Бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіптік ңұпия ретінде сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге де ұждансыз пигылмен жасаган, бала асырап алу қупиясын бала асырап алушының еркіне қайшы жария етуі -

Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүпия ретінде бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның не өзге адамның пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу қүлиясын жария еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 138-бабында көзделген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол кінэлі адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу қүпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-ана-ларына орны толмас моральдық зиян келтіреді.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - бала асырап алу туралы заңда белгіленген қогамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асырап алынғандар-дың мүдделері.

Қылмыстық қү-қық бүзушылык объективтік жағынан бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асырап алынғандар-дың мүдделері.

Қылмыстық құқық бүзушылык объективтік жағынан бала асырап алу қүпиясын жа-рия ету арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының неке жэне отбасы ту-ралы Заңына сэйкес бала асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жэне бала асырап алу жөніндегі фактіні білетін өзге де адамдар бала асырап алу қүлиясын сақтауға міндетті. Аталған адамдар бала асырап алушының немесе асырап алынған баланың ер-кіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүлияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі қылмыс болып табылады. Бала асырап алу қүлиясын жария ету деп ол туралы кез келген адамға, оның ішінде туыстары-на, таныстарына, асырап алынған адамның өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат қүралдарын пайдаланып отырып жасаған эрекеттерін айтамыз.

Қылмыстық құқық бүзушылық үшін жауаптылық бала асырап алу қүпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне қайшы түрде жүзеге асырыл-ғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушының еркі деген ұғымға - оны асырап алған жүбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жү_байдың біреуінің екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу қүлиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады.

Қылмыстық құқық бүзушылық бала асырап алу қүпиясын жария еткен уақыттан бас-тап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе алмағанына қарамастан аяқталған деп та-нылады. Қылмыстық қүқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам бала асырап алу қүлиясын жария етудің қоғамға қауіптілігін се-зеді жэне де осы құлияны жариялауды тілейді. Бала асырап алушының еркіне қайшы қызметтік немесе кэсіптік қүпияны бала асырап алу фактісін сақтауға міндетті адамның жария етуі кез келген ниетті басшылыққа ала отырылып жүзеге асырылады. Ал бала асырап алу қүлиясын өзге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен ғана жүзеге асырылады. Бұл түрғыдағы субъектілердің осындай ниеттермен істеген эрекеттері қылмыс құрамын қүрайды. Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық (зұлымдық) ниеттердің түсінігі Қылмыстык кодекстің 136-бабында зерделенген.

Қылмыстық құкьщ бүзушылықгың субъектісі екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: бала асырап алу қүлиясы қызметтік немесе кэсібіне байланыс-ты белгілі болған адамдар. Оларға - жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес берген адвокаттар, АХАТ қызметкерлері жатады. Екінші топқа бала асырап алу фактісінен ха-бардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлардың біреуі, жақын туыстары, таныстары. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазым-ды адамдардың бала асырап алу қүлиясын жария етуі ауыр зардаптарға экеліп соқса (жэбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқасқа үліырауы т.с.с.) олардың эрекеті Қылмыстық кодекстің 361-бабымен саралануға жатады.

Бап. Балаларын күтіп-бағауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жүбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару

Ата-ананың кәмелетке толмаган балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толган еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-багуға com шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндет-терін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-багуга com шешімі бойынша қаражат төлеуден үш ай-дан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мүқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-багуга com шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы -

Ата-ананың кэмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндет-терін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат телеуден үш ай-дан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз жэне материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы үшін жеке дара жауаптылық көзделген.

Қылмыстың тікелей объектісі кэмелетке толмаған, сондай-ақ кэмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың еңбекке қабілетсіз жұбайын лайыкты өмір сүруін камтамасыз ететін материалдық мүдделері. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушілері - 18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар; еңбекке қабілетсіз ж^байлар, ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да).

Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 139-бабында көрсетілген қылмыс ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты эдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының неке жэне отбасы туралы Заңына сэйкес алимент: 1) ата-аналардың, жұбайларының ерікті келісімі болған жэне ол нотариус арқылы куэландырылған жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі. Бірақ Қылмыстық кодекстің 139-бабының талабына сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін ғана туындайды.

Балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден эдейі жалтаруға соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, үзақ уақытқа жалтарулар жатады. Заңда оның мерзімі үш айдан астам уақыт деп белгіленген. Еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз жэне материалдык көмекке мұқтаж жұбайы (зайыбы) күтіп бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы. Жалтарудың тэсілі эр түрлі: жұмыс орнын себепсіз жиі өзгерту, тңэғылықты жерін жасыру, қосымша жұмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануға сот органының белгіленген қаражатты төлеу туралы ресми ескертуінің орындалмауы негіз болады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. К^ілмыстық құқық бұзушылық ниет эр түрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, баланың анасына деген өшпенділік, кінәлінің баламен туыстығына күмэн келтіру т.с.с. көрсетілген қылмыстык ниеттердің қылмысты саралауға эсері болмайды.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық субъектісі бола сот шешімі бойынша қаражат төлеуге міндетті ата-аналар немесе соларға теңестірілген адамдар ата-анасын асырауға арнайы қаражатты сот шешімі бойынша төлеуден жалтарған кәмелетке толған олардан туған немесе өгей балалары, асырап алынған ұлдары, қыздары, көмекке мүқтаж жұбайын сот шешімі бойынша қаражат төлейтін адамдар танылады.