Бап. Террористік не экстремистік әрекетті уйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру

1.Террористік не экстремисты әрекетті уйымдастыру мақсатында адамдарды азгырып көндіру немесе даярлау не ңаруландыру -

2.Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмаган адамға қатысты жасалган дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - қоғамдық кауіпсіздік. Объективтік жағынан кылмыс - террористік не экстремистік эрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азгырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру арқылы жүзеге асырылады.

Адамдарды азғыру олардың сана-сенімін басқа жакда аударып осы іс-эрекеттерді жасауға көндіру, оларды осындай іс-эрекеттерге даярлау болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, белгілі бір мақсат адамдар­ды азгырып көндіруді жүзеге асыруға бағытталады. Қылмыс субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кэмелетке толмаган адамга қатысты жасалган дэл сол іс-эрекет - (259-бап 2-бөлігі)осы құрамының ауырлататын түріне жатады.

Бап. Террорист немесе экстремистік даярлықтан өту

Адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде, оқып-үйренуші үшін көрінеу белгілі террористы немесе экстремисты қылмыс жасаудың машықтары мен дагдыларын үйретуге багытталган даярлықтан өтуі -

Ескерту.

Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол даярлықтан өткені туралы өз еркімен хабарласа, осындай даярлықтан өткен, осындай даярлықты жүзеге асырған, уйымдастырған немесе қаржыландырған басқа да адамдарды анықтауға ықпал етсе, оның өткізілетін орны туралы ақпарат берсе және егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босатылады.

Адамның, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде, оқып-үйренуші үшін көрінеу белгілі террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың машықтары мен дағдыларын үйретуге бағытталған даярлықтан өтуі - осы қылмыс құрамының негізгі белгісі болып табылады. Қылмыс құрамының объективтік, субъек-тивтік белгілері ҚК-тің 259-бабындағы белгілермен бірдей цылмыстың ерекше белгісі - қылмыс субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағында, аумағынан тысқары жерде, экстремистік, террористік қылмыс жасайтын машықтарды, дағдыларды оқып үйренуі, даярлықтан өту болып табылады.

Осы бапта арнайы көрсетілген ескертуге сэйкес:

Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол даярлықтан өткені туралы өз еркімен хабарласа, осындай даярлықтан өткен, осындай даярлыкты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа да адамдарды анықтауға ықпал етсе, оның өткізілетін орны туралы ақпарат берсе жэне егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Бап. Адамды кепілге алу

1.Кепілге алынган адамды босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бір әрекет жасауға немесе қандай да бір әрекет жасаудан тартынуга мәжбүрлеу мақсатында жасалган, адамды кепілге алу немесе кепіл ретінде ұстау -

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;

5) көрінеу кәмелетке толмаган адамга ңатысты;

6) кінәлі адамга жүктілік жагдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;

7) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға қатысты;

8) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

9) пайдакүнемдік ниетпен немесе жалдау бойынша жасалган дәл сол іс-әрекет –

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса -

Ескерту.

Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе биліктің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстықжауаптылықтан босаты­лады.

Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыстық құқық бұзушылық бо­лып табылады. Біріккен ¥лттар ¥йымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық конвенция қабылдаған.

Қылмыстьщ цүцыц бүзушылыцтың тікелей объектісі - кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыстық құдық бұзушылық адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.

Кепілге алу - кез келген құқыққа кайшы түрде, күш қолдану аркылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.

Кепілдік ретінде үстау - адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.

Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыстық құқық бұзушылық жэбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп санала-ды. Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен жаса-лады. Кінэлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын жэне кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі жэне соны тілеп эрекет істейді.

Зақда қылмыстық құқық бұзушылыктың субъективтік жағының қажетті белгісі — қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-эрекет жасауға немесе қандайда бір іс-эрекет жасаудан тартынуға мэжбүр ету болып табылады. Мэжбүр ету эрекет немесе эрекетсіздік түрінде жасалады. Кінэлінің мэжбүр ететін эрекеттеріне: мысалы оған ақшалай каражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.

Әрекетсіздікті істеуді мэжбүр етулерге: қылмыстық құқық бұзушылықты істі тергеу-ді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, элеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - 14-ке толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген:

а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);

б) бірнеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жэбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық немесе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;

г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка жэне т.б.) қолдана отырып жасау;

д) көрінеу кэмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;

е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мэлім эйелге қатысты;

ж) көрінеу дэрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;

з) екі немесе одан да көп адамға қатысты. Қылмыстык кодекстің 261-бабының 1-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;

и) пайдакүнемдікпен немесе жалдану аркылы жасалса. Пайда табудың немесе жалданудың түсінігі ҚК-тің 99-бабының 2-тармағының «а» тармақшасында берілген.

Қылмыстық кодекстің 261-бабының 3-тармағында адамды кепілге алуды қылмыстық топ (қараңыз: Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жэбірленушінің немесе оның туыстарыньщ ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы немесе оларға едэуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе жэне т.б.) экеп соқканы үшін жауаптылық белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 261-бабының ескертуінде: «Кепілге алынған адамды өз еркі-мен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады», — делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметгің талап етуі бойынша босату да осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан бо­сату өз еркімен босатуға жатпайды.

Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыстық құқық бұзушылық құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлау, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіру, қару-жарақ, оқ, дэріні ұрлау т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.