ТАҚЫРЫП: Гемнің, нуклеозидтердің, нуклеотидтердің құрылысы. Нуклеин қышқылдарынын біріншілік құрылымы.

 

МАҚСАТЫ:

1. Нуклеозидтер, нуклеотидтер және олардың туындыларының әртүрлі өкілдері құрылыстарының ерекшелігі мен маңызы туралы білімді қалыптастыру.

2. ДНҚ мен РНҚ-ң ұйымдастыру құрылысыны туралы білімді қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушының қабілеттілігі:

1) Оқытушының нұсқауымен, нуклеотидтер, нуклеозидтер құрылыстарының схемасын көрсету.

2) Гемнің құрылысын қарастыру

3) Тірі ағзадағы нуклеин қышқылының ролін түсіндіру.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

- тақырыптың сұрақтарын оқу;

- типтік тапсырмаларды орындау;

- оқытушымен консультация;

- оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.

2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тапсырма:

1. Дезоксицитидил қышқылы (дЦМФ) және гуанил қышқылының (ГМФ) түзілу реакцияларын жазыңыз.

2. Тимидин - 5’ – монофосфат (ТМФ), тимидин - 5’- дифосфат (ТДФ) тимидин - 5’-трифосфаттің (ТТФ) түзілу реакцияларын жазыңыз. Олардың маңызы.

3. Циклды УМФ-тың (уридин-3’, 5-циклофосфат) түзілу реакциясын жазыңыз.

4. Полинуклеотид тізбегінде мононуклеотидтер бірімен-бірі қалай байланысады. Аденозин-5-монофосфат (АМФ) пен цитидин - 5 - монофосфатты (ЦМФ) мысалға алып, олардың өзара байланысуын көрсетіңіз.

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

1) үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).

2) Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 265-268.

2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 278-291.

Қосымша:

1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

Сұрақтар:

1. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

2. Нуклеозидтер. Нуклеин негізінің көміртек қалдығымен байланысының сипаттамасы. Нуклеозидтер гидролизі.

3. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Номенклатурасы. Макроэргтік байланыс.Маңызы.

4. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз.

5. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ, маңызы.

6. Нуклеин қышқылдары.Құрылымының жалпы схемасы. Нуклеин қышқылдарының түрлері. Маңызы. Рибонуклеин(РНҚ) және дезоксирибонуклеин(ДНҚ) қышқылдары. Құрамының ерекшеліктері. Полинуклеотид тізбегіндегі қалдықтарының арасындағы байланыстың сипаты. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ,ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.

 

Тесттер:

1. Алкалоидтарға жатады:

1) кофеин

2) ксантин

3) хинолин

4) пиридин

5) никотин

2. Пиримидин туындылары:

1) пиррол

2) пиридин

3) тимин

4) пирролидин

5) цитозин

3. Пурин туындылары:

1) гуанин

2) ксантин

3) никотин

4) зәр қышқылы

5) тимин

4. Нуклеозид құрамына гуанин қандайтаутомер күйінде болады:

1) кетон

2) еноль

3) лактам

4) лактим

5) цикло

5. ГДФ-ты(гуанозин-5/дифосфат) фосфорлау кезінде қандай байланыс түзіледі?

1) ангидридтік

2) күрделі-эфирлік

3) амидтік

4) N-гликозидтік

5) O-гликозидтік

6. Кофермент HAD+туынды болып табылады:

1) пиперидиннің

2) пиридазиннің

3) никотинамидтің

4) адениннің

5) тимидиннің

7. Нуклеин қышқылының мономері болып табылады:

1) нуклеозидтер

2) нуклеотидтер

3) нуклеин негіздері

4) нуклеозидциклофосфаттар

5) нуклеозидполифосфаттар

8. РНҚ мономері болып табылады:

1) цитидинмонофосфат

2) урацил

3) аденозин

4) дезоксигуанозинмоно фосфор қышқылы

5) тимидинмонофосфат

9. Реакция өнімін көрсетіңіз: β-метилпиридин +[O] →

1) пиридин-2-карбон қышқылы

2) N-метилпиридин гидроксид

3) β-гидроксипиридин

4) никотин қышқылы

5) изоникотин қышқылы

10. ДНК мономері болып табылады :

1) уридин

2) цитидинмонофосфат (ЦМФ)

3) тимидинмонофосфат (ТМФ)

4) аденозин

5) дезоксиаденозин

 

ОСӨЖ №10