Сұрақ. Құрылыс материалдарын тасымалдау

Құрылыс материалдарын теміржол желісінің әжептәуір стансаларында тиейді және түсіреді. Тиеу операциялары барлық жүктік операцияларды орындайтын стансалардың 60% болса, түсіру 85% орындалады.

Теміржолмен тасымалданатын құрылыс материалдарының номенклатурасы әр түрлі:

- Цемент

- Кірпіш

- Брусчатка

- Шифер

- Әк тас

- Шыны

- Құм т.б.

Осы группаға үй және өнеркәсіптік құрылыс кезінде қолданылатын цементтік шикізаттар және темір-бетонды паннельдер жатады. Көптеген құрылыс материалдары бастырмалы болып келеді. Оларды қаптамасыз және орын саны есебінсіз тасымалдайды.

Барлық құрылыс материалдарын өндіруіне байланысты 2-ге бөлуге болады:

- Карьерден, өндіріс орындарынан шикізат күйінде тиелетін материалдар: құм, әк тас, бор т.б.

- Арнайы зауыт дайын өнімі (цемент, кірпіш, шыны т.б.)

Барлық массалық жүктерді салыстырғанда құрылыс материалдарының тасымалдау қашықтығы ең төмен. Құрылыс материалдарын тиеу үлкен зауыттардың жанындағы стансаларда орындалса, түсіру түсіру жүктік операцияларды орындайтын барлық стансаларда орындалады.

Цементті тасымалдау, тиеу, сақтау, түсіру кезіндегі қасиеттері.

Су сіңіру қасиеті, жеңіл шаң көтеру қасиеті, тығыздығы, уақыт өткен сайын себілмелі қасиетін жоғалтуы. Цементті тарада, жабық вагонда және себілмелі күйінде арнайы вагонда тасымалдайды (цементовоз, арнайы контейнер). Тара ретінде сыйымдылығы 50-70кг болатын крап қағаздық қаптарда тасымалдайды.

Контейнерді цементті тасымалдау кезінде тара шығыны болмайды, жүктің азаюы төмендейді, тиеп-түсіру оңайыланады. Бірақ вагон артқа қайтқанда бос болуынан тасмалдау тиімділігі төмендейді.

Кірпіш

Қарапайым құрылы кірпіші айтарлықтай су сіңіргіштігімен байқалады. Кірпішті жабық вагонда да ашық вагонда да тасымалдайды. Жабық вагонмен тасымалдау кезінде вагон жүк көтергіштігі толығымен қолданады. Ал платформамен тасымалдағанда тығыздаушы тәсілі қолданылуы қажет. Кірпішті түп қоймада тасымалдау ең тиімді тәсіл болып табылады. Түп қоймада тиеп-түсіру операциясының жедел орындалуынан вагоннын тұрып қалуы азаяды, жүктің сақталуына кепілдік туады. Вагон сиымдылығын максималды қолдану мақсатында біріктірілген түп қоймалық көліктік пакеттер пайдалануда. Пакет массасы 3,4 т, кірпіш сана 668 дана. Вагонға кірпіштер 2 қабаттан қойылады. Бірінші қатар 12 түп қойма, екінші қатарда 6 түп қойма. Барлығы 18 түп қойма. Әр қайсысы 3,4 тоннадан 18 түп қойма 61,2 тонна болады. Осыған қоса түп қоймалардың жәнеде құралдардың массасы 1,8 т. Жалпы масса 63 т.

Сұрақ. Темір бетонды, асбестті цемент және басқада бұйымдар мен конструкцияларды тасымалдау

Темір бетонды бұйымдар мен конструкциялардың, асбестті цементті бұйымдар мен ірі панельді үй құрылыс материалдарының 100 ден аса әртүрлі атаулары тіркелген.

Темір бетонды бұйымдарға төсеніш плиталар, бөлгіш плиталар, панельдер, шпалдар, кольцалар, іргетесқа арналған блоктар, бетон сатылар және т.б. жатады. Темірбетонды бұйымдардың салмағы стандарт бойынша анықталады.

Темір бетонды бұйымдар тез сынгыш болғандықтан оларды тиеп-түсіру жұмыстары мен орналастырып бекіту кезінде шеткі қырларының зақымдануынан, жарықталардың пайда болуынан сақтаған жөн.

Асбестті цемент бұйымдарға арнайы контейнерлер мен кассеталарда тасымалданатын асбест цемент плиталар мен құбырлар жатады.

Ірі панельді үй құрылыс материалдарына темір бетонды, керамзитті бетонды, гипсті бетонды панельдер мен ішкі бөлгіш қабырғалар (перегородка) жатады. Темір бетонды бұйымдар мен конструкциялар әртүрлі үлгідегі формаларымен, салмақтылығымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Олардың беткі кабаттары әртүрлі формада келетіндіктен жүктің жүктемесін дұрыс түсіріп, вагонға ыңғайлы, сыйымды етіп орналастыру және бекіту көптеген байлағыш материалдарды талап етеді. Темір бетонды бұйымдар мен конструкциялар көп жерде өндірілетіндіктен өте алыс емес қашықтыққа тасымалданады. Тек көпір бетондары мен тіректі бағаналар (колонналар) ғана алыс қашықтыққа тасымалданады.