Патологиялық материалды ТТ-сына бактериялогиялық тексеруге

Себу) көрсеткіштер

1. Оң мәнді қақырықпен бірінші рет табылған науқас емдеудің алдында дәрілерге біріншілік түрақтылығын тексеру үшін.  
2. 1-2 санаттардың қарқынды фазасынан кейін бактериоскопия нәтижесінде конверсия болмаған науқастар -.
3.Үзіліспен емделген қолайсыз нәтижелі науқастар тұрақты штамдар бөлуі мүмкін
4. Бактериоскопия нәтижесі теріс болған өкпе туберкулезінің клиникалық және рентгенологиялық симптомдары мен жағдайларды диагностикалау (қиын дифференциальды-диагностикалық жағдайларда)
5. Өкпеден тыс туберкулездің диагностикасы
6. Ауру симптомдарымен қатерлі топтағы адамдарды тексеру лаборатория жұмысшылары медицина қызметкерлері туберкулездің му түрлерін емдеуші дәрігер).

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ РЕНТГЕНОЛОГИЯЛЫҚ

ДИАГНОСТИКАСЫ

Рентгенологиялық тексеру әдісін таңдау

Флюорография
Рентгенография
Рентгеноскопия    
Томография
Зонография
Рентгенотомография
Бронхография
Диагностикалық пневмоторакс және пневмоперитонеум
Ангиопневмография
Компьютерлі томография  
Фистулография
Плеврография
Электрорентгенография

 


Патологиялық көлеңкелерді сипаттау схемасы

 

 

Өкпе патологиясының негізгі рентгенологиялық синдромдары

 

ТУБЕРКУЛИНОДИАГНОСТИКА

Әдіс адамдардың (жануарлардың) БЦЖ вакцинасынан немесе вирулентті ТМБ мен зақымдалғаннан кейін туберкулинге жоғары сезімталдығын айқындауға бағытталған. Туберкулинді аллергия ЖСБТ (жоғары сезімталдықтың баяуланған түрі) феноменіне жатады.

 

ТУБЕРКУЛИН ТҮРЛЕРІ

АТК (Alt Tuberculin Koch, 1890)
PPD-S (F.Seibert, 1934)
PPD-L (М.А.Линникова, 1939)  
1. Құрғақ тазартылған туберкулин
2. Тазартылған туберкулиннің стандартты ерітілуінде


Туберкулин еңгізгендегі реакциялар

 

Жергілікті Жалпы Ошақты
(енгізген жердегі туберкулин реакциясы) (Жалпы функциальдық бұзылу) (Туберкулез ошағының айналасында қабыну реакциялары
1. Анергиялық    
2. Гипоергиялық    
3. Нормергиялық    
4. Гиперергиялық    

Туберкулин сынамаларының келесі түрлері бар

Тері үстілік Терілік Тері ішілік Тері астылық
Moro, 1909 Гринчар Карпиловскийдің градуирланған сынамасы Манту сынамасы Кох сынамасы

 

Градуирланған терілік Гринчар-Карпиловский сынамасы

Поствакцинальды және инфекциялық аллергияның дифференциальды диагностикасы мен организмнің қаншалықты сенсибилизацияланғанын ажырату үшін қолданады.
Әртүрлі концентрациядағы туберкулин пайдаланылады: 100%, 25%, 5%, 1% және бақылау тамшысы

 

Мүмкін реакциялар

Адекватты 100% - 25% - 5% - 1% - Туберкулин концентрациясы төмендегенде реакцияның интенсивтілігі төмендейді. Туберкулезбен инфекцияланған сау балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Салыстырмалы 100% - 25% - 5% - 1% - Туберкулиннің әртүрлі концентрациясына бірдей интенсивті реакция. Туберкулез ауруларында кездеседі. Парадоксальды 100% - 25% - 5% - 1% - Туберкулиннің аз концентрациясына айқын реакция. Туберкулез ауруларында кездеседі.
     
балаларға тән емес, олар балалар организмінің реактивті ерекшеліктеріне байланысты. Бұл жалпы жүйелік және қан тамырлар реакциясының жергілікті өзгерістерден басымдылығында.
2. Өзгерген спецификалық реактивті өзгерістер, кейбір ауруларда қосымша реакциялармен (жоғары тыныс жолдарының қатары, фликтенді кератоконъюктивит, түйінді эритема т.б.) қосарланады.
3. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы болуы мүмкін: мойын, жақ асты және қолтық асты 2-3 көлемге дейін, оларды басқанда жұмсақ-эластикалы консистенциялы, кейде периаденит белгілері болады.
4. Қанда эозинофильдер, нейтрофильдер солға жылжыған, лимфопения, СОЭ шамалап жоғарылаған.
5. Туберкулинге сезімталдық «вираж» түрінде білінеді (бірінші жыл ішінде). Туберкулин сынамалары нормо- немесе гиперергиялық.
6. Кеуде қуысын ренгенологиялық тексеруде спецификалық өзгерістер байқалмайды.

