Бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу

1. Жербеті немесе жерасты суларын, мұздықтарды, ауыз сумей жабдықтау көздерін ластау, қоқыстау, сарқу не олардың табиги қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бул ңоршаган ортага айтарпықтай запал келтіруге акеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе -

2. Қоршаган ортага ірі залал келтірген не келтіру қатерін тугызган, сол сияқты ерекше қоргалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалган дал сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қоршаған ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер -

Суларды ластау, бітеу жэне сарқығаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық белгілеудің мақсаты су пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз ету, судың табиғи қасиеттерін сақтауды, тіршілік етушілердің күллісіне судан болатын зиян-ды тойтару болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі суларды пайдалану жэне су объектілерін қорғау саласындағы қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты жер беті немесе жер асты сулары, мұздықтар, ауыз сумен жабдықтау көздері болады.

Суды қорғау ережелері көптеген заң жэне басқадай нормативтік-құқықтық актілер-де: Қазақстан Республикасының су кодексінде, қоршаған табиғи ортаны қорғау тура-лы заңда, суды ластаудан қорғау туралы ережелерді жэне тағы басқадай нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген.

Осы қылмыстың объективтік жағы: а) жер беті немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау, бітеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерін өзге де өзгерту; б) осы эрекеттер жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, ор-ман немесе ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтіруге экеп соқса; в) іс-эрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.

Зиянды заттардың қосылуы салдарынан пайда болған судың физикалық, химиялық немесе биологиялық сипатының өзгеруі судың ластануы деп танылады, осының салдары­нан су коммуналдық, өнеркэсіптік, ауыл шаруашылық, балық шаруашылығы жэне басқа мақсаттарға дұрыс пайдалану үшін жарамсыз болып қалады. Судың ластануы белгілен-ген тэртіп бойынша суды сынап көру жолымен анықталады. Өндірістік жэне тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстардың суға тасталуы судың бітелуі деп танылады, осының салдарынан су объектісінің гидрологиялық жайы нашарлайды жэне суды пайдалануға кедергі келеді.

Жер асты жэне жер үсті суларының запас коры, саласы кеміп, пайдалануға жарамсыз болуын су объектілерінің сарқылуы деп білеміз.

Су объектілерінің сарқылуы өзендердің, көлдердің, бөгеттердің, жер үсті, жер асты суларының жэне басқа су объектілерінің бірқалыпты су режимін сақтаудан, суды пайда-ланатын субъектілердің су объектілерінің сарқылуын болғызбау жөніндегі міндеттерін орындаудан, жер асты суларын сарқылудан қорғау шараларының дү_рыс жүргізілмегенінен пайда болады.

Жарылыс, құрылыс, басқа жұмыстарды тікелей су объектілеріне немесе оған жақын жерлерде жүзеге асырудың эсерінен судың құрамының зиянды өзгеруі судың табиғи қасиеттерін езге де өзгертулер деп айтамыз.

Қылмыстық құкық бұзушылықтың объективтік жағының міндетгі белгісі - занда көрсетілген зардаптардың - жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, ор-ман немесе ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал келтірудің болуы болып табылады. Яғни қылмыс құрамы материалдық. Егістіктің апатқа ұшырауы: мал жайылымының жа­рамсыз күйге келуі ауыл шаруашылығына келтірілген елеулі зиянға жатады.

Жабайы аңдардың, қүхтардың өсуінің сиреуі, ағаштардың, ормандағы барлық өсімдіктердің қурауы жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне келтірілген елеулі зиян бо­лып табылады.

Балықтардың ауруға, өлім-жітімге ұшырауы, тұқым шашпауы жэне тағы басқа зиян­ды зардаптардың орын алуы балық қорына келтірілген елеулі зиян болып табылады.

Заңда көрсетілген іс-эрекеттер мен зардаптардың арасында себепті байланыс болуы шарт.

Қылмыстық қү-қық бү-зушылықтың занда көрсетілген балама зардаптардың біреуінің орын алған уақытынан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық қү-қық бұзушылықтың қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істеледі.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - жалпы, 16-ға толған кез келген адам.

Қылмыстық кодекстің 328-бабының 2-тармағында осы құрамның ауырлататын түрі — қоршаған ортада ірі залал келтірген не келтіру қатерін туғызған, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Ерекше қорғалатьш табиғи аумақтарға - Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі заңына сәйкес мем-лекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік үлттық табиғи парктер; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекет-тік табиғи заказниктер; мемлекеттік экологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бақтар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше қүлды су қоймалары; халыкаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мэдени жэне өзге де жағынан ерекше қүлды учаскелері жатады.

Төтенше экологиялық жағдай аумағының түсінігіне Қылмыстық кодекстің 326-бабы-на талдау жасағанда тоқталып өткенбіз.

ҚК-тің 328-бабының 2-тармағында сөз болып отырған - ерекше қорғалатын табиғи аумақ және төтенше экологиялық жағдай аумағы қылмыстың істелетін орны. Заңға сэйкес Бұл жерлерде жасалған крғамға қауіпті іс-эрекет қылмыстың зардабының болған, болмағанына қарамастан қылмыстық кұкьіқ бұзушылық болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 328-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі - осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп сокканы үшін жауаптылык белгіленген.

Бап. Атмосфераны ластау

1. Экологиялық талаптарды бузу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиги қасиеттерін өзге де өзгерту, егер бұл іс-әрекет қоршаган ортага ірі запал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе-

2. Қоршаган ортага аса ірі запал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дал сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бү-зушылықтың тікелей объектісі — атмосфералық ауаны кррғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық қү-қық бұзушылықтың заты - табиғи ортаның элементі атмосфералық ауа.

Объективтік жағынан қылмыс: а) атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды жэне өзге де объектілерді пайдалану ережелерін Бұлу; б) бұл эрекеттер ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне экеп соғу; в) Бұлардың арасындағы себепті байланыстар арқылы сипатталады.

Атмосфераға ластанатын заттар шығару ережелерін немесе қондырғыларды, ғимараттарды жэне арнайы өзге де объектілерді пайдалану ережелерін бұзуға Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау» жэне «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Зандарында көрсетілген талаптарды бұзған, лас заттарды атмосфераға шығаруды болғызбау, лас заттарды шығаруды азайту жөніндегі шараларды жүргізбеу, лас заттарды тазалау жэне оларды бақылау шараларын жүзеге асырмау, қондырғыларды, ғимараттарды немесе өзге де объектілерді пайдалану кезінде зиянды физикалық ықпал ету шегінің белгіленген нормативтерін сақтамау, зиянды ауаны жоятын фильтрлі қондырғыларды, бақылау-өлшеу приборларын пайдаланбай жүмыс істеу сияқты эрекеттер жатады.

Қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі — ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына жэне өзге де өзгеруіне экеліп соғу (мысалы, жылу радиациясының зиянды эсерлері, атмосфералық ауаның физикалық, химияльщ кұрамы бұзылып, ол адамдардың өмірі мен денсаулыгына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне ірі залал келтіру қатерін туғызуы) болып табылады. Іс-эрекет пен зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Қылмыс кү_рамы материалдық.

Қылмыстық кү-кық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық қүқық бүзушылықтың субъектісі-лауазымды немесе жай адам. Қоршаған ортаға аса ірі задал келтіру не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан әрекеттер (329-баптың 2-тармағы) осы қылмыстың ауырлататын түрі болып та-былады.