Азақстан Республикасынын саяси жүйесіне қарсы қылмыстар

177-бап. Қазақстан Республикасы Түңғыш Президентінің - Елбәсының өміріне қолсұғу-шылық

Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек any мақсатында жасалган қолсұғушылық -

Қазақстан Республикасы Түңғыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық (177-бап).

Қазақстан Республикасының түдғыш Президенті — Елбасы туралы арнайы заң бар. Жыл сайын желтоқсанның басы Түңғыш президент - Елбасы күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді. Бұл қазақстандықтардың егемендіктің туын биікке көтерген, еліміз- дің мемлекеттік қү_рылысын дамытуға зор үлес қосқан Тұңғыш Президентке көрсеткен аса зор кү_рметі болып табылады. Осы бапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасы өміріне қол сұғушылық үшін - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады делінген. Қылмыстың объектісі Тұңғыш Президентінің Елбасының заңды қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан - Тұңғыш Президент - Елбасының өміріне, оның заңды қызметіне кедергі келтіру не тұңғыш Президенттік қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған әртүрлі қолсұғушылықтар арқылы істеледі. Қылмыстың жэбірленушісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Қылмыстың іс-эрекет белсенді эрекет арқылы - өміріне, қызметіне кедергі жасау, кек алу мақсатында эртүрлі қолсұғушылық-тарға бару арқылы істеледі. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, Тұңғыш Президент - Елбасының өміріне қолсұғушылық арқьшы жүзеге асырылады. Қылмыс субъектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс адам.

178-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық

Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне оның мемлекеттік ңызметін тоқтату не осындай ңызметі үшін кек алу мақсатында жасалган қолсұгушылық -

Қылмыстық кодекстің 178-бабында Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсүғушылық жасағаны үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі Қазақстан Республика-сы Президентінің өмірі болып табылады. Қылмыстың жэбірленушісі — Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне мемлекет-тік қызметін тоқтату үшін немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасаудың өзі, мемлекеттің саяси жүйесіне, оның ең жоғарғы мемлекетгік лауазым иесі адамының қауіпсіздігі мен заңды өкілетті билігіне қылмысты қол сүғуды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметі Қазақстан Республика-сы Конституциясында, Конституциялық заңдарда, басқадай нормативтік-қүдықтық ак-тілерімен белгіленген.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау, яғни белсенді эрекет арқылы жүзеге асырылады. Қастандық дегеніміз Республика Президентінің өмірін жою мақсатымен түрлі тэсілдерді қолдана отырып істелген оқталғандық эрекеттер. Қылмыстық құқық бұзушылықты істеу тэсілдері мен қылмыстық құқық бұзушылық істегенде пайдаланылған құралдар іс-эрекетті саралауға әсер етпейді.

Бұлар жаза тағайындағанда есепке алынады. Қылмыстық кодекстің 178-бабы келте қылмыстық қү-қық бұзушылық күрамына жатады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жэбірленушінің өмірін жоюға бағытталған қастандық эрекетін жасаған сэттен бастап аяқталған деп есептелінеді. Осы бапта көрсетілген қылмыстық қ^қық бұзушылықты істеуге даярланғандық үшін жауаптылық қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-тармағында көрсетілген ережелерге сай жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъек-тивтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Субъективтік жақтың міндетті белгісі болып Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметін тоқтату не-месе аталған қызметі үшін кек алу ниеті болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып 14-ке толған азаматтар танылады. Осы қылмысқа байланысты 14-ке толған адамдар қылмыстық кодекстің 15-бабының ере-желеріне сэйкес адам өлтіруге (99-бап) адам өлтіруге дайындағаны жэне оқталғаны (24, 99-баптар) бойынша ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Яғни қылмыстық кодекстің 178-бабындағы эрекеттер тікелей адам өлтіруге бағытталған болса, онда мұндай іс-әрекеттер қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 178, 24, 99-бабының 2-бөлігі «2» тармағы немесе ҚК-тің 178, 99-бабы бойынша 2-бөлігі «2» тармағы саралануға жатады).

Егер қастандық эрекет мемлекет немесе қоғамдық қайраткерлердің өміріне олардың мемлекеттік немесе өзге саяси-қоғамдық қызметіне байланысты болса, онда мұндай іс-эрекет қылмыстың аяқталмау немесе аяқталу сэтіне қарай Қылмыстық кодекстің 24, 99-бабы 2-бөлігі «2» тармағымен немесе 99-баптың 2-бөлігі «2» тармағымен саралануға жатады.

Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткерлердің қатарына жатпайтын мемлекеттік қызметшілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің өміріне қастандық жасалғанда да кінэлінің іс-әрекеті адам өлтіру (99-бап) немесе сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тер-геп тексеруді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (408-бап), сот төрелігін неме-се сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету

эрекеттері (409-бап) бойынша саралануы мүмкін.

Бап. Билікті басып алуды немесе үстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе устап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту

1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билікті күшпен басып алу-ды немесе билікті күшпен устап тұруды, мемлеиет қауіпсіздігіне нуқсан келтіруді не Қазаңстан Республикасының конституциялық қурылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оган жария түрде шақыру, сол сияңты осындай мазмундагы материалдарды тара-ту мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату -

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаган не буқаралық ақпарат қуралдарын немесе ақпараттың-коммуникациялық желілерді пайда-лана отырып жасалган не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган дәл сол әрекеттер -

3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бузып, билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен устап туруга не Қазақстан Республикасының конституциялың қурылысын күштеп өзаертуае бағытталған әрекеттер -

4. Шет мемлекет, халыңаралық немесе шетелдік уйым өкілдерінің Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының қузыретіндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы -

Қылмыстың объектісі - республиканың саяси жүйесіне қылмысты қол сүғу болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағын: а) Конституцияны бұзып өкіметті күшпен басып алу; б) өкіметті күшпен ұстап тұру немесе, в) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-эрекеттер қү_райды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасын-да билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.

Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің Конституциялық өкілеттілігі шегінде Парламенттің құкығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді (3-баптың 3-тармағы).

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жэне сот тармақтарына бөлінген (3-баптың 4-тармағы).

Билікті күшпен басып алу дегеніміз - адамдар тобы, ұйымы болып өзіне тиісті емес өкімет билігін күшпен, қару қолданып заңсыз басып алуды айтамыз.

Билікті күшпен үхтап тү_ру деп — Қазақстан Республикасы Конституциясы талаптарын бұза отырып өзіне заң бойынша тиісті емес өкімет билігін күшпен сақтап қалушылықты айтамыз. Мысалы: Конституциялық өкілеттік мерзімі біткен биліктегі адамның, сайлау арқылы өз өкілеттігін жойған адамның күшпен өкіметті ұстап тұ_ру эрекеттері.

Конституциялық құрылысты күшпен өзгеруге бағытталған іс-әрекеттерге жоғарғы өкімет билігінің, Парламенттің, Президенттің өкілетті мерзімін өз бетінше өзгерту, мем-лекеттік құрылысты, оның жүйесін өз бетінше күшпен өзгертуге жасалған іс-эрекеттер; Конституцияда көрсетілген өзге де қүрылымдардың қызметін елеулі түрде өзгертуге бағытталған әрекеттер жатады. Осы бапта көрсетілген қылмыс қүрамы қүрылысы жағынан келте қылмыс қүрамына жатады. Занда көрсетілген іс-эрекеттің бірін істеуге бағытталған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен — Конституцияны бүзып өкіметті күшпен басып алу, өкіметті күшпен ұстап түруға немесе Қазақстан Республикасының Конституциялық қүрылысын күшпен өзгертуге бағытталған әэекеттер жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының, оның уәкілетті органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкілеттіктерді шет мемле-кет халықаралық немесе шетелдік ү_йым өкілдерінің жүзеге асырылуы - осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (179-баптың 4-тармагы). Бұл ретте шет мемлекет немесе ше-телдік үйым өкілдері қылмыс субъектісі болып танылады.

ҚК-тің 179-бабының 1 -тармағы бойынша субъекті болып 16-ға толған адамдар таны-лады. Өкіметті күшпен ұстап тұруға бағытталған қылмыстың субъектісі - мемлекеттік өкімет билігін Конституция бойынша занды түрде иеленген адамға осы билікті заңсыз түрде беруге эрекет жасаған мемлекеттік органның бұрынғы қызметшісі болып табыла-ды.

Бап. Қарулы Бұлік

1. Қазаңстан Республикасының конституциялық ңурылысын қулату немесе өзгерту не оның біртұтастыгы мен тутастыгын, сондай-ақ оның аумағына қол сұгылмауын және бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе устап туру мақсатында қарулы Бұлік ұйымдастыру -

2. Қарулы Бұлікке қатысу -

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 181-бабына сэйкес Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылысын қүлату немесе өзгерту не оның біртүтастығы мен түгастығын, сондай-ақ оның аумағына қол сұғылмауын жэне бөлінбеуін бұзу, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру мақсатында қарулы Бұлік үйымдастыру - қарулы Бұлік ұйымдастыру не оған белсенді түрде қатысу қарулы Бұлік деп танылады.

Қылмыстың тікелей объектісі болып - Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген саяси жүйесіне, аумақтық түлгастығына қылмысты түрде қол сұғу болып та-былады.

Қылмыс объективтік жағынан: а) қарулы Бұлік ұйымдастырудан немесе, б) қарулы Бұлікке белсенді түрде қатысудан түрады. Қылмыс эрекет арқылы істеледі.

Қарулы Бұлік ұйымдастыру деп бір немесе бірнеше адамның күш біріктіруінің нэтижесінде заңцы өкіметке қарсы адамдарды қасақана түрде қарулы көтеріліс (Бұлік) жасауға тарту, сондай-ақ Бұлікті басқаруға байланысты эрекеттерді айтамыз. Қарулы Бұлік - қаруцы, оқ-дэрілерді, жарылғыш заттарды қолданып жүзеге асырылады.

Қарулы Бұлікке белсенді түрде қатысу деп өкіметке қарулы қарсылық көрсету, өкімет өкіліне қарсы күш қолдануға қатысу; көлік құралдарын, байланыс жүйелерін, бұқаралық баспасөз қүралдарын, мемлекеттік органдардың тү_рғын жайларын күш қолданып басып алу жэне т.б. эрекеттерді айтамыз.

Қылмыс қүрамы қүрылысы жағынан формальдық кұрамға жатады. Қарулы Бұлік ұйымдастыру немесе оған белсенді түрде қатысу қылмыстан болған зардапқа қарамастан аяқталған қылмыс деп танылады.

Конституциялық кұрылысты қүлату немесе күштеп өзгерту немесе республиканың аумақтық түтастығын бүзу мақсатында қарулы Бұлікті ү_йымдастырушылар не болмаса қарулы Бұлікке белсенді қатысушылар. Қылмысты субъективтік жағынан тек қана тіке-лей қасақаналықпен жүзеге асырады.

Қарулы билікке қатысқандық үшін жауаптылық осы баптың 2-бөлігінде берілген.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады.