Курс компоненттері мен оны оқып білудің негізгі талаптары

Жұмысшы оқу бағдарламасы

Пәні: «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер»

Коды:MKAZh 3303

Мамандығы: 5В011100 - «Информатика»

Кафедра: «Информатика және ЕТ»

2014/2015 оқу жылы , 6 семестр

Кредиттер саны: 3 кредит

Дәріс : - 15 сағ

Практикалық жұмыс: - сағ

Лабораториялық сабақ30 сағ

БӨЖО:45 сағ

БӨЖ:45 сағ

Пәннің форматы:аралас

Сабақ кестесі: 1 семестрде аптасына 4 рет

Оқытушы аты-жөні: аға оқытушы Аманбаева Ардақ Нұрғалиқызы

E-mail:ardak_7070@mail.ru

Мекен жайы:Тараз қаласы, Жамбыл проспектісі 16а, 2 этаж, ауд 7-211

 

 

 

ТАРАЗ – 2014


 

Жұмысшы оқу бағдарламасы 5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» пәніне арналып жасалған оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды.

 

Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған._____________аға оқытушы Аманбаева А.Н.

 

Жұмысшы оқу бағдарламасы «Информатика және ЕТ» кафедраның мәжілісінде қаралған

Хаттама № 5 « 25» 12 2014ж

 

 

Кафедра меңгерушісі. ___________________ э.ғ.д., профессор Орынбеков Ә.О.

 

 

ЖҒФ жұмысшы бағдарламалар комитетінің мәжілісінде мақұлданған

Хаттама №_4__ « 26 » 12 2014ж

Төрайымы _______________ Надырбекова А.Ш.

 


2.3. Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері:

 

«Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер» курсының мақсаты-қазіргі заманғы мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорын жасау және олармен жұмыс істеу принциптерін үйрену, студенттерді әртүрлі ақпараттық жүйелерде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеттері – қазіргі мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорын жасау принциптерін меңгеру және құралдарымен жұмыс істей білу, әртүрлі МҚБЖ-де мәліметтер қорымен жұмыс істей білу, практикалық есептер шығару барысында мәліметтер қорын қолдана білуі тиіс.

2. Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

- білуі керек:

- мәліметтер қорының теориялық негіздерін;

- мәліметтер қорын жасау принциптерін және онымен жұмыс істеу құралдарын;

- есептеу желілері мен және МҚБЖ тәрізді әртүрлі ортада жұмыс істеуді;

- практикалық есептерді шығаруға арналған мәліметтер қорын жасауды;

-үйренуі керек:

- мәліметтер қорын жасаудың негізгі әдістерін;

- мәліметтер қорын жобалаудың негізгі әдістерін;

 

2.4. Курс пререквезиттері:Программалау, «Информатиканың теориялық негіздері» және т.б.

Курс постреквизиттері: Визуалдық программалау, Компьютерлік модельдеу негіздері, ЭЕМ-ң жүйелік программалық жабдықталуы

 

Курс компоненттері мен оны оқып білудің негізгі талаптары

 

Курсты оқыту алдында практикалық жұмыстар тізімі көрсетіледі.

ОБӨЖбілімгерлерге берілген өзіндік жұмыс бойынша жеке жұмыс жүргізу және консультация беру, білімгерлердің берілген тапсырмаларды қорғауы, оны айтып беруі үшін қажет.

БӨЖбілімгердің өтілген материал бойынша жұмысының шығармашылық деңгейін арттыру үшін, кітапханаларда отырып жұмыс жасау, берілген тапсырмаларды орындау.

Білімгерге лекция жазуға, практикалық жұмысты және үй тапсырмасын орындау үшін дәптер қажет. Бұл дәптерге оқытушы оқыған лекция конспектісі, қажетті әдебиеттер тізімі жазылады. Фломастер, әртүрлі түстегі ручкалар қажет..

Дискуссия: лекцияда жүргізіледі, дискуссияға сабақтың тақырыбына байланысты барлығы дайындалуы тиіс, алдын ала қандай да бір аспект бойынша түсінігін немесе түсінбегенін анықтау керек. Дискуссия кезіндегі белсенділік тіркелініп, аттестация кезінде ескерілінеді.

Блиц-сұрау: оқытушының сұрағына тез жауап беру - жарыс калыпында өтіледі. Ең көп көп ұпай жинаушы максимал балл алады.

Белсенділік :сабаққа жақсы дайындалу арқылы ең көп балл жинауға болады.

Модуль-тестбір модуль материалын аяқтағанда оны пысықтау негізінде өткізіледі. Модуль- тест компьютерлік тест ретінде білмгердің емтихан кезінде психологиялық ауыртпалығын төмендету үшін емтиханның алдында алынады.

Қорытынды бақылау (емтихан)барлық өтілген материал бойынша білімгердің білімін тексеру үшін өткізіледі.

Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі және оның үлес салмағы 40 %- ті құрайды.

Емтихан бүкіл өткен материалда қамтиды. Емтихан сұрақтары беріледі.

Тәртіп -Білімгерлер сабаққа кешікпей келулері және сабақ уақытысында сөйлеспеулері тиіс. Ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын көрсетуі керек. Сабақ жібергені үшін төмендегідей айып санкциясы қарастырылған:

- лекцияға, семинарға қатыспағаны үшін (-10 балл)

- зертханалық сабаққа қатыспағаны үшін (әр сабақ үшін -15 балл)