Бап. Теңіз ортасын ластау

1. Экологиялың талаптарды бұзу салдарынан теңіз ортасын ластау, егер бұл іс-әрекет қоршаган ортага ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе -

2.Қоршаган ортага аса ірі запал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі - теңіз аясының экологиялық қауіпсіздігі.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың істелу орны - ішкі теңіз сулары, Қазақстан Республикасының аумақтық теңізі жэне ашық теңіз сулары болып табылады.

Қылмыс объективтік жағынан экологиялық талаптарды бұзу салдарынан атмосфералық ауаны ластау немесе оның табиғи қасиеттерін өзгерту, егер бү_л іс-эрекет қоршаған ортаға ірі залал келтіруге экеп соққа не адамның денсаулығына зиян келтіру арқылы көрініс табады.

Теңіз суларына араласқан жағдайда адамның денсаулығына, теңіздің жанды ресур-старына, теңіз суларын мақсатты пайдалануға қауіп келтіретін, халықаралық шарттар бойынша бақылауға алынған заттар зиянды заттар деп танылады.

Ластау көздері болып зиянды заттарды теңіз аясына тастайтын объектілер жатады. Заңда олар құрғақтағы көздер, көлік құралдары немесе теңізде орнатылған жасанды қүрылғылар деп көрсетілген.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды, не теңіз аясын занды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе оларды көлік құралдарынан немесе теңізде орналасқан құрылғылардан тастау ережелерін бүзу болып табылады.

Көму — зиянды заттар мен материалдарды теңізге тастау немесе оларды теңіз суы ая-сында қалдыру болып табылады. Қылмыстық кұкық бұзушылық көрсетілген заттар мен материалдарды тастаған уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Тастаута - зиянды заттар мен материалдарды белгіленген ережелерге қайшы түрде теңіз суы аясына әдейілеп лақтыру жатады.

Теңізде орнатылған жасанды қүрылғыларға - теңіз аясында белгілі бір жүмыстарды атқаруға арналған техникалық қү_рылымдар, бүрғылау қондырғылары, теңіздегі құрылыстар жэне т.б. жатады.

Адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды заттарға — тірі организмді уландыруға, жоюға немесе оларға ауру жұқтыруға қабілетті улар, му_най жэне мүлай өнімдері, спирт, сульфид, хлорлы заттар, тұз жэне басқа заттар, нэрселер жатады.

Занда көрсетілген «теңіз аясын занды пайдалануға кедергі келтіретін» деген ұғымға теңіз жануарларын, балықтарды ұстауға, суды пайдалану үшін тұщыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар жатады.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық кұрамы материалдық, қьшмыс жоғарыда көрсетілген іс-эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді.

Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің ЗЗО-бабының 2-тармағында адамның денсаулығына, жануар-лар немесе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не баска да заңмен қорғалатын мүдделерге аса ірі залал келтірген дэл сол эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Аса ірі залалға адамның денсаулығына жеңіл, орта, ауыр жарақаттар келтірілуі, жұқпалы ауруға душар болуы, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесін жоятын, Бұлдіретін эрекеттердің орын алуы, балык қорының азаюы, тұ_қым шашпауы, қоршаған ортаның улануы, Бұлінуі, теңіз жағасында зиянды заттардың кебеюінен демалыс аймақтарын мақсатты пайдаланудың мүмкіндік-терінің болмай қалуы, оны қалпына келтіру үшін ора-сан материалдық жэне қаржы қаражатының қажет болуы жатады. Келтірілген залалдың мөлшерін нақты жағдайларға қарап сот анықтайды.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын тағы бір түрі — адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына экеп соққан эрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыстық кодекстің 330-бабының 1, 2-тармақтарындағы қылмыс - материалдық күрамға жатады.

§4. Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалануға қол сұғатын қылмыстық құқық б^зушылықтар

Бап. Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республика-сының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бузу

1.Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында заңсыз қүрылыстар турғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын құру, сол сияқты қурылыстарды және теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету және салынгандарын жою қагидаларын бұзу -

2.Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының немесе Қазақстан Респуб-ликасының айрықша экономикалық аймагының табиғи байлыгына тиісті рұқсатсыз жүргізілетін зерттеу, барлау, оны игеру -

Бүл қылмыстық құкық бүзушылык қүрамы 1958 жылғы Халықаралық құрлықтық шельф туралы конвенцияға сэйкес қабылданған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфінде, айрықша экономикалық аймағында табиғат ресурстарын қорғау қатынастары болып табылады.

Құрлықтық шельфтің түсінігі жэне режимі Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы арнаулы Заңында берілген.

Заңға сэйкес қү-рлықтық шельфке Қазақстан Республикасы аумақтық теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті жэне су асты аумағындағы кен байлықтары жатады.

