Тарау. МЕНШІККЕ КДРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҮЗУШЫЛЫҚТАР

§1. Меншікке қарсы қылмыстық қуқық бузушылықтардың жалпы сипаттамасы және түрлері

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасын-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жэне бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы). Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құіо>іқтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-баптың 2-тармағы). Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің арнайы бабына сэйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары аркылы таньшатын жэне қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жэне оған билік ету қү_қығы болып табылады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз калауы бойынша кез келген эрекеттер жасауға, соның ішінде Бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге жэне оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге жэне оған басқа да эдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге қүқылы.

Осыған байланысты меншік иелерінің заңцы құқықтары азаматтық құқықтық норма-мен, сондай-ақ меншік қүдығына қоғамға қауіпті іс-эрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Қылмыстық қүқьтк нормасы бойынша меншік иесінің күқьтғы меншік нысанда-рына қарамастан қылмыстық қү_қыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық қүлсықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң олар үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін жэне колданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден — эр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын үдсас іс-эрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден — меншікке оның нысандарына карамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына карамастан оған қылмысты қол сүтушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері жэне шегі белгіленген.

Меншікке қарсы қылмыстық қү_қық бұзушылық деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байла-нысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-эрекеттерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын қүрайтын меншікке байланыс-ты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осы топқа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны — мемлекеттің, қоғамдық үйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке түлғалардың меншігіне қол сүғу болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты болып - азаматтық қүқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады.

Меншікке қарсы қылмыстық қү_кық бүзушылықтардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып та-былмайды. Сондай-ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергия-сы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың затына — ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мэдениет жэне табиғат ескерткіштері меншік затына жатпайды.

Меншікке қарсы қылмыстық күқық бұзушылықтардың объективтік жағы кінэлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, тегін айнал-дыру үшін құқыққа қайшы түрде алып коюы арқылы сипатталады.

Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінэлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігі-не заңсыз алуын алып қою деп білеміз.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бүзушылыктардың объективтік жағы негізінен белсенді эрекеттер арқылы жүзеге асырылады, тек қана бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе Бұлдіру құрамының кейбір тәсілдері ғана эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігі материалдық қылмыс қүрамын құрайды, олардың объективтік жағы занда көрсетілген үш элемент-тен: құқыққа қайшы іс-эрекеттерден; қылмыстық құқықтық норма диспозициясында көрсетілген мүліктік зиян ретіндегі зардаптан; сондай-ақ құқыққа қайшы эрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады.

1) Қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (184-бап), автомобильді немесе өзге де көлік қүралдарын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену (200-бап) формальдық қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болып табьшатындықтан олардың аяқталу сэті занда көрсетілген құқыққа қайшы іс-эрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстық құқық бүзушылықтың зардабының болуына қарамастан-ақ аяқталған деп танылады.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар субъективтік жағынан негізінен кінэлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе Бұлдіру (188-бап) кінэнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъективтік жағының мін-детті белгілеріне — пайдакүнемдік ниет жэне мақсат жатады.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бүзушылықтардың субъектісі болып 14-ке толған адамдар танылады. Бүған жататындар: үрлық (188-бап 2, 3, 4-бөліктері), тонау (191-бап 2,3,4-бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-бап 2, 3,4-бөліктері), ауырлататын мэн-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік қүралдарын жымқыру мақсатын көздемей заңсыз иелену (200-баптың 2, 3, 4-бөліктері), ауырлата-тын мэн-жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе Бұлдіргені (202-баптың 2, 3-бөліктері) үшін қылмыстарды істеу.

Ал 16-ға толған адамдар ұсақ-түйек жымқыру (187-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе талан-таражға салу (189-бап); алаяқтығы (190-бап); ерекше қүлды заттарды жымқыру (193-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолы-мен мүліктік залал келтіргені (195-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып иемдену немесе өткізу (196-бап); авторлық жэне сабақтас құқықтарды бүзғаны (198-бап); өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнер-кэсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына қүқықтарды бұзу (199-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ү_рлау мақсатынсыз қү_қыққа сиымсыз иеленгені (200-баптың 1-тармағы); жерге заттай қүқықтарды бұзғаны (201-бап); ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе Бұлдіргені (202-баптың 1-тармағы); ерекше қүндылығы бар заттарды қасақана жою немесе Бұлдіру (203-бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда жойғаны немесе Бұлдіргені (204-бап); қылмыстық қү-қық бұзушылық құрамдарын істегені үшін қылмыс субъектісі болып та-нылады.

