусты инфекция, герпангина

| Лакунарлық баспа

| ЖРВИ, жедел бронхит

| Фолекулярлы баспа

| аран дифтериясы

~ Науқас Н. 26 жаста, аңшы, сырқатының 17-ші күні учаскелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: басының шамалы ауырсынуы, дене қызуының 38,5 C жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, қолы мен аяқтарының ірі буындарының ұшпалы ауырсынуы. Ауылдық мекенде тұрады., малярия мен бруцеллезге эндемиялық болып табылады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7 C. Тері жамбындысы жоғары ылғалдылықта, микрополиаденит. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, пульс 112 рет минутына. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланады. Бұл науқаста қандай терапия негізгі болып табылады және неліктен?

| Антибактериальды (этиотропты), себебі патогенезінде бактеремия

| Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде интоксикация негізгі болып

табылады

| Қабынуға қарсы, себебі патогенезінде серозды қабыну

| Иммуннореттеушіокорригирующая, себебі патогенезінде екіншілік

имммунодефицит

| Антигистаминді, себебі патогенезінде жедел типтегі жоғары сезімталдық

~ Науқаста келесі клиникалық көріністер: 10 күн ішінде тұрақты түрде қызба, айқын бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қозғыштық, сөзшеңдік, сырқатының екінші аптасында тежелген. Кеуде қуысының бүиір беткейінде көбірек оргналасқан көп мөлшерде розеолезді петехияльды бөртпе. Киари-Авцын, Говоров-Годелье симптомдары оң. Бауыры мен көкбауырының ұлғаюы. Диагнозды нақтылайтын арнайы оң нәтиже қайсы?

| Серологиялық реакциялар (РПГА,РСК)

| Қанды бактериологиялық стерильділікке тексеру

| Қанды қараңғы көру алаңында тексеру

| Үлкен тамшы түрінде қанды зерттеу

| Жұп сарысу әдісімен серологиялық реакция

~ Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,6 С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,5 С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз

| Аденовирусты инфекция

| Қызылша

| Риновирусты инфекция

| Респираторно-синцитиальды инфекция

| Тұмау

~ Науқас Н., 18 жаста, балабақшада тәрбиеші, дәрігерге келесі шағымдармен келді: перианальды қышуға, әсіресе түнде, ұйқысының бұзылуы, басының ауруына, тітіркенгіштікке, тәбетінің төмендеуіне, іштің ауырсынуына, шырышты сұйық нәжіске, соңғы 3-4 күнде жыныс мүшелерінің маңайында қышу, ашу сезімі мазалайды. Сіздің диагнозыңыз?

| Энтеробиоз

| Аскаридоз

| Описторхоз

| Тениоз

| Тениаринхоз

~ Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

| Сіреспе

| Құтыру

| Кене энцефалиті

| Жара ботулизмі

| Менингит

~ Поликлиниканың дәрігеріне науқас келді. Шағымдары: әлсіздік, көз алдында қосарлану, бір реттік құсу, көз алдында «тұман», «тор» елестері. Науқастың ауырғанына бір күн болды. Оның алдында саңырауқұлақ қосылған көкөніісті үй консервісін жеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық Дене қызуы 36,8 C. Даусы қатты , екі жақтан шамалы птоз, мидриаз, анизокория.Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, пульс 76 р/мин. АҚҚ110/60мм с. Б. Тілі ылғалды, жұтынуы еркін. Іші жұмсақ. Дәреті қалыпты. Науқасқа қандай терапия негізгі боып табылады және неліктен?

| Серотерапия (спецификалық сарысуды енгізу), өйткені патогенезінде негізі фактор экзотоксин болғандықтан

| Этиотропты, өйткені патогенезінде негізі фактор бактеремия болғандықтан

| Дезинтоксикациялық, өйткені патогенезінде негізі фактор эндотоксин

болғандықтан

| Қабынуға қарсы, өйткені патогенезінде серозды қабыну негізгі

болғандықтан

| Десенсебилизирлеуші, өйткені ГНТ дамуда

~ 12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.

| Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

| Диарея. Шамалы сусыздану. Бжоспары 4-сағат ішінде

| Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

| Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

| Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

~ Тұмау кезінде антибиотиктерді тағайындауға көрсеткіш:

| екіншілік инфекцияның қосылуы

| 40 С дейін дене қызуының көтерілуі, айқын интоксикация

| Қызбаның үш күнге дейін созылуы

| гриптің акатаральді түрі

| Қарт адамдардағы грипп

~ Қандай гельминтозда гипербилирубинемия байқалады?

| описторхоз

| трихинеллез

| тениоз

| энтеробиоз

| гименолепидоз

~ Науқас 26 жаста, бизнесмен, емхана дәрігеріне мынадай шағымдармен келді: мойынында лимфа түйіндерінің ұлғаюына. Ауырғанына жарты жыл болды. Дене қызуы қалыпты. Объективті: Жағдайы қалыпты. Алдыңғы және артқы лимфа түйіндері 1,0 см ұлғайған, қолтықасты-1,5 см дейін, шап-1,0 см, дейін тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырмайды. Қолда бірнеше инъекция іздері бар. Ішкі ағзалар жағынан өзгеріс жоқ. Ішкі ағзалар лимфа түйіндері ұлғаймаған. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген жөн?

| ИФА қан алу

| Видаль реакциясына қан алу

| Райт реакциясына қан алу

| Пауля-Буннел реакциясына қан алу

| Хеддлсон реакциясына қан алу

~ Науқас 26 жаста, лоқсу сезіміне, көп құсуға, жиі сұйық, аз мөлшерде , қан аралас үлкен дәретке, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып келді. Ауруын қайнамаған суды ішумен байланыстырады. Болжам диагноз қандай?

| Дизентерия

| Сальмонеллез

| Холера

| Иерсиниоз

| Эшерихиоз

~ 42 жастағы науқас жұқпалы аурулар ауруханасына көп рет фонтан тәрізді құсуға, күріш қайнатпасы сипатты жиі сұйық үлкен дәретке шағымданып жатқызылды. Қарағанда терісі мен көрінетін кілегейлі қабаттары құрғақ. Терісінің тургоры төмендеген. Дене температурасы 35,3 С. Дене температурасының төмендеуі себебі қандай:

| Гемодинамика бұзылысы, дегидратация

| Дегидратация, метаболиттік ацидоз, гипокалиемия

| Аденилциклазаның активациясы, электролиттер мен судың секрециясының

жоғарылауы

| Дегидратация, гипокалиемия, ацидоз

| Дегидратация, гиповолемия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі

~АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

| Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

| Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

| Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

| Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

| Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

~ Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?

| Грипп

| Аденовирусты инфекция

| Энтеровирусты инфекция

| Парагрипп

| Риновирусты инфекция

~ 40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

| Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

| Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

| Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

| Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

| Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

~ 20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.

Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?

| II дәрежесіне

| 0 дәрежесіне

| I дәрежесіне

| III дәрежесіне

| IV дәрежесіне

~ 17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39 С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанұясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3 С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

| Жедел бруцеллёз

| Иерсиниоз

| Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

| Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

| Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

~ 32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39 С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

| Псевдотуберкулёз

| Жәншау (Скарлатина)

| Лептоспироз

| Қызылша

| Листериоз

~ 35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40 С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.

Объективті: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

| Иммуноглобуллин

| Дексаметазон

| Цефтриаксон

| Ацикловир

| Вакцина

~ 21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.

ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.

Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?

| Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

| Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л

| Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л

| Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

| Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

~ 25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39 С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.