Бап. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару

1. Көлік қуралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлік жабдыгын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлік құралдарының техникалық жай-күйіне жауапты адамның көрінеу техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануга шыгаруы не көлік ңуралдарының техникалық жай-күйіне жэне пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларының талап-тарын орындамауы, егер Бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулыгына ауырлыгы орташа зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Абайсызда адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер -

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер -

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік қү_ралдарын пайдалануға шығаруы, егер бү_л эрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірсе, Қылмыстық кодекстің 348-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық көз-деледі.

Осы қылмыстық күкық бұзушылыктың негізгі де қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 344-бабындағы қылмыстың объектісімен бірдей.

Заң қылмыстың затының катарына - көліктің барлық түрлерін (теміржол, эуе, теңіз, су, автокөлік), қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс қүралдарын, өзге көлік жабдықтарын (мысалы, электропоезды козғалыска келтіретін контактілік сымдар) жатқызған.

Қатынас жолдарына - рельстер, шпалдар, ү_шу аландары, жолайрықтары, су көлігі тоқтайтын айлақ, жол төсем т.б. жатады.

Белгі беру құралдарына - семафорлар, бағдаршамдар, шлагбаумдар, маяктар, бакен-дер, белгі беру қү_рылымдары, автотежегіш жүйелері т. с.с. жатады.

Байланыс құралдарына - ведомстволық телефондар, радиотелефондар жэне телеграф линиялары, рациялар, жасанды байланыс аппараттары т.с.с. жатады.

Өзге де көлік жабдықтарына көпірлер, эстакадалар, радиолокаторлар, туннельдер, шлюздер т.е.с жатады.

Қылмыстық құкык бұзушылық объективтік жағынан: а) көлік қүралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын, не өзге көлік жабдықтарын сапа-сыз жөндеу, сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығару; б) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлыктағы зиян келтіру; в) көрсетілген осы эрекет пен орын алған зардаптьщ арасын байланыстырудың себепті байланысы болуы арқылы сипатталады.

Жөнделген бұйымдарды міндетті техникалық талаптарға сай емес күйде эзірлеу сапа-сыз жөндеу деп танылады.

Көлік қүралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникальщ ақауы бар екені белгілі көлік күралдарын пайдалануға уақытша, ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат етуі, оларды жолға шығару деп танылады.

Осы қылмыстық қүкық бұзушылықтың зардабы заңда Қылмыстық кодекстің 344-бабындағы сияқты - денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян (348-баптың 1 -тармағы), денсаулыққа ауыр зиян (344-баптың 2-тармағы), кісі өлімі (348-баптың 3-тармағы), екі немесе одан да көп адамның өлімі (348-баптың 4-тармағы) деп көрсетілген.

Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық күрамы абайсыз-дықпен істеледі. Егер заңда көрсетілген осы іс-эрекеттер қасакана түрде жасалған болса, онда кінэлі істің нақты жағдайларына байланысты диверсия: террорлық акт, қасақана кісі өлтіру немесе денеге жарақат салу, мүлікті қасақана жою немесе Бұлдіргені үшін жауаптылыққа тартылады.

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын: белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге иелік кұралдарын жөндеудің субъектісі көрсетілген механизмдерді жөндеген кез келген 16-ға толған адам болады, ал көлік қүралдарын пайдалануға жіберудің субъектісі норма-тивтік актілер немесе қызмет борышы бойынша көлік құралдарының техникалық күйіне жауапты адамдар (механик, диспетчер, колонна бастығы, жол қауіпсіздігі жөніндегі ин­женер) болады.