Бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу

1. Табиги ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, құрылыстарды немесе өзге де объ-ектілерді жобалау, орналастыру, сапу немесе реконструкциялау, пайдалануга беру немесе пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік немесе байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, қалаларды не басқа да елді мекен-дерді салу кезінде әскери немесе қорганыс объектілеріне, әскери немесе гарыш қызметіне қойылатын экологиялық талаптарды бузу, егер бул іс-әрекет қоршаған ортага ірі запал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе-

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, коршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекет -

Қылмыстьщ кодекстің 324-бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объек­та шаруашылық жэне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар: табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кэсіпорындарды, құрылыстарды жэне өзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу жэне жаңғырту, пайдалануга беру жэне пайдалану, өнеркэсіп, энергетика, көлік пен байланыс объек-тілерін, ауыл шаруашылық мақсатындагы жэне мелиорация объектілерін пайдалану, қалалар мен баска да елді мекендерді салу кезінде, эскери жэне қорғаныс объектілеріне, әскери жэне гарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаға ірі залал келтіруте экеп сокеа не­месе экеп согуы мүмкін болса, экеп согуы арқылы сипатталады.

Занда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де қызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шарала-рын қарастырумен бірге қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алы-нуы, сондай-ақ объектілердің құрылысы қрыретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.

Объектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі; эскери жэне қорғаныс объектілері, эскери жэне ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске қосылады.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жагы Қылмыстық кодекстің 324-бабының диспозициясында көрсетілген шаруашылық жэне өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы, қылмыстың зардабы жэне олардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.

Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік-қү-қықтық актілер-ге жүгінуді талап етеді: яғни Бұл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ор-таны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту жэне пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» заңдары, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молай­ту жэне пайдалану туралы«, Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» зандарында сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады.

Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы» арнаулы заңымен реттеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының тағы бір қажетті бел-гісі шаруашылық жэне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қоршаған ортаның едэуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар не­месе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де зардаптардың орын алуы болып табылады.

Қоршаған ортаның едэуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жан­уарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.

Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.

Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардың көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынға үліырауы жатады.

Өзге де зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи орта-ны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың кел-тірілуі т.с.с. жатады. Баптың диспозициясында көрсетілген іс-эрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында себепті байланыс болуы тиіс.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық құ-қык бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық жэне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауа-зымды немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы, экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лау-азым адамдары т.б.

Қылмыстық кодекстің 324-бабының 2-бөлігінде —

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан іс-эрекет - үшін қылмыстың ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген.

Бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттар мен жүмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

1. Экологиялық түрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, саңтау, көму, пайдалану немесе олармен езге де жумыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бузу, егер бұл іс-әрекет қоршаган ортаға айтарлықтай залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе -

2. Қоршаган ортаға ірі залал келтірген не келтіру ңатерін туғызган, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумагында жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соңқан іс-әрекеттер -

Қылмыстың объектісі — экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты - химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пай­далану немесе олармен өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіруге экеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтіру қаупін төндіру арқылы сипат-талады.

Химиялық заттарға — өте жоғары уландыратын, зэрлі, тері-нерв жүйелеріне қатты эсер ететін, тұншықтыратын, тітіркендіретін жэне адам жүйесін зақымдандыратын нэрселер жатады.

Радиоактивті материалдарға - құрамында ядролық қосындылар бар заттар жатады. Мысалы, уран, плутоний т.б.

Биологиялық заттарға - адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында жаппай ауру тарататын эр түрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер т.б. жатады.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу тэртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 325-бабында көрсетілген норма бланкеттік болып табылады.

Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу әрекеттері адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға айтарлықтай задал келтіру немесе кел-тіру қаупін төндіруі қажет.

Төнген қауіпке коршаған ортаның сапасының, табиғат объектілерінің жағдайларының улануға, ластануға байланысты тым нашарлап кетуі; экологиялық зиянданудан жануарлардың жаппай өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғуы: адамның денсаулыгына немесе корінаған ортаға нақты елеулі зиян келтіру мүмкіндігі төнуі жатады. Зиян келтіру қаупінің болғанын немесе болмағанын тергеу, сот органдары істің нақты жағдайларына байланысты анықтайды.

Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамы материалдық. Ол диспозицияда тізбектелген іс-эрекеттердің бірін істеген жэне зардап орын алған уақыттан бастап аяқталған деп та-былады.

Қылмыстық кұқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Ықтимал экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу тэртібін бұзудың қоғамға қауіптілігін сезеді жэне соны істеуді тілейді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті жэне биологиялық заттарды ендіру мен пайдалану ережесін сақтауға міндетті 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 2-тармағында қоршаған қоршаған ортаға ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дэл сол іс-эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылық заңда көрсетілген зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе ондай зардап болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса аяқталған деп таныла-ды.

Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы: тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі жэне басқа заңдарға сэйкес Республиканың кей-бір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа қызметтерді дұрыс жүргізбеу эрекеттерімен қоршаған ортаға, тұрғындардың өміріне, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне тұрақты теріс эсер ететін елеулі жағдайларға байланысты қала, аудан, жеке объект төтенше экологиялық жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 3-тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне экеп не адамдардың жаппай сыркаттануына экеп соқкан эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетінен айырылып, катардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі - экологиялық қауіпті заттарды өндіру, пайда­лану ережелерінің бұзылуынан болып табылады.