Айрықша экономикалық аймаққа аумақтық теңізден тыс орналасқан, оларға түйісетін теңіз аудандары жатады.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінде заңсыз қүрылыстар тү_рғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағына қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған кұрылыстардың жэне теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қү_ралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу арқылы сипатталады.

Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфінде немесе айрықша экономикалық аймағында заңсыз құрылыстар тұрғызу деп кез келген құрылыс ғимараттарын қолданылып жүрген нормативтік-кү-қыктық актілерге қайшы, рұқсатсыз немесе рұқсатта көрсетілген талаптардың шарттарын бұзып іске асыруды айтамыз.

Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауіпсіздік аймақтарын құру, теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану күзеті немесе жою ережелері арнаулы зандармен немесе құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Осы көрсетілген зандармен нормативтік актілердің талабын бұзу қылмысты іс-эрекетке ұрындырады.

Қылмыстық құдық бұзушылықтың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі қылмыс жасалу орны: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі немесе айрықша экономикалық аймағы болып табылады.

Қүрылысы жағынан бү_л қылмыстық қүқық бұзушылық формальдық құрамға жата­ды. Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 331-бабында тізбектелген іс-эрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықпен (тікелей неме­се жанама) істеледі.

Қылмыстық қукық бұзушылықтың субъектісі - 16-ға толған адам. Кейбір жағдайларда жауаптылыққа лауазым адамдары тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфінің немесе Қазақстан Республи­касы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұксатсыз жүргізілген зерттеу, барлау, игеру үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 331-бабының 2-тармағында көрсетілген.

Бап. Жерді Бұлдіру

1. Жерді өнеркәсіптік, турмыстық немесе өзге де шыгарындылармен неме­се қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандыргыштарды немесе өзге де қауіпті химиялық, радио-активті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қагидаларын бузу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашыпық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше Бұлдіру, егер бұл іс-өрекеттер қоршаган ортага ірі запал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп согуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтірсе-

2. Қоршаган ортага аса ірі залал келтіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырңаттануына әкеп соңқан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумагында жасалган дәл сол іс-әрекеттер -

Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - жерді қорғауға байланысты қоғамдық қатынастар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - өнеркэсіп, ауыл шаруашылық, жеке пайдаланушылардың жерлері, жер учаскелері.

Қылмыстық құқық бұзушылық объективті жағынан: жерді өнеркэсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен қоқыстау, сол сияқты улы хи-микаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды немесе өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, та-сымалдау немесе көму кезінде олармен жұмыс істеу қагидаларын бұзу салдарынан жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше Бұлдіру, егер бұл іс-эрекеттер қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса немесе экеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулыгына зиян келтіруге экеп соққан іс-әрекеттер арқылы сипатталады.

Сонымен Бұл қылмыстың объективтік жағы негізінен мынадай 3 түрлі белгіден құралады: а) Қылмыстық кодекстің 332-бабының диспозициясында көрсетілген ереже-лерді бұзу; б) адамның денсаулыгына немесе қоршаған ортаға зиян келтірілу; в) іс-эрекет пен келтірілген қылмыстың зардабының арасындағы себепті байланыс.

Жерді уландыру: ластаудың немесе басқадай Бұлдірудің көздері болып: тыңайтқыштар, (азот, фосфат, калий микротыңайтқыштары), өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштар (ауксиндер: гиббореминдер, цитокининдер және т.б.), улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер, инсектицидтер, акарицидтер, зооцитер, фунгуцидтер, бактерицидтер), тазартылмаған өндірістік-тұрмыстық қалдықтар жатады.

Көрсетілген заттарды қолданудың, сақтаудың, пайдаланудың, тасымалдаудың жэне көмудің тэртібін белгілейтін көптеген құкықтық-нормативтік актілер бар. Оларға жер қатынастары туралы зандар, табиғат қорғау зандары, қауіпті химиялық, биологиялық, радиоактивті заттарды тіркеу туралы арнаулы ережелер т.б. жатады.

Көрсетілген заң немесе басқадай нормативтік-құқықтық актілердің талабын бұзу адамның денсаулыгына немесе қоршаған ортаға ірі залал келтіреді.

Адамның денсаулыгына жеңіл, орта, ауыр дэрежелі жарақат келтірілуі мүмкін.

Қоршаған ортага зиян жануарлар дүниесінің немесе ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің, орман ағаштарының опат болуы, су объектілерінің ластануы жэне су биоресурстарының құруы, атмосфералық ауаның ластануы арқылы келтіріледі.

Заңның диспозициясында көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыстың болуы шарт.

Қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамға жатады және ол занда көрсетілген зардаптардың бірінің орын алған сэтінен бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен істеледі.

Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъектісі 16-ға толған жай немесе лауазымды адам.

Қылмыстық кодекстің 332-бабының 2-тармағында қоршаған ортаға аса ірі залал кел-тіруге не адам өліміне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық ахуал аумағында жасалған дәл сол іс-әрекеттер - үшін жауаптылық белгіленген.