Меншікке қарсы қылмыстық құқық бүзушылықгар іс-эрекеттің істелу тэсіліне жэне қылмыстық құқық бұзушылық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар жымқыру жэне меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:

Жымқыру үхақ-түйек жымқыру (187-бап); ұрлық (188-бап); тонау (191-бап); қарақшылық (192-бап); алаяқтық (190-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету (189-бап) жатады.

Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше қүлды заттар-ды жымқыру (193-бап); қорқытып алушылық (194-бап); автомобильді немесе көлік құралдарын жымқыру мақсатынсыз қүқывда сыйымсыз иеленіп алу (200-бап); авторлық меншік құқықтарын бұзу (198-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемденіп немесе өткізу (196-бап); мүлайдың жэне мүлай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын рас-тайтын кұжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мүлайды өңдеу (197-бап); жерге заттай қүқықтарды бү_зу (201-бап) жатады.

Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе Бұлдіру (202-бап); ерекше қүлдылығы бар заттарды қасақана жою неме-се Бұлдіру (203-бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе Бұлдіру (204-бап) құрамдары жатады.

§2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі

Заңға сэйкес талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта кінэлінің бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына қүқыққа қарсы өтеусіз алып қоюдың жэне (немесе) жэне айналдыруын айтамыз. Осындай заңдылық түсінік Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 3-бабының 17-тармағында арнайы көрсетілген.

Осы анықтамаға сэйкес талан-тараждың негізгі белгілерін анықтауға болады.

Талан-тараждың топтық объектісі меншік нысандары қатынастарының жиынтығы, ал тікелей объектісі болып меншіктің нақгы нысандары, мемлекеттік, жеке, қоғамдық ұйымдардың меншігі болып табылады.

Талан-тараждың заты болып адам еңбегі арқылы істелген материалдық түрғыдағы бү_йымдар мен заттар, рухани игіліктер, сондай-ақ ақша, басқадай бағалы қағаздар жа-тады.

Талан-тараждың затына адам еңбегі сіңбеген, сол арқылы жасалмаған эр түрлі табиғи байлықтар жатпайды.

Талан-тараждың объективтік жағының белгілеріне: 1) мүлікті алу, 2) мүлікті заңсыз алу, 3) мүлікті тегін алу жатады.

Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды иеленушінің иелігінен шын мэнінде кінэлінің өзінің немесе басқаның иелігіне алуын айтамыз. Талан-тараждың тағы бір белгісі оның құқыққа қарсы істелуі, яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды қү_қығын өз бетінше жүзеге асыру талан-таражға емес, өз бетінше билік ету (389-бап) немесе басқа қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамын құрайды.

Талан-тараждың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің ешқандай қүнын телемей алу немесе болмашы күлын төлеу арқылы, қү_ны бағалы мүлікті эдейі қүлсыз мүлікке алмастыру арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы — меншік иесіне немесе өзге де занды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс қүрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері талан-таражға үліыраған мүліктің, заттың қүнымен есептелінеді.

Қылмыстық кодекстің 187-бабында ұсак-түйек жымқыру туралы түсінік берілген.

Меншік қүқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін үрлау, алаяқтық жасау, иемденіп алу немесе талан-таражға салу жолымен жасалған үсақ-түйек жымқыру қылмыстық қүқық бү_зушылық үшін жауаптылыққа әкеп соғады. (187-баптың 1-бөлігі). Ал осы баптың 2-бөлігінде бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру үшін көтеріңкі түрдегі қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Оны жасауға кінәлі адам заңға сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылады.

Талан-тараждың міндетті белгілерінің бірі - негізінен заңға қайшы іс-эрекетімен кел-тірілген қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын себепті байланыс болып табылады.

Талан-тараждың субъективтік жағы кінәлінің тікелей қасақаналык нысанымен сипат-талады.

Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет жэне пайдакүнемдік мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен максаттың орын алмауы — іс-эрекетті талан-та-ражды қылмыстық қү_қық бұзушылық қү_рамына жатқызуға жол бермейді.

Талан-тараждың субъектісі — 14-ке толған адам, ал иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражга салудың субъектісі болып 16-ға толған арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам танылады.

Қылмыстық занда бөтеннің меншігіне қылмыстық құқық бұзушылықпен қол сүғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына қол сұғу тэсілдеріне байланысты дараланып, жікке - нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш қолданып неме-се күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тэсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тэсілдері істелген іс-эрекеттің қоғамға қауіптілігіне тікелей эсер етеді, сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданылып жүрген қылмыстық заңда жымқырудың мынадай алты түрлі нысандарын атап көрсеткен: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.

Талан-тараждың осы көрсетілген нысандарының эрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас қүрамдардан ажыратылады. Сондықтан да жымқырудың әрбір нысанына жататын қылмыс қү_рамының заңдылық белгілерін дүрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.

§3. Талан-тараждың нысандары