Бап. Кәмелетке толмағандар саудасы

1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оган қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азгырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, any, сондай-аң қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

4) ңаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды ңолданып;

5) екі және одан да көп адамга қатысты;

6) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің агзаларын немесе тін-дерін алып қою мақсатында;

7) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;

8) адам өзінің ңызмет бабын пайдалана отырып;

9) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қогамға жат өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында;

10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;

11) кінәлі адамга жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаган адамға ңатысты;

12) кінәлі адамға психикасының бузылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаган адамға қатысты;

13) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын қүжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаган адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазаңстан Респу-бликасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазаңстан Республикасының аумагы арңылы тасымалдау мақсатында жасалган іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемле-кеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумагы арқылы тасымалдау -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстың топ жасаса;

2) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Кэмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылық бұрын Қазақстан Республикасының аумағында қолданылған қылмыстық заңдарда мүлде көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кэмелетке толмағандар «зат», «товар» ретінде пайда-ланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сэйкес Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 135-бабында осы тұрғыдағы іс-эрекетке қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тэрбиелену жағдайлары.

Қылмыстық қүдық бұзушылық объективтік жағынан кэмелетке толмаған адамды са-тып алу - сату немесе оған қатысты өзге де мэмілелер жасау, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де эрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Кэмелетке толмаған адамды белгілі келісімді ақы алып (ақшалай, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.

Кәмелетке толмаған адамды айырбастау (үйге, көлікке, басқа тауарларға), сыйға беру (мысалы шетелге тұрақты өтіп кетуге байланысты көрсеткен көмегі үшін немесе шын достықтың белгісі ретінде тегін беру); қарызын немесе басқадай міндеттемелерін етеу үшін беру; басқа біреуге уақытша пайдалануға жалға беру өзге мэмілелер жасау деп танылады. Кэмелетке толмағандарды қанау, азғырып-көндіру, тасу, беру, жасы-ру, пайдалану мақсатындағы өзге де әрекеттер ҚК-тің 129-бабында көрсетілген осын-дай іс-әрекеттермен бірдей. Қьшмыстық құқық бұзушылық жэбірленушіні саудаға салу жөніндегі мэмілеге қол жеткізілген жэне кэмелетке толмаған адамды басқа біреуге берген немесе ҚК-тің 135-бабының 1-бөлігінде көрсетілген басқа да кез келген іс-эрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық қү_қық бұзушылық - кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тікелей қасаканалықпен істеледі. Бұл жерде осы қылмыстық қүдық бұзушылықты істеуге кінэлі болып адамды сатқан жэне сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай эрекеттерге бағытталған өзге де мэмілелер жасауға қатысқандар (жэбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстық қү_кық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс, кэмелетке толмағандарды саудаға салуға қатысқан адамдар.

Қылмыстық кодекстің 133-бабының 1-тармағында көрсетілген эрекеттерді:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

2) бірнеше рет;

3) өмір мен денсаулыққа кауіпті күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;

4) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

6) транспланттау салу немесе өзгедей пайдалану үшін жэбірленушінің ағзаларын не-месе тіндерін алу мақсатында;

7) алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен;

8) адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып;

9) кэмелетке томаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де іс-эрекеттер жасауға тарту максатында;

10) жэбірленушінің материалдык немесе өзге тэуелділігін пайдаланып жасалған бол-са;

11) кінэлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты;

12) кінэлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дэрменсіз күйде екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты; 13) жэбірленушінің жеке басын куэландыратын кұжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дэл сол іс-эрекеттер — осы қылмыс қүрамының ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 135-бабы 2-тармағы).

Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, кэмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экету, Қазақстан Респуб-ликасына экелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған эрекеттер, сол сияқты осындай эрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экету, Қазақстан Республикасына экелу немесе бір шет мемлекеттен екін-ші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу — көрсетілген қылмыс құрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 133-бабының 3-тармағы).

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген эрекетгер, егер: 1) қылмыстық топпен жасалса; 2) абайсызда жэбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса, іс-эрекет ҚК-тің 135-бабаның 4-тармағы бойынша сараланады. Адамды қанаудың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 1-тармағында көрсетілген. Өзге де ауыр зардаптарға — жэбірленушіге орта, ауыр дене жарақатын келтіру, кәмелетке толмаған адамның кінэлінің заңсыз эрекетіне байланысты өзін-өзі өлтіруі, олардың жұқпалы аурумен зақымдануы, мүгедек болып қалуы сияқтылар жатады. Қылмыстық кодекстің 135-бабының 4-тармағында көрсетілген кылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъ-ективтік жағынан әрекеті қасақаналық, ал одан болатын зардап абайсыздықпен жүзеге асырылады.

Бап. Баланы ауыстыру

1. Баланы қасақана ауыстыру -

2.Пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалган дәл сол іс-әрекет–

Заң (ҚК-тің 136-бабы) баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылык белгілеген. Бұл қылмыстық құқық бүзушылықтың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыс-тыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлықпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын эрекеттер жүзеге асырылады. Қылмыстың тікелей объек-тісі баланың бірқалыпты дамып, жетілу жэне қалыптасу жағдайлары, олардың жэне отбасының мүдделері.

Қылмыстық құқық бү-зушылық объективтік жағынан баланы ауыстыру эрекеті арқылы жүзеге асырылады. Баланы ауыстыру деп бір баланы басқа бір баламен ауыс-тыруды айтамыз. Мысалы қыз баланы ер балаға, қара түсті баланы сары түсті балаға, іштен мүгедек болып туған баланы дені сау балаға ауыстыру т.с.с. Баланы ауыстыру жаңа туған балалар жөнінде - босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып алу арқылы жүзеге асырылады. Өз баласын басқа баланың ата-анасының келісімінсіз оның баласымен ауыстыруда осы қылмыстың құрамын қүрайды. Жаңа туған нэрестелерді екі жақтың да ата-аналарының өзара келісімі бойынша ауыстыру - қылмыстық кұқык бұзушылық қүрамын түзбейді.

Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық қүрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сэттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтшде кінэлі адамның қылмысы эшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін ақырына дейін жеткізе алмаса, онда кінэлінің әрекеті осы қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталғандық болып табылады. Қылмыстық қүдық бұзушылық субъектив-тік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінэлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді жэне осы эрекетгерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның эрекеті қылмыстық құқық бүзушылық болып табылмайды.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дү_рыс баланы нақты ауыстырған адам (бо-сану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.

Қылмыстық кодекстің 136-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі - пайдакүнемдік немесе өзге де ү_ждансыз пиғылмен жасалған бала ауыстыру эрекеттері үшін жауаптылық көзделген. Пайдакүнемдік ниетке — баланы ауыстырып материалдық олжа, пайда табу эрекеттері, ал үждансыз ниетке - кек алу, қызғаныш, үлттық, нэсілдік пиғылда жасалған әрекеттер жатады.