Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері

1. Істен шықпаушылық— объектінің қандай да бір уақыт немесе қандай да бір істелген жұмыс уақытында жұмысқа қабілеттікті үздіксіз сақтау қасиеті. Істен шықпаушылық қасиеті объектінің оның жұмыс істеу ре­жимінде де, жұмысты күту режимінде де тағайындалуына байланысты айқындалады.

2. Ұзақ мерзімділік— объектінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін үзілістері мүмкін болатын шекті күйге өткенге дейінгі жұмыс-қа қабілеттілікті сақтау қасиеті. Істен шықпаушылық қасиетінен ерекшелі-гінде ұзақ мерзімділік объект жұмысының ұзақтығын оның жоспарлы және жоспарлық емес жөндеудегі және техникалық қызмет көрсетудегі жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін мерзімдермен үзілетін жиынтық істел-ген жұмыс бойынша сипаттайды.

3. Жөндеуге жарамдылық — объ­ектінің тех­никалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу жолымен істен шығу мен бұзылуды ескертуге және байқауға, жұмысқа қабілеттілік пен жарамдылықты қалпына келтіруге бейімділігі қасиеті. Жөндеуге жарамдылық қасиеті МЖ (машиналарды, агрега­ттарды, құрама бірліктер мен тетіктерді) құрастыру шешімін, сондай-ақ қолайлылығы мен жеңіл алынушылығын сипаттайды.

4. Сақталушылық— объектінің күту, сақтау және (немесе) тасымал-дау режимі бойында және (немесе) жарамды және (немесе) жұмысқа қабі-летті күйді үздіксіз сақтау қасиеті. Сақталушылық қасиеті объектінің оны ұзақ сақтау немесе тасымалдау факторларының теріс әсеріне қарсы тұру және тұтас алғанда объектінің де, оның элементтерінің де істен шықпау-шылығы мен ұзақ мерзімділігі көрсеткіштерін сақтап, жұмыс істеудің беріл-ген көрсеткіштерімен күту режимінен соң оның қолданылуын қамтамасыз ету қабілетін сипаттайды.

Барлық қызмет ету мерзімі бойында оны қолдану, сақтау, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезеңдерінде машина жасау бұйымы ылғи да төрт күйдің біреуінде болады: жарамды, жарамсыз, жұмыс-қа қабілетті, жұмысқа қабілетсіз. Жұмысқа қабілетсіз күйдің ерекше түрі шекті күй болып табылады. Объектінің бір күйден екіншіге ауысуы бұзылу немесе істен шығу оқиғаларымен белгіленеді.

5. Объектінің күйі. Жарамды күйі (жарамдылық) —объектінің ол кезде нор­мативтік-техникалық құжаттың (НТҚ) барлық талаптарын қанағаттандыратын күйі.

Жарамсыз күйі (жарамсыздық)— объектінің ол кезде тым болмаса НТҚ біреуін де қанағаттандырмайтын күйі.

Жұмысқа қабілетті күйі (жұмысқа қабілеттілік)— объектінің ол кезде оның берілген функцияларын орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері НТҚ талаптарына сәйкес келетін күйі.

Жұмысқа қабілетсіз күйі (жұмысқа қабілетсіздік) —объектінің ол кезде оның берілген функцияларын орындау қабілетін сипаттайтын тым болмаса бір параметрінің мәні НТҚ талаптарына сәйкес келмейтін күйі.

Шекті күйі —объектінің оған қол жеткенде оның әрі қарай тағайын-далуы бойынша қолданылуы болмайтын немесе мүмкін емес күйі.

Бұзылу— объ­ектінің жұмысқа қабілеттілігін сақтау кезінде оның жарамдылығының бұзылу оқиғасы.

Істен шығу— объ­ектінің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылу оқиғасы.

Күйлер мен оқиғалардың барлық түрлері МЕСТ 27.103-83 сәйкес НТҚ белгіленген критерийлерге сәйкес анықталады. Оқиғалардың барлық түрлері бұйымға арналған НТҚ-да айтылған белгілер арқылы байқалады.

6. Жарамды күй критерийлеріНТҚ белгіленген бұйымның техника-лық сипаттамасының пара­метрлері, сондай-ақ сыртқы түрі, қолайлылығы, шолынғыштық, басқару ыңғайлылығы параметрлері және объектінің сапа-сын анықтайтын басқа параметрлер болып табылады. Жұмысқа қабілетті күй критерийлеріқолданудың берілген шарттары мен режимдері үшін НТҚ-мен анықталған, объектінің техникалық сипаттамасының параметрлері болып табылады. Жарамсыз күй критерийітым болмаса бір параметрдің белгіленген шектен тыс шығуы болып табылады, сонымен бірге объектінің жұмысқа қабілеттілігі объект үшін рұқсат етілетін және НТҚ-да айтылған, қолданудың берілген (немесе сақтаушы) шарттары мен режимдерінде толығымен (немесе жартылай) сақталады. Объектінің жарамсыз күйге өтуі бұзылу фактісін белгілейді. Объектіні қолданудың сақтаушы шарттары мен режимдеріне, мысалы, оларды орындау кезінде күштік қондырғының номи-нал қуаты немесе оны мәні барынша үлкен болғанда техникалық сипатта-маның кез келген басқа параметрі пайдаланылмайтын жұмыстар, немесе объектінің тәуліктің тек жарық уақытында ғана қолданылуы (егер, мысалы, объектіні тәуліктің қараңғы уақытында қолдану үшін қажетті жарық түсіру құрылғылары жұмыс істемесе немесе бұзылса) жатқызылуы мүмкін.

Объектінің жұмысқа қабілетсіз күй критерийітехникалық сипаттама-ның тым болмаса бір параметрінің НТҚ-да белгіленген мәнінің шегінен тыс белгіленген шектен тыс шығуы болып табылады. Немесе НТҚ-да белгілен-ген істен шығу белгілері бойынша жөндеу жүргізу жолымен істен шығу және оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру себептерін жоймай объектіні әрі қарай қолданудың рұқсат етілмеушілігі немесе мүмкін еместігі фактісін белгілейді. Объектінің шекті күйінің критерийіНТҚ-да белгілен-ген істен шығу белгілері бойынша оны әрі қарай тағайындалуы бойынша қолдану және оны ауыстырудың, шығынға жазудың (егер бұл экономика-лық мақсатқа сәйкес болса) күрделі жөндеу жүргізудің қажеттілігі фактісі белгіленетін, оның осындай жұмысқа қабілетсіз күйі болып табылады.

Тетіктердің шекті күйінің салдары — оларды айырбастау, ал ма­шина-ның немесе оның құрама бөліктерінің шекті күйінің салдары күрделі жөндеу болып табылады. Жөнделетін объект— ол үшін жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі НТҚ-да көзделген объект. Жөндел-мейтін объект— ол үшін жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі НТҚ-да көзделмеген объект. Машиналар мен олардың құрама бірліктерінің (ҚБ) басым көпшілігін жөнделетін объектілер класына жатқы-зады. Жөнделмейтін объектілерге домалау мойынтіректері, кілтектер, тісті доңғалақтар, сыналы белдіктер, жоғары қысымды жеңдер, көмкермелер, тығыздамалар және олардың жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы беріктік немесе шекті тозу критерийі бойынша олардың кейіннен ескі-құсқы заттарға тапсырылуымен шекті күйге өтуіне сәйкес келетін, жұмысқа қабілеттіліктің бұзылуы жатқызылуы мүмкін.

7. Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері. Әзірлік коэффициенті – объектінің (технологиялық машинаның) ол кезде объектінің тағайындалуы бойынша көзделмейтін кезеңдерден басқа, ерікті уақыт моментінде жұмыс-қа қабілетті болып шығу ықтималдығы. Әзірлік коэффициенті объектінің берілген пайдалану интервалындағы сенімділігін бағалайды және берілген интервалда орташа шама болып табылады. Сондықтан осы көрсеткішті нормалағанда нормативтік-техникалық құжаттамада онда әзірлік коэффи-циентін бағалау керек болатын объектіні пайдалану интервалын көрсету қажет. Белгілі интервалдағы әзірлік коэффициентінің орташа мәні мына формула бойынша анықталады:

,

мұнда: - n–объектінің берілген пайдалану интервалындағы жиынтық атқарымы; - сол пайдалану интервалында n–ші объектінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтірудің шұғыл жиынтық ұзақтығы.

8. Техникалық пайдалану коэффициенті– қандай да бір пайдалану кезеңінде объектінің атқарымының математикалық күтуінің осы пайдалану кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ұзақтығына қатынасы.