Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесінің жалпы қағидалары

 

Көлікте, өнеркәсіпте және құрылыста ескерту сипатындағы ұйымдастыру-техникалық шаралары жиынтығын жоспарлы түрде периодты өткізуді қарастыратын машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жоспарлы-ескерту жүйесі (ЖЕЖ) жұмыстағы әрбір машинаның техникалық күту мен жөндеудің сәйкес түрлерін дайындаудың, өткізудің және орындалу сапасын бақылаудың міндетті жоспарлауын қарастырады. Көлік техникасы үшін техникалық күтудің (ТК) екі түрі: ай сайынғы ТК мен периодты ТК-1,ТК-2,ТК-3, сонымен бірге жөндеудің екі категориясы: ағымдағы және күрделі жүргізілуі тиіс.

Ағымдағы жөндеу пайдалану жөндеуіне жатады, ол ұйымдар мен кәсіпорындардың жөндеу-пайдалану базаларында орындалады, оған жекелеген тозған детальдар мен тораптарды жөндеу немесе алмастыру кіреді. Жоспарлы-ескерту жұмыстары нормативтері әсер ету көлемі мен периодтылықты және еңбек пен уақыттың қажетті шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осының негізінде жөндеу кәсіпорнының қуатын, алаңын, жабдықтар саны мен негізгі кәсіп бойынша жұмысшылар санын есептеп шығуға болады.

ЖЕЖ-ы жүйесіндегі әсер ету құрылымы еселік және қайталау принципі бойынша құрастырылып, мына қатынаспен анықталады:

(2.1)

мұндағы, әсер етудің еселік коэффициенті (ауыстырым саны); жөндеу циклінің уақыты; детальдің берілген тобының ауыстырғанға дейінгі орташа жұмыс мерзімі.

Детальдардың ауыстырым мерзімін анықтау үшін оларды жалпы белгілері бойынша жіктеу қажет. Көлік техникасының барлық детальдары орташа жұмыс мерзіміне, жұмыс циклі ұзақтығының еселігіне байланысты бес топқа бөлінеді.

Жөндеу циклы – нормативті құжаттар талаптарына сәйкес белгілі бір тәртіппен барлық белгіленген жөндеу түрлері орындалатын, қайталанатын уақыт интервалының немесе машина жұмысының ең аз мөлшері. Жөндеу циклы әрбір машина типіне оның конструкциясына байланысты бекітіледі де, әрбір машинаның жөндеудегі тоқтауы белгілі бір детальдар топтарының шектік тозуына жету уақытына сәйкестендіріп есептеледі.

Детальдардың жұмыс мерзімі бойынша жіктеу негізінде жөндеу циклы құрылымының кестесі тұрғызылады.

ЖЕЖ жүйесі машиналардың ТК мен жөндеуін бірыңғай нормативтік негізде құруға мүмкіндік береді.

Машинаны жөндеу циклының жұмыс сағаттарымен ұзақтығы былай анықталады: ; мұндағы, r климаттық түзегіш коэффициенті, көбінесе бірге тең; жөндеу циклының нормативті ұзақтығы (мысалы, ол құрылыс крандары үшін 4800 жұмыс сағатына тең болса, мұнаралы крандар үшін 14400 –ге тең).

Жүк моменті 100 т.м болатын кранның жөндеуаралық циклының құрылымы 2.1-суретте көрсетілген.

2.1-сурет. Мұнаралы крандарды жөндеуаралық циклдің құрылымы:

пайдалану басы немесе кезектегі күрделі жөндеу уақыты; ағымдағы жөндеу; сәйкесінше бірінші және екінші техникалық күтудің циклдары; ағымдағы жөндеу циклы; жөндеу циклы; пайдалану соңы

 

ЖЕЖ жүйесінде қарастырылған барлық профилактикалық және жөндеу жұмыстарын уақтылы өткізген жағдайда күрделі жөндеу машинаның жұмыс істеу мүмкіндігін бүкіл жөндеу циклына қайта қалпына келтіруі қажет.

Техникалық тұрғыдан алғанда күрделі жөндеу машина пайдалану нәтижесінде шығарылған машина ресурсын қалпына келтіреді, яғни физикалық тозу салдарын жояды. Бұл үшін машиналар жөндеу заводтарында белгілі бір технологиялық процестердің әсеріне түседі. Ал экономикалық тұрғыдан қарағанда техника жөндеу негізгі қордың қайта өндіруі болып табылады.

 

Машина жөндеуі
Машинаны шығару
Дайындық жұмыстары
Сыртқы жуу
Бөлшектеу
Детальдар жуу
Детальдарды дефектациялау
Детальдарды қалпына келтіру
Қалпына келтіру операциялары
Детальдарды дайындау
Механикалық өңдеу
Термиялық өңдеу
Ұсталық өңдеу
Машинаны жинау
Тораптық жинау және бояу
Жалпы жинау
Сынақтан өткізу
Соңғы бояу
Дайындау операциялары

 

 


2.2-сурет. Көлік техникасын өндіру және жөндеудің технологиялық процестерін салыстыру сұлбасы

Машиналарды техникалық күту мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі төмендегілерді жүзеге асырады:

– машиналардың ТК және Ж жоспарын жасау;

– машиналардың ТК және Ж жұмыстарын орындау бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды жасау;

– ТК және Ж жоспарының орындалуын бақылау және машина жұмысын ұйымдастыруды жүйелі түрде есепке алу.

Модельдері бірдей машинаны шығару және жөндеу технологиялары ұқсас (2.2-сурет), олардың айырмашылығы негізінен дайындау процестерінде [17]. Сондықтан да машиналардың заводтағы жөнделуі «екінші машина жасауға» жатады, яғни ол қолданыстағы детальдар негізіндегі екінші өндіріс болып табылады.