Бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құру

Жалдамалыларды дайындау үшін көрінеу базалар (лагерьлер) құру не үй-жайды немесе жер учаскесін осы маңсаттарга көрінеу беру -

Қылмыс объектісі - мемлекеттердің халықаралық нормамен белгіленген соғыс қатерін туғызатын қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс белсенді эрекеттері арқылы - жалдамалыларды дайын-дау үшін көрінеу базалар, лагерьлер құру, үй-жайды немесе жер участкесін осындай мақсаттармен беру арқылы көрініс табады. Іс-эрекет мақсаты-соғысқа дайындалу, соған байланысты мамандар даярлау. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, арнаулы мақсатпен істеледі. Қылмыс субъектісі - қылмыстық ниетті жүзеге асырған кінәлі, жасы 16-ға толған кез келген, есі дұрыс адам.

§4. Адамзатқа қарсы қылмыстық құқық бузушылықтар

Бап. Геноцид

1. Геноцид, ягни ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни топты осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулыгына ауыр зиян келтіру, бала тууға күшпен бөгет ma-cay, балаларды мәжбүрлеп беріп жіберу, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жою мақсатында өзге де тіршілік жағдайларын тугызу арқылы толық немесе ішінара жоюга багытталған қасақана іс-әрекеттер-

2. Согыс уақытында жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Геноцид — халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауіпті іс-эрекет. Б¥¥ Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11 желтоқсандағы қарарымен ге ноцид халықаралық қылмыс деп жарияланды. 1947 жылғы 21 қарашадағы осы органның қарарына сәйкес геноцид үшін үлттық жэне халықаралық құқық нормасымен белгілен-ген жауаптылыққа жеке түлға немесе мемлекет тартылуға тиіс деп белгіленді.

1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сақтандыру жэне оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 нау-рызда қол қойған.

Қылмыстың тікелей объектісі — этникалық, үлттық, нэсілдік немесе діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нэсілдік немесе діни топты, осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мэжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру, не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы, толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана эрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бү-зушылықтың объективтік жағы бірнеше балама эрекеттерден көрініс табады: 1) үлттық, этникалық, нэсілдік немесе діни топтың мүшелерін осындай белгілері бойынша өлтіру (екі немесе одан да көп) өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 99-бабында берілген; 2) олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабын талдауды қараңыз); 3) бала тууға күшпен бөгет жасау, бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүшелеріне операция жасау арқылы оларды бала көтеру немесе ү_рық шашу қабілетінен айыру; 4) балаларды мэжбүрлеп біреуге беруге - ата-аналарынан балаларды тартып алып басқа топқа немесе басқа адамға беру немесе осындай күшпен алынған ба-лаларды басқа біреуге сату, құлдыққа берулер жатады; 5) күштеп көшіруге - тұрғылықты адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне қарай мекенінен жер аудару, басқа жаққа еріксіз көшірулер жатады; 6) топтың мүшелерін қырып-жою. Есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара қырып-жоюға бағытталған қасақана эрекеттер. Бұған мүлдай топтың мүшелеріне медициналық, гуманитарлық, азық-түлік немесе басқадай көмек бермеу, соғыс немесе стихиялық апатқа үліыраған осындай топқа көмек беруге тыйым салу, т.б.

Соғыс уақытында жасалған нақ осы эрекеттер осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (168-бап 2-тармағы).

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. ■

Бап. Экоцид

Өсімдіктер әлемін немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық зілзаланы немесе төтенше экологиялық аху-ал туғызган немесе туғызуы мумкін өзге де әрекеттерді жасау -

Қылмыстық кұкық бұзушылықтың тікелей объектісі - адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық қү_қық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың заты - өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.

Ьцылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағынан өсімдіктер немесе жа-нуарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай- ақ экологиялык апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-эрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жаппай жоюға оларды түп-тамырымен жою, жер бетінен жоқ етіп жіберу, сөйтіп экологиялық жүйені бұзулар жатады.

Атмосфера, жер немесе су ресурстарын улауға — тірі орга-низмдердің улануына, өлуіне немесе ауыр зардапқа ұшырауына экеліп соғатындай ауаны, суды немесе жерді уландыру эрекеттері жатады. Экологиялық апатқа - жер бетінде адамзаттың өмір сүруіне қауіп келтірген экологиялық жүйені бұзу эрекеттері жатады.

Өзге де осындай эрекеттерге - өзендерді, көлдерді, ауаны ластандыру, былғау аркылы экологиялық апат қаупін тудыру эрекетгері жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың кұрамы материалдық. Осыған орай, кінэлінің заңсыз іс-эрекеттері мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықгалуы тиіс.

Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам

§5. Халықаралық корғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс