Бақылау сұрақтары

1. Қандай құбылыстар беттік құбылыстар деп аталады? Адсорбция, десорбция, беттік активтілік, адсорбциялық тепе-теңдік деген үғымдарға анықтама беріңіз.

2. Жылжымалы бөліну беті аралығындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік активті заттар. Биологиялық мембрананыің құрылымы.

3. Гиббс теңдеуін келтіріңіз. Оң және теріс адсорбция арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Беттік керілу изотермасы деп нені айтады? Адсорбция изотермасы деп нені айтады ? Дюкло-Траубе ережесіне анықтама беріңіз.

4. Жылжымайтын бөліну беті аралығындағы адсорбция. Ленгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Ленгмюрадсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Фрейндлих адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Панет-Фаянс ережесінің мәні неде?

5. Қандай құбылыстарды электрокинетикалық деп атайды? Электрофорез бен электроосмос ұғымдарына анықтама беріңіз және құбылыстардың маңызын түсіндіріңіз.

6. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Зольдердің коагуляциясын туғызатын факторлар. Коагуляция табалдырығы, коагуляциялау қабілеті. Коллоидты қорғау деген не? Коллоидты қорғау құбылысының биологиялық ролі. Щульце-Гарди ережесі.

7. Дөрекі дисперсті жүйелердің фазалардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылатын дөрекі дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіз.

Тесттер

1. Беттік активтілік шамасы максималды болатын затты таңдаңыз

1) СН3СООН

2) С2Н5СООН

3) НСООН

4) С4Н9СООН

5) С3Н7СООН

2. Беттік активті емес затқа (БАЕЗ) жатады

1) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде өзгертпейді

2) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде төмендетеді

3) sер-ді = so

4) sер-ді>so

5) Г > 0

3. Панет-Фаянс ережесі бойынша ерітіндіден AgCl кристалдары бетіне адсорбцияланатын иондар:

1) К+

2) Сl-

3) Ва2+

4) Аg+

5) SО42-

4. Қанның ұюын алдын алу мақсатында қанды консервілеу кезінде Ca2+ иондарын кетіруге көмектеседі

1) хроматоргафия

2) электрофорез

3) диализ

4) молекулалы адсорбция

5) ион алмасу адсорбциясы

5. Уланғанда және метеоризмде активтендірілген көмірдің қолданылуы негізделген қабілет

1) артериальы қысымды жоғарылату

2) артериалды қысымды төмендету

3) полярлығы аз заттардың газдарын және молекулаларын адсорбциялау

4) капиллярлар қабырғаларының өтімділігін арттыру

5) ерітіндімен иондар бойынша алмасу

6. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золіне сәйкес келетін мицелла формуласы

1) {m(АgВr) n К+(n-х)Cl-}x+ хСl-

2) {m(АgВr) n Br-(n-х)K+}x- хK+

3) {m(АgВr) n SO42- 2(n-х)Na+}2x-хNa+

4) {m(АgВr) n Ag+(n-х)NO3-}x+хNO3-

5) {m(АgВr) n J-(n-х)K+}x-хK+

7. Мицелланың формуласын жазуда потенциаланықтаушы иондар таңдалатын ереже

1) Шульце-Гарди

2) Вант-Гофф

3) Панет-Фаянс

4) Менделеев-Клапейрон

5) Дюкло-Траубе

8. Ақуыздардың лиофобты зольдердің тұнбаға түсіп және тамырлар қабырғаларында холестеринді түйіндақтың жинақталуына кедергі жасау қабілеті аталады

1) коагуляция

2) седиментация

3) коацервация

4) коллоидты қорғау

5) синерезис

9. Коагуляциялау қабiлетi ең жоғары ионды таңдаңыз:

1) K+

2) Al3+

3) Na+

4) Ca2+

5) Ba2+

10. Оң зарядталған бөлшектері бар зольді коагуляциялау әсері жоғары ионды таңдаңыз

1) K2SO4

2) NaNO3

3) CaCl2

4) FeCl3

5) K3РO4

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 145-189.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

 

ОСӨЖ №5

 

ТАҚЫРЫП:Аралық бақылау №1

МАҚСАТТАРЫ:

· бейорганикалық, физикалық және коллоидты химияның зерттелген тараулары бойынша студенттердің білімін бағалау;

· есептерді шығаруда игерген дағдыларын бақылау;

· биологиялық және медициналық маңызды зерттелген сұрақтарды қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

· ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

 

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· аралық бақылау тақырыптары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;

· ағзада жүретін процестердің негізгің заңдылықтары мен мәнін термодинамикалық, кинетикалық, протолиттік тепе-теңдік және т.б. тұрғыдан түсіну деңгейін бақылау

· электрохимия негіздерін, беттік құбылыстардың физика-химиялық негізі мен негізгі түсініктерін, хроматографиялықталдау негіздері бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;

· дисперсті жүйелердің жіктелуі, алыну, тазарту әдістерімен физика-химиялық қасиеттерінен сұрақтар бойынша студенттердің білім деңгейін тексеру;

· комплексті қосылыстар мен биогенді элементтердің биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолдануы бойынша сұрақтарды қарастыру;

· жоғарыда аталған тақырыптардың медициналық-биологиялық аспектісін қарастыру;

· жаңа терминдерді игеру деңгейін бақылау.

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- жазбаша бақылау;

- әңгімелесу

БАҚЫЛАУ

Бағаланатын құзыреттіліктер:

1) Білім.

2) Коммуникативтік дағдылар.

Бақылау әдістері:

1. Жазбаша тапсырманы орындау.

2. Есептерді шығару, оқытушының сұрағына жауап беру