Бап. Қауіпті жағдайда қалдыру

1. Өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттыгына, науқастыгына қарай немесе өзге де дәрменсіз күйі салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шарала-рын қолдану мүмкіндігінен айырылган адамды көрінеу көмексіз қалдыру, егер кінэлі адамның сол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған немесе сол адамға қамқорлық жасауға міндет-ті болган не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі түсірген жагдайларда-

2. Көмексіз қалдырылған адамның денсаулыгына абайсызда ауыр немесе ауырлыгы ор-таша зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көмексіз қалдырылган адамның абайсызда өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет -

Қылмыстың объектісі - қауіпті жағдайда қалған адамның өмірі мен денсаулығы. Қылмыс объективтік жағынан өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы жэне сэбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дэрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған жэне ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне, немесе денсаулығына қауіпті күйге өзі қалдырған жағдайларда көрінеу көмексіз қалдыруы арқылы көрініс табады. Бұл қылмыс эрекетсіздік арқылы екі түрлі жағдайда көрініс табады: 1) кінэлі адам өмірі мен денсаулығына қауіп туған адамға қамқорлық жасауға міндетті болса жэне ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болса; 2) кінэлі адам ондай адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті күйге өзі қалдырса.

Бірінші жағдайда көрсетілген әрекетсіздік үшін мына сипаттағы адамдар жауапты болады:

1) заңның тікелей талаптары бойынша көмек көрсетуге міндетті адамдар: ата-аналар кэмелетке толмаған балаларына; балалары - кэрі ата-аналарына;

2) көрсетілген эрекеттерді кэсібі немесе қызметтік борышы бойынша атқаруға мін-детті адамдар: мектеп мұғалімдері, өрт сөндірушілер, спорт үйірмелерінің жетекшілері, балабақшасының тэрбиешілері жэне басқалар;

3) көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды келісімшарт бойынша жүзеге асыруға мін-детті адамдар: жас балалардың немесе мүгедек адамдардың жалдамалы күтушілері;

Көрсетілген адамдар қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті болса (объективтік белгі) жэне оны жүзеге асыруға мүмкіндігі болса ғана (субъектив-тік белгі) және оларды көрінеу көмексіз қалдырған белгілердің түтастай орын алған жағдайында ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Қауіпті жағдайда қалдырудың себептері эр түрлі болуы мүмкін: жас мөлшеріне байла-нысты (сэби, қарттық) адам ағзасында орын алатын патологиялық немесе физиологиялық процестерге байланысты (науқастың күнге күйіп денесінің жансыздануы, басы айналып қүлап қалу, көпшілік жүретін немесе басқа да жерде адамның ескілікті дертіне байла-нысты уақытша есі ауысып зардап шегуі), табиғи апаттарға байланысты (жер сілкіну, су тасу, қар көшкіні салдарынан үйінді астында қалған адамдар) т.б.

Кінэлі адам адамдардың өмірін немесе денсаулығын қауіпті жағдайға өзі қалдырып, көмек бермей кетіп қалса осы бап бойынша жауаптылыққа тартылады. Мұндай жағдайларда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді тастап кету; көзі көрмейтін адам-ды көшеден өткізуге міндетті адамның оны жолға тастап кетуі т.б. осы сияқты эрекеттер жатады.

Қылмыс құрамы формальдық жэне ол занда көрсетілген эре-кетсіздіктерді істеген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Заңдағы қауіпті жағдайда көрінеу көмексіз қалдыру деген сөздің өзі осы қылмыстың субъективтік жағының дэл мэнін айқындап түр. Қылмыстық ниет эр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстық кодекстің 119-бабының 2-тармағында осы қылмыстың адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге экеп соққан іс-эрекеттері, ал осы баптың 3-тармағында көмексіз қалдырылған адамның абайсызда өліміне экеп соққан ал баптың 4-тармағына абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне экеп соққан іс-эрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Бү_л ұғымдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 104 жэне 114-баптарында көрсетілген.

5. Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар

Адам құқықтары мен бостандықтары эркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, завдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Бұл қағида Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабының 2-тармағында тура көрсетілген. Сондай-ақ Республика Конституциясында адамның жеке басына - өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауына кепілдіктер берілген.

Азаматтардың бостандықтары, қадір-қасиетін, ар-намысын қорғау эр түрлі тэсіл-дермен жүзеге асырылады, соның ішінде жеке адамның бостандығына қол сұғатын эрекеттерге қарсы күрес жүргізуде Қылмыстық заңның маңызы ерекше. Осыған орай Қылмыстық кодекстің көптеген баптарында адам бостандығын қорғайтын заң нормала-ры бар.

Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстардың жеке құрамдары Қылмыстық кодекстің 125-129-баптарында тікелей көрсетілген. Бұл тұрғыдағы кылмыстардың топтық объектісі адам мен азаматтың бостандығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың тікелей объектісі нақты жэбірленушілердің заңмен белгіленген бос-тандығын реттейтін қоғамдық қатынасы болып табылады.

Енді осы топқа жататын жекелеген қылмыс құрамдарына талдау жасайық.

Бап. Адам урлау

Адамды урлау -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ana сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыңқа қауіпті күш қолданып;

4) ңаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты;

6) кінәлі адамға жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге ңатысты;

7) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

8) пайдакүнемдік ниетпен жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) ұрланган адамды қанау мақсатында жасалса;

3) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-

Ескерту.

Рланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оныңәрекеттерінде өзге қылмысқұрамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босатылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сэйкес эркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16-баптың 1-тармағы). Заңда көзделген реттерде ғана жэне тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға жэне қамауда ұстауға бола-ды (16-баптың 2-тармағы). Конституция эркімге өз кұқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқық береді (13-баптың 2-тармағы).

Адамды оның еркінен тыс жағдайда заңсыз, қасақана басып алып оған иелік етіп, ұрлаушылардың билігінде ұстауын адам ұрлау деп айтамыз.

Қылмыстың тікелей объектісі — адамның жеке бостандығы, қосымша тікелей объект - жэбірленушінің өмірі, денсаулығы, меншігі.

Қылмыстың жэбірленушісі—жасына, денсаулық жағдайына, азаматтығына, элеуметтік жағдайына қарамастан щшанған адам. Өз баласын басқа ата-анасынан, туыстарынан ұрлап алып кету бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Қылмыс объективтік жағынан мына эрекеттерді белсенді түрде жүзеге асыру арқылы көрініс табады: тірі адамды оның еркінен тыс жағдайда жасырып, ашық түрде немесе алдау жолымен қолға түсіру; оны тұрғылықты мекен-жайынан немесё уакытша тұрып жатқан жерінен басқа жерге апару; ұрланған адамды бас бостандығынан айырып ұстау. Қылмыс адамды оның еркінен тыс жағдайда қолға түсірген уақыттан бастап аяқталған деп танылады, қылмыс формальдық қү_рамға жатады. Субъективтік жағынан қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі көрсетілген. Бұл қылмыстың қоғамға кауіптілігі зор болады, егер ол:

а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;

б) бірнеше рет;

в) өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға катысты;

е) кінэліге жүктілік жағдайында екендігі айқын эйелге қатысты;

ж) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдік ниетте.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер оларды:

а) қылмыстық топ жасаса;

б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;

в) абайсызда жэбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соқса көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түрі болып табылады. Көрсетілген ауырлататын жэне аса ауырлататын осы кылмыс кұрамдарының түсініктеріне Қылмыстық кодекстің Жалпы жэне Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында түсінік берілген.

Қылмыстық кодекстің 125-бабының ескертуіне сэйкес ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.