Бап. Міндеттеріне адал қарамау

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз ңызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттерін орындама-уы немесе тиісінше орындамауы, егер бул адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы, егер бү_л адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - міндеттеріне адал қарамау деп танылып, кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 254-бабымен жауапқа тартылады.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың тікелей объектісі - коммерциялық немесе өзге ұйымның бірқалыпты басқару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объектив-тік жағынан міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады: 1) басқару қызметгерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдары-нан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы; 2) бұл эрекетсіздік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса; 3) өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы эрекетсіздігі мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы.

Заң міндеттеріне адал қарамаудың екі бірдей нысанын көрсетіп отыр: 1) өз міндет-терін атқармауы, 2) өз міндеттерін тиісті дэрежеде атқармауы. Өз міндеттерін атқармау деп коммерциялық немесе өзге үйымды басқару қызметін атқаратын адамның заңмен, жарғымен өзіне жүктелген басқару қызметі функциясын мүлдем атқармауы болып табы-лады.

Ал өз міндеттерін тиісті дэрежеде атқармауы деп жоғарыда аталған қызметті атқаратын адам өзіне жүктелген міндетті жартылай, шала-шарпы, толық емес дэрежеде жүзеге асы-рады. Өздеріне жүктелген қызметке мүлдай көзқарас кінэлі адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан орын алады.

Коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметтерін атқарушы адамды мін-деттеріне адал қарамауы деп айыптаушы ең алдымен ол адамдарға құзыреті бойын-ша жүктелген нақты міндеттерді анықтауы қажет, одан кейін Бұл адамдардың өзіне жүктелген міндеттерді нақты атқаруына мүмкіндігі болды ма, жоқ па осы жағына ерекше мэн беру қажет. Егер өзінің міндетін өз ырқына байланысты емес себептермен, сондай-ақ өз қызметіне адал қарап, оны тиісті дэрежеде атқаруға бөгет болған, нақты жағдайларға сэйкес атқара алмаса немесе тиісті дэрежеде атқармаса, онда ондай адамды міндеттеріне адал қарамады деп айыптауға негіз жоқ. Міндеттеріне адал қарамау қылмыстық құқық бұзушылық қү_рамының объективтік жағының міндетті белгісі - қылмыстық қүдық бұзушылықтың зардабы болып табылады. Заңца ол адам өлімі немесе өзге де ауыр зар-даптар деп көрсетілген. Өзге де ауыр зардаптарға - жэбірленушіге ауыр дене жарақаттың келтірілуі, коммерциялық немесе өзге ұйымның ірі материалдық шығынға ұшырауы, банкрот болуы немесе ірі көлемдегі айып төлеуі және т.б.

Кінэлі адамның міндеттеріне адал қарамауы эрекетсіздігі мен одан туындайтын зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Себепті байланыстың болмауы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоққа шығарады.

Қылмыстық құқық бұзушьшық субъективтік жағынан тек қана кінэнің абайсыздык нысанында жасалады. Заңның өзінде басқару қызметін атқаратын адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндетін адал атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы деп тура көрсетіліп отыр. Мүлың өзі абайсыздықтан міндет-теріне адал қарамау эрекетінен, сондай-ақ одан туындайтын зардап жөнінде де орын ала-тынын көрсетеді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы — коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқарушы адамдар.

Тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУШСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТШКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ Б¥ЗУШЫЛЫҚТАР

§1. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы

Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық кұқық бұзушылықтар. Қоғамдық қауіпсіздік деп - адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дэріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше жэне қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттей-тін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық кұқық бү-зушылықтардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекеле-ген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.

Осы топқа жататын кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.

Объективтік жағынан алғанда қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстық құдық бұзушылықтардың көпшілігі эрекет арқылы (ҚК-тің 255 жэне басқа баптары); ал қайсыбіреулері әрекет немесе эрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 276, 277, 281-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір к^ілмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға не-гізделген (ҚК-тің 277, 281, 287-баптары).

Көптеген қылмыстар қүрам жағынан формальдық (ҚК-тің 255, 256, 257, 258, 259, 260-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық күрамға (ҚК-тің 276, 277, 278-бапта-ры) жатады.

§2. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстық кұкык бұзушылықтардың нақты түрлері

Бап. Терроризм актісі

1. Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік залал келтіру не қогамга қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де әрекеттер жасау, егер бул әрекеттер қогамдық қауіпсіздікті бузу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық уйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету, согысңа арандату не халықаралық қарым-ңатынастарды шиеленістіру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталган әрекеттерді дәл сол маңсаттарда жасау қатерін төндіру -

2. Мынадай:

1) бірнеше рет;

2) азаматтардың өмірі мен денсаулыгына наңты қауіп төндіруі мүмкін қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылгыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын ңолданып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

3.Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

1) жаппай қырып-жою қаруын, радиоактивті материалдарды қолданумен немесе қолдану ңатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизооти-яны таратуды, сол сияқты адамдарды жаппай қырып-жоюга әкеп согуы мүмкін өзге де әрекеттерді жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен уласса;

2) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

4. Қоғамдық қауіпсіздікті бузу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мем-лекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық уйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету, согысқа арандату не халыңаралық қарым-қатынастарды шие-леністіру маңсатында жасалған, адам өміріне қол суғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қогам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалган оның өміріне ңол суғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарга немесе ұйымдарга, гимараттарға, құрылыстарга шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, гимараттарды, құрылыстарды, ңатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы me-міржол составын не өзге де қогамдық көлікті айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сугу-

Ескерту.

Терроризм актісін дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезін-де ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босатылады.

Терроризм - қазіргі дэуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда үлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық эрекеттер эр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм-мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі-терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің үйымдасқан, қатыгездік эрекеттері арқылы тңзғындарға үрей, қорқыныш, корғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255-бабы бойынша: «Терроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-эрекеттер жа-сау, егер осы іс-эрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-эрекеттерді дэл сол мақсагқа жасаймын деп қорқыту» болып табылады.

Қылмыстык құқык бұзушылықтың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстық құқық бұзушылықтың қосымша тікелей объектісі болады.

Қылмыстық кодекстің 255-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық объ-ективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-эрекеттер жасау; 2) аталған іс-эрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған. Жарылыс жасау, өрт коюдан басқа өзге де іс-эрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мэдени және діни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ ра-диоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивті, химиялық, баістериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тү_рғын-жайларға, кдаылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.

Терроризмнің объективтік жағынан ереюиелік белгісі - осы баптың диспозициясын-да көрсетілген (қылмыстық құқық бұзушылық зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жа-рылыс жасау немесе өзге де эрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-эрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыстық құқық бузушылық аяқталған деп табылады, өйткені мұндай эрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тң). Осыған бай-ланысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальдық болып табылады. Субъек-тивтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам заңда көрсетілген эрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді.

Қылмыстық кұьфіқ бұзушылықтың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.

Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі-14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 255-бабының 2-тармағына осы қылмыстық қүдық бұзушы-лықтың ауырлататын түрлері: бірнеше рет; азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарын неме-се жарылыс қү_рылғыларын қолдана отырып жасалған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстық кодекстің 12-бабында бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі берілген. Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымынан мемлекеттік бакз>шау жасау туралы Заңында берілген.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер: а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға жэне жаппай уландыру, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға экеп соғуы ықтимал өзге де іс-эрекеттерді жасауға не-месе жасаймын деп қорқытуға ұштасса; б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соқса, онда бұл қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық туындайды. Жаппай қырып жоятын қарудың, радиоактивті материалдар, уландыру заттарының эпидемия, мен эпизоотияның түсінігі Қылмыстық кодекстің 275, 283, 303, 304, 327-баптарында берілген.

Өзге де ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дэрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т. б. эрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға экеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінэның екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінэлінің істеген эрекеті-қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінэлінің әрекеті жэне одан туатын зардап-адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның эрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 99-бабы 2-тармағының тиісті тармағы жэне 255-бап) бойынша сараланады.

Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мем-лекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ыкдал ету мақсатында адамның өміріне қастандык жасау, сондай-ақ дэл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам кайраткерінің өміріне қастандық жасау не халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға, жайларға, ғимараттарға шабуыл жасаумен, адамды кепілге алумен, жайларды, ғимараттарды, қатынас жэне байланыс құралдарын басып алумен, эуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол құрамын айдап экетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол с^ғу осы қылмыстық құкық бұзушылық құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстық құқық бұзушылықты іс-эрекеттердің жэбірленушілері бел-гілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған, болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.

Мемлекет цайраткері деп — еліміздің тікелей басқару, экономикалық, саяси, элеуметтік саясатымен тікелей айналысатын жауапты мемлекеттік өкімет билігінің лауазымды адамдарын айтамыз. Оған жататындар: Парламент депутатгары, Премьер-Министр, вице-премьерлер, министрлер, вице-министрлер, Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот мүшелері, Конституциялық Кеңестің Төрағасы, оның мүшелері, Бас Прокуратураның, ¥лттық Қауіпсіздік комитетінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жауапты қызметкерлері, облыстың экімдері жэне т.б.

Қоғамдық қайраткерлердің қатарына эр түрлі қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың жетекшілері немесе көрнекті мүшелері жатады.

Қылмыстық кодекстің 255-бабының ескертуінде: 1. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тэсілмен терроризм актсін болғызбауға септігін тигізсе жэне оның іс-эрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстык жауаптылықтан босатылады.

2. Осы Кодекстің 170, 171, 173, 177, 178, 184, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 269 жэне 270-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады», -делінген (ҚК-тің 3-бабының 30-тармағы).

Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-эрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың каупін болғызбауды тыятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін эрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жэрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын эрекеттері жатады.

Осыларды істеген адамның іс-эрекетінде өзге қылмыстық құқық бұзушылық қүрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш қүрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ү_рлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық құкық бұзушылықтың жауаптылықтан босатылады.