Бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу-

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып:

4) өмірге немесе денсаулыққа ңауіпті емес куш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган дал сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаган;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарга, сол тектестерге қатысты;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай куш қолдану қатерін төндіріп жасалган іс-әрекеттер -

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптың заттарга, сол тектестерге қатысты жасалган іс-әрекеттер -

Қылмыстың затына есірткі заттар жэне психотроптық нэрселер жатады. Олардың си-паттамасы ҚК-тің 297-бабында көзделген қылмыс құрамын талдағанда толық берілді.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы не­месе меншігі болады.

Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы - талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.

Жымқыру деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нэрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып, кінэлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз.

Есірткі заттарды жэне психотроптық нэрселерді жымқыру эр түрлі тэсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы қылмыстар жымқырудың - ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылык, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жымқырудың алаяқтық нысаны арқылы кейбір реттерде қолдан жасалған рецептер арқылы есірткі заттарды, психотроптық нэрселерді медициналық мекемелерден немесе дэріханалардан заңсыз алады.

Наркотикалық заттар немесе психотроптық нэрселерді өзіне сеніп тапсырылған адамның (фармацевтің, провизордың, дэрігердің, медбикелердің жэне басқа адамдардың) иеленіп алуы немесе ысырап етуі арқылы да осы қылмыс істелуі мүмкін.

Ауырлатпайтын жағдайда тонау арқылы көрсетілген заттарды жымқыруға салған рет-те кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 298-бабының 1-тарамағымен сараланады.

Есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді жымқыруға қылмысы осы көрсетілген заттарға кінэлінің толық нақты, иелік жасаған, яғни осы заттар тиісті адамдардың иелігінен шыққан уақыттан бастап аяқталған деп саналады.

Талданып отырылған қылмыс құрамының объективтік жағының екінші бір бел-гісі есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып алу болып табылады. Қорқытып алудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 194-бабында берілген. Қылмыстық кодекстің 298-бабындағы қорқытып алу нақты қылмыстық занда көрсетілген заттар -есірткі заттар немесе психотроптық нэрселер жөнінде ғана болып отыр. Осыған орай қорқытып алу формальдық қылмыс құрамы болғандықтан қылмыс есірткі заттарды немесе психотроптық нэрселерді қорқытып талап еткен уақыттан бастап, кінэлінін талабының қанағаттандырылғанына немесе орындалмағанына қарамастан аяқталған деп танылады.

Қылмыстық кодекстің 298 жэне 188-191-баптары бэсекеге түскен жағдайда, артықшылық арнаулы нормаға - Қылмыстық кодекстің 298-бабына берілуі керек, өйткені ол қылмыстық құқықтың арнаулы нормасы болып табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - 14-ке толған адам.

Қылмыстық кодекстің 298-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:

1) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса (ҚК-тің 31-бабын қараңыз);

2) элденеше рет (ҚК-тің 12-бабын қараңыз);

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы (ҚК-тің 3-бабының 19, 26-тармағын қараңыз);

4) өмірге немесе денсаулықка қауіпті емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса (ҚК-тің 191-бабын караңыз) жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 298-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрлері:

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты;

3) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-эрекеттер үшін ауырлататын жағдайда қылмыстық жауаптылық белгі белгіленген (298-баптың 3-тармағы).

Ал осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-эрекеттер—үшін қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 298-бабының 4-тармағында көрсетілген.