IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.

 

1. Малон (пропанди) қышқылын қыздырғанда қандай қосылыс түзіледі?

2. Янтарь (бутанди) қышқылын қыздырғанда қандай қосылыс түзіледі?

3. Қымыздық қышқылының формуласы қандай?

4. Янтарь қышқылының формуласы қандай?

5. Қышқыл мен аммиак өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

6. Альдегидтер мен кетондардың құрамында қандай функциональды топ бар?

7. C4H9C(O)OC2H5 гидролиздену кезінде қандай қышқыл түзіледі?

8.Келтірілген қосылыстардың қайсысы натрий гидроксидінің сулы ерітіндісімен өзара әрекеттеседі:

1) С6Н5ОН, 2) С6Н5СН2ОН, 3) С2Н5SН, 4) С2Н5ОН, 5) С6Н5SH

9. Пропенальдың тотықсыздану өнімінің құрылысы қандай?

10. Қос зат: пропанон және пропанальды ажырату үшін қандай реактив пайдаланылады?

11. Пропен қышқылын гидробромдау реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?

12. 2R–OH + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

13. R–CH=O + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?

14. Альдольды қосып алу нәтижесінде СН3СН2СН(ОН)СН(СН3)СН = О құрылысындағы қосылыс түзілді. Бастапқы зат ретінде қандай альдегид алынған?

15. Этерификация реакциясын пайдалана отырып, бастапқы қандай қосылыстардан этилпропа­ноат алуға болады?

16. Қымыздық қышқылы НООС-СООН табиғи әлемде кеңінен таралған. Кейбір патологиялық ауытқуларда кальций оксалатының кристалдары адам зәрінде пайда болады. Қымыздық қышқылының бар екенін қандай реактивпен анықтауға болады?

17. Бутанол-1 – сивуш майының компоненті. Литий алюмогидридін пайдалана отырып, қандай карбонильді қосылыстан бутанол-1 алуға болады?

 

V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.

 

1. Гидроксиқышқылдардың құрамында қандай функциональды топтар бар?

2. Глициннің (аминосірке қышқылы) формуласы қандай?

3. Ацетосірке қышқылына қандай таутомерия тән болады?

4. Келтірілген формулалардың қайсысы глутамин қышқылының (2-аминопентанди) биполярлы ионының формасына келеді?

5 γ-амин қышқылдарын қыздырғанда қандай өнім түзіледі?

6. α- амин қышқылдарын қыздырғанда қандай өнім түзіледі?

7. Мүмкін болатын кеңістіктік изомерлердің санын қандай формула бойынша табады?

8. (СН3)2СН–СН(Br)–CН(Br)–СООН қосылысында асимметриялық көміртек атомдары қанша?

9. Аланиннің (α-аминопропион қышқылы) формуласы қандай?

10. Тетрапептидте қанша пептидті байланыс бар?

11. Амин қышқылының аталуы қандай?

12. Келесі амин қышқылына қандай атау сәйкес келеді?

13. Тотығу кезінде қандай a- амин қышқылы дисульфидтік байланыс түзеді?

14. Салицил қышқылы декарбоксилденгенде қандай өнім түзіледі?

15. Ацетилсалицил қышқылы гидролизденгенде қандай өнімдер түзіледі?

16.Салицил қышқылының сірке қышқылымен күрделі эфиріне қандай атау сәйкес келеді?

17.Глиоксал қышқылының О=СН-СООН күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен өзара әрекеттескенде қандай өнім түзіледі?

18. Аланиннің CH3 – CH(NH2) – COOH азотты қышқылмен өзара әрекеттесу өнімі қалай аталады?

19. Валиннің (α-аминоизовалериян қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?

20. Аланиннің (α-аминопропион қышқылы) азотты қышқылмен дезаминдеу реакциясының нәтижесінде түзілген өнімнің құрылысы қандай болады?

21. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?

22. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?

23. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің құрамына қандай аминқышқылдары кіреді?

24. Трипептид формуласы берілген. Берілген пептидке қандай атау сәйкес келеді?

25. Трипептид формуласы берілген. Осындай пептидтің қышқылдық гидролизі кезінде қандай аминқышқылдары түзіледі?

26. Қандай α-аминқышқылының тотықпай жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде бутенди қышқылы HOOC – CH = CH – COOH түзіледі?

27. Қандай α-аминқышқылының тотыға жүретін дезаминдеуінің нәтижесінде пирожүзім қышқылы (2-оксопропан қышқылы) түзіледі?

28.реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

29. Келесі реакция берілген. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

30. рН=12 мәнінде аланиннің келтірілген формалардың қайсысы басым түседі?

31. рН=2 мәнінде валиннің келтірілген формалардың қайсысы басым түседі?

32. Изолейцин (2-амино-3-метилпентан қышқылы) ацилдеу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

33. Тирозин (п-гидроксифенилаланин) дезаминдеу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

34. Треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) күрделі эфирдің түзілу реакциясына түседі. Осы реакцияны қандай реактивтің көмегімен жүзеге асыруға болады?

35. Парацетамолдың шынайылығын дәлелдейтін сынамалардың біреуіне сұйытылған күкірт қышқылымен қайнату жатады, осы кезде сірке қышқылының иісі сезіледі. Осы сынаманың негізінде жатқан реакция қалай аталады?

