Темірұсталық-механикалық және қысыммен өңдеу арқылы жөндеу

 

Темірұсталық-механикалық өңдеудің түрлеріне жататындар: аралау, қыру, ысқылау, жапсырмалар қою, штифтеу және желімдеу. Аралау, қыру және ысқылау – қосылыстарда қажетті дәлдікті алу үшін орындалатын келтіру жұмыстарының құрамдас бөліктері. Жапсырмалар қою мен штифтеуді балқыту мен дәнекерлеу мүмкін болмаған жағдайда сызаттарды түзеу кезінде қолданады. Жапсырмаларды қою арқылы (4.3-сурет) картерлердің, корпустардың басқа да көлемді бөлшектердің қабырғаларын жөндейді.

 

 

 

4.3-сурет. Жапсырмалар қою арқылы детальдарды қалпына келтіру сұлбасы:

1 – жапсырма (болат, мыс, қалайы); 2 – төсеме; 3 – болат; 4 – сызат; 5 – сызаттар шеті бойынша диаметрі d тесіктер; а –жапсырма ені;

– жапсырма ұзындығы; – сызат ұзындығы

 

 

Сұққыштау (4.4-сурет) диаметрі 4...6 мм болатын мыс сұққыштарды қысқа сызат болған жердегі бұрандалы тесікке біртіндеп бұраудан тұрады [8].

 

 

4.4-сурет. Детальдарды сұққышты қолдану арқылы қалпына келтіру сұлбасы:

а – сызаттың айналасындағы тазаланған орын; сызат шеттері бойынша тесіктер диаметрі; бұранда диаметрі; ә – қызыл мыстан жасалған орама сым; сым диаметрі; б – сызаттарды сұққыштармен (тізбектеп) толтыру; z – көрші тесіктер центрлері арасындағы қашықтық; в – сұққыштармен толтырылған жік; 1 – сызат; 2 – тазаланатын бет контуры; 3 – мыс сым; 4 – бірін-бірі жабатын сұққыштар; 5 – безеуленген бет

 

Қысыммен өңдеп жөндеу материалды пластикалық деформациялауға, детальдың массасын сол күйінде қалдырып, оның формасы мен өлшемдерін өзгертуге негізделген. Қысыммен өңдеудің келесі түрлері қолданылады (4.5-сурет): отырғызу, тарату, қысу, айналдыра қысу, түзету, дөңгелету, тарту, айналдыру, бытыра ағынымен жапсыру және шекімелеу.

 

 

4.5-сурет. Детальдарды пластикалық деформациялау (қысыммен өңдеу) арқылы қалпына келтіру сұлбалары:

а – шөктіру; ә – басып енгізу; б – кеңейту; в – жаншу; г – кермелеу; ғ – түзету; – деформация бағыты; – деталь өлшемдерінің өзгеруі; бұрау моменті

 

Отырғызу кезінде детальды түсірілген күшке перпендикуляр бағытта деформациялайды. Отырғызумен тозған втулкаларды сыртқы және ішкі диаметрлері бойынша қалпына келтіреді. Втулкадағы тесікті сақтап қалу үшін отырғызу кезінде оларды қосымша құралмен толтырады.

Қысыммен жөндеу кезінде күш және деформация бағыттары өзара перпендикуляр, алайда жергілікті деформация орын алады да, олардың жалпы өлшемдері отырғызумен салыстырғанда көп өзгермейді. Өңдеудің бұл түрімен біліктердегі оймакілтектердің тозған бүйір беттерін (4.6-сурет), тістегеріш тістерін және т.б. қалпына келтіреді. Болат детальдарды жөндеу қызған күйінде де, салқын күйінде де жүргізіле береді.

 

 

4.6-сурет. Оймакілтектерді сығымдау арқылы кеңейту сұлбалары:

1 – аунақша; 2 – оймакілтек; p – деформация бағыты

 

Тарату арқылы жөндеу іші қуыс цилиндр детальдардың биіктігін өзгертпестен сыртқы диаметрін ұлғайту үшін орындалады. Таратуды шарикпен тұрақты өлшемге арнап жүргізеді (4.7 а-сурет).

Айналдыра қысумен жөндеуді тарату кері мәселені шешу кезінде жүргізіледі. Оны детальді диаметрі кіші матрицамен (4.7 ә-сурет) итеру немесе тесік аумағында металды деформациялау (4.7 б-сурет) арқылы іске асырады. Болат детальдар қысу алдында 9500С-қа дейін қыздырылады. Қысыммен өңдеудің бұл түрімен втулкаларды, ішкі тозған тістері бар тісті муфталарды, шынжыртабан буындарын, иінтіректерді, бұлғақтарды және т.б. жөндейді.

 

 

4.7-сурет. Детальдарды қалпына келтіру сұлбалары:

а – кеңейту арқылы; ә, б – жаншу арқылы; 1 – қалпына келтірілген поршеньді саусақ; 2 – пуансон; 3 – матрица; 4 – тұғыр; 5 – қалпына келтірілетін қола втулка; 6 – жаншыма; 7 – саусақ; 8 – қалпына келтірілетін шынжыртабан буыны; Д – диаметр; h – жаншылатын тесіктің биіктігі

 

Созумен жөндеу детальдың көлденең қимасын азайту арқылы оның ұзындығын ұзартуда қолданылады. Өңдеудің бұл түрін өзектік элементтердің (тартымдардың) ұзындығын шамалы ұзартуда пайдаланады.

Түзетумен жөндеу майысқан детальдарды түзетуді қамтамасыз етеді. Өңдеудің бұл түрімен біліктерді, бұлғақтарды, иінтіректерді, қосиіндерді, металқұрылым элементтерін жөндейді. Деформация үлкен емес (1,5...2 мм) кезде түзету салқын күйде жүргізіле береді, ал үлкен болғанда – қыздырып орындалады. Екі жағдайда да түзетуді тұрақтандыру, қалдық кернеулерді жою, материалдың механикалық қасиеттерін жақсарту үшін түзетуден соң детальді термиялық өңдеуден өткізу қажет. Түзетуді престерде, арнайы құрылғыларды және қол күшімен орындауға болады.

4.8-сурет. Білік мойыншасын бүрлеу арқылы қалпына келтіру:

а аунақшалы ұстағыш; ә деталь диаметрін кеңейту сұлбасы; 1 қалпына келтірілетін деталь; 2 аунақша осі; 3 бұдырланған аунақша; 4 ұстағыш; 5 шығыңқы, 6 тереңдік; h шығыңқы биіктігі; 2h бүрлеу кезіндегі диаметрдің кеңеюі

Дөңгелету арқылы (4.8-сурет) отырғызу орнында өлшемдері өзгерген біліктердің мойыншаларын қалпына келтіреді [8]. Оны сүйір тісті аунақшаның көмегімен жүргізеді.