Жедел іш» туралы ұғым. Патогенезі және клиникалық көрінісі

Жедел деп іштің бірнеше минуттан жеті күн аралығында ауырсынуын айтамыз.

Іштің жедел ауырсынуының себептері ішкі мүшенің зақымдалуы болып табылады:

· Париеталді іштіктің қабынуы, ішкі мүшелердің жедел қабынуы немесе деструктивті аурулары кезінде (жедел аппендицит, жедел холецистит, жедел панкреатит, панкреонекроз, ойық жараның тесілуі, ішектің және құрт тәрізді өсіндінің тесілуі, құрсақ қуысының абсцесстері, дивертикулит, Крон ауруы, жаралы колит) байқалады;

· Ішкі мүшелердің обструкциясы (ішек өтімсіздігі, копростаз, өт ұстамасы, обструктивті панкреатит);

· Ішкі мүшелердің қан ағысының бұзылыстары құрсақ қуысының және аорта және эмболиясы тромбозы, жыртылуы, стенозы немесе басылуы (жедел ишемиялық колит, ішектің созылмалы ишемиялық ауруының өршуі, жедел мезентериялді тромбоз, аорта аневризмасы, қысылған жарықтар, ішектің венозды инфарктіcі);

· Ішкі мүшелерінің капсуласының керілуі, паренхиматозды мүшелердің жедел қабынуы немесе ісінуі (жедел алкоголді гепатит, көкбауырдың жедел тромбозы, синдром Бадда- Киари, жүрек жеткіліксіздігі);

· Іштіктің тітіркенуі, эндогенді улану және метаболизмнің бұзылуы (диабеттік кетоацидоз, алкоголді кетоацидоз, уремия, порфирия);

· Иммундық бұзылыстар (анафилактикалык шок, ангионевротикалық ісіну, васкулит);

· Инфекциялы себептер (гастроэнтерит, гепатит, инфекциялық мононуклеоз, герпес, сепсис);

· Жедел немесе созылмалы экзогенді улану (созылмалы қорғасынмен улану, метил спиртімен улану, дәрілік заттарды мөлшерден тыс көп қолдану);

· Іш жарақаттары.

Іштің реактивті жедел қабынуының себептері:

· Іштен тыс аурулары (миокард инфаркті, пневмония, плеврит, перикардит, пиелонефрит және паранефрит);

· Кіші жамбас астауы мүше аурулары;

· Жүйке жүйесі және қимыл қозғалыс аппаратының аурулары (каузалгия, сирингомиелия, психогения).

Клиникалық көрінісі

Іштің жедел ауырсынуы орналасуына, сипатына және берілуіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Жедел хирургиялық аурулар кезінде іштің жедел ауырсынуы орналасуына байланысты бөлінеді. Іштің оң жақ жоғарғы квандранты; жедел холецистит, өт ұстамасы, гепатит, панкреатит, бауырлық абсцесстер, миокард инфарктісі, пневмония, плеврит, перикардит, ішек өтімсіздігі. Іштің оң жақ төменгі квандранты: аппендицит ішек өтімсіздігі, дивертикулит, тесілген жара, қысылған жарық, бүйрек ұстамасы, эктопиялық жүктілік, аналық жыныс мүше аурулары, эндометриоз. Іштің сол жақ жоғарғы квандранты: панкреатит, көкбауыр инфарктісі, гастрит, миокард инфарктісі, пневмония, плеврит, перикардит, ішек өтімсіздігі. Іштің сол жақ төменгі квандранты: аорта аневризмасы, аорта білеуленуі, ішек өтімсіздігі, дивертикулит, құрсақ арты абсцессі, бүйрек ұстамасы, эктопиялық жүктілік, аналық жыныс мүше аурулары, эндометриоз. Жедел хирургиялық ауруларда жиі жедел ауырсыну дамуы іштегі мүшелер тесіліп, артынша перитонит дамиды. Науқастарда мүше деструкциясы кезінде аяқ астынан ішінде қатты ауырсыну пайда болады. Бірнеше минуттар ішінде ауырсыну ең жоғарғы шыңына жетеді. Бұл ауырсыну мүше құрамының іштіктің жедел тітіркенуінің көрінісі және бұл жедел іш синдромына алып келеді. Жедел іш ауырсынуы деп созылған және аяқ астынан пайда болған, аз ғана физикалық күш түскенде пайда болатын ауырсыну. Кейбір науқас ауырсынуына байланысты гипотония коллапс дамуы мүмкін. Мүше обструкциясы кезі нде қатты ұстама пайда болуы мүмкін бұл шаншу. Шаншу ұстамасы әртүрлі ұзақтықта науқас жағдайы жақсаруымен ауысып отырады, қорқыныш сезім пайда болады және науқас қозған. Деструкция дамығанға дейін және перитонит кезіндегі шаншуда ауырсыну науқас жағдайына байланысты емес.