 

Нәтижесі

1. Клиникалық жазылу 97 – 98 % 2. Созылмалы туберкулезді интоксикацияға айналуы 3. Біріншілік туберкулездің локальді түріне айналуы

 

Созылмалы туберкулезді интоксикация

 

Созылмалы туберкулезді интоксикация айқын функциональді бұзылулармен, 2 ТЕ Манту сынамасы туберкулин сезімталдығының виражынан кейін бір жыл немесе одан да ұзақ уақыттың ішінде табылатын симптомдар жинағы.

 

Патоморфология

1. Лимфаденоидты тіннің гиперплазиясы. 2. Лимфаденоидты тіннің фиброзы.

 

Клиника

 

1. Функциональді өзгерістер ертелі туберкулез интоксикациясы сияқты, бірақ та ұзақ уақыт сақталуына байланысты баланың клиникалық дәрежесіне әсер етеді. Балалар өз қатарындағы балалардан физикалық даму жағынан, әсіресе дене салмағынан кейін қалады. Ткандердің тығыздығы төмендеп, тері беті бозғылт тартады. Балалар тез шаршап, басқалардан бөлектенгісі келеді, сүйікті ойыны қызықтырмайды, ерте жатуға тырысады. Оқушылар үлгерімі төмендейді.
2. Өзгерген спецификалық реактивті өзгерістер, кейбір ауруларда параспецификалық реакциялармен (жоғары тыныс жолдарының қатары, фликтенді кератоконъюктивит, түйінді эритема т.б.) қосарланады.
3. Шеткі лимфа түйіндері көптеген топтарда (6-7 топтарда) ұлғаяды, әртүрлі көлемді (1 мен 4-ке дейінгі көлемді) және консистенциялы (эластикалықтан қаттыға дейін), жиі қасындағы тіндермен және өзара тығыз байланыста, басқанда ауырмайды.
4. Қанда эозинофильдер, нейтрофильдер солға жылжыған, лимфопения, СОЭ шамалап жоғарылаған, анемия болуы мүмкін.
5. Созылмалы туберкулез интоксикациясы туберкулин реакциясының виражынан кейін бір немесе одан да ұзақ жылдан кейін пайда болады. Туберкулин сынамалары нормо- немесе гиперергиялы.
6. Кеуде қуысын ренгенологиялық тексеруде спецификалық өзгерістер байқалмайды.

 

Нәтижесі

1. Клиникалық жазылу 2. Біріншілік туберкулездің локальді түріне айналуы

 

 

КЕУДЕ ІШІЛІК ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ

ТУБЕРКУЛЕЗІ (бронхоаденит)

КЕУДЕ ІШІЛІК ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗІ (бронхоаденит) – бұл өкпе парсихимасының өзгеруінсіз спецификалық процесспен кеуде іші лимфа түйіндерінің жекеше зақымдануы.

 

Патоморфология

1. Лимфаденоидты тіннің гиперплазиясы. 2. Өкпе түбірінде перифокальді реакция. 3. Туберкулезді төмпешік іркілген некрозды ошақпен.

 

 

Клинико-рентгенологиялық түрлері мен сипаттамасы

«Шағын» түрі Инфильтративті түрі Туморозды түрі
Лимфа түйіндерінің ептеп үлкеюі, өкпе түбірінің созылып жиегінің айқын болмауымен сипатталады. Бұл өзгерістер негізінде топографиялық тексеруде ғана анықталады.   2 см Зақымдалған лимфа түйіндерінде казеозды-некрозды өзгерістер көп емес, экссудативті қабыну басым болады. Емдеу барысында процестің тез арада қайтуы осымен түсіндіріледі.     2-4 см Зақымдалған лимфа түйіндерінде казеозды-некрозды өзгеріс басым болады, сондықтан кейін қайту процесі өте баяу жүреді. Біртіндеп казеоздар тығызданады, оларда известь тұзы пайда болып, лимфа түйіндерінің капсуласы гиалинденеді.   интенсив. орт. 2см  

 

 

Аурудың ағымы

Асқынған Асқынбаған

 

 

Клиника

Кеуде іші лимфа түйіндері туберкулезінің клиникалық белгілері және спецификалық интоксикацияның дәрежесі патоморфологиялық өзгерістерге, оның көлеміне, процесске кеңірдектің, кеуде қуысының және маңайындағы тіндер мен мүшелерінің өзгерістерінің қамтылуына байланысты. Бронхоадениттің асқынбаған түрінде клиникалық белгілері тек қана жалпы бұзылулармен (тез шаршағандық, тамаққа тәбет болмауы, дене қызуының тұрақсыз болуы т.б.) білінеді. Перкуссия мен аускультацияда бронхоадениттің симптомдары кеуде іші лимфа түйінінің ауыр және жайылмалы түрлерінде кездеседі, қазіргі уақытта өте сирек. Туберкулин сынамасы оң, кейде гиперергиялы, ЕТЖ 25-30мм-сағ, аурудың бас кезінде аздаған лейкоцитоз бен лимфопения болады.