36.С9Н8О4 құрамындағы ароматты қосылыс медицинада ыстық басушы ретінде кеңінен қолданылады. NаНСО3 сулы ерітіндісімен әрекеттесіп, СО2 бөліп шығарады, ал гидролиз кезінде сірке қышқылы мен FeCl3 ерітіндісімен күлгін түс беретін, сондай-ақ, молекула ішінаралық сутектік байланыс түзуге қабілетті қосылыс түзеді. Берілген қосылыс қалай аталады?

37. Зерттелінетін сұйықтық қыздыру кезінде нингидринмен күлгін түс береді. Сынауықта қандай зат бар?

38. Бауыр ауруын алдын-алу және емдеу үшін метионин пероральды дәрілік форма түрінде пайдаланылады. Биологиялық сұйықтық – сілекейде еріген күйінде метиониннің (изоэлектрлік нүкте - 5,8) қандай формасы басым түседі?

39. γ-аминомай қышқылы ағзада нерв импульстарының ингибиторының ролін атқарады. Қандай α-аминқышқылынан декарбоксилдеу жолымен γ-аминомай қышқылы түзіледі?

 

VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.

 

1. Глюкозада хиральды көміртек атомдарының саны қанша?

2. Кетогексозаның кеңістік изомерлерінің саны қанша?

3. Қандай стереоизомер α-глюкозаның аномері болып табылады?

4. Альдозаны гликар қышқылына айналдыратын қандай тотықтырғыш?

5. Глюкозаны бром суымен тотықтырғанда қандай өнім түзіледі?

6. Формулаға қандай атау сәйкес келеді?

7. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридтің оксо- формасына сәйкес келеді?

8. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридтің оксо- формасына сәйкес келеді?

9. Циклді жартылай ацетальдің құрылымы қандай моносахаридке сәйкес келеді?

10. Амилопектинмен салыстырғанда амилозадағы моносахаридті қалдықтар арасында қандай гликозидтік байланыс болмайды?

11. Сахароза қандай моносахаридтердің конденсациясы кезінде түзіледі?

12. Лактоза қандай моносахаридтердің конденсациясы кезінде түзіледі?

13. Реакция нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

D-фруктофураноза + этанол

14. Сахарозаны мальтозадан қандай реактивтің көмегімен ажыратуға болады?

15. α-D-маннопиранозаға қатысты α-D-глюкопираноза қандай стереоизомер болып табылады?

16. Метил- α-D-глюкопиранозидтің қышқылды ортада гидролизденуі нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

17 α-D-глюкопиранозаның екі қалдығынан тұратын және арасында (1→4)- гликозидті байланыс деген мәліметтер қандай дисахаридке сәйкес келеді?

18. Мальтоза гидролизденгенде қандай заттарға ыдырайды?

19. Лактоза гидролизденгенде қандай заттар түзіледі?

20. Сахароза гидролиз кезінде қандай моносахаридтерге ыдырайды?

21. Гиалурон қышқылының құрылымындағы дисахаридный фрагмент қандай компоненттерден тұрады?

22. Қышқылдық катализатор қатысында α-D-галактопиранозаға сусыз ортада этанолмен әсер еткенде қандай өнімдер түзіледі?

23. Заттар тобы берілген. Қандай топтың заттары оң «күміс айна» реакциясын береді?

1) сахароза, фруктоза, глюкоза

2) глицерин, глюкоза, сахароза

3) глюкоза, глицерин, этиленгиколь

4) глюкоза, сүт қышқылы, фруктоза

5) глюкоза, формальдегид, метан қышқылы

25. Заттар тобы берілген. Қандай топтың заттарыекі жақты функция көрсетеді?

1) глюкоза мен глицерин

2) фруктоза мен этил спирті

3) глюкоза мен сірке қышқылы

4) глюкоза мен стеарин қышқылы

5) құмырсқа қышқылы мен фруктоза

 

VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.

 

1. Келесі қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

2. Келесі қосылысқа қандай атау сәйкес келеді?

3. Фосфатидилэтаноламиннің құрамында қандай аминоспирт бар?

4. Фосфатид қышқылы мен коламиннен түзілген күрделі сабындалатын липид қалай аталады?

5. Фосфатидилхолиннің құрамына кіретін аминоспирттің құрылысы қандай?

6. Фосфатидилсериннің құрамына кіретін аминоспирттің құрылысы қандай:

7. Хол қышқылы қандай қосылыспен өзара әрекеттесіп, гликохол қышқылын түзеді?

8. Хол қышқылы қандай қосылыспен өзара әрекеттесіп, таурохол қышқылын түзеді?

9. Трипальмитинді қандай реактивтің көмегімен триолеиннен ажыратуға болады?

10. Триацилглицериннің қышқылдық гидролиз нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

11. Триацилглицериннің сабындану реакциясының нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

12. Реакция берілген: L-фосфатид қышқылы + холин →?

Реакция өнімі қалай аталады?

13. Триацилглицериннің қышқылдық гидролиз нәтижесінде келтірілген қосылыстардың қайсысы түзіледі?

14. Хол қышқылының тауринмен өзара әрекеттесу реакциясының типі, механизмі және соңғы өнімі қандай?

15. Фосфатидилэтаноламиндегі қандай байланыс гидролизге ұшырайды?

16. Гликохол қышқылында қандай байланыс гидролизге ұшырайды?