Ажырату диагностикасы

Жедел хирургиялық ауруларды ажырату диагностикасы. Жедел жәрдем дәрігерлерінің жұмысына кірмейді.

Емі

Ауруханаға жатқызуға көрсеткіш: іштегі жедел ауруы бар науқастар міндетті түрде аурухананың хирургиялық, инфекциялық немесе терапиялық бөлімшелеріне алғашқы диагнозына байланысты жатқызылады. Науқасты жатқызып тасымалдаймыз.

Жиі кездесетін қателіктер.

Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде қандай да жедел ішпен науқастарға наркотикалық және басқа да анальгетиктер тағайындау қарсы көрсетілген.

Жедел аппендицит

Жедел аппендицит бұл соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуы.

Аурудың ағымына байланысты мынадай түрлерге бөледі: жай; деструктивті; асқынған; клиникалық айқын.

Аппендицит көбіне аяқ астынан жедел ауырсынумен басталады. Алғашқыда ауырсыну кіндік маңында кейде біраз уақыттан соң оң жақ мықында орналасады. Ауырсыну аясына диспепсия, жүрек айну, бір реттік сұйық нәжіс, субфебрилді қызба дамиды. Кәрі жастағы науқастарда ағымы өшірілген, аз интенсивті ауырсыну.

Жедел аппендицитті анықтайтын симптомдар.

· Кохер–Волкович -оң жақ мықын аймағында эпигастрийден ауырсынудың ауысуы;

· Бартоломье – Михельсона - науқас сол жақ бүйірімен жатқанда, оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда ауырсынудың күшеюі;

· Образцов-бүгілген оң жақ аймағын көтерген қалыпта оң жақ мықын аймағын пальпациялау;

· Ровзинг-сол жақ мықын аймағында ауырсынудың күшеюі немесе пайда болуы;

· Ситковский-науқасты сол жақ бүйірімен жатқанда, оң жақ бүйірінінде ауырсынудың күшеюі;

· Щеткин-Блюмберг (перитонит белгісі, қолын іштен тез көтергенде ауырсынудың күшеюі).

Асқынулары: аппендикулярлы абсцесс, перитонит.

Ажырату диагностикасы құрсақ қуысының барлық жедел ауруларымен жүргізіледі. Әйелдерде жатыр немесе аналық без ауруларымен жүргізіледі.

Емі: жедел аппендицитке күдік туған науқастарды хирургия бөлімшесіне жатқызу керек. Жатқызып тасымалдау.

Жедел холецистит

Жедел холецистит-бұл өт қабынуы. Жедел холециститтің негізгі себептері: өт тас ауруы; өт қабының қан тамырларының бұзылыстары; өт шығару жолының бұзылыстары; лимфогенді, гематогенді және жанаспалы өт қабының инфицирленуі.

Жіктелуі

Жедел холецистит мынадай түрге бөлінеді: катаралді; флегмонозды; гангренозды.

Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңінде мұндай түрлерін ажырату мүмкін емес, сондықтан да 2 топқа бөлген: жедел асқынған холецистит; жедел асқынбаған холицистит.

Жедел холециститтің асқынған түрлерін былай бөледі: механикалық сарғаю; іріңді холингит; перитонит; қап маңы инфильтраты және абсцессі; тесілу.

Клиникалық көрінісі

Жиі айқын симптомы оң жақ қабырға асында интенсивті тұрақты ауырсыну. Оң иыққа, жауырынға, бұғана үсті аймаққа таралады. Ауырсыну көбіне науқастар-дың мазасыздануымен жүреді. Өзіне мәжбүр қалыпты іздейді. Ұйқы безімен қабынғанда ауырсыну белдемелі сипатта болады. Холециститте құсу дамиды, дене қызуы көтеріледі. Ажырату диагностикасы. Онекіелі ішектің ойық жара-сының тесілуімен аппендицитпен, панкреатитпен, миокард инфарктісімен, бүйрек ауруларымен ажыратады.

Емі

Науқасты хирургиялық бөлімшеге жатқызады. Науқасты жатқызып тасымалдау. Жиі кездесетін қателіктер: наркотикалық аналгетиктерді енгізу .

Жедел панкреатит

Жедел панкреатит - бұл ұйқы безінің жедел қабынуы.

Жедел панкреатиттің себептері: алкоголді және өткір немесе майлы тағамдарды көп қолдану, өт-тас аурулары, ұйқы безінің жарқаттары, панкреатикалық өзектердің жарақатсыз тарылуы, 12-елі ішектің аурулары.(ойық жара, дуоденостаз).

Жедел пакреатитті клиникалық ағымына байланысты былай бөледі: жедел, орташа,ауыр.

Клиникалық көрінісі

Эпигастрий аймағында іштің жоғарғы аймағында арқаға таралатын немесе белдемелі сипаттағы аяқ астынан пайда болатын тұрақты ауырсыну . Жедел панкреатиті бар науқастар: эмбрион қалпы, тоқтаусыз құсу, тахикардия, гипотония, ішек парезі, үлкендерді жедел респираторлы дисстрес синдромы пайда болады. Жедел панкреатитті гемодинамикалық бұзылыстар өте ауыр , шок дамуы мүмкін. Жедел панкреатиттердің жалпы симптомдары айқындығы аурудын дәрежесімен байланысты.

Жедел панкреатитте кездесетін симптомдар:

· Керте - көлденең ток ішектің кебуі және алдынғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы;

· Мейо-Робсон – ауырсынудын сол жақ қабырға немесе омыртқа бұрышында орналасу;

· Воскресенский- құрсақ аортасының пульсациясы болмауы;

· Щеткин-Блюмберг- қолмен басқанда жедел қолды алғанда ауырсынудың күшеюі.

Қосарланған симптомдардың болуы: құсу, гипотония, метеоризм ,анурия.

Мүмкін болатын аскынулары:эндотоксикалық шок; перитонит; жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Ажырату диагностикасы: 12-елі ішектін ойық жарасын тесілуімен, жедел холециститпен, ішек өтімсіздігімен, көп мөлшерде алкоголь қолданғанда туындаған токсикалық гепатиттермен жүргізеді.

Жедел панкреатиті бар науқастар аурухананың арнайыланған бөлімшесіне (қабылдау бөлімшесі) жатқызылады.

Аруханаға дейінгі кезеңдегі ем:

Көк тамырға оңай жету жолын жасау. Мониторинг және өмірлік фукцияларын сақтау. Инфузионды терапия. Жансыздандыру орташа интенсивті ауырсынуда спазмолитиктер қолданады: дротаверин, нитроглицеринді тіл астына қою немесе спрей қолдануға болады. Айқын ауырсыну синдромында наркотикалық емес аналгетиктер қолданады: кеторолак.