 

Емі

Аурудың «шағын» түрімен 3 санат бойынша емделеді. Аурудың инфильтративті және туморозды түрлерімен 1 санат бойынша емделеді. Туморозды түрінде кей жағдайда хирургиялық ем қолданылады (лимфонодульэктомия).
2 HRZ / 4 HR 2-4 HRZS (E) / 4 HR
Патогенетикалық терапия 1. Гигиена-диеталық режим 2. Витаминотерапия 3. Десенсибилизациялық 4. Сорылу терапиясы 5. Қуаттандыру терапиясы және т.б.)

 

Нәтижесі

 

Толық сорылу Тыртықты тығыздану Лимфа түйіндерінің қалындауы Созылмалы ағымды біріншілік туберкулез

 

 

БІРІНШІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗ ЖИНАҒЫ

 

Өкпедегі біріншілік туберкулез түріне тән 3 компонент: бронхоаденит, лимфангоит, өкпедегі ошақ жатады.

 

Патогенез

 

Кеуде іші лимфа түйіндерінің массивті түрде казеозбен алмасуына, организмнің резистенттілігінің төмендеуіне және жоғары дәрежелі сенсибилизацияға байланысты лимфа түйіндері лимфаны толық өткізе алмай қалады, сондықтан ең алдымен лимфостаз болады, одан кейін лимфа ретроградты ағады. Осы жолмен туберкулез инфекциясы зақымданған лимфа түйіндерінен өкпеге жайылады. Соңында біріншілік туберкулез жинағының 3 компоненті пайда болады: бронхоаденит, лимфангоит және өкпедегі ошақ.

 

Клиника

Клиникалық көрінісі әртүрлі, үрдістің кезеңіне, оның жайылуына, ағым ерекшеліктеріне және организмнің реактивтілігіне байланысты. Біріншілік туберкулез жинағы ешқандай симптомсыз өтуі мүмкін, бірақ та көбінесе жедел басталып, дене қызуының жоғарылауы, жалпы интоксикация симптомдармен, асқа тәбеті төмендеп, бала тез шаршағыш болады, терісі бозғылт тартады, дене салмағы азайып, тіндердің тургоры төмендейді. 7-10 топта шеткі лимфа түйіндері үлкейіп, олар жұмсақ эластикалық тығыздықта, мөлшері 2-ден 10мм-ге дейін ұлғаяды. Өкпеде перкуторлы дыбыс өкпедегі компоненттің және үлкейген лимфа түйіндерінің үстінде тұйықталып естіледі, аускультацияда – әсіресе жөтелгеннен кейін аздаған ылғалды сырыл төмендеген тыныс үстінде естілуі мүмкін. Гемограммада СОЭ 20-30мм/сағ, лейкоцитоз 8-15 мыңға дейін, нейтрофильдің аздаған солға жылжуы байқалады.  

 

К.В.Помельцев бойынша біріншілік туберкулез жинағының рентгенологиялық динамикасы 4 сатыдан тұрады:

 

1) пневмониялық 2) сорылу 3) тығыздану 4) кальцинация
Көлемі үлкен немесе орташа толық гомогенді емес қарайған, қабынған әрі созылған өкпе түбірімен байланысқан өзгеріс. Сорылу және тығыздану кезеңінде биполярлық белгі (Редекер симптомы) пайда болады. Ол біріншілік туберкулез жинағының кейін қайтуын белгілейді. Казеозды некрозды өзгеріс кезінде зақымдану орны тығызданады, қалталанады, соңынан кальцинатқа айналады.

 

Аурудың ағымы

Асқынбаған Асқынған

 

Емі

Асқынбаған ағымды науқастар бактерия бөлмейді, қабыну – 10 см2 дейін болса, 3 санат бойынша емделеді.   Асқынған ағымды науқастар бактерия бөледі, қабыну – 10 см2 дейін болса, 1 санат бойынша емделеді.
2 HRZ / 4 HR 2-4 HRZS (E) / 4 HR

 

Нәтижесі

 

1. Толық сорылу
2. Фиброз (индурациялық алаң)
3. Гон ошағы, өкпе түбірінде петрификаттар
4. Созылмалы ағымды біріншілік туберкулез
5. Ушығу мен екіншілік туберкулез түрлеріне айналу