Басты үйінді және бастырмалы жүктер

Көмір – ҚР-сының теміржол көлігімен тасымалданатын жүктің үштен бірі. Ашық вагонда тасымалданады. Көмір табиғи (естественный убыль груза) азаяды (шаңмен бірге, желдің әсерінен, теістерден ағылуы).

Кокс шанақ көлемі 117 м³ болатын арнайы ашық вагонда немесе арнайыландырылған ашық вагонда тасымалдайды. ЖЖ накладная құжатында кокс маркасын жазуы тиіс: «домендік кокс», «ұсақ кокс» және т.б. Кокс көбінесе сақиналы маршрутпен тасымалданады (екі станция арасында тұрақты түрде белгілі периодпен жүкті тасымалдау).

Сұрақ. Жүктердің қатуының алдын алу шаралары

Осы жүктерді тасымалдау кезінде пайда болатын басты проблемалардың бірі – жүктің қатып қалуы. Сыртқы ауаның температурасы 0°С-ден төмендегенде, үйінді жүктердің жүктердің бөлшектерінің бір-біріне жабысуына байланысты, үйінді жүктер өзінің себілмелі қабілетін жоғалтады. Температураның төмендеуі вагон және вагон қабырғаларына қатып қалған қалдықтар туғызуына әкеп соғады.

Суық период түсер алдында, жүктің қатып қалуын алдын алу шараларын тиеу орындарында ЖЖ жүргізеді. Тасымалдаушы ЖЖ-нің тиеу орындарын суық мерзімге дайындығын және белгілі нормаға сай екенін тексереді. Қатудың себебі – жүктің құрамындағы судың болуы. Сондықтан тиеу алдында ЖЖ жүк құрамындағы судың мөлшерін белгілі МЕСТ нормаларына дейін азайту бойынша жұмыстар жүргізуі тиіс.

Жүк құрамындағы судың азаюын қамтамасыз ете алмаған жағдайда, ЖЖ вагон еденіне және қабырғасына жүк жабыспауы бойынша жұмыстарды атқаруы тиіс.

Жүктің қатып қалу бойынша алдын алу шаралары 15 қараша мен 15 наурыз аралығында міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Егер орындалған алдын алу шаралары өзінің әсерін бермесе, онда ЖҚ-сы түсіру орынында жүктің вагоннан толығымен алынуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сұрақ. Жүктердің тасымалдау кезінде азаюын алдын алу шаралары

Себілмелі жүкті тасымалдау кезінде ЖЖ жүктің азаюынан қорғайтын шараларды, сыртқы қоршаған ортаны және теміржол желілерін ластамаудың шараларын жүргізуі тиіс.

Жүктің барлық азаюының 3 түрі бар: шанақтың тығыздалмағандығынан және кішкентай саңылаудан жүктің себілуі; жүріп келе жатқан пойыздан жүктің кіші фракцияларының ұшуы; вагон борттарынан биік тиелген жүктің шашылуы. Бұл азаюлар пойыздың қозғалыс жылдамдығы артқанда одан сайын артады.

Тас көмірдің кіші фракцияларын, кокстың ұсақ бөлшектерін, қара және түсті металл конйентранттарын, минерал заттарды, торфты тасымалдау кезіндегі азаюдың шамасы 1 вагонға 1,5-5,5 тоннаға тең. Осымен қоса, теміржол желісі мен қоршаған орта ластанады. Теміржол желісіне түсті металлдардың шашылуы электрлік құралдардың, автоматттық блоктаудың дұрыс жұмыс істеуін тоқтатуы мүмкін. Ұнтақты абразивті жүктің шашылуы теміржол рельстерінің тозуына әкеліп соғады. Желідегі санитарлық ережелер бұзылып, еңбек қорғау ережелері бұзылады.

Себілмелі жүктің шашылуын азайту мақсатында, контейнерлік жөнелтілімді, жалпы жүктердің пакеттелуін қамтамасыз етіп, арнайы жылжымалы құрамды (хоппер-минераловоз, цементовоз, арнайы цистерна) пайдалану алға қойылуда.

Саңылаулардан себілмелі жүктің шашылмауы үшін және шанақтың тығыздылығын жою үшін саңылаулар мен тесіктердің бітелуі тиеу алдында рулондық, қағаздық, пленкалық, пасталық, мастиктік матреиалдармен жүргізіледі.

Желдің әсерінен жүктің шашылмауы үшін жүктің бетін тегістеп, керек жағдайда тығыздайды.

Гранулометриялық құрамы мен тығыздығына байланысты жүктің бетін тегістеу мен тығыздау үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады: бағытты шашыратқыш (направляющий рассекатель), қырушы тегістеуші (скребковый ровнитель) [қара және түсті металл үшін]; көлемдің масса 0,85-1 т/м³ болғанда қолданылатын статикалық әсер ететін құрылым; көлемдік масса 0,85 т/м³ болғанда қолданылатын вибрациялық әсер ететін құрылым; аз салмақты ұсақ жүктер үшін қозғалмалы вибрациялық құрылымдар (кокс, торф).

Жүктің желдің әсерінен азаюынан қорғайтын ең тиімді әдіс – жүктің бетін қорғаушы пленкамен жабылуы. Қорғаушы өндірілуі бойынша оңай және арзан. Пленканы қолданған кезде жүктің желдің әсерінен шашырауы мүлдем жойылады.