Неркәсіптік көліктің даму тарихы

Жоспар

Кіріспе

1. Өнеркәсіптік көліктің даму тарихы

1.1 Көліктің жалпы сипаттамасы

2. Қазақстан Республикасының көлік кешені

2.1. Көлік инфрақұрылымының мәні мен оның мемлекет экономикасындағы рөлі

2.2 Көлік кешенінің құрамдас бөлшектері, көліктің әр түрлерінің техникалық-эксплуатациялық сипаты мен қолданылу аумағы

Орытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Мемлекет экономикасында көлік басты рөлде, тұтынушылар мен шығарушылар арасында күнделікті және ритмикалық жағдайды жасай отырып, еңбек құралдары мен заттарды алмастыруда үздіксіз қызмет етеді. Функционалдық белгісіне қарай көлік магистральды және өнеркәсіптік болып бөлінеді. Магистральды көлік өнімді шығарылған жерден тұтынушыға айналдырады. Өнеркәсіптік көліктің магистральдіден ерекшелігі өндіріс өнеркәсібінде қосымша бөлім ретінде жұмыс атқарады. Ол жаңа еңбек өнімін шығару процесінде кәсіпорын ішінде технологиялық араластыруды өзіндік атқара отырып, сонымен қатар, кәсіпорындар мен магистральды көліктер арасында шикі және дайын өнімдерді жеткізіп беруде көліктік байланыстарды орындайды.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік көлік бір жағынан өндірушінің негізгі бөлігі болып табылады, ал екінші жағынан көлік жүйесінің негізгі түйіні. Өнеркәсіптік көліктің негізгі құрамына теміржол, автомобиль және конвейерлік көліктер кіреді. Сонымен бірге, өнеркәсіпте арнаулы көлік түрлері қолданылады; гидравликалық, пневмоконтейнерлік, пневматикалық және қыл арқан бойы арқылы жүретін көліктер және т.б. Әр түрлі көлік түрлері технологиялық және сыртқы кәсіпорын көліктерін тасымалдауда бір көліктік кешен болып қызмет атқарады.

Табиғат ресурстарынан түсетін кірістердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша Халықаралық валюта коры (ХВҚ) стандарттары өзі тарапынан кірістің анағұрлым басым бөлігін табиғат ресурстары есебінен алатын елдердің өзіндік проблемаларына «ХВҚ-ның (Халықаралық валюта корымен) бюджет- салык саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша тиісті тәжірибе Кодексін» модификациялауды білдіреді. Еліміздің ірі техникасының іскерлерімен өндіруші компаниялардан түсетін үкімет кірісінің ашықтығын қамтамасыз ету принципі болып табылады, сол арқылы азаматтар олардың қалай пайдаланылып жатқандығы жөнінде үкіметтен толықтай және анық есептілік талап ете алады.

Еліміздің ірі техникасының іскерлері өзін басқа бастамалардан ерекшелендіріп тұратын мынадай белгілерімен сипатталады:

- шынайы сипатымен, еріктілігі және процедура қарапайымдылығымен;

- шешім қабылдар кезде тараптардың теңдігі принципімен - үкімет, компания және азаматтық қоғам институттарының;

- қабылданған шешімді барлық тараптардың орындауына жауаптылығымен.

 

неркәсіптік көліктің даму тарихы

Көлік және көліктің даму тарихын қоғамдағы адам тарихынан еш бөлуге болмайды. Адамға құрал-сайманның және еңбек заттарының араласуынсыз қандай да бір іс-әрекетті және қажеттіліктегі өнімді қолдану мүмкін емес.

Көлік қоғам өндірісі және адам өмірі жағдайының дамуымен тығыз байланыста дамып жетіледі. Өнім түрлерінің және көлемінің кеңейтілуі, ауыл шаруашылығының дамуы және тауардың пайда болуы көліктің ішкі және сыртқы саудаға, сонымен бірге, өмірдегі қажеттілікте маңызын жоғарылатты.

Материалды өндірістің үш элементінің көліктік процесс үшін бар өзгешелігі: еңбектің өзі, еңбек заттары және еңбек қаражаты.

Алғаш рет тау-кен зауыттық өнеркәсіптерінде рельстік жолдардың қажеттілігі пайда болды, сонымен бұл өндіріс XVIII ғ. ішінде өз дамуында айтулы табысқа жетті.

1763-1765 жж. Алтайдың бір кенінде механик К.Д. Фролов алғаш рет арқанды тартымды (жетектегі доңғалақтардан) кенмен тиелген вагоншаларды науа пішіні бар рельсті-ағаш шабақты жолмен араластыру үшін қолданды. 80 жылдардың аяғына карай XVIII ғ. Петрозаводскідегі Александр ұлпа зауытында шойынды рельс жолдары құрылды, 1896-1909 жж. тау-кен инженері П.К. Фролов Алтайда арқанды тартыммен жүретін осындай жол салды. 1834 ж. дарынды орыс өнертанымдары әкелі-балалы Черепановтар алғашқы паровозды шығарып, Нижний Тагилде Ресейдегі алғашқы қос тартымды темір жолды ойлап тапты.

Алғашкы «өз еркімен жылжитын» экипаж 1752 ж. Ресейде пайда болды. 1782 ж. Санкт-Петербург көшелері бойында үш доңғалақты коляска «самокат- ка» жүріп өтті, бұны орыстың басқа өнертапқышы И. Кулибин ойлап тапты. Автомобильдің әрі қарай дамуы «жол локомотиві», «қос тартым» жолдары арқылы дамыды. Бұл бу машиналарын құрастырушылар француздық Кюньо (1769 ж.), ағылшындық Тривисик (1802 ж.) және американдық Эванс (1804 ж.). Экипажды әрі қарай дамыту XIX ғ. аяғына дейін жалғасты.

Электрқозғағыш және аккумуляторлық батареяларды жарыққа шығаруда елімізде электрлік экипаждар құрастырылды. Бірақ үлкен салмақты қорғасынды аккумуляторлар, үлкен емес күшті қозғауыш және азғантай жылдамдықтағы (5-10 км/сағ.) осындай автомобильдердің кең тарауына себеп болмады.

1885ж. өнер табыстың жаңа автомобиль құрылыстарын зерттеуді жылдамдату шешуші фактор болып табылады. 1924 ж. Мәскеуде «АМО» зауы- тында жүк көтерімділігі 1,5 т. дейін жүк автомобильдері шығарыла бастады.

Ресейде тасымалдаушы машиналардың шығарылуы мен қолданылуы XVIII ғ. бастап әйгілі 1764 ж. орыс механигі Е.Г. Кузнецов Нижний Тагил маңындағы кенде кен көтеруге қолданатын көпшөмішті су көтергішті түрғызып, аяғында кенді көтеру үшін қолданған. 1788 ж. механик және гидро- техник К. Д. Фролов Алтайдағы Змеиногорск кенінде сол уақыттағы керемет кен көтеру үшін кешенді қондырғы тұрғызды. Сағатына 20—68 м. биіктікте 10 т. кен көтеретін дамылсыз қызметте кен көтеретін шөмішті элеватор негізгі 8 қондырғысы болды. 1860 ж. орыстың өнертапкышы А. Лопатин Сібір алтын прииск жүйесіне құм және малта тасты тасымалдауға таспалы конвейерді (құм тасушы) ұсынып және оны енгізді. Алғашында таспа орнына кенеп, одан кейін тері және шойынды беттерді қолданды.

Қазіргі уақытта конвейерлік құрылыс түрлерін, арқанды жолдарды, әртүрлі өндірістегі көлікті механикаландыру кешенді жүйеде қарқынды зерттеліп келеді.