Бап. Өзінше билік ету

1.Өзінше биліи ету, ягни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке қарамастан, басқа адаммен немесе уйыммен дауласып жатқан, өзінің нақты не­месе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыру-

2. Азаматтардың немесе уйымдардың қуқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірген дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, күш қолданумен немесе оны қолдану ңатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалган іс-әрекет -

4.Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соңңан іс-әрекеттер -

Өзінше билік ету, яғни заңмен белгіленген тэртіпке қарамастан, басқа тұлғаның не­месе ұйымдардың таласын туғызатын, өзінің нақты немесе болжамды қүқығын өз бетін-ше жүзеге асыруы өзінше билік ету деп танылып, кінэлі адам Қылмыстық кодекстің 389-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстық күқық бұзушылықтың тікелей объектісі — талас туғызатын қүқықты жүзеге асыру тэртібі.

Қосымша тікелей объект азаматтардың немесе ұйымдардың қү-қықтары немесе заңды мүдделері болуы мүмкін.

Қылмыстық қүдық бү-зушылықтың заты талас туғызатын нэрселер болады.

389-баптың 2-тармағындағы қылмыстық құкьіқ бүзушылық адамның талас туғызатын нақты немесе жорамал құқығын занда белгіленген тэртіптен тысқары өз бетімен жүзеге асырып, жэбірленушіге елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.

Елеулі түрде зиян шеккен азаматтар немесе заңды түлғалар жэбірленушілер болып табылады.

Өзінің нақты немесе болжамды талас туғызатын құкығын белгіленген тэртіптен тыс өз бетімен жүзеге асыру деп, өзіне тиесілі құқықты заңда белгіленген тәртіппен емес, өз бетінше жүзеге асыруы болып табылады. Мысалы, өзіне бөлінген түрғын үйге талас болғанына қарамастан ордерсіз кіру, өзіне сот билігімен бөлінген мүлікті сот орындау-шысынсыз жеке өзі жүзеге асыруы; бөтеннің иелігіндегі өз мүлкін қарызын өтемей жа-тып алуы.

Зардап - қылмыстық қүқық бұзушылық қүрамының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Зардап заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіру арқылы көрініс табады. Елеулі зиян бағалау категориясына жатады. Сот, тергеу органдары нақты жағдайларға байланысты келтірілген зиянның елеулі зиянға жататынын немесе жатпай- тынын анықтайды, өз бетінше билік ету мен одан келтірілген зардаптың арасындағы се-бепті байланыс анықталуы қажет. Қылмыс кү-рамы материалдык, ал заңда көрсетілген зардап орын алған сэттен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан алғанда қылмыстық кұкьіқ бүзушылық тікелей немесе жана-ма қасаканалықпен жүзеге асырылады. Адам өзінің нақты немесе болжамды қүқығын талас туғанына қарамастан белгіленген тэртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыра отырып жэбірленушінің заңды қүқығы мен мүдделеріне елеулі зиян келтіретінін сезеді, соны тілейді жэне соған саналы түрде жол береді.

Қылмыстық құқық бүзушылықтьщ субъектісі - 16-ға толған адам. Егер осы іс-эрекетті лауазым адамы жасаса, онда ол Қылмыстық кодекстің 308-бабы бойынша - билікті неме­се қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады.

Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-тармағында өзінше билік етудің ауырлататын түрі - күш қолданумен немесе оны қодданбақ болып қорқытумен не адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жасалған эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Күш қолдану кез келген тәсілмен — өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге асы-рылуы мүмкін. Осы бап бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зияннан аспайтын жарақат келтіру жатады. Одан асса әрекет қылмыстардың жиынтығы бойын­ша сараланады. Күш қолданбақ болып қорқытуға өлтіремін, жоямын, өртеймін деген эрекеттер жатады.

Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі - осы баптың екінші жэне үшінші бөліктерінде көзделген сөз ауыр зардапқа экеліп соққан эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Ауыр зардаптардың түсінігін Қылмыстық кодекстің 382-бабының 2-тармағын талдағанда көрсеттік.