Тарау. ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¥ҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

§1. Халықтың денсаулығына және адамгершілігіне карсы қылмыстық күқык бұзушылыктарлын жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың денсаулығына жэне имандылыққа қарсы қылмыстық кұкық бұзушылықтар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халыктың денсаулығының, имандылық қасиеттерінің кү-қықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық қүқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи жэне мэдени мүраларды, имандылық нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мэн берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау — эркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, психотроптық заттарды заңсыз айналымға айналдыру, имандылыққа жат іс-эрекеттермен шүғылдану сияқты қылмыстық кұқық бүзушылықтардың етек алуы алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына жэне имандылығына қарсы қылмыстық қүқық бүзушылықтармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы түрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.

Тікелей объектісіне байланысты Бұл тарауда көрсетілген қылмыстық қүкық бүзушылықтар негізінен екі түрлі топқа: 1) халықтың денсаулығына жэне 2) адамгер-шілікке қарсы қылмыстық кү_қық бү_зушылықтар болып бөлінеді.

Халықтың денсаулығына карсы қылмыстарга: есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жүмыс істеу (296-бап), есірт-кі заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымал-дау, жөнелту немесе сату (297-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды жымқыру не қорқытып алу (298-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптык заттарды түтынуға көндіру (299-бап). Қү_рамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (300-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-бап). Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды түлыну үшін при-тондар үйымдастыру немесе үстау (302-бап). Есірткі заттарды, психотроптық эсер ететін немесе улы заттарды үстау ережелерін бүзу (303-бап). Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бүзу (304-бап). Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мэн-жайлар туралы акдаратты жасыру (305-бап). Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жүмыс орындау не қызмет көрсету (306-бап) жатады.

Имандылықкд қарсы қылмыстар: заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру (307-бап). Жезөкшелікпен айналысуға тарту (308-бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған при-тондар үйымдастыру немесе үхтау жэне жеңгетайлық (309-бап). Дэрілік немесе басқа қүралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар үйымдастыру немесе ұстау (310-бап). Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (311-бап). Кәмелетке толмағандардың порнографиялар бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау жэне айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шарала-рына қатысу үшін тарту (312-бап). Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттай-тын туындыларды заңсыз тарату (313-бап). Өлгендердің мэйіттерін жэне олар жерленген жерлерді қорлау (314-бап). Адам мэйітінің органдары мен тінін заңсыз алу (315-бап). Жануарларға катыгездік жасау (316-бап) жатады.

§2. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-эрекеттер болып табылады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-303-бап-тарында осы тұрғыдағы қылмыстық құкьіқ бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті эсер ететін жэне улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстық қүқық бүзушылықтың тікелей объектісі - халықтың денсаулығы болып табылады.

Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына — есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті эсер ететін жэне улы заттар жэне Қылмыстық кодекстің 301-бабына сэйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланы­латын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады.

«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемлекеттік реттеудің жэне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл ша­ралары» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы Заңымен, «Есірт-кі, психотроптық заттар, прекурсорлар жэне олардың заңсыз айналымымен теріс пайда-лануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасы заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2008 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құралдар жэне прекур­сорлар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай — тізім деп аталады) жүзеге асыры-лады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сэйкес, 1971 жьшғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, Б¥¥-ның Есірткі заттардың жэне психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.