Тақырып. Конвейер элементтерінің ұзақ мерзімділігін анықтау және тасымалданатын жүктің тиеу нүктесінен өзгеруі.

 

Тартымдық органдағы динамикалық жүктеменің тасымалданатын жүкті тиеу нүктесіне эксперименттік тәуелділіктері алынған (3-кесте).

3-кесте - Тартымдық органдағы динамикалық жүктеменің тасымалдана-тын жүкті тиеу нүктесіне тәуелділігі

 

Тірек тілімшеге қатысты тиеу нүктесі, м Тартымдық органдағы динамикалық жүктеме, кН
1. 7,5 0,882
2. 6,7 1,000
3. 5,9 1,217
4. 5,05 1,800
5. 4,2 2,625
6. 3,25 2,900
7. 2,3 3,422
8. 1,4 4,550
9. 0,5 5,480
10. 0 6,500

 
 

4-сурет - Динамикалық жүктеменің тірек тілімшесіне қатысты тиеу нүктесіне тәуелділігі, м

 

Динамикалық жүктеменің тиеу нүктесінің ара қашықтығынан тірек тілімшесіне тәуелділігі 4-суретте көрсетілген. Эксперименттік тәуелділік мына теңдеумен аппроксимацияланады:

,

мұнда , , - теңдеу коэффициенттері, сонымен бірге = ; = - ; = - . Дисперсиялық талдау параметрлерінің келесі мәндері болады: орташа квадраттық ауытқу ; корреляция коэффициенті ; дисперсия . Сонымен:

, (5.68)

мұнда - тиеу нүктесінен конвейердің тірек тілімшесіне дейінгі ара қашықтық, м.

 

Динамикалық жүктеменің әсер ету факторларына байланысты өзгеруінің жалпы теңдеуі мына түрде болады:

, (5.69)

 

(5.69)-теңдеу тартымдық тізбекте негізгі пайдалану факторларына байланысты пайда болатын және қатпарлы конвейерлерді жасау және жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін динамикалық жүктемені анықтауға мүмкіндік береді; алынған формула қатпарлы конвейерлерді пайдаланғанда тартымдық тізбекте ірі кесекті кен массасын тиеу кезінде пайда болатын, динамикалық жүктемені анықтауға мүмкіндік береді. (5.69)-өрнекті (5.63)- формулаға қойып, ірі кесекті жүкті тиеу кезінде пайда болатын динамикалық жүктеменің барабанды түсіргіштің тозуына әсерін аламыз.

Тиеу кезінде жүктің дара кесегі сырғанайды, ол барабанды түсіргіш қалақшасы бетінің микрокесілуімен жалғасады. Қалақшаның бетінде дефор-мацияланған микрокөлемді білдіретін із қалады. Микрокесу сырғанау шама-сының шегінде жүреді. Кестеден көрініп тұрғандай, микрокесу коэффициен-ті әсер етуші факторларға байланысты өзгереді. Коэффициенттің өзге-руін талдауды келтіреміз. Мысалы, жұмыстық төсемнің қозғалу жылдам-дығының ұлғаюымен микрокесу коэффициенті 0,077-ден 0,0879 дейін ұлғаяды. Яғни, жылжымалы төсемге тиеген кезде иілімді деформациялардың үлесі сырғанау жолындағы серпімді деформациялардың көрсетілген үлесін құрайды /143/.

Қоршаған орта температурасының төмендеуімен микрокесу коэффи-циенті 0,0692-ден 0,0876 дейін ұлғаяды. Тартымдық орган керілуінің және тасымалданатын жүктің ұзына бойы жүктемесінің өзгеруі микрокесу коэф-фициентінің 0,0598-ден 0,0917 дейін; 0,056-дан 0,0941 дейін өзгеруін туды-рады. Микрокесу коэффициентін анықтаудың алынған нәтижелері тасымал-дау машиналарының тиеу бұрыштарында элементтердің жемірлі тозуының жылжымалы қалақшалы барабанды түсіргішке тиегенде азаятыны және сәйкесінше олардың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.