Бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау

1.Азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің бұрмалауы -

2.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді әкімшілік қуқық бузушылықтар туралы хаттама жасауга уәкілеттік берілген лауазымды адам жасаган бұрмалау -

3.Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру материалдарын немесе жасырын тергеу әрекеттері хаттамаларын немесе оларга қосымшаларды бұрмалауы -

4.Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, процестік әрекеттерге қатысушы маманның немесе қоргаушының далелдемелерді бурмалауы -

5.Осыбаптыңбірінші, екінші, ушінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шыгаруга әкеп соққан іс-әрекеттер -

6.Қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы дәлелдемелерді, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соңқан бурмалау -

Адамдарды жаппай қуғын-сүргінге салу кезеңдерінде Бұл қылмыстық құкьіқ бұзушылық кең өріс алды, айғақтарды көрінеу бұрмалаудың салдарынан сан мыңдаған адамдар жазықсыз жалаға тартылды. Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, айғақтарды бұрмалау нэтижесінде эділетсіз шешім, үкім, басқа маңызды іс жүргізу актілерінің шығарылуына жол беріледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объ-ектісі - анықтама, тергеу, сот, прокуратура органдарының дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект, жэбірленушінің, айыпкердің, сотталушының, жауапкердің, талапкердің занды мүдделері.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - айғактар, жэне жедел іздестіру материал-дары, оган эртүрлі кұжаттар, заттай айғақтар, сарапшылардың қорытындысы, куэнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпкердің жауаптары, эртүрлі тергеу амалдарының хатта-малары.

Қылмыстық құқьщ бұзушылықтын объективтік жағы (416-баптың 1-тармағы) азаматтық іс бойынша іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің айғақтарды бұрмалауы арқылы көрініс табады. Айғақтарды бұрмалаудың тэсілі эртүрлі болады: кұжаттарды қолдан жасау, оған өзгерістер енгізу, заттай айғақтарды айырбастау, жалған дэлелдемелер келтіру, талап арыздарға өзгерістер енгізу, жауап беру хаттамаларын ауыс-тыру, жалған куэлар дайындау, т.с.с.

Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы істер бойынша дэлелдемелерді экімшілік құкьіқ бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уэкілеттік берілген лауазымды адам жасаған бұрмалау (ҚК-тің 416-бабының 2-тармағы).

Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерінің жедел-іздестіру мате-риалдарын бұрмалағаны үшін жауаптылық ҚК-тің 416-бабының 3-бөлігінде көрсетілген. Жедел іздестіру материалдарына эртүрлі құжаттар, іздестіруге негіз болған деректер, іздестіру шараларының негіздеме құжаттары, эртүрлі хаттамалар жатады. Осы мате-риалдарды бұрмалау, қолдан жасау, негізсіз деректермен толтыру, осы қылмыс құрамын жүзеге асырудың тэсілі болып табылады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, прокурордың іс жүргізу эрекеттеріне қатысушы маманның немесе қорғаушының айғақтарды бұрмалауы үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 416-бабының 4-тармағында көзделген. Мұндай бұрмалаудың салдарынан эділетсіз үкім немесе қылмыстық істі қысқарту жөнінде заңсыз қаулы шығарылуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 416-бабының 1, 2, 3, 4-тармақтарындағы қылмыс формальдық құрамға жатады жэне олар айғақтарды бұрмалаған сэттен бастап аякталған деп танылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болу үшін бұрмаланған айғақтар негізінде эділетсіз үкім, шешім немесе баскадай іс жүргізу актілерінің орын алуы шарт емес.

Қылмыстықкұқық бү-Зушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден істеледі. Кінэлі адам азаматтық немесе қылмыстық істер бойынша айғактарды бұрмалайтынын сезеді жэне соны тілейді.

Қылмыстық құқық бүзушылықтың субъектісі Қылмыстық кодекстің 416-бабының 1-тармағы бойынша - азаматтық іске қатысушылар: талапкер, жауапкер жэне олардың өкілдері, ҚК-тің 416-бабының 2-тармағы бойынша экімшілік құқық бұзушылық істері бойынша — хаттама жасауға уэкілдік берілген лауазымды адам. Қылмыстық кодекстің 416-бабының 3-тармағы бойынша жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға құзырлы қызметкер, Қылмыстық кодекстің 416-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тер-геп-тексеруді жүзеге асыратын адам, прокурор, іс жүргізу эрекеттеріне қатысушы маман, қорғаушы.

Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген, эділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығаруға әкеп соққан іс-әрекеттер үшін жауаптылық ҚК-тің 416-бабының 5-тармағында көрсетілген.

Заңда осы қылмыстың ауырлататын екі түрі көрсетілген: қылмыстық іс бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы, сол сияқты ауыр зардаптарға экеп соққан айғақтарды бұрмалау (416-баптың 6-тармағы).

Ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4,5-тармақтарында берілген. Ауыр зардаптарға бұрмаланған айғақ негізінде кінэсіз адам-ды соттау, негізсіз өлім жазасын қолдану, жэбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, талап арызды негізсіз қайтару, т.с.с. жатады.