Бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмундағы өнімдерді жасауға тарту

Кәмелетке толмаган адамды эротииалық мазмұндагы өнім жасауга, сондай-ақ эротикалық мазмүндагы өнім таратуга, жарналамауга және сатуга тарту -

Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға жэне сатуға тарту — үшін жауаптылық жаңа Қылмыстық кодекстің 144-бабында көрсетілген. Қылмыстың объек-тісі кэмелетке толмағандардан мүддесіне қол с^ғушылық. Объективтік жағынан қылмыс белсенді эрекеттер арқылы кэмелетке толмағандарда эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға, осы өнімдерді таратуға, жарнамалауға, сатуға тарту арқылы жүзеге асырыла-ды. Қылмыстың жасалу эдісі - кэмелетке толмағандарда эртүрлі эдіспен қызықтырып, қылмысқа тарту болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъек-тісі - кэмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тартқан 16-ға толмаған есі дұрыс адам.

ТАРАУ.АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҮҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Адамның және азаматтын конституциялық кұқыктары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылыктардың түсінігі және түрлері

Тэуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралык нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, элеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конститу-циясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сэйкес адам құқыктары мен бостандықтары таны-лады жэне оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары эркімге ту-мысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған карай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тармағында. Яғни «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай күдықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның жэне азаматтың өз қүқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың қү_қықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық қздрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).

Конституцияның II бөлімі адам жэне азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндет-теріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нэсіліне, үлтына, тіліне, элеуметтік тегіне, дінге кезқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам жэне азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматгық қүқық пен бостандыққа; саяси қүл^ықтар мен бостандықтарға; экономикалық жэне элеуметгік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Консти-туцияда жария етілген азаматтардың осындай қүқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).

Азаматтардың саяси, әлеуметтік жэне басқа да қүқықтарына қарсы қылмыстық күқық бүзушылық үшін жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық қүқық бұзушылықтардың заң нормалары азаматгардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.

Айтылып отырған қылмыстық құқық бүзушылықтың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық қүқықтары мен бостандықтары саналады.

Қылмыстық құқық бүзушылықтардың осы тобы қылмыстық құкық бұзушылықтың тікелей объектісіне сэйкес жэне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мэніне қарай, мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

Саяси құдықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық құкық бұзушылық: азаматтардың тең қүдықтылығын бүзу (145-бап); сайлау қуқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (150-бап); сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (151-бап); журналистің заңды кэсіптік қызметіне кедергі келтіру (158-бап); ақпараттық ресурстарға қол жеткізу қүдығын заңсыз шектеу (159-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (155-бап); ереуілге қатысуға немесе ере-уілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (157-бап); жүмыскер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру (154-бап).

Адамның жэне азаматтың әлеуметтік-экономикалық қүқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бүзушылық: еңбек туралы заңдарды бұзу (152-бап); Кэмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу (153-бап); еңбекті қорғау ережелерін бүзу (156-бап).

Жеке қүқыктар мен бостандықтарға қарсы қылмыстық қүқық бұзушылық: жеке өмірге қол сү-ғылмаушылықты бүзу (147-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар қүлиясын заңсыз бұзу (148-бап); тұрғын үйге қол сүғылмаушылықты бұзу (149-бап); азаптаулар (146